Орындаған:Ниязбек Зейнеп
Жетекшісі:Сайдахметов Ерлан
Бақдәулетұлы
Қазіргі
гүлденген Қазақстан - тұрақты экономикалық өсімі бар, қоғамдық
келісім мен орнықты саяси жағдайы қалыптасқан көп ұлтты және көп
конфессиялы ел болып табылады. Еліміз өзінің алдына қойған мақсаты
үшін дүние жүзіндегі дамушы мемлекеттер қатарына жету жолына нық
қадам басуда. Дүние жүзілік аренада еліміздің айрықша орын алуына
көз тігуші мемлекеттер қатары көбеймесе азаймағанын бәріміз
білеміз. Міне осындай елімізді әлсірету үшін көптеген себептер
баршылық. Солардың бірі көпшіліктің санасына әсер ету. Елімізге 90
жылдардың бас кезінде бізге жат "Терроризм, экстремизм" деген
сөздер ене бастады. Бұл сөздердің мағынасы қандай, неге елімізге
енді? Біздің еліміз – Қазақстан Республикасы қоғам ретінде өзіне
тән саяси - әлеуметтік, экономикалық және рухани жүйелерден тұрады.
Еліміздегі діни ахуалдың күрделі сипат алып тұрғаны соңғы уақыттағы
зерттеулерден белгілі болып отыр. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары
адамдардың ойы мен санасында әлеуметтік – экономикалық мәселелер
бірінші орынға шығып, рухани құндылықтардың кешеуілдегені байқалды,
Қоғамда пайда болған осы рухани бостықтың орнын басқа елдерден
келген әр - түрлі діни идеялар толтыруға тырысып бағуда. Бүгінде
діни экстремизм мен терроризм қаупі бүкіл әлемге жантүршігерлік
қауіп төндіріп тұр. Лаңкестік әрекеттерді қазіргі уақытта Еуропадан
да, Азиядан да, АҚШ-тан да кез келген аймақтан көре отырып, оның
құрлық таңдамайтын тажал екенін түсінудеміз. Күні кеше ғана Мысыр
елінде мешіт ішінде орын алған жарылыс салдарынан үш жүзден астам
жазықсыз жанның өмірі қиылғаны лаңкестердің ештеңені қасиет
тұтпайтын, өте қатыгез екенін көрсетті. Елбасымыз да Астанада өткен
бір жиында экстремизм мен терроризмнің қаупіне қатты алаңдап,
«Халықаралық терроризм апатты ауқымға жетті. Ол үшін шекара
қалмады. Бүгінде әлемнің кез келген нүктесі жойқын соққы
объектісіне айнала алады. Үшінші мыңжылдық басталғалы бері
терактілер мен қаза болғандар саны он есеге өсті. 2016 жылы 104
елде теракт болды, бұл – әлемнің жартысынан көбі. Яғни, география
және ауқымдылық тұрғысынан біз шартты түрде үшінші дүниежүзілік
соғыс жағдайында тұрмыз деуге болады. Террорға қарсы соғыста…»
деген болатын.
Экстремизм –
«әсірелікке, зорлық-зомбылыққа үндейтін, дiни өшпендiлiкті
жандандырушы және азаматтардың қауіпсіздігіне, өміріне,
денсаулығына, көзқарасына немесе құқықтары мен бостандығына қатер
туғызатын кез келген діни тәжірибені» өз мақсатына пайдалануды
көздейтін іс-әрекет немесе қалыптан тыс шетін көзқарастар.
Дін
түсінігіндегі экстремизмді дінге сыймайтын шектен тыс көзқарастар
мен іс-әрекеттер құрайды. Мұндай экстремизмнің соңы
зорлық-зомбылыққа, агрессияға апарады. Экстремизмнің кең және
нақты өлшемдеріне баға берген ресейлік эксперт М.Краснов. Оның
ойынша, экстремизмге мынадай идеяны, бағыты, доктриналарды
таратуға бағытталған әрекетті жатқызуға болады: адамдарды таптық,
меншіктік, нәсілдік, ұлттық немесе діндік ерекшеліктеріне
байланысты бөлу; адам құқығын конституциялық құндылық ретінде жоққа
шығару; ашық плюрализм мүмкіндігін, идеяларды еркін тарату және
айырбастауды жою; бір идеологияны мемлекеттік ретінде орнату.
Отандық ғалым
Н.Байтенованың түсіндіруінше, экстремизмнің пайда болу себебі әр
қоғамда әртүрлі болады. Ол сол қоғамдағы объективтік және
субъективтік жағдайға байланысты. Әйтсе де, экстремизмнің пайда
болуы мен таралуының базистік жағдайы бар. Ол кез келген қоғам мен
мемлекетке тән. Қазіргі кезеңде экстремизмнің пайда болуының
негізгі факторды ретінде эксперттер: әлеуметтік экономикалық
тоқырау; жергілікті тұрғындардың көп бөлігі өмір сүру деңгейінің
күрт түсуі; мемлекеттік басқару жүйесі мен саяси институттардың
деформациясы; олардың қоғамдық дамудың пісіп тұрған мәселелерін
шешуге қабілеті жетпеуі; саяси режимнің тоталитарлық сипат алуы
бар. Осыған қоса, ғалымдар экстремизмнің пайда болуы мен дамуына
әсер ететін қосымша факторды атады. Олар: халықаралық немесе
мемлекеттік жүйеде экстремизм көріністеріне қарсы күрестің
осалдығы, тұрғындардың, жеке топтардың саяси және құқықтық
мәдениетінің төмендігі, мемлекетаралық қатынастың әлсіреуі,
әлеуметтік шиеленістің өсуі, т.б.
Елімізде діни
экстремизм және терроризмге қарсы елдегі билік органдарын тегіс
жұмылдыра отырып, мемлекеттік деңгейде күрес жүргізілуде.
Мәселен, 1999 жылдың 13 шілдесінде «Терроризмге қарсы
іс-қимыл» туралы заң қабылданды. 2005 жылдың 18 ақпанында
«Экстремизмге қарсы іс-қимыл» туралы заң қабылданды. Бұдан
бөлек, 2013 жылдың 24 қыркүйегінде №648 Жарлықпен Қазақстанда
діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі
2013-2017 жылға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданып, сол
бағытта жұмыстар жүргізілді.
Оның ішінде
«Экстремизмге қарсы іс-қимыл» туралы қабылданған заңның 6-бабына
сай мемлекеттiк органдар өз құзыретi шегiнде экстремизмнен
сақтандыруға бағытталған біраз жұмыстар iске асуда. Мысалы,
діни қызмет саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын
мемлекеттiк орган ел аумағында құрылған дiни
бiрлестiктер мен миссионерлердiң қызметiне зерделеу мен
талдау жүргiзуде. Өз құзыретiне жататын мәселелер бойынша
ақпараттық-насихаттық iс-шараларды жүзеге асыруда. Оған қоса
Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы заңнаманың бұзылуына
қатысты мәселелердi қарап, экстремизмге қарсы iс-қимыл туралы
заңнамасын бұзатын дiни бiрлестiктердiң қызметiне тыйым салу
туралы ұсыныс енуде. Ал бiлiм саласындағы орталық атқарушы
орган бiлiм беру ұйымдарында оқушылардың экстремизм идеяларын
қабылдамауын, халықаралық құқық пен iзгiлiктiң көпшілік таныған
принциптерiн құрметтеуiн қалыптастыруға бағытталған тәрбиелiк
бағдарламалардың бекiтiліп, жастар арасында насихаттау жұмыстары
жүргізілуде.
Қорыта
келгенде, бүгінде елдегі тұрақтылық пен тыныштық – баршаға ортақ
құндылық. Оны қорғау тек мемлекеттік органдардың міндеті болмауы
тиіс, оған әрбір Қазақстан азаматы өзінің жауапкершілігін терең
сезініп, экстремизмге жол бермеуі тиіс.