Материалдар / Ел болашағы – жас ұрпақтың қолында
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ел болашағы – жас ұрпақтың қолында

Материал туралы қысқаша түсінік
жалпы оқырмандарға арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Ақпан 2019
545
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ел болашағы – жас ұрпақтың қолында

Болашақ – білімді жастардың қолында «Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс. Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса – ол елдің еңсесі де биік болады. Өршіл, намысшыл, жас отаншыл, патриот келеді, халқына, өз ұлтына адал қызмет етуге ұмтылады» деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың салиқалы сөзімен бастағым келіп отыр. Елдің болашағы,ертеңі-балалар, сондықтан қазіргі қоғамға деген көзқарасын дұрыс қалыптастыру үшін оларға арналған бағдарламалардың сапасы мен санын арттырып және оның тұрақты жолға қойылуын қадағалау қажет. Тәуелсіз мемлекеттің негізгі мақсаттарының бірі және міндеті елін алға жетелейтін ұрпақ тәрбиелеумен жарасымды, өйткені, елдің ертеңі отаншыл, жан-жақты тұлға болып қалыптасу тәрбиесін алған ұрпақпен тығыз байланысты.Бүгінгі заман ағымы жастарды азаматтылық пен елжандылыққа тәрбиелеу,жаңа іскер адамды қалыптастыру талап етіп отыр.Біз есігін ашқан XXI ғасыр жаңа жаңғырту заманы болғандықтан,адамзат баласынан небір керемет жетістіктер мен әлемді зерделілік нарығында сілкіндіретін ғылыми жаңалықтар күтетініміз бәрімізге белгілі. Бәсекелістікке қабілетті 50 елдің қатарына көшін түзеген қазақ елінің болашағы жарқын болуының негізгі кепілі-елдің ертеңін қалыптастыратын интеллектуалы жоғары, ұрпақ тәрбиелеу. Н.Ә.Назарбаев өзінің 2012 жылғы желтоқсан айында Қазақстан халқына  жасаған  Жолдауында “Бәсекеге лайықты білімді де, намысшыл ұрпақ өсіріп, өркениетті елдер қатарына қосылуға ұмтылу - басты міндетіміз”– деген болатын. Елбасымыз  Қазақстан  халқына жасаған  жолдауында қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғанын, Қазақстан  азаматтарының үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге  дайын  болуға керек  екенін  атап көрсетті. Егеменді еліміздегі нарықтық қатынастар мен ашық демократиялық қоғамды арттыруға арналған реформаның білім саласында да түбегейлі бет бұрыс әкелді. Менің ойымшасоның нәтижесінде бүкіл әлемде  білім беру жүйесінде көптеген қарқынды  өзгерістер болып жатыр.Қазіргі таңдағы білім беру мен тәрбиедегі басты өзгеріс Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық білім беруге көшуге байланысты педагогикалық-психологиялық негіздерін қарастыру болып табылады. “Білім беру жүйесінің басты міндеті оқытудың жаңа технологияларын енгізу,білім беруді ақпараттандыру,халықаралық коммуникациялық желілерге шығу,ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар,ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау” - деп Қазақстан Республикасы “Білім туралы” Заңының 8-бабында атап көрсеткендей, қазіргі таңда  әрбір ұстаздың  алдына қойып отырған негізгі  міндеттерінің бірі- оқытудың тың әдіс-тәсілдерін  үйреніп,жаңа педагогикалық технологияны меңгеріп  және   оларды  үнемі жетілдіріп отыру. Осы тұжырымдамаға сәйкес бүгінгі күнде білім беру саласында енгізу, оқулықтар сапасын жақсарту, білімді кадрларды дайындау бүгінгі күннің маңызды мәселелерінің бірі болып отыр. Қазіргі заман өзгерді, талап өзгерді. Бүгінгі бала-ертеңгі ел болашағы. Олай болса, білім деңгейі мен шығармашыл қабілеті жоғары шәкірттерді тәрбиелеу ұстаздардың басты міндеттері екендігін ұмытпауымыз керек. «Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін–білім», - деп ұлы жазушымыз М.Әуезов айтқандай, еліміздегі өркениетке апарар жолдың бастауында мектеп тұрады. Тәуелсіз еліміздің қанатын кере жайып,ел экономикасы өркендеген бүгінгі таңда мемлекетіміздің алдында тұрған мәселенің бірі – білімді де іскер,ғылымға қабілеті бар,заман талабына сай буын қалыптастыру. Ұрпақты тәрбиелеу–мемлекеттің байлығы адамды тәрбиелеу деген сөз. Жас ұрпақ–еліміздің ертеңі, болашағы. Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту,жанында жүрген жолдастарына,достарына мән беру, дұрыс білім алуына   жағдай жасау ата-ананың басты парызы. Білім беру жүйесінде білім беруді дамыту,дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында елімізде білім берудің жүйесі құрылып жатыр. Қазақстан Республикасының болашақ иесі – балаларға ұлттық тәрбие беру,ұлтжанды азаматтар тәрбиелеу – XXI ғасырда аса маңызды да абыройлы міндет екені даусыз.Халқымыздың тамаша тәлімдік қағидаларын пайдаланып,білім беру үрдісінде биік көрсеткіштерге жету–ұстаздық шеберлікке байланысты.Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жеріне қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады, ал ХХІ ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында». Қорыта келгенде, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Елдің келешегі-бүгінгі жас ұрпақтың қолында,- деп атап айтқандай, бүгінгі таңдағы мақсатымыз жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруде,ұлттық құндылықтарды әлемдік деңгейге шығарып, қабілетті тұлға тәрбиелеу болмақ. Нағыз ұстаз баланы жеке тұлға деп танып,оның пікірімен әрқашан санасады, оны белестен белеске,асудан асуға жетелейді,биік шыңдарды бағындыруға жігерлендіреді.Ұстаз шәкіртін ынталандыра отырып,оның бойына жүректілікті, кішіпейілділікті, намысшылдықты, өз еліне адал қызмет етуге, еңбекқорлық қасиеттерін сіңіреді.Сондықтан да «Жастар – біздің басты капиталымыз» біздің бет-бейнеміз екені сөзсіз. Олай болса, тамаша білім алып, өмір сүру деңгейін арттырып, экономикамызды дамытып, көптеген пайдалы6 әрі жағымды нәрселермен айналысу кез-келген ұрпақтың қолынан келетіні даусыз.





























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!