Материалдар / "Ел басы- ел тұғыры"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Ел басы- ел тұғыры"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ел басының құдіретті тұлға екенін таныту
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Маусым 2018
541
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Елбасы-ел тұғыры». 
Мақсаты: 
А) Жас ұрпаққа Елбасының сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту. 
Ә) Елімізге еңсе тіктетіп мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын асқақтатып, Елбасының кісілік келбетін меңгеру. 
Б) Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу. 

Көрнекілігі: слайдтар көрсету, үнтаспа, шарлар, суреттер, буклет.

Мұғалім:

Қ.Аманжолов:

Қазақстан дейтін менің бар елім .

Жатыр алып жарты дүние әлемін!

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далада атам қолға ту алған,

Бұл далада жылап келіп, уанған

Бұл даланы көріп алғаш қуанған

Бұл далада өскен жанда жоқ арман!


Құрметті ұстаздар мен қонақтар 1-желтоқсан «Тұңғыш Президент» күні. Мерекелеріңіз құтты болсын. Еліміз тыныш, Елбасымыз аман болсын. 
Бүгін 3 «Ә» сынып оқушыларының «Тұңғыш Президент» күніне арнаған «Елбасы-ел тұғыры» атты ашық тәрбие сағатына қош келіпсіздер. Тәрбие сағатын Қазақстан Республикасының әнұранымен бастасақ. 

І Жүргізуші:
Бар әлемге шын танылдық міне, 
Біз «Елін сүйген Елбасы» деп білеміз. 
Тең аталып Қазақстан 
Нұрсұлтан 
Нұрсұлтан 
мен 
Қазақстан тұр егіз. 

ІІ Жүргізуші:

Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп, 
Елдің даңқы бар жаһанға естіліп, 
Елбасын құрметтейтін ерекше, 
Армысыздар ақ пейілді көпшілік! 

І Жүргізуші:

Армысыздар ақ пейілді көпшілік! 
Армысыздар қадірменді қонақтар, 
Құрметті ұстаздар мен оқушылар. 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған «Елбасы-ел тұғыры» атты концерттік бағдарламаға қош келдіңіздер. 


ІІ Жүргізуші:

Бір басында кемеңгерлік, даналық, 
Елін сүйген елі үшін жаралып, 
Сол кісідей болса болсын әр алып 
Адамдықтың аласұрмас үлгісі. 


І Жүргізуші:

Бір өзінен жатқаны шын таралып, 
Бір өзі Отан үшін жаралып, 
Бүгін Тұңғыш Президент күніне 
Әсем әнді шырқата біз салалық. 
Ән: «Көк тудың желбірегені». 

Арыстанбек:

Н.Ә.Назарбаев 1940 жылы 6-шілдеде Алматы облысы Қаскелең (Қарасай) ауданына қарасты Шамалған ауылында туған. Атасының есімі – Назарбай, әкесінің есімі – Әбіш, анасының есімі – Әлжан. Нұрсұлтан деп әжесі Мырзабала қойыпты. Ол Қаскелең қаласындағы Абай атындағы орта мектепті бітірген. Мектепте озат, үлгілі оқушы болған. 

Х.Мухаммадали:

Еңбек жолын Теміртау қаласында темір балқытушы болып бастаған. 
1991 жыл 1 желтоқсанда біздің Отанымыздың тұңғыш Президенті болып сайланды. Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы, Қазақстан Республикасының заңына сәйкес барлық жерде 1-желтоқсанды мерекелік күн деп тағайындалды. 

Дінмұхаммед:

Әбішұлы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметті басқарғанда не бәрі 44 жаста болды. Осылайша оның саяси өмірбаяны басталды. 
1991 жылы 1желтоқсанда республика жұртшылығы Тұңғыш рет Н.Ә.Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады. 

Сымбат:

1991 жылдың 16 желтоқсанда аңсаған күнге қол жетіп, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жарияланды. 

1-жүргізуші: 
Ақшам шықты өзімнің тұңғыш рет, 

Білдім дербес елімінің үлгісі деп. 
Бейнеленген хан, ақын, ғалымдарым, 
Беттерінен көз тартып тұрды сурет. 

ІІ жүргізуші: 
Теңдікті айтып тұр аты теңге, 
Құт береке болды еліме келген 
Өз туы, елтаңбасы, әнұраны бар, 
Айтыңдаршы енді елім кем неден. 

І жүргізуші: 
Біздің бұл дүниеде бір ғана Отанымыз бар. Ол – Тәуелсіз Қазақстан. Осы мемлекетімізді басқару 1991 жылы 1-желтоқсанда біздің елбасымыз Н. Ә. Назарбаевқа бұйырған екен. 

ІІ жүргізуші: 
Н. Ә. Назарбаев кім? Ол – еліміздің басшысы, халқымыздың жанашыры, өте білімді, терең ойлы тұлға. 

І жүргізуші: « Елбасы өміріне шолу» слайд.



Сымбат

Отан деген әр адамның жүрегі, 
Оған елде, жер де, су да кіреді. 
Отанымды барлық елге пашеткен, 
Президентім мақтанышым- тірегім. 

Дінмұхаммед
Бірде шырқап, бірде төмен құлаған,
Өмір жолы болған қиын бұралаң.
Қазағымды жарқын жолға бастады
Елбасы боп сайланды да Нұр ағам.

Г.Фарида

Шықты тарап ой-данадан,
 Бері қарап жұлдыз беті.
 Өзі қалап сайлап алған,
 Елімнің бар Президенті

П.Мұхаммадали
Естімейік енді елдің жылағанын,
Қайта құлап, бостандық сұрағанын.
Абылайдың жолымен алға басқан,
Құт болсын «нұрлы жолы » Нұр ағаның.


І жүргізуші Елбасымыздың  өмірбаянына тоқталсақ. Баяндама Арыстанбек


Муштари

Желтоқсаннан бастау алған теңдігі,
Қазағымның өркендеді елдігі.
Құрбан болған Тәуелсіздік жолында,
Ағалардың ұмытылмас ерлігі.

 Сарвар
Биіктей бер, Нұр аға,
Қыран қанат талмасын.
Қадірлемей тұра ма,
Халық сіздей тұлғасын.

Амангүл

Отандеген- атамекен,

Отан деген-туған жер.

Отан-ана.

Отан-үлкен.

Қазақстан туған жер.


Бехрус
Гүлдене бер, Отаным,
Көтерген туын Нұр ағам!
Көбейткен достың қатарын,
Нұр аға – біздің ұлы адам.

І жүргізуші: Ән «Мерекем» орындаушы Шырынбай С

Нозима

Отан-сенің ата-анаң,

Отан-досың, бауырың.

Отан өлкең астанаң

Отан-аудан, ауылың.

Х.Мухаммадали

Ел басқарған Нұрсұлтандай ағам бар,
Көк алқапты жасыл жайлау далам бар.
Ел бірлігін, ел тірлігін тілеген,
Ақ ниетті халық деген данам бар.

С.Фарида
Бағдарлап елдің ертеңін 
Тыныштық тауып жатпаған. 
Болашақ үшін терін төгіп, 
Үмітін елдің ақтаған. 

Сардор

«Отан-атам

Отан-әкем!

Осы сөзім қате ме екен?!»

Қате болса

Неге біздер

Деймізоны: «Атамекен?!» 

І жүргізуші: Ән «Алға қазақ жігіттері» орындаушылар: Анас Д, Маулен А


Мұғалім:

1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба,Ту,Әнұран  бекітілді.
Елтаңба  авторлары:Жандарбек Мәлібекұлы,Шотаман Уәлиханов.                                         Мемлекеттік Ту-1992 жылы 4-маусымда қабылданып,6-маусымда күшіне енді.Жалаудың  жобасын жасаған –суретші Шәкен Ниязбеков.                  
1993 жылы 15-қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы –Теңге айналымға енді.
1995  жылы 28-қаңтарында  тәуелсіз ҚР –ның тұңғыш «Ата Заңы» қабылданды

1997 жылы қазанның жиырмасында Н.Ә.Назарбаев Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы жарлыққа қол қойды. Сөйтіп енді Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының жаңа астанасы болды. 
1998 жылы Ақмола қаласын Астана қаласы деп өзгертті. Аз уақыттың ішінде Астана қаласы көрікті қалаға айналды. 
Ақорда – Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы. Бәйтерек – Астананың басты белгісі. Тәуелсіздік сарайы – мемлекеттік ресми іс-шараларды, форумдарды, мәжілістерді, кездесулерді өткізу орны болып табылады. 
Парламент үйі –Үкімет үйі. Бейбітшілік пен келісім сарайы – әлемдік және дәстүрлі діндер өкілдерінің жиынын өткізетін ғимарат. 
І-жүргізуші: 
Жыл сайын табыс қоссын табысыңа, 
Әр қазақ берік болсын намысына. 
Нұрсұлтан Назарбаев бастай берсін, 
Нұрлы жол, нұрлы заман бағытына – дей отырып ендігі кезекте ұлдардың
орындауында биді тамашалаңыздар. 

 Азамат
Нұрсұлтан ата құтты болсын мерей тойың, 
Сомданып, тұлғаланып, өскен бойың. 
Жер шары, Әлемдегі барлық елдер 
Біледі Президентіміздің ақыл-ойын. 

Сымбат

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,

Асқар тау,ағынды өзен, гүлін сүйем.

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен онын құдіретті дінін сүйем.

Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,

Бәрі маған Отан деп сыбырлаған.

Жүрегім кеудемді жарып ұшта,

Босторғайы бол оның шырылдаған.

Отан, Отан бәрінен биік екен,

Мен оны мәңгілікке сүйіп өттем.


Алимжан

Отан-ана

Отан-жер

Отан-дана

Отан-ел


Рамазан

Асқар тауым-Қазақстан,

Әсем әнім-Қазақстан.

Қазақстан-отаным деп,

Әрқашанда мақтана алам.


ІІ-жүргізуші: Келесі кезекте би қыздар тобы.


Мұғалім:
Тұңғыш президентіміз Н.Назарбаевтың өмір жолына шолу жасау мақсатында викториналық сұрақтар қойсақ: 

1. Қазақстан Республикасының президенті кім? (Н.Ә.Назарбаев) 
2. Н.Ә.Назарбаев қай жерде туылған? (Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылы) 
3. Н.Назарбаевтың туған күні? (6 шілде.1940ж) 
4. Н. Назарбаев мектепте қандай оқыды? (үздік) 
5. Қандай мамандықты таңдады? (металлургия) 
6. Н.Назарбаевтың бойында қандай қабілет бар? (адал, ашық, ақжарқын, мақсатқа жете білетін адам) 
7. Қашан президент болып сайланды? (1 желтоқсан. 1991ж) 
8. Астананың бұрынғы аттары қандай? (Целиноград, Ақмола) 
9. Неліктен 1 желтоқсан мереке күні деп белгіленді? (Өйткені бұл күні президент сайлауы күні) 




І жүргізуші:

Туды ұстап тура жолға түсіріп, 
Жас Отанның өмірін де түсініп. 
Елім, жерім деп ұрандап тайсалмай 
Бір керемет жасады-ау кісілік. 
Ән: «Жаным қазақ» 

ІІ жүргізуші:

Сіз әке барша қазақ бәрімізге, 
Жас сәби үлкен-кіші,кәрімізге. 
Сіз-басшы, Халық-қосшы бола бергей 
Жарасып келе жатыр сәніміз де
Ән орындалады. 


Мұғалім:

Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз.
«Ұлтым,елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.                                 

Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,
Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.
Президентім, елбасы, аман болғай,
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!

Төле би сөзімен сынып сағатымызды аяқтаймыз.
Уа, халқым, сөз қадірін білесің.
Жаңбыр жаумаса, жер жетім,
Басшысы болмаса, ел жетім.
Көсіле шабар жерім бар,
Тау көтерген елім бар.
Қол бастайтын ерім бар,
Атадан қалған сара жолым бар.
Барлығы:«Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз»
І жүргізуші: Ән «Атамекен»


 Мұғалімнің сөзі:
Тәуелсіз ел болу, тұңғыш президенттің сайлануы, осы тұлғаның арқасында Қазақстанның бүкіл әлемге танылуы,шашылып кеткен қандас бауырларымыздың тарихи Отанына шоғырлана бастауы, Астана қаласының сәулеттене түсуі – бәрі, бәрі тәуелсіздігіміздің әр күні емес, әр сағаты жаңалыққа, игі істерге ұласып жатқанының айқын дәлелі.
Қазақ елінің жарқын болашағы, халықтарының бірлігі және бейбіт өмірі президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолында

Құрметті қонақтар, ұстаздар 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күні баршамызға құтты болсын. Осымен бүгінгі 3 «Ә» сыныптарының «Елбасы-ел тұғыры» атты іс-шарасы аяқталды. Уақыт бөліп келгендеріңізге көп-көп рахмет!  























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!