2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / экономикалық теория саласындағы негізгі мәселелерді меңгеру

экономикалық теория саласындағы негізгі мәселелерді меңгеру

Материал туралы қысқаша түсінік
экономикалық теория саласындағы негізгі мәселелерді меңгеру
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Экономикалық теория саласындағы негізгі мәселелерді меңгеру

 1.1 Тұтыныстар және өндірістік ресурстардың шектеулілігі

Қоғам өмірлік қызметін тек қана әртүрлі тұтыныстарды қанағаттандыру негізінде сақтай алады және қолдай алады. Экономикалық өркениеттің тарихын жеке институционалды тұтыныстарды қалыптастыру және қанағаттандыру процесі ретінде бейнелеуге болады. Тұтыныс – қандай да бір нәрсеге мұқтаждық. Тұтыныстар адамның объективті қажетті өмір сүру деңгейі мен қызметін бейнелеу дегенді білдіретін сипатқа ие. Саналы тұтыныс – бұл қызығушылық. Қазіргі қоғамда адамдар тұтыныстары олардың әртүрлілігімен сипатталады. Оларды экономикалық және экономикалық емес деп бөлуге болады. Экономикалық емес тұтыныстар – бұл жақын адамдарды, отанды, табиғатты сүюге, достыққа, қарым – қатынасқа және т.б. деген қажеттілік. Экономикалық тұтыныстар – бұл қандай да бір игіліктер мен қызметтерді тұтыну жолымен қанағаттандырылатын тұтыныстар. Игіліктер мен қызметтер – тұтыныстарды қанағаттандыру құралы. Өндірістік тұтыныстарды қанағаттандыру өндіріс құралдарын және жеке тұтыну құралдарын тұтынумен байланысты болады. Қоғамдық тұтыныс – бұл тұтас қоғамның (қорғаныс, басқару, ғылым, мәдениет) тұтынысы.  Тұтыныстар тек материалды заттар арқылы ғана емес, сонымен қатар қызметтер көмегімен де қанағаттандырылады. Қызмет – бұл пайдалы әсерді өндіру уақыты бойынша оны тұтынумен сәйкес келетін орынды (мақсатты) еңбектің түрі. Адамдардың игіліктер мен қызметтерді жасауы - «өндіріс» деген атауға ие негізгі экономикалық процесс. Тұтынуды экономиканың соңғы мақсаты деп атауға болады. Өндірістік процесті жүзеге асыру үшін экономикалық ресурстардың материалды және рухани игіліктер мен қызметтерді жасау үшін пайдаланыла алатын өндірістің бар элементтерінің жиынтығы болу қажет.

Экономикалық ресурстар келесі топтарға бөлінеді: 1) материалды – жер және капитал жатады; 2) адам ресурстары – еңбек пен кәсіпкерлік қабілет жатады. «Жер» түсінігімен өндірістік процесте қолданылатын барлық табиғи ресурстар, «табиғаттың барлық игіліктері» белгіленеді. Капитал немесе инвестициялық ресурстар барлық өндірілген құралдарды, яғни тауарлар мен қызметтерді өндіруде және оларды соңғы тұтынушыға жеткізуде пайдаланылатын құралдар, көліктердің барлық түрлерін, құрылғыларды, фабрикалы-зауыттық, қоймалық кеңістіктерді өткізу торын қамтиды.  Капиталға өндірістік ресурстар ретінде ақша жатпайды. Ақша өз бетінше ештеңе өндірмейді, сондықтан оны экономикалық ресурс ретінде санауға болмайды. «Еңбек» түсінігі экономикалық теорияда игіліктер мен қызметтерді өндіруде қолданылатын адамдардың дене және ой қабілетін белгілеуде пайдаланылады. Бұл ресурс адамдардың жеке еркіндігі болған кезде ғана анағұрлым өнімді пайдаланылады. Кәсіпкерлік қабілет – бұл адам ресурстарының барлық басқа экономикалық ресурстарды анағұрлым тиімді біріктіре алу қабілетінің ерекше түрі. Атақты американдық экономист Йозеф Шумпетер кәсіпкерлікті «экономикалық дамудың негізгі феномені», оны қозғаушы негізгі күш деп атады. Тұтыну мен өндірудің арасындағы қарама – қайшылық адамдардың ие болғысы келетін заттары мен шын мәнінде шаруашылық қызметтің оларға бере алатын заттарының арасындағы қайшылықпен түсіндіріледі. Ресурстардың шектеулілігі абсолютті. Ресурстардың шектеулігі кезіндегі тұтыныстың шексіздігі экономикалық таңдау (ресурстар шығынының минимумы кезінде тұтыныстарды максималды қанағаттандыруға қол жеткізілетін ресурстарды пайдаланудың альтернативті нысандарының ішінен анағұрлым жақсысын) мәселесін туындатады.

 1.2 Экономикалық жүйе және оның құрылымы

«Жүйе» терминінің жалпы мағынасы (гректің systema – бөлшектерден құралған тұтастық) белгілі бір тұтастықты құрайтын, бір – бірімен тығыз байланысқан және қатынаста болатын элементтердің жиынтығы дегенді білдіреді. Осыны ескере отырып, экономикалық жүйені материалды және материалды емес игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтынуда қалыптасатын шаруашылық байланыстар мен қатынастардың тәртіпке келтірілген жиынтығы ретінде анықтауға болады. Өндіріс – белгілі бір уақыт ішінде игіліктер мен қызметтерді жасау процесі (кең мағынада өндіріс өндірілген игіліктер мен қызметтерді тікелей өндіру, бөлу, айырбас және тұтынуды қамтитын үздіксіз қайталанушы процесс ретінде түсініледі). Бөлу – шаруашылық қызметі қатысушыларының тұтынуына түсетін өнімнің үлесі мен көлемін анықтау. Айырбас - өндірістің әрбір қатысушысын бөлудегі бекітілген үлесіне қарай қажетті игіліктер мен қызметтерді алуын қамтамасыз ету. Тұтыну – жасалған игіліктерді қандай да бір тұтыныстарды қанағаттандыру үшін пайдалану.

«Экономикалық жүйе» термині талдаудың әртүрлі деңгейлерінде қолданылады. Бұл мағынада экономикалық жүйе ретінде ең қарапайым құрылымдарды да санауға болады (мысалы, жеке үй шаруашылықтары немесе шаруашылық субъектілер), бірақ бұл термин көп жағдайда макроэкономикалық көзқарас шегінде тұтас ұлттық шаруашылық қызмет ету заңдылықтары қарастырылған кезде қолданылады. Кез келген экономикалық жүйе қоғамдық өндіріс дамуының қандай да бір деңгейін қарастырады, сондықтан әдетте ол екі аспектіде сипатталады: техника – технологиялық – «адам - табиғат» қатынастарын бейнелейді, яғни «өндіргіш күштер» категориясымен бейнеленетін қатынастарды қарастыратын; әлеуметтік – экономикалық – адамдар арасындағы қатынастарды бейнелейтін«өндірістік қатынастар» категориясымен бейнелетін қатынастарды қамтитын. Құрылымы бойынша өндірістік қатынастар ұйымдық – экономикалық (техникалық - экономикалық) және әлеуметтік – экономикалық деп бөлінеді. Ұйымдық – экономикалық қатынастар адамдар арасында қоғамдық еңбекті ұйымдастыруға қатысты қалыптасады. Ұйымдастыру формалары болып еңбек бөлінісі, еңбек кооперациясы, өндірістің шоғырлануы (фирмалардың іріленуі), олардың орталықтандырылуы (фирмалардың бірлесуі) болып табылады. Жалпы экономикалық жүйе нақты жағдайда шаруашылық ету тәжірибесінен туындайтын қоғамның ерекше құрылымын бейнелейді.

Адамзат қоғамының тарихи даму барысында, ең алдымен, экономиканың негізгі мәселелерін: не өндіру? (қандай тұтыныстарды ең маңызды деп санау және сирек ресурстарды қалай бөлу керек); қалай өндіру? (кім өндіру керек, қандай ресурстардың және технологиялардың көмегімен өндіру керек); кім үшін өндіру керек? (өндірілгенді қалай бөлу керек) шешудің жолдары және тәсілдерімен айрықшаланатын экономикалық жүйелердің бірнеше типтері (үлгілері) қалыптасқан. Қазіргі кезеңде адамзат, шегінде әртүрлі кезде экономикалық жүйелердің бірнеше типтері: нарықтық, әкімшіл-әміршіл, аралас және дәстүрлі экономикалар қалыптасқан ұзақ тарихи даму жолынан өтті. Ең алдымен, меншік формасы мен үйлестік (координация) механизмнің типі оларды бөлудің критерилері болып (жоспар немесе нарық) табылады.

 1.3 Экономикалық теорияның пәні мен қызметтері

«Экономика» термині екі мың жылдан астам уақыт бұрын пайда болған. Ол гректің «ойкос» (үй, шаруашылық) және «номос» (заң) деген сөздерінен құралған. «Экономия» терминін ең алғашқы рет Ксенофонт үй шаруашылығын жүргізудің саналы ережелерін қарастыратын өзінің шығармаларының атауы ретінде енгізген.

Дербес ғылым ретінде экономикалық теория саяси экономия атауымен пайда болды. Саяси экономия тарихи тұрғыда негізгі кластар мен әлеуметтік топтар арасындағы әлеуметтік – экономикалық қатынастарды зерттеу болып табылатын ғылым ретінде қалыптасты. Экономикалық теория ресурстардың шектелген жағдайында қажеттіліктерді қамтамасыз етуді көздеген адамдар мен топтардың материалдық игіліктері мен қызметтерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтынудағы іс-әрекеттерін зерттеп, талдайтын қоғамдық ғылым.

Экономикалық теорияның зерттеп тану объектісіне нарықтың қызмет ету механизмі мен нарықта және оның сегменттерінде бар болатын жетілген және жетілмеген бәсеке, жеке шаруашылық салалардың монополиялану дәрежесі, бағалық және бағалық емес бәсекенің формалары мен әдістері, нарық қатынастарын реформалаудың бағыттары мен тәсілдері және т.б. жатады. Экономикалық теорияның зерттеу мәселесіне қарай келесідей екі бөлімі болады. Микроэкономика жеке өндірушілердің қызмет-әрекеттерін, кәсіпкерлік капитал мен бәсекелік ортаның қалыптасу заңдылықтарын зерттейді. Мұнда жеке тауарлардың бағасы, жұмсалған ресурстар, шығындар, кәсіпорынның қызмет атқару механизмі, бағаның құрылуы, еңбекке ынта және т.б. жағдайлар талданады. Макроэкономика микропорциялардың негізінде қалыптасатын ұлттық экономикалық жүйенің қызмет-әрекеттерін зерттейді. Мұның зерттеу объектісіне ұлттық өнім, бағаның жалпы дәрежесі, инфляция, жұмыспен қамту жатады.

Экономикалық теория жалпы ғылымдар жүйесінде белгілі қызметтер атқарады. Олар танып – білу қызметі, яғни ол қоғамдық экономикалық өмірдегі процестер мен көріністерді зерттеп түсіндіре білуі керек. Сонымен қатар, тәжірибелік қызметі, яғни ұтымды шаруашылық жүргізудің принциптері мен әдістерін жасау, экономикалық өмірді реформалаудың экономикалық стратегиясын ғылыми тұрғыдан дәлелдеу, т.б. экономикалық теорияның үшінші қызметі қоғамдық дамудың ғылыми болжамын және перспективасын жасауды қамтиды. Экономикалық теорияның осы аталған қызметтері өркениетті қоғамның күнделікті өмірінде жүзеге асырылып отырады. Экономикалық ортаның қалыптасуында, экономикалық динамиканың көлемі мен бағыттарын анықтауда, өндіріс пен айырбастың сала аралық құрылымын жетілдіруде, адамдардың жалпы өмір дәрежесін ұлттық деңгейге жоғарылатуда - осының бәрінде экономикалық теорияның маңызы өте зор.  

1.4 Экономикалық теорияның әдістері

Өмір үшін қоғамның дамуына қажет ресурстардың шектелген жағдайында экономикалық өсу процесінде қалыптасатын қатынастар мен заңдылықтарды экономикалық теория зерттейді.  Пәннің ерекшелігі зерттеудің әдістемесі мен әдістерінің ерекшелігін тудырады. Әдістеме дегеніміз экономикалық жағдайларды зерттеуде қолданылатын жалпылама әдіс, белгілі философиялық көзқарастар тұрғысынан қарағанда ол субъективтік, диалектикалық – материалистік, эмпирикалық, рационалистік және т.б. бағыттарды қолдануды талап етеді. Рационалистік әдіс объективтік шындықты талдаудың тұрақты динамикада жүргізілуін тілейді. Бұған өндіріс, бөлу, айырбас және тұтынудың ішкі байланыстары мен заңдарын зерттеп, талдау жатады. Рационалистік және аналитикалық әдістердің өзара байланыстары әсіресе ұдайы өндіріс пен экономикалық өсу процестерін талдауда толық байқалады.

Абстракцияланған нақтылыққа құбылыстың мәнінен көрінісіне дейінгі жағдайларды қамтитын әдіс экономика ғылымында жиі қолданылады. Абстракция әдісі зерттеу пәнін жеке, кездейсоқ, қысқа мерзімді, дара құбылыстардан тазартып, оқшаулап, оның (зерттеу пәнінің) тұрақты, берік, типтік, әрқашан қайталанып отыратын негізгі, шешуші белгілерін, қасиеттерін, мәнін бөліп алып қарап, танып білуге мүмкіндік береді.

Экономикалық теорияда ғылыми абстракция әдісінің маңызы өте зор. Ғылыми абстракция дегеніміз – құбылыстар қасиеттерінің басты, ең мәнді қасиеттерін табу мақсатында ой-сана жүзінде онша мәнді емес жағдайлармен есептеспеу болып табылады. Осылай құбылыстардың мәні ашылады, анықталады. Абстракциялау нәтижесінде экономикалық категориялар тұжырымдалады.

Талдау мен синтез әдістерінің пайда болуы абстракциялық ойлаумен байланысты. Экономикалық құбылыстарды талдау экономикалық құбылысты, оның жеке элементтеріне бөліп және әр элементті тұтас құбылыстың қажетті құрамды бөлігі деп зерттеуді талап етеді. Ал синтез құбылысты алдымен әр бөліктен тұратын құрылым деп, бұдан кейін осы элементтердің біртұтас қосылуы деп зерттеп, жалпы қорытынды шығарады.

Экономикалық теорияда қолданылатын әдістердің ішінде тарихи және логикалық талдау принципінің бірлігі кең пайдаланылады. Әрбір экономикалық жүйенің логикалық байланысы бар. Біріншіден, олар бір- бірімен өзара әсер ететін динамикалық қатынаста болады. Бүгінгі дәлел ертеңінде қызмет ролін атқаруы мүмкін. Екіншіден, жүйенің әрбір элементі тарихи даму процесінде болады. Сондықтан тарихи және логикалық бірлікті сақтау мәселесінің маңызы зор. Бұның өзі жүйенің және оның элементтерінің пайда болуын білу үшін ғана емес, әсіресе оның үрдісін, сатыларын анықтау үшін қажет.

Ғылыми танымның жекелеген әдістеріне: байқау, синтез бен талдаудың көмегімен алынған материалды өңдеу, индукция мен дедукция, заңдар мен категориялар жүйесін құрау, оларды тексеру, тәжірибе-сынақтар жүргізу, модельдер құрастыру және т.б. жатады. Математикалық модельдер графиктер мен математикалық теңдеулер көмегімен бейнеленеді. Алайда, абстрактілі математикалық модельдердің көбеюі шынайы экономикалық жағдай жөнінде қате түсінік қалыптастыруы, әсіресе модельге сапасыз өңделген экономикалық көрсеткіштер алынғанда әбден мүмкін екендігін айта кету керек. 



06 Сәуір 2025
89
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі