Экологиялық агидбригад сценариі (ересек
топ)
Шаривхан
Армангул
Мақсаты: Жас ұрпақтың экологиялық дүниетанымын және
белсенді өмір ұстанымын қалыптастыру,балалардың шығармашылық
қабілеттерін дамыту.
-Білімділігі:табиғатқа деген
сүйіспеншіліктерін арттырып,қамқорлық көрсете білуге
тәрбиелеу
-Дамытушылық: : Табиғат
туралы мағлұматтар беру,ой-өрістерін
дамыту
-Оқыту: Табиғат пен
адамдар арасындағы байланысты
түсіндіру
Балалар музыкамен залға кіріп,жартылай шеңбер
болып тұрады. Жүргізушінің қолында жер шарының кескіні
(глобус).
Біздің
тобымыз: «Жас
экологтар».
Біздің
ұранымыз:
Жер шары үйіміз ,
Біз
осы үйдің гүліміз!
Жүргізуші:
Табиғатым, тіршілігім,
ырысым,
Сенсіз менің тарылады
тынысым.
Сенсің менің тазалығым,
тұнығым,
Сенсіз менің үзіледі
үмітім,
Сен бар жерде жыр тұнады
көңілге,
Сен бар кезде құлшынамын
өмірге.
Экология сәнді
сөзге айналды
Табиғат бұл
туралы білмеп еді
Бөтелке ,қалдықтарды
тастамады
Қоқысты өртейтіндер
біліңіздер
Ауа
мен суды және ластайсыздар!
О, адамзат
аялашы, қорғашы,
Өзің туып, өзің
өскен ортаны.
Келе жатыр
талай сәби өмірге,
Ең болмаса
соның жайын ойлашы.
Өлеңдерді оқи отырып жер шары
кескінін (глобусты ) береді.
1 Нұрайым.
Табиғат біздің анамыз
Табиғатқа баламыз
Иіліп сәлем береміз,
Біз
әдепті баламыз.
2 Нұрәлі
Ал
,халайық ,халайық
Табиғатқа қарайық
Жер,су,ауа тазарса
Пайдалы екен бұл аса
3 Дильназ
Тазалықты сақтайық
Табиғатты баптайық.
Бізге деген пайдасын
Жақсылықпен ақтайық
4 Мадина
Табиғаттың
панасымыз
Түйіп айтар
сөзіміз
Табиғаттың
панасы
Мына тұрған өзіміз
Жүргізуші: Жер шарын қорғауды балалар өзімізден
бастайық.
5
Мұхамедияр:
Жақсылықты қолдаймыз,
Табиғатты қорғаймыз.
Гүл егеміз бақтарға,
Айналасын қоршаймыз.
6 Інжу
Жасыл тал егемін
Үйімнің қасына
Жем
шашып торғайға
Тамағын беремін
7 Алишер
Табиғат біздің
анамыз,
Жер–Ана біздің
панамыз.
Таза болса
табиғат
Біз де аман
боламыз.
Ән«Табиғатты
қорғаймыз»
Жүргізуші
: Ал қазір балалар
сіздерге «Ормандағы
оқиға»экологиялық ертегісін
көрсетеді.
Рөлдерде:Табиғат-ана:Ата-ана
Орманшы
:Ата-ана
Құмырсқалар:Дильназ,Мұхамедияр
Көбелектер:Мадина,Інжу
Торғай:Нұрәлі
Бұзық балалар:Алишер мен
Нұрайым
Орман.Ағаштар
қойылады.Табиғат ана музыкамен айналып билеп
шығады.
-Сәлеметсіздер ме ,мен Табиғат
анамын!Қараңыздаршы айналам қандай әдемі,сылдырап аққан өзен,орман
ағаштары ,хош иісті гүлдер,көбелектер,Бұлар менің бар
байлықтарым!
Орындыққа
отырады.
Сахнаға екі
бала шығады(Алишер Нұрайым)
Өзара
сөйлесіп ,құстарды атып,гүлдерді жұлып,құмысқа илеуін
бұзады,қолындағы балмұздақ қағазын тастайды,сусын бөтелкесін суға
тастайды,залдан шығып кетеді.
Ортаға
орманшы шығады:
Шашылған
қоқыстар мен жұлынған гүлдерді көріп басын шайқап ренжіген
күйде:
-Әй,Әй
балалар-ай,бұл не қылғандарың,табиғат аналарың емес пе,суын
ішесіңдер ,ауасын жұтасыңдар,жеміс-жидегін жейсіңдер.Бұлай туге
бола ма екен?
/Жылаған құмырсқалар
кіреді/
Орманшы:
Неге жылайсыңдар,не болып
қалды?
1
құмырсқа:
Біздің үйімізді бір бұзық балалар бұзып
кетті.
/Жылаған көбелектер
кіреді/
Орманшы
:
Әдемі көбелектерім, ал сендерге не
болды?
Көбелек:
Орманшы ата, қараңызшы менің
гүлдерімнің барлығын жұлып тастапты,мен енді қайда
қонамын!
Орманшы:
Мұны кім жасады көрмедіңдер
ме? (Жан –жағына қарайды)
Торғай кіреді.(Бір қанаты
сынған)
-Менің де қанатымды сындырды,олар әне ағаштың түбінде
музыка тыңдап жатыр:
Ағаштың түбінде отырған
балаларды Орманшы шақырады.
Орманшы:
-Қане бері келіңдер, маңызды
әңгімем бар.
Табиғат ананы,менің достарымды
жылатып қойдыңдар!
Балалар
келеді.
Құмырсқалар:
Үйімді
бұздыңдар.
Көбелектер:
Гүлдерімді
жұлдыңдар
Торғай:Қанатымды
сындырдыңдар
Барлығы
бірге:
-Біздің орманнан
кетіңдер!
Балалар :
-Бізді қумаңдаршы ,бізге
табиғатты қорғау туралы айтып
беріңдерші.
Орманшы:
Достарым,біз балаларға
табиғатта қаалй ұстау керектігін айтып берейік. Балалар жарты
шеңбер болып тұрад.Қолдарында көрнекілік
суреттер.
Құмырсқа
(Дильназ):
Құмырсқа
үйін бұзбаңдар:
Көбелек
(Мадина):
Гүл жұлуға
болмайды
Көбелек нәрін
жинайды
Торғай
(Нұрәлі)
Құс ұясын
бұзбаңдар
Әрқашан есте
сақтаңдар
Құмырсқа(Мұхамедияр)
Отпен ойнауға
болмайды
Көбелек
(Інжу)
Суды ластауға
болмайды
Балалар
:
-Кешіріңдер енді бұзақылық
жасамаймыз, табиғатқа қамқор
боламыз!
Табиғат-ана:
Бар байлығым қоршап тұрған
даламда,
Бау - бақшалы әсем гүлді
қаламда.
Менің ойым көк аспанды
бауларда,
Заңғар - заңғар көк майсалы
тауларда.
Орманшы:
О, адамзат аман жүргің келсе
егер,
Қарап тұрма несібең ғой қара
жер.
Табиғаттың тазалығын
сақтағын,
Азаматтық борышыңды
ақтағын.
Жүргізуші:
Табиғатты қорғау үшін бәріміз,
Күресейік, бір - бір ағаш егейік.
Текке отырмай, жасымыз бен кәріміз,
Таза ауа үшін терімізді төгейік.
Сүйейік, табиғатты аялайық,
Біз одан жақсылықты аямайық.
Анадай табиғаттың аясында,
Жадырап жас балаша дем алайық!
Барлығы
бірге:
Біз,біз,
біз
Табиғатты
қорғаймыз!
Біз
,біз,біз
Әр кез қамқор
боламыз!