Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Экономика және бизнес.‘Әлемдегі ең бай кәсіпкер әйелдер’
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Университеті
Физика- математика факультеті
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: ‘Әлемдегі ең бай кәсіпкер әйелдер’
Тобы:1501-11
Орындаған:Біржанқызы Әсел
Қабылдаған:
Шымкент – 2022 жыл
Жоспары:
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1. Кәсіпкерлік ұғымы және кәсіпкерліктің даму тарихы.
2. Әлемдегі танымал бизнесмен әйелдер.
III.Қорытынды.
I.Кіріспе
Кәсіпкерлік- белгілі бір тауардың сату,қызмет көрсету немесе өндірістен пайда алуға бағытталған экономикалық мамандық.Бұл жолда мақсатқа жету үшін мүлік,материалды емес активтер,кәсіпкердің және жан-жақтағы адамдардың еңбектері керек.Жұмсалған қаражат қайтарылады деген де кепіл жоқ.Осыған байланысты мүлікті толығымен немесе белгілі бір бөлімін жоғалтып қаупі бар.
Бизнес (ағылш. busіness — кәсіпкерлік, сауда-саттық) — пайда табуға бағытталған әрекеттің, экономикалық қызметтің бір түрі; жеке кәсіпкердің не фирманың іскерлік қызметі.
Бизнес адамның табиғи қасиеттеріне, біліміне негізделе отырып, қандай да болмасын бір істен кіріс кіргізуге, өзінің материалдық, рухани қажеттілігін қанағаттандыруға, сонымен қатар қоғамға пайда келтіруге де мүмкіндік береді. Бизнес қоғам мүшелерінің сұранысы мен ұсынысын есепке ала отырып, экономикалықжүйенің барлық саласын дамыту арқылы бизнестен түскен табыстан салық және басқа да алымдар төлеу және оларды қоғам дамуына, халық игілігіне жарату, әлеуметтік көмек көрсету нәтижесінде қалыптасады. Іскер орта көптеген әлеуметтік және басқадай проблемаларды өкімет бағдарламаларының шеңберінде, сонымен қатар дербес шешуге де қатысады.
II.Негізгі бөлім
1.Кәсіпкерлік ұғымы және кәсіпкерліктің даму тарихы.
Кәсіпкерлік
адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен
оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономистісі, Гарворд
профессоры Иозиф Шумпетер (1883-1950жж) мән берді. Оның айтқан
мынадай сөзі эпиграф болып саналады «Кәсіпкер болу – басқаның
істегенін істемеу».
Екінші жағынан
алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол туралы француз
экономисі Жан Батист Сей (1767-1832жж) былай деген «Кәсіпкер —
адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын
адам».
Кәсіпкерлік
терминін алғашқы рет ағылшын экономисі – Ричард Контильон
(1650-1758жж) енгізді. Бұл ұғымға ол нарықтық тәуекелділік
жағдайында табыс алу мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам
белсенділігін жатқызады.
Экономикалық
әдебиеттерде кәсіпкерлік пен бизнес ұғымдарын балама түрінде
қарастыру жиі кездеседі. Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғым
болғанмен, оларды бір-бірімен баламалап, теңестіріп қарауға
болмайды. Бизнес – табыс әкелетін кез келген қызметтің түрі. Рас,
бизнес кәсіпкерлік қызметпен тығыз байланысты. Кәсіпкерлік –
новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер – ол өнертапқыш. Сондықтанда
бизнеспен айналысатын адамдар, осы көзқарас тұрғысынан ешуақытта
кәсіпкер бола алмайды. Нарық жағдайында кәсіпкерлік қызмет көп
нышанда болады. Оларды мына түрге бөлуге
болады:
1. Масштабы
бойынша: шағын, орта, ірі
кәсіпкерлік.
2.
Кәсіпкерліктің субъектілері бойынша: кәсіпкерліктің субъектілері
экономикалық қызметтің әр түрлі қатысушылары – жеке тұлғалар,
келісімшарт міндеттемелерімен, ортақ экономикалық мүдделерімен,
біріккен адамдар тобы, яғни ұжымдық кәсіпкерлік, серіктестік,
кооперативтер, акционерлік қоғам, холдингтер және осыған тәріздес
мемлекеттік кәсіпкерлер бола алады.
Кәсіпкерліктің
даму тарихы 4 бағытта
дамыды:
1 – бағыт.
Кәсіпкерлікті тәуекелдікпен байланыстырды. Бұл бағыттың негізін
салушысы болып француз экономисі – Ричард Контильон болып саналады.
Ол мынадай шешімге келеді: «Кәсіпкер болашақтағы мүмкіндіктерді
болжап, өзіне табыс табу мақсатында мүмкіндіктерді жүзеге асырады.
Сұраныс пен ұсыныс қатынасын ескере отырып, кәсіпкер тауарды арзан
бағаға сатып алып, қымбат бағаға
сатады».
2 – бағыт. Ж.
Сей мен А. Маршалдың көзқарастарымен байланысты. Олардың ойынша
өндірістік факторлардың бірі рационалдық комбинацияны жүзеге асыру
және қалыпты кәсіпкерлік табыс
табу.
3 – бағыт.
Кәсіпкерлік теориясын құрудағы негізгісі мен перспективалық бағыт.
Бұл бағыттың негізін салушы Шумпеттер. Егер шаруашылық субъектілері
жаңа комбинацияны жүзеге асырмаса, ол кәсіпкер болып саналмайды.
Кәсіпкерлік функцияларын мынадай адам ғана жүзеге асыра алады. Егер
ол сезімтал, иновациялық өзгерістерге икемді адам болса, жаңалықты
таба білетін, оның нәтижесін тиімді қолдана білетін
тұлға.
4 – бағыт. Бұл
бағыттың негізін салған адамдар П. Дюркер, В. Санто олар
кәсіпкерлікті менеджментпен тығыз байланыстырады. Кәсіпкерлік пен
менеджмент бірін-бірі толықтырып тұрады және құрамдас бөлігі болып
табылады. Менеджмент көбінесе кәсіпорынның қызмет көрсету саласына
көп көңіл бөледі және кәсіпкерліктің басқару стилін
нығайтады.
2.Әлемдегі танымал бизнесмен әйелдер.
Лилиан Беттанкур — L’Oreal косметикалық империясының мұрагері. Еуропаның ең бай әйелінің табысы 34 млрд долларға артса да, биыл екінші рет рейтингтің екінші орынын иеленіп отыр. 2011 жылдан бастап Беттанкур әкесі негізін қалаған компанияны денсаулығының салдарынан басқармайтын болған. Сондықтан 2012 жылы компанияның директорлар кеңесіндегі орнын 25 жастағы немересі Жан-Виктор Мейери ауыстырды. Әлемдегі ең бай адамдар тізіміндегі орны: 10
Жаклин Марс — Әлемдегі ірі кондитерлік компания (Mars-тың сату көлемі 33 млрд доллар) иегері Марс отбасының үшінші буыны. 1999 жылы әкесінің қазасынан кейін бизнес екі інісі мен оған мұра болып қалады. Қазіргі таңда үшеуі де компанияның директорлар кеңесінің мүшесі, алайда олар оның оперативті қызметіне жауап бермейді. Сонымен қатар Жаклин американдық ат спорты бойынша құраманың қамқоршысы, Ұлттық спорт кітапханасының және әсем өнерлер мұражайының директорлар кеңесінің мүшесі. Әлемдегі ең бай адамдар тізіміндегі орны: 22
Чжоу Цюнфэй - Қытайдағы ең бай әйел және нөлден бастап байлық жинаған әлемдегі ең бай әйел, сонымен қатар ең жас миллиардер әйел. Lens Technology негізін қалаушы және бас директоры. Кәсіпорын Global 2000 тізіміне енгізілген, оның тұтынушылары арасында Apple және Samsung корпорациялары бар.
III.Қорытынды.
Кәсіпкерлік қызмет белгілі бір ортада жұмысын жүргізеді.Сондықтан да қажетті құқықтық шарттарды құрудың маңызы зор.Осы тұрғыда кәсіпкерлік қызметті реттейтін және кәсіпкерліктің дамуы үшін ең қолайлы жағдайларды реттейтін заңдардың болуы:кәсіпорындарды ашу мен тіркеудің жеңілдетілген тәртібі,кәсіпкерді мемлекеттік бюрократизмнен қорғау;өндірістік кәсіпкерлік қызметті ынталандыру.
Кәсіпкерлік функция-шаруашылық құқықтың даму дәрежесі, шаруашылық жүргізу нысандарының өзара қарым-қатынасын реттеу, кәсіпкерлікті заңнамалық түрде қорғау, мемлекеттік реттеу тұрғысынан кәсіпкерлерге әсер ету-кәсіпкерлік қызметтің алғышарьтарын қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен қатар оның белсенділік дәрежесін анықтайды.Бұған шағын кәсіпкерлікті қолдау, статистикалық есеп беру, нысандары мен есепке алу әдістерін жетілдірудің аймақтық орталықтарын құруда кіреді. Сонымен қатар ең алдымен, келісімдік міндеттемелерді ұстану мен меншікке деген құқықтарды, кәсіпкерлік қызметті құқықтық жағынан кепілдендіру заңнамалық бастаманы дайындау, бірінші кезекте келісімшарт міндеттемелерін анықтау өте маңызды рөл атқарады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
https://themoney.co/kk/qui-est-la-femme-daffaire-la-plus-riche-au-monde/amp/
-
https://7kun.kz/lemdegi-e-baj-7-jel/