Экожүйелер. 5 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Экожүйелер. 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары жаратылыстану пәнінің ұстаздарына өте қажет. Жаңа бағдарламадағы оқулыққа сай етіліп жасалған. Күтілетін мақсатты жоспарлай отырып соған сай әдіс тәсілдер мен оқу формасы қарастырылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары



Бөлім: Экология және тұрақты даму

Мектеп: Қарағанды қаласы «№17 ЖББОМ» КММ

Қатысқан оқушылар

Қатыспаған оқушылар

СЫНЫП:

5

Сабақ тақырыбы:

Экожүйелер


Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

5.6.1.1 экожүйенің құрамдас бөліктерін анықтау

5.6.1.2 экожүйе түрлерін жіктеу

Оқу мақсаты:

Экожүйенің құрамдас бөліктерін анықтау.

Сабақ түрі:

Жаңа білімді игеру.

Сабақ мақсаты:

Барлық оқушылар үйренеді: экожүйелердің құрамдас бөліктерін біледі;

Көптеген оқушылар үйренеді: экожүйенің құрамдас бөліктерін түрлерін сипаттай алады;

Кейбір оқушылар үйренеді: қосымша ақпаратты қолдану арқылы экожүйенің құрамдас бөліктерінің тірі ағзаларға әсерін талдай алады.

Бағалау критерийлері:

  1. «Экожүйе» терминінің анықтамасын біледі.

  2. Экожүйе құрылымын біледі.

  3. Экожүйелер мысалдарын келтіреді.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:


Экожүйенің құрамдас бөліктерін сипаттай алады.


Терминология:

Биоценоз. Биотоп. Абиотикалық факторлар. Биотикалық факторлар. Антропогендік факторлар. Экожүйе.


Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Экожүйе дегеніміз ...

Экожүйенің құрамдас бөліктері .......................... және ..............................

Биоценоздың биотоптан ерекшелігі ...

Антропогендік факторлар - ............ , оларға келесі факторларды жатқызуға болады ...


Құндылықтарды

дарыту

Ынтымақтастық - топтық және жұптық жұмыс арқылы жұмысты үйлестіру.

Академиялық шындық – жеке жұмыс арқылы.

АҚТ қолдану дағдылары:

Электронды ақпарат көздерін қолдану арқылы оқыту процессін визуализациялау.

Бастапқы білім:

Оқушылар 3-4 сыныптан тірі ағзалардың тіршілік орталарын, мекен ету орталарын біледі, анықтама бере алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспарланатын қызмет

Ресурстар

Сабақ басы

0-5

Оқушылармен амандасу;

Ынтымақтастық атмосферасын құру мақсатында «Қол шапалақтау» әдісін пайдалану. Оқушылардың біреуі қол шапалақтауды бастап, бір-бір оқушыдан барлық сынып оған қосылады.

Сабақ тақырыбы, мақсаты, критерийлерімен таныстыру.


Сабақ ортасы

6-11








12-17





18-21



22-30



31-34

Білім актуализациясы. Оқушылар «Экожүйе дегеніміз не» бейнематериалын қарайды. Бейнематериалдағы ақпаратты талқыға салу. Сұрақтар:

  1. Экожүйе дегеніміз не?

  2. Экожүйені қандай компоненттер құрайды?

  3. Экожүйелердің мысалдарын келтіріңіз.

  4. Биом дегеніміз не?

  5. Экожүйе дамуы үшін қандай жағдай қажет?


(Ж) Оқушылар ақпараттық парақпен танысып, «Инсерт» әдісі арқылы белгілеп отырып, оқиды.

Дескрипторлар:

  1. Тақырып бойынша ақпаратты оқиды.

  2. «Инсерт» кестесіне экожүйе туралы білгендерін толтырады.

  3. Ақпаратты оқып отырып, экожүйе туралы жаңа білімдерін 2-ші бағанға толтырып жазады.

  4. Ақпартты оқып отырып, экожүйе туралы алғашқы білімдеріне қарсы болса, 3-ші бағанды толтырады.

  5. Ақпаратты оқып отырып, түсініксіз тұстарын 4-ші бағанға толтырады.

Білдім

Мен үшін жаңа

Ойлағанымнан өзгеше

Сұрақ







Мұғаліммен оқыған мәтінді талдау. Терминдерді айтып, олардың мағынасын түсіндіру.


(С) Оқушылар флипчарттағы экожүйе компоненттерін тиісті фигураға жинау қажет.

Дескрипторлар:

  1. Экожүйенің компоненттерін біледі.

  2. Экожүйенің компоненттерін абиотикалық факторларын біледі.

  3. Экожүйенің компоненттерін биотикалық факторларын біледі.

  4. Экожүйенің компоненттерін атропогендік факторларын біледі.



(Ж) Оқушылар «Экожүйе» тапсырмалар жинағындағы тапсырмаларды орындайды. Өзара бағалайды.

Дескрипторлар:

1. Экожүйенің компоненттерін біледі.

2. Шалғындық экожүйенің тірі ағзаларындың түрлерін біледі.

3. Шалғындық экожүйесінің биотоп құрылымын дұрыс жазады.

4. Шалғындық экожүйесіне абиотикалық факторлар әсерін біледі.

5. Шалғындық экожүйесіндегі компоненттер бір-бірімен байланысуына бір мысал жазады.

Дескрипторлар:

1. Көл экожүйесінің биоценозын біледі.

2. Көл экожүйесінің биотоп құрылымын дұрыс анықтайды.

3. Көл экожүйесіне әсер ететін абиотикалық факторларын біледі.

4. Көл экожүйесіндегі компоненттер бір-бірімен байланысуына бір мысал жазады.


(С) Оқушылар «Экожүйелердің бұзылуы» атты бейнематериалды көріп, адамның экожүйелерге тигізетін әсері туралы қорытынды шығарады.

Видео «Экожүйе дегеніміз не»








Ақпараттық парақ





Флипчарт



Тапсырмалар жинағы


Сабақ соңы

35-40

Сабақ мақсаты мен критерийлерін оралып, кері байланыс жүргізу. «2 жұлдыз, бір тілек»


Қосымша ақпарат



Саралау–оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы



Барлық оқушылар экожүйеге анықтаманы сұрақ-жауап арқылы береді; жаңа ақпаратпен танысу уақытында «ИНСЕРТ» кестесін толтырады;

Қабілеттері жоғары оқушылар - қосымша ақпаратты қолдану арқылы экожүйенің құрамдас бөліктерінің тірі ағзаларға әсерін талдай алады.

Өзін – өзі бағалау, мұғалімнің бағалауы.


Тәсілдердің түрлілігі және шаршауды басу үшін оқушылардың бір-бірімен әңгімелесуі.

Дене сымбаты бойынша нұсқаулықтар.



Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.02.2019
7180
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі