Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Экология - өзекті мәселе
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сарымова Мейірім Серікжановна, химия, экология пәнінің оқытушысы
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы
«Геологиялық барлау колледжі» КМҚК ББ ШҚО
Сабақтан тыс іс-шара жоспары.
Сабақтың тақырыбы: «Экология – өзекті мәселе»
Сабақтың типі: біріктірілген ашық тәрбие сағаты
Қатысушылар: Оск-81, Оск-91, Оск-92, Оск-71 топ оқушылары
Сабақтың мақсаты:
білімділік
– оқушылардың табиғат туралы, Қазақстанның
экологиялық мәселелері жайлы білімдерін молайту, табиғатты қорғау
әр адамның міндеті екенін
ұғындыру;
дамытушылық
– туған жер табиғатына деген сүйіспеншілігін
арттыру, экологиялық тәрбие негізін
қалыптастыру;
тәрбиелік
– табиғатты қорғай алатын, аялай білетін
адамгершілігі мол, ізгілікті, экологиялық білімі мен мәдениеті
жоғары жаңа ұрпақ
тәрбиелеу.
Сабақтың өткізілу түрі: Сайыс сабақ
Сабақтың әдістері: Ой қозғау, шығармашылық тапсырма, топпен жұмыс, ізденіс, сын тұрғысынан ойлау технологиясы, рефлексия.
Сабақтың көрнекілігі:
1.Интерактивті тақта, бейнероликтер, презентациялар.
2. Экологиялық плакат/суреттер
Қажет құрал-жабдықтар: А3 беттері, фотосуреттер, стикерлер, шығармашылық жұмысқа қажетті кұралдар, сандық (қорап), ағаш суреті салынған плакат, грамоталар, сыйлықтар.
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі
-сәлемдесу
- топ командаларымен танысу (аты, эмблемасы)
ІІ. Негізгі кезең
-
Кіріспе. Ой қозғау.
2. Тақырыпты ашу.
-
1-сайыстық тапсырма «Табиғатты аялайық!» экологиялық плакатты қорғау.
-
2-сайыстық тапсырма «Жасырынған аймақ» экомозайка құрау
3. Ақпараттық сәт. Ой салу. «Қазақстанның экологиялық проблемалары»
-
3-сайыстық тапсырма «Өзекті мәселені шешу» білім сайысы
-
Көрермендермен жұмыс. Экологиялық викторина
-
4-сайыстық тапсырма «Сыр сандық» капитандар сайысы
-
5- сайыстық тапсырма «Ескі зат – жаңа өмір» шығармашылық тапсырма
«Қыстап қалған құстарды тамақтандырыңдар!» экологиялық акциясын қолдап жалғастыру.
ІІІ. Қорытынды бөлім.
Рефлексия «Жайнай бер, туған өлкем!»
Марапаттау.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі (3мин)
Жүргізуші:Қайырлы күн, қымбатты ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі біріктірілген тақырыптық тәрбие сағатымызда сіздерді көруге қуаныштымыз!
«Жер – қазына, су – алтын, мал – байлық» деген асыл сөздер бар.
Табиғат- ол Жер Анаң, Отаның, Туған жер -Атамекенің. Оны қорғау- баршаның міндеті. Осы тақырып аясында ұйымдастырып отырған сайыс сабағымызды ашық деп жариялаймыз!
Олай болса, қатысушы топтарымызды ортаға шақырайық! (Музыка қосылуымен, қошеметпен топ мүшелері кіреді)
- ОСк-81 тобының «Экологтар академиясы» командасы!
-ОСк-91тобының «Экопатруль» командасы!
- ОСк-92 тобының «Жасыл ел» командасы!
(Топтар өз орындарына жайғасады)
ІІ. Негізгі кезең
Кіріспе. 1. Ой қозғау.Топ оқушыларына жалпы сұрақ беріледі.
Жүргізуші:- Экологиялық проблема дегеніміз не?
- Әлемдік экологиялық проблемаларға не жатады?
Топ балалары сұрақтарға жауап береді.
-Ие, дұрыс, балалар. Әлемдік экологиялық проблемаларға озон тесігінің пайда болуы, парникті эффект, қышқылдық жауындар, климаттың ауқымды жылынуы және т.б. жатады. Соңғы кезде ауқымды мәселеге айналған – жердің қоқыстану мәселесі де өзекті болып тұр.
2. Тақырыпты ашу.
1-сайыстық тапсырма - Экологиялық плакатты қорғау. (5мин)
Жүргізуші: Өздерімен бірге, үйден дайындап әкелген экологиялық суреттерін көрсетіп, қорғауға:
- ОСк-81 тобының «Экологтар академиясы» командасы шақырылады;
-ОСк-91тобының «Экопатруль» командасы шақырылады;
- ОСк-92 тобының «Жасыл ел» командасы шақырылады.
Әр топқа ұпай ретінде 1«жасыл жапырақша» стикерлер беріледі.
2-сайыстық тапсырма «Жасырынған аймақ». Экомозайка құрастыру. (2мин)
Жүргізуші: -Балалар, сіздердің алдарыңызда конверттер жатыр. Соның ішіндегі қиылған фотосуреттерден экомозайканы дұрыс құрастырып, Қазақстанның қандай экологиялық апат аймағы шыққанын табасыздар. Картадан көрсетесіздер.
Топтар тапсырманы орындайды.
Ақпараттық сәт. Ой салу. (10 мин)
Оск-71 топ оқушылары дұрыс табылған Қазақстанның 3 экологиялық апат аймағы жайлы қысқаша мәлімет береді:
-Арал теңізі проблемасы, қазіргі жағдайы. (бейнеролик 1) Оқушы 1
-Каспий теңізі, ластану себептері. (Презентация 1) Оқушы 2
-Семей ядролық полигоны, зардаптары, қазіргі жағдайы.(Презентация 2)Оқушы 3
Топтарға дұрыс жауаптары үшін ұпай ретінде 1«жасыл жапырақша» стикерлер беріледі.
3-сайыстық тапсырма «Өзекті мәселені шешу» білім сайысы. (5 мин)
Әр топқа таратпа бойынша тапсырма беріледі:
1. Семей қаласының ауасын ластанудан сақтау жолдарын ұсыну (Өнеркәсіп орындары және автокөліктерден бөлінетін улы заттарға бақылау жасау, заманауи фильтрлер орнату, көгалдандыру, өрттің болмауын қадағалау және т.б.)
2. Ертіс өзенінің суын ластаушы заттар мен тартылудан сақтау жолдарын ұсыну (Су тазалайтын тиімді құрылғылар пайдалану.Суды бірнеше рет пайдалану, өндірістік суларды төкпеу, егістікті суаруды бақылау,ауыз суды тиімді пайдалану, балық аулауды шектеу және т.б.)
3. Семей өңірінің орманын сақтап, қалпына келтіру жолдарын ұсыну (Заңсыз ағаш кесуге жол бермеу, ормандарды қалпына келтіру, ағаш көшеттерін отырғызу,бақылауды күшейту, ағаштың сирек түрлерін сақтау,өртті болдырмау,орман жануарларын қорғау, қорықтар ұйымдастыру және т.б.)
Топтарға дұрыс жауаптары үшін 1«жасыл жапырақша» стикерлер беріледі.
Көрермендермен жұмыс. Экологиялық викторина
1.Қазақстандағы ауасы ең лас қалаларды атаңыз? (Алматы, Өскемен, Шымкент, Қарағанды)
2.Каспий теңізінен алынып отырған пайдалы қазба? (мұнай)
3.Сирек кездесетін, жойылып бара жатқан жануарлар қай кітапқа енгізілген? (Қызыл кітап)
4.Шығыс Қазақстан тауларын атаңыздар (Тарбағатай, Алтай)
5.Қазақстанның ірі көмір орындары? (Қарағанды, Екібастұз,ШҚО)
6.Семей ядролық полигонында алғашқы сынақ қай жылы өткізілді? (1949ж.)
7.Ертіс өзені қай қалаларды басып өтеді? (Өскемен, Семей, Павлодар)
8.Жасыл өсімдіктерге қай зат түс беріп тұр? (Хлорофилл)
9.Адам мен қоршаған ортаның қарым-қатынасын зерттейтін ғылым? (Экология)
10. Шығыс Қазақстанда қандай қорықтар бар? (Батыс Алтай, Марқакөл қорықтары).
4-сайыстық тапсырма « Сыр сандық» Капитандар сайысы (5мин)
Жүргізуші: Ортаға «Сыр сандық» әкелінсін. Оның ішіне баршаға әйгілі, өте маңызды зат жасырынған.
Тапсырма: Топтар қораптың ішіндегі жасырын затты табу керек. Оларға көмекші сөздер айтылып отырады:
-
Ағаштан жасалған;
-
Пішіні төртбұрыш;
-
1978 жылы шыққан;
-
Жүздеген беттері бар;
-
Адамзатқа қауіптілік сигналын беріп тұр
-
Онда Тяньшань қоңыр аюының суреті бар;
-
Сілеусін мен қарлы барстың суреттері бар;
-
Бүркіт, сапсан құстары жайлы мәлімет бар;
-
Оның түсі қызыл.
Жасырын зат – Қазақстанның Қызыл кітабы. (Қазақстанның Қызыл кітабы 1978 жылы шықты. Алғашқы бөлімі омыртқалы жануарларға арналды.“Қазақстанның қызыл кітабының” екінші бөлімі 1981 ж. өсімдіктерге арналып шығарылды. Кейіннен 1999 жылы соңғы бөлімі басылып шығарылды. Мұнда сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлар түрлері тіркелген ).
Жылдам әрі дұрыс тапқан капитанға 1 ұпай «жасыл жапырақша» беріледі.
5-сайыстық тапсырма «Ескі зат-жаңа өмір» (Бейнеролик 2 көрсету). (10 мин)
Топтарға соңғы кезде шаруашылық пен үй тұрмысында көп кездесетін керексіз қалдық заттар, шығарындылар жайлы бейнеролик көрсетіледі. Онда қоршаған ортаның ластануы мен қоқыстану аудандарының көбеюі жайлы бейнеленеді.
Жүргізуші:
-Ортаға керексіз қалдық заттар пакеттері әкелінсін! Бұл - күнделікті әр үйден шығарылатын қоқыс пакеті. Тапсырма: Осындай керексіз заттардан құстарға жемсалғыш жасау. Қайшымен жұмыс жасаудағы қауіпсіздік ережелерін ұмытпаймыз! Ал, іске сәт!
Топтар жұмысқа кіріседі.
-Сабақ аяқталған соң колледж маңындағы ағаштарға жемсалғыштарыңды апарып ілулеріңе болады. Қазақстанда өтіп жатқан «Қыстап қалған құстарды тамақтандырыңдар!» экологиялық акциясын қолдап жалғастырайық!
ІІІ. Қорытынды бөлім. (5мин)
Сайысты қорытындылау. Топтар жұмысын бағалау. Сайыс барысында ең көп
«жасыл жапырақша» жинаған топ анықталады. Ең белсенді оқушылар ескеріледі.
Рефлексия «Жайнай бер, туған өлкем!»
Жүргізуші: Балалар, бүгінгі тәрбие сағатының өтуі бойынша өз ой-тілектерін айта отырып, плакатта салынған ағаш суретіне жинаған «жасыл жапырақшаларыңды» жапсырыңдар. Осылайша, ағаштың гүлденуіне, жалпы табиғаттың жасыл желекке орануына өз үлестеріңді қосасыңдар.
Табиғатты қорғау үшін
бәріміз
Күресейік, бір-бір ағаш
егейік.
Текке отырмай жасымыз бен
кәріміз
Таза ауа үшін терімізді
төгейік!
Марапаттау. Әр топ келесі номинациялар бойынша грамоталармен марапатталады: «Табиғатқа жанашырлар», «Мейірбан экологтар», «Жасыл елдің ұландары».
Оск-71 тобы сайысты ұйымдастырып, өткізгені үшін «Болашақ мамандар» номинациясы бойынша грамотамен марапатталады.
Жүргізуші: Барлықтарыңызға рахмет! Сау болыңыздар!