400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Экология және біз"

Материал туралы қысқаша түсінік
экология, табиғат
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Экология және біз»

«Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, Табиғаттың оны айтар тілі жоқ». Иә, адамзаттың табиғатсыз күні жоқ. Табиғат бізбен тығыз байланысты. Біздің таза ауамен тыныстап жүргеніміздің өзі осы табиғатқа тікелей байланысты. Табиғатсыз адам баласы өмір сүре алмас еді.

Экология – адамдар, жануарлар, өсімдіктер мен микроорганизмдер арасындағы қоршаған орта мен өзара байланысты зерттейтін ғылым. Яғни, қысқаша айтқанда бұл біздің қоршаған орта. Экология мәселесі бізде өте керемет жағдайда деп айта алмаймын. Әлемде экологиясы жөнінде бірінші орында Швейцария мемлекеті екен. Табиғи жағдай бұл елде өте жоғары деңгейде . Жалпы экологиялық жағдайдың нашарлауы да, жақсаруы да адам баласының қолында. Барлық жамандық та, жақсылықта та адамның өз қолымен жасалып жатыр. Біз қоқыс шашамыз, ағаштарды кесеміз, теңіздерге қоқыс төгіп , мұнай қалдықтарын тастаймыз. Осының бәрі экологияның нашарлауына әсер етеді. Бізбен экологияның арасында тығыз байланыс бар. Бірақ табиғаттың бізге беріп жатқан жақсылығын біз дәл солай қайтарып жүрген жоқпыз. Ағаштар бізге таза ауа берсе, біз оларды кесіп тастаймыз. Осы ма адамзаттың саналы екені? Бұл керсінше біздің санамыздың төмендігін, табиғатқа деген махаббатымыздың жоқ екенін көрсетеді. «Бір тал кессең, он тал ек» деген сөз бар. Жай ғана көшет отырғызыпта табиғатқа пайдамызды тигізіп, экологиялық жағдайымызды көтере аламыз. Зауыттардан шыққан түтіндер де экологияға зиянын тигізуде. Тізіп айтар болсақ, біздің қолымыздан болып жатқан жамандытар өте көп. Экология мәселесін қолға алмасақ , біздің жойылып тынарымыз анық!

Адам баасы шыр етіп дүниеге келгеннен ақ бірінші ауа жұтады. Яғни, дүниеге келгеннен бастап біз осы табиғат анамен байланысты боламыз. Өз өміріміз үшін , болашақ ұрпақтарымыздың денінің саулығы үшін экологияны сақтайық. «Экология және біз» бұл тіршілік жолындағы ең үлкен байланыс. Байланысымыздан ажырамайық!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20.05.2024
330
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі