Материалдар / Ел ертеңі -жастар-облыстық сайыс сценарий
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ел ертеңі -жастар-облыстық сайыс сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Желтоқсан 2020
1966
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Ел ертеңі - жастар» атты облыстық сайысының әзірлемесі


І - Жүргізуші:- Қайырлы күн, құрметті шақырылған қонақтар, сайысқа қатысушылар мен көрермендер!
ІІ - Жүргізуші:- «Ел ертеңі - жастар » жас ұстаздар облыстық сайысына қош келдіңіздер!
І - Жүргізуші: «Рухани жаңғыру» бұл кең көлемде, жан-жақты ұсынылған бағдарлама. Оның мақсаты рухани өсу, өз тарихыңды білуге, өскелең ұрпақты өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы «Тәрбие және Білім» кішібағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2019 жылдың 22 қарашасында Науырзым ауданы, Қарамеңді селосы, Жамбыл орта мектебінде «Ел ертеңі-жастар» атты облыстық сайысы ұйымдастырылып отыр.

ІІ - жүргізуші: Бұл сайыстың негізгі мақсаты талантты жас педагогтарды анықтау, оларды қолдау және ынталандыру; жас педагогтарды зияткерлік және шығармашылық қызметтің жаңа түрлерін іздеуге ынталандыру; жас педагогтардың кәсіби қарым-қатынасы, тәжірибесі мен ой-өрісі саласын кеңейту қазіргі жас педагог туралы оң қоғамдық пікір қалыптастыру;

І - Жүргізуші: «Мұғалім - тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын қалап жатқан маман. Өйткені, ел болашағының кілті - бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Жас ұрпақтың тағдыры олардың бойына білім мен ізгілік нұрын себуші - ұстаздардың қолында.
ІІ жүргізуші: Ұстаз! Ол - ақыл ойдың кені емес пе?
Көш бастар замананың ері емес пе?
Жатталып кейінгіге хаты қалған,
Ұстаз ол - күллі әлемнің нұры емес пе?
І жүргізуші:
«Жас маман деген кім?
Ж - жігерлі
А - алғыр
С - сұлу да сымбатты
М - мақсаткер
А - айтқанды екі етпейтін
М - мінезі жайсаң
А - арманшыл
Н - насихатты тез қабылдайтын жас. Олай болса, сахна төріне бүгінгі сайысқа қатысатын жас ұстаздарды шақырамыз. Қошеметтеп қойыңыздар !
ІІ жүргізуші:
1. Рудный қаласы, Рудный қаласы әкімдігінің «№19 орта мектебі» бастауыш сынып мұғалімі Жакиева Арай Нартаевна

2. Федоров ауданы, №2 орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі Катесова Айгерим Габдулловна;

3. Ұзынкөл ауданының, Российская средняя школасының қазақ тілі пәнінің мұғалімі Әуезханова Самал Ержанқызы;

4. Бейімбет Майлин ауданы, Сапар Ерғалиев атындағы орта мектебінің география пәнінің ұстазы Орынбай Тұралы Орынбайұлы;

5. Арқалық қаласы, Ш.Уалиханов атындағы №1 жалпы орта білім беретін мектебінің математика пәнінің мұғалімі Сәкен Динара Сейтқалиқызы;

6. Амангелді ауданы, Жаңа ауыл жалпы білім беретін орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Казканов Аманат Жақсылықұлы;

7. Қостанай ауданы, Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебінің музыка пәнінің мұғалімі Қабыкенов Нуриден Арғынғазыұлы;

8. Қостанай қаласы, Қостанай қаласы әкімдігінің № 1 мектеп-лицейінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Отынбай Дарын Оразалыұлы;

9. Науырзым ауданы, Жамбыл орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Намиалиев Қамбар Қошқарбайұлы


І –жүргізуші: Шын жүйріктер сыналады жарыста,
Жарыстың ба, орта жолда қалыспа!
Әділқазы бағалайды сіздерді,
Жеңіс мәре жақын ба, әлде алыс па?
- дей келе сайысымызға әділ бағасын беріп, төрелік жасайтын әділқазы алқасымен таныс болыңыз-дар!

ІІ – жүргізуші:

  1. Қостанай облысы әкімдігінің білім Басқармасының мектепке дейінгі және орта білім беру әдістемелік кабинетінің тәрбие жұмысы және тұлғаны әлеуметтендіру бөлімінің басшысы – Оразғалиұлы Нұржан;

  2. Иновациялық-эксперименттік қызмет және шағын жинақты мектептерді дамыту бөлімінің басшысы - Нугуманова Нұргүл Қуанышбаевна;

  3. Науырзым ауданының ішкі саясат бқлімінің жастар ресурстық орталығығының – Жұман Сүлеймен Жұмабайұлы


Облыстық сайысымыздың ұйымдастырылуына қолдау көрсеткен, Қостанай облысы әкімдігінің білім Басқармасының мектепке дейінгі және орта білім беру әдістемелік кабинетінің тәрбие жұмысы және тұлғаны әлеуметтендіру бөлімінің басшысы – Оразғалиұлы Нұржан мырзаны сахна төріне шақырамыз.

І – жүргізуші: Сайысқа қатысушы жас ұстаздардың сайысқа қатысу реттілігін дорба ішінен асықтарды алу арқылы анықтаймыз. /Қатысушылар дорбадан асықтарды таңдайды/


ІІ – жүргізуші: Кімдер жүйрік өнерпазды білейікші,
«Ел ертеңі - жастар» деп жүрейікші.
Әділқазы алқасынан әділдікті,
Ал, жастарға сәттілік тілейікші!

Олай болса, сайысымыздың кезеңдерімен ТАНЫСТЫРЫП ӨТЕЙІК:

1. «Мен-ұстазбын!» өзін-өзі таныстыру қатысушы өзінің педагогикалық идеяларын аша отырып, өмірлік басымдықтары мен балаларға, мамандығына, әріптестерімен қарым-қатынастары жайында презентация

көрсетеді. (2-3 мин)

2. «Өнерлінің өрісі кең » өз өнерлерін ортаға салады (ән айту (ұлттық дәстүрде), тақпақ оқу, би билеу т.б. ) (3-4 мин)

3. «Қазақтың қолөнері» номинациясы бойынша қатысушылар қолдан

жасалған қолөнер бұйымдарын ұсынады (2-3 мин)

4. «Дәстүрдің озығы бар...» қазақ халқының салт-дәстүрінен көрініс көрсетеді. (4-5мин)

5. «Білімді мыңды жығар!» сұрақтарға жауап беру. (3-4 мин)

І – жүргізуші:

Ортаға кәне, ақ орамал тасталсын,

Ал, қанекей, сайысымыз басталсын!

Таныстырып, көпшілікке өздерін,

Жас мамандар өз сырларын ақтарсын !

Бірінші - «Мен-ұстазбын!» өзін-өзі таныстыру кезеңі. Бұл кезеңде қатысушы өзінің педагогикалық идеяларын аша отырып, өмірлік басымдықтары мен балаларға, мамандығына, әріптестерімен қарым-қатынастары жайында презентация көрсетеді. Берілетін уақыт 2-3 мин

ІІ жүргізуші: Олай болса, қатысушылар реттік нөмерімен сахнаға шығып, өздерін таныстырып өтсін. /Кезектесіп шығып, таныстырады/

І жүргізуші: Құлақтан кіріп, бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй ! – деп Абай атамыз айтқандай кезекті бір жақсы әнге берсек. Аудандық балалар шығармашылық үйінің жас әншісі Қасымова Гүлназдың орындауында «Туған жер» әнін қабыл алыңыздар! Жетекшісі: Касымова Ақмарал Алимханқызы.


ІІ – жүргізуші: Өнерім бар тамсандырған талайды,

Көрермендер тамашалап, қарайды.

Жалындаған жас жандардың бойында,

Көрсете алса, жеті өнер де көп болмайды !

І жүргізуші: Екінші кезең - «Өнерлінің өрісі кең » деп аталады.

Бұл кезеңде қатысушылар өздерінің бойындағы өнерлерін көпшілік назарына ұсынады. Берілетін уақыт (3-4 мин)

ІІ жүргізуші: Олай болса, қатысушылар реттік нөмерімен сахнаға шығып, өз өнерлерін назарларыңызға ұсынады. /Кезектесіп шығып, өнерлерін көрсетеді/


І жүргізуші: Он саусағы майысқан,

Шебер қолды жастармыз.

Өнер мен білім әлеміне

Шәкірттерді бастармыз !

ІІ жүргізуші: келесі ІІІ кезең - «Қазақтың қолөнері» кезеңінде қатысушылар қолдан жасалған қолөнер бұйымдарын ұсынады (2-3 мин)

/қол өнерін көрсетеді/

І жүргізуші: Өнерді қуған жасынан
Өнері судай тасыған.
Келесі біздің бишілер
Көрінген көштің басынан ! демекші балалар шығармашылық үйінің «Інжу» би ансамбльінің орындауында қазақ биін қабыл алыңыздар ! жетекшісі: Сардарова Таңшолпан Қайратқызы


ІІ – жүргізуші: Келесі кезең «Дәстүрдің озығы бар...» деп аталады. Бұл кезеңде қазақ халқының салт-дәстүрінен көрініс көрсетеді. Берілетін уақыт 4-5мин. /Сайыскерлер дәстүрін көқрсетеді/


І жүргізуші: «Талпынған бала, талпынған құстай, Құмары қанбас, аспанға ұшпай», - деп бабаларымыз дәл тауып айтқан. Қазір ХХІ ғасырда ең бірінші орынға білім қойылды. Ұрпақ тәрбиесі мен оларға сапалы білім беру ұстазға байланысты. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей өнегелі ұстаз-дан білімді шәкірт шығатыны сөзсіз. Біз тек біліммен ғана алға жылжимыз. Ал, сол білім нәрін беруші – ҰСТАЗ. Олай болса, келесі кезең - Білімді мыңды жығар!» деп аталады. Бұл кезеңде қатысушыларға «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, Тәуелсіз Қазақстанның даму тарихы, қазақ халқының әдет-ғұрпы , салт-дәстүрлері туралы сұрақтар қойылады. (3-4 мин)

ІІ – жүргізуші: Сіздердің қошеметтеріңізбен сайысқа қатысушыларды ортаға шақырамыз

І – жүргізуші: Сайысқа қатысушы жас педагогтар, алдарыңызда ұсынып отырған ашық хаттарды өздеріңіз таңдап алып, ішіндегі сұрақтарға ойланып, жауап берулеріңізді сұраймыз. Сұраққа жауап беру реттілігі жеребе бойынша. Сұраққа толық нақты жауап берген жағдайда 5, 2кі сұраққа жауап беріп, 1 сұрақ дұрыс болмаған жағдайда 4, толық жауап болмағанда 3 ұпай беріледі. Қате жауапқа ұпай берілмейді.

/сайыскерлер қоржыннан сұрақтарды таңдап алып, жауап береді/


ІІ – жүргізуші: Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты,
Мен жастарға сенемін !–   деп , жетпеген жеңісіне, орындай алмаған арманына, артында қалған жастардың жететініне нық сенім білдіріп Мағжан Жұмабаев айтып кеткен. Сол сенімді сөзбен емес, іспен көрсететін жастарымыздың жеңімпаздарын анықтау үшін, әділқазылар алқаларын шешім шығаруға келесі бөлмеге шақырамыз.

І жүргізуші: Сайысқа қатысушылар толқып тұрған болар, олай болса, күпті көңілді сейілтіп, көтеріңкі көңіл – күйге бастаушы жақсы әнмен ортаға шақырамыз. «Туған жер» әні. Орындайтын балалар шығармашылық үйінің жас әншісі Төлеубек Аяжан. Жетекшісі: Касымова Ақмарал Алимханқызы

ІІ – жүргізуші: Келешекте әрі талай сайыстар бар,
Өнерлерің шыңдалсын қалыспаңдар
Өнерлілер көбейсін күннен – күнге

Өмір күрес әлі талай жарыстырар - дей отырып, «Ел ертеңі - жастар» сайысының қорытындысын жариялау үшін ортаға әділ қазылар алқасын шақырамыз.
І – жүргізуші: Қымбатты көрермендер! Жемпаздарымызға биік шыңдарды бағындырып, қонар тұғырлары биіктей берсін дей отырып, сайысымызды осымен аяқтаймыз. Сайысқа белсене қатысқан жас педагогтарға мын алғыс! Жеңісті күндерде кездескенше достар!




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!