"Ел боламын десең, бесігіңді түзе"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Ел боламын десең, бесігіңді түзе"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ "Ұшқан ұя" шығармасы бойынша құрылды. Жас ұрпаққа адамгершілікке үндейтін, тәлім-тәрбие беретін көркем туындының өн бойына жинақталған ұлттық құндылықтарды ұғындыру.Автордың балалық шағынан сыр шертетін шығарманың шынайылығын таныту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

М.Бегалиева атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

_________________________________________

(білім беру ұйымының атауы)

Орта білім беру ұйымдарының педагогіне арналған сабақ жоспары немесе қысқа мерзімді жоспар

(сабақтың тақырыбы)

«Ел боламын десең, бесігіңді түзе»

Бөлім:

3-бөлім. Махаббат пен абырой.

Педагогтің аты-жөні

Жомартова Аққалам Рамазанқызы

Күні:

08.02.2022ж.

Сынып: 8

Қатысушылар саны:14

Қатыспағандар саны:0

Сабақтың тақырыбы

«Ел боламын десең, бесігіңді түзе».

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

8Т/Ж3 –көркем шығармадағы образ. Көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктеу.

8Б/С3 –әдеби эссе. Шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазу.

Сабақтың мақсаты

Барлығы: Көркем шығармадағы кейіпкерлерді анықтайды және әдеби эссе жазады.

Көпшілігі: Көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктейді және шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын талдап, әдеби эссе жазады.

Кейбірі: Көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктейді және шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазады.

      Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

8 минут

I.Ұйымдастыру кезеңі.

-Сәлемдесу.

-Сынып дайындығын тексеру.

-Топқа бөлу.

-Бағалау парағымен таныстыру.

II. Үй жұмысын тексеру.

Тест әдісі арқылы өткенді қайталау.



Оқушылар амандасады, кезекші сынып дайындығы туралы хабарлайды, топқа бөлінеді, бағалау парағымен танысады.

«2 балл»

1-3 жауап-1балл,

4-6 жауап-2балл.

8-сынып Қазақ әдебиеті

оқулығы.

Тест сұрақтарының жауаптары

1-А

2-Д

3-В

4-Д

5-С

6-А


Ортасы

7 минут






















5 минут












12 минут

Жаңа сабақ: «Ел болам десең, бесігіңді түзе»

Топтық жұмыс. Талқылау сұрақтары:

      1. Б.Момышұлы шығармасының «Ұшқан ұя» деп аталуындағы астарлы ой қай мақалға сәйкес келеді? Осы мақал шығарма мазмұнын аша ала ма?

      2. Шығармада қазақтың қандай салт-дәстүрлері көрініс тапқан?

      3. «Бесікте жатқанда құлағына анасының әлдиі сіңбеген баланың көкірегі кейін керең боп қалмаса деп қорқамын»,-деген автор сөзінің астарын бір мақалмен сипаттап жеткізіңдер.

      4. Автордың пікірінше Елтанудың басы қазақтың қай дәстүрімен байланысты деп ойлайсыңдар?

      5. Б.Момышұлын қандай мәселелер толғандырған және Мұхтар Әуезовтің «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген сөзімен үндестігі бар ма?

Дескритор

  • Сұрақтарға өзіндік көзқарас тұрғысынан жауап береді.

  • Дәлелді жауап айтады.

Жұптық жұмыс. Көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктеу.


Тура мінездеу

Жанама мінездеу





Дескриптор

  • Кейіпкерлердің бойындағы қасиеттерді табады.

  • Кейіпкерге мінездеме береді.

  • Кестені толтырады.

Жеке жұмыс. «Тәрбие –тал бесіктен» тақырыбына көркемдегіш құралдарды қолдана отырып, шығарманың құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазу.(«Бесік жырын» тыңдата отырып, эссе жаздырту.)

Дескриптор

  • Көркемдегіш құралдарды қолданады.

  • Шығарманың құндылығын гуманистік тұрғыдан талдайды.

  • Әдеби эссе жазады.


ТЖ.Оқушылар талқылау сұрақтарына дәлелді жауап береді және өз көзқарастарын білдіреді.























ЖЖ. Мінездеу[1]– әдеби кейіпкерді таным-түсінігі мен мінез-құлқын таныта даралай суреттеу. Түрлі тәсілдер арқылы жасалады. Тура мінездеу кейіпкердің мінез-құлқын айнытпай, сол қалпында баяндаса, жанама мінездеу оған қатысты құбылыстар мен заттарды суреттеу арқылы қаһарман бейнесін ашып көрсетеді.





«2балл»

1-2 жауап 1балл,

3-4 жауап-2балл.























1балл











«3 балл»

Эссе жазу-1балл, құндылығын талдау-1балл, көркемдік тәсіл-1 балл.

Б.Момышұлы мен М.Әуезовтің суреттері.


АКТ.

Мақал –мәтелдер:

1. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің»

2. «Бесік жыры», «Бата», «Сәлемдесу»,Ертегі айту,Жеті атасын үйрету.

3. «Тәрбие –тал бесіктен»

4.Жеті ата.














Кесте


Кейіпкерлерге мінездеу Әкесі -Момыш өнерлі, адамгершілігі мол. Ол өз бетінше оқып тоқыған адам. Есеп-қисапты тәуір білетін. Жас күнінде ағаш ұста болыпты, етікші де атаныпты, тәуіпшілдігі де бар екен. Қызтумас әже адуынды, көпшіл, сөзге шешен. Ертегіні көп айтатын, әлди әнді көп айтатын. Аса ажарлы, ақ дидарлы кісі. Имаш данагөй, батагөй. Немересіне бата береді.

Ән.«Бесік жыры»

Соңы

Кері байланыс: «Артығын тап!» әдісі

1. «Ұшқан ұя» повесінің кейіпкеріне жатпайды.

Рәзия

Ғали

Момыш

2.Мына шығармалардың қайсысы Бауыржан Момышұлы туралы жазылмаған?

А.Бек «Волоколамское шоссе»

Ә.Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз»

Ш.Құдайбердіұлы «Еңлік –Кебек»

3.Б.Момышұлының шығармасы емес.

«Жонарқа»

«Москва үшін шайқас»

«Шуақты күндер»

4.Кім Бауыржанның әпкесі емес?

Қызтумас

Үбиан

Әлиман

5.Шығармада кездеспейтін үзінділер.

Ертексіз өскен бала –рухани мүгедек.

Ал, кәне, балапаным, қанаттанып қашан ұшасың?

О,қасиетті баба! Ат берсеңіз өліп қалады, тон берсеңіз тозып қалады.


Рефлексия

«321» әдісі

1.Шығарма бойынша өзіңді толғандырған үш факт?

2.Авторға туындаған екі сұрақ?

3.Қызығушылық танытқан бір нәрсе?



Үйге тапсырма беру: Зейнеп Ахметованың «Шуақты күндер» атты естелік кітабын оқу.

Қорытындылау үшін қойылған сұрақтарға жауап береді.


Сабақтан алған әсерін жазады.

«2балл»

1-2жауап-1балл,

3-4жауап-2балл.










1-3 балл

Талпын!

4-7 балл

Жарайсың!

8-10 балл Өте жақсы!



«Артығын тап!»

Жауаптары:

1.Ғали

2. Ш.Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек»

3. «Шуақты күндер»

4.Қызтумас

5. О,қасиетті баба! Ат берсеңіз өліп қалады, тон берсеңіз тозып қалады.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.02.2025
223
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі