Экология негіздері Бөлме өсімдіктері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Экология негіздері Бөлме өсімдіктері

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепалды даярлық сыныбына сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

ТАҚЫРЫБЫ: Бөлме өсімдіктерін күту

Мектеп/МҰ:

Педагогтің аты-жөні:

Сынып/топ:

Қатысқандар саны:

Болмағандар:

ҰОҚ-ның оқытылу мақсаты

0.1.1.1 Табиғат бұрышындағы өсімдіктерге күтім жасау

Болжамды нəтиже Барлық балалар істей алады:

«Бөлме өсімдіктер» деген ұғымды түсіндіре алады

Көпшілік балалар істей алады:

Өсімдікке пайдалы іс-əрекеттерді атауды.

Өсімдікке зиян келтіруі ықтимал жағдаяттарды атауды.

Кейбір балалар істей алады:

Бөлме өсіміктерінің не үшін керек екенін айтып бере алады;

Тілдік мақсат Дағдыларды дамыту.

«4 бұрыштың стратегиясы (сыни тұрғыдан ойлауды дамыту)» технологиялық

тəсілі шегінде болжамдар ұсыну.

Болжамдар ұсыну үшін тіректер пайдалану.

Табиғатқа пайдалы іс-əрекеттер мензиян келтіруі ықтимал жағдаяттарды

салыстыру.

Табиғатқа пайдалы іс-əрекеттер мензиян келтіруі ықтимал жағдаяттардың

маңыздылығы туралы əңгіме.

Көптілділік: өсімдік – растения –plantsНегізгі терминдер мен сөз тіркестері:

Бөлме өсімдіктері, пайдалы іс-əрекет, зиянды іс-əрекет; ағаш отырғызу, гүлге су құю.

Ұйымдастырылған оқу қызметінде диалог/хат үшін қолданылатын тіл:

Талқылауға арналған сұрақтар.

Бөлме өсімдіктеріне қандай күтім жасайсын?

Өткен ұйымдастырылған оқу қызметінде алған білім

Табиғат туралы қарапайым түсініктер; табиғатты сақтап қалу, табиғаттың

зиянды амалдар жасамауға жəне пайдалы іс-əрекеттерге біршама тəуелділігі.

Жоспар

Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс-əрекет Ресуртар

I. Дұрыс əсерлі көңіл күй орнату.

0–2мин.

II. Өмірлік тəжірибені

маңыздандыру. Мақсатты болжам.

Ұсынылатын мəтін (мысал ретінде)

«Табиғат – адам баласын дүниеге келтіріп, бойындағы бар махаббат мейірімін шұғылалы шуағын жүрегімізде ұялатқан ана». М.Жұмабаев

Өсімдіктер – тірі организмдер дүниесіндегі негізгі екі топтың бірі. Құрлықтың барлық жерінде өседі. Өсімдіктерді топтарға біріктіргенде олардың біріне-бірінің ұқсастықтары

немесе айырмашылықтарын көрсететін белгілер пайдаланылады. Солар арқылы өсімдіктердің біріне –бірінің туыстық жақындықтарының деңгейі анықталады. Өсімдіктердің өмірі қоршаған ортамен, əсіресе топырақпен жəне климатпен тығыз байланыста болады.

Педагог балаларға бүкіл топ ішінде жайылып қойылған суреттерді жинауды жəне онда бейнеленгендерді бір сөзбен атап берулерін сұрайды. (Өсімдіктер). Кейіннен ҰОҚ тақырыбы тұжырымдалады: «Бөлме өсімдіктерін күту».Педагог балалардың бөлме өсімдіктерін күту жайында не білетінін анықтап, бүгінгі ҰОҚ-да не білгілері келетінін, неге үйренгілері келетінін сұрайды (Балалардың пікірлері тыңдалады).

III. ҰОҚ тақырыбы бойынша жұмыс

6 – 27 мин.

«Əли мен Айя. Ағаш отырғызу» мультфильмінен үзінді көруді ұсыну.

Өсімдіктер тіршілік иесі жəне пайдасы өте зор.

Бөлме өсімдіктері бөлмеге сəн береді.Ауаны тазартып тұрады. Бөлмедегі өсімдіктерді күнделікті суарып, жапырақтарының шаңын сүртіп отыру қажет.Топырақтарын күрекшемен қопсытып, қураған жапырақтарын тазалап отыру керек. Кейбір гүлдер гүл атпайды,тек жапырақ қалпында əдемі болып тұрады.

«Бұрыштар» сыни тұрғыдан ойлау стратегиясы.

Бөлме өсімдіктерін күту керек пе, керек емес пе?

Топтарда түсіндіріңдер: 1-топ – керек, 2-топ – керек емес (Не үшін? Неге?).

Педагогтер балалардың назарын болжамдар ұсынуды үйренуіне аударады. Балалар бұл кезде осы тіректі пайдалануына болатындығын ескертеміз:

ықтимал

болжамдайық

мүмкін

солай дейік

ал, егер…

Өзекті мəселе.

Бөлме өсімдіктерін күтуге су құюды жатқыза аламыз ба? БОЛЖАМДАР. Ойланшы, бұл іс-əрекет өсімдік тіршілігіне қалай көмектесті?

Сергіту сəті.

Шаршағанда ырғалып,

Гүлге ұқсап демалам.

Қанатымды бір қағып,

Гүлдей болып жайқалам.

Бақылау.

Педагог балаларға бөлме өсімдіктерін күтпесек не болатындығы туралы БОЛЖАМДАР ұсынуды сұрайды?

Өсімдіктерді азайтып, не тіпті жойып жіберсек не болады болжамдаңыз. Ал егер өсімдіктерді көптеп отырғызып жүрсек не болады? (Таза ауа, желден). Сонымен өсімдіктерге су құю, дұрыс топыраққа отырғызу, өсімдікті күтуге жатқызуға бола ма? Өсімдіктерді қорғауға не керек? (Жарық, судың суреттері бейнеленген карточкалар тақтаға бекітіледі).

Балалар педагогке гүлді отырғызуға көмектеседі. Əрбір іс- əрекетін түсіндіреді.

Үй өсімдігі ауырып тұрғанда не істеу керек? (Проблемалық жағдай туғызу, балалар жауаптарын тыңдау).

Басқа бөлмелерде өзін нашар сезінетін өсімдіктерді жинап,жуыну бөлмесін «емхана» ретінде пайдаланыңыз. Көптеген түрлеріне ыстық пен ылғал ем ретінде əсер етеді. Көптеген өсімдіктер «емханадан» кейін 3–6 күнде қайта қалпына келеді. Жуыну бөлмесінде тұрған өсімдіктерге суды көп құюға болмайды, өйткені олар ылғалды ауадан алады жəне де бөлмені желдетіп тұру керек.

Өсiмдiктердiң сабақтары созылып бір жаққа қарай қисайып өседі. Нелiктен?

Өсiмдiктер анық жарықтың жетіспеушілігіне ұшыраған жағдай. Мұндай жағдайдан шығу үшін өсімдік жарық көзіне қарай қисайып өсе бастайды. Бұл феномен қыстыгүнi жиiрек

байқалады, себебі табиғи жарық көзі азаяды. Сабақтары ұзарған, бозарыңқы жапырақтар кездесуі – жарық көзінің кем екендігінің белгiсi.

Бөлме өсімдігін күту – өсімдіктің өсуіне жағдайжасау.

Пайдалы іс-əрекет – нəтижесінде жақсы көрсеткіштер болатын іс-əрекет.

Зиян келтіретін амалдар – өзінен кейін жамандық қана қалдыратын амалдар.

Əліппе-дəптермен жұмыс.

Əліппе-дəптердегі шартты белгілер таныстырылады.

Педагог ауа райын бақылау жұмысын бастайтынын айтып, əр жаңа тақырыптың соңында берілген шартты белгілерді қалай белгілеу керектігін түсіндіреді. Сонымен қатар ашық күн, бұлтты күн немесе қар болса, қай белгіні белгілеу керектігін көрнекі түрде түсіндіруі тиіс.

1.Суретке қарап, бөлме өсімдіктерінің құрылысын атап,суретін сал.

2.Бөлме өсімдіктеріне қажетті құралдарды ата.

3. Сурет бойынша бөлме өсімдігін қалай күту керектігін əңгімелейді. Суреттерді бояйды.

4.Екінші жəне үшінші суреттердегі гүлдерден қандай өзгерісті байқадың?

IV. ҰОҚқорытындысы.

Рефлексия.

28*-30 мин.

Педагог балаларды қорытынды жасауға əкеледі.

Марапаттау.

Рефлексивті бағалау.

Педагог балаларға жапырақты түсті қарындашпен бояп

шығуға ұсыныс жасайды.

1-деңгей – ештеңе түсінбедім – қоңыр. 2-деңгей – түсіндім,

бірақ түсіндіре алмаймын – сары. 3-деңгей – бəрін түсіндім,

басқаларға да түсіндіріп бере аламын – жасыл.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.02.2019
643
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі