Экология "Күз"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Экология "Күз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға күз туралы түсіндіруге, өз ойларымен бөлісуге бағытталған сабақ жоспары.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:

Тәрбиеші: Тапалова Г.У.

Білім беру саласы: «Әлеумет»

Бөлімі: Экология негіздері

Тақырыбы: Күз

Мақсаты: Табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы балалардың білімдерін кеңейту «Ерте» және «Кеш» түсетін күз туралы түсінік беру. Ағаштардың, бұталардың, жапырақтарына, бұтақтары мен жемістеріне қарай бір-бірінен ажырата білуді үйрету. Күз мезгіліне байланысты ортаның өзгеруіне қарай жәндіктердің өмір сүруге бейімделуі, қыстап қалатын құстар мен жылы жаққа ұшып кететін құстар туралы білім беру. Бақылай білу дағдыларын дамыту. Күзгі табиғаттың әсемдігін сезіне білуге жіне оны қорғауға тәрбиелеу.

Құрал-жабдық: Сабақтың қысқаша мазмұны. Әліппе-дәптер. Ойындар жинағы.

Сабаққа дайындық: Саябаққа мақсатты серуен, жапырақтар, тұқымдар, жемістер жинау.

Сөздік жұмыс: күз, орман, жәндік.


Шаттық шеңбері:

Армысың, алтын күн!

Армысың, көк аспан!

Армысың, жер ана!

Армысың, достым!

Көріп сені қуанам!

Саяхаттың барысы:

Балалармен бірге сары алтындай сары түске боялған күзгі орманға мақсатты серуенге шығады.

Балалар шаттық шеңберге тұрып бәрімен амандасып әндетеді.

Саяхатқа шығып, балалар, ағаштардың діңіне, жапырағының пішініне, жемісіне қарап ағаштар мен бұталарды атайды.

Іздену-ұйымдастырушылық

Тәрбиеші «Алтын күз» (Ғ.Қайырбеков) өлеңін оқиды.

Балалардан қай ағашта тек сары түсті жапырақтар (аққайың, жөке) қай ағашта сары, қызыл жапырақтар (үйеңкіде, ырғайда), қай ағашта қоңырқай түсті (еменде), басқа да түстерді іздеу ұсынылады.

Кейін балалардың назарын күннің cуытуына байланысты жәндіктердің біртіндеп сиреп, ағаштардың қабықтарына, қуыстарына жасырынғанына, оны лупамен қарап көруіне болатынын аудару:

Кейбір құстардың күннің суытуына байланысты жылы жаққа ұшып кететіні жайлы әңгімелеу. Қыстап қалатын құстар мен жылы жаққа ұшып кететін құстарды атау. Неліктен құстардың жылы жаққа ұшып кететінін түсіндіру.

Балалармен қазір күздің қай кезеңін (ерте күзде ме, кеш күзде ме) бақылағандары туралы сұрау.

Балалар ағаштар қуысында жасырынған жәндіктерді көреді. Олардың қыс мезгіліне дайындалғанын бақылайды. Сонымен қатар күз мезгіліндегі құстардың өміріне де тоқталып өтеді.

Топқа келген соң балалар өздерінің жинаған жапырақтарынан, бұталарынан әдемі жапырақтар, бұтақтар шоғын жасайды. Серуен кезінде көрген құстарын естеріне түсіру.

Жапырақтар бойынша ағаштарды табады.

Күзгі жапырақтарды бояп шығады.

Рефлексифті – корригиялық

Дидактикалық ойын: «Негештің хаты»

Сабақ соңында балалар, тәрбиеші басшылығымен құстар мен жануарларға үнемі қамқор болып жүру, дағдыларын меңгереді.

Құстарға ұя жасау, жем шашу дағдыларын естеріне сақтап алулары ұсынылады.

Болжамды нәтиже: Табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы балалардың білімдерін кеңейту «Ерте» және «Кеш» түсетін күз туралы түсінік беру.

Білуі керек: Ағаштардың, бұталардың, жапырақтарына, бұтақтары мен жемістеріне қарай бір-бірінен ажырата білу. Күз мезгіліне байланысты ортаның өзгеруіне қарай жәндіктердің өмір сүруге бейімделуі, қыстап қалатын құстар



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.12.2018
605
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі