Ел
ертеңі-жастар
Мен
жанбасам
лапылдап,
Сен
жанбасаң
лапылдап,
Біз
жанбасақ
лапылдап,
Аспан
қалай
ашылмақ.
Назым
Хикмет
Егемен
еліміз демократия жолымен алға жүріп,
әлемде өзіне лайықты орын алу үшін
еңбектеніп келеді. Бүгінде жастар
қоғамның қозғаушы күші ретінде озық
идеялармен қаруланып, еліміздің дамып,
өркендеуіне лайықты үлес қосып келеді.
Болашақта ел тізгінін ұстайтын, еліміздің
әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілетті,
экономикасы дамыған, өркениет көшінен
лайық орын алатын, еліміздің қарқынды
дамуына өзіндік үлес қосатын қоғамның
негізгі белсенді күші жастар екені
сөзсіз.
Қазіргі
жаһандану заманында Қазақстан Республикасы
– жастардың бiлiм мен бiлiктiлiкке талпынып
әрекеттенуiн, еңбектенiп өсуiн талап
етiп отыр. Осы тұста Елбасының мына бір
сөзін айта кетудің орны ерекше: «Елiңнiң
ұлы болсаң, елiңе жаның ашыса, азаматтық
намысың болса, қазақтың мемлекетiн
нығайтып, көркеюi жолында терiңдi төгiп
еңбек ет. Жердiң де, елдiң де иесi екенiңдi
ұмытпа». Cонымен қатар, «Жастардың
барлық санатын қолдауға арналған
шараларды толық қамтитын әлеуметтік
сатының ауқымды платформасын қалыптастыру
керек. Келесі жылды «Жастар жылы» деп
жариялауды ұсынамын», - деген болатын
Н. Назарбаев.
Сөйтіп,
2019 жыл Жастар жылы атануымен тарихта
қалатын болды.
Елбасының
өзі үлкен сенім білдіруі жастардың
жан-дүниесінде рухани сілкініс тудырды.
Биылғы Жастар жылы қоғамда біздің
ауызбіршілігіміз бен ынтымағымыз
еселеп арта түсуде. Қазіргі кезде
жастарға көп көңіл бөлінеді, көп көмек
көрсетіледі. Студенттерге жатақханалардың
салынуы, жастардың жұмыссыздық мәселесін
шешуге байланысты іргелі іс-шаралардың
өткізілуі сөзімізге нақты дәлел бола
алады. Жастарға жасалып жатқан жағдайлардың
барлығы олардың жаңа жетістікке жетуіне
жаңа жол ашады.
Мұның
барлығы бізге берілген үлкен мүмкіндіктердің
бастамасы іспетті. Елбасының әрқашан
жастарға қамқорлықпен қарап, оларды
қолдауы жас ұрпақты ұлы мақсаттарға
жетелейді. Егемен еліміздің болашағы
- жастардың қолында.
Ендеше,
Арыстандай айбатты
Жолбарыстай
қайратты
Қырандай
күшті
қанатты
Мен
жастарға сенемін,- деп Мағжан ақын
жырлағандай, Елбасының өзі үлкен сенім
жүгін арқалатып отырған кезде, қазіргі
ақылды технологиялар заманында тың
ойлармен, білімімен биіктерді бағындырып
жүрген жастар қандай іске де жұмыла
кірісуге дайын екенімізді білдіре
отырып, өзім қатарлы студент жастарға
өз туған қаламызды көркейту үшін
атсалысайық дегім келеді.
Халел
Досмұхамедов атындағы
Атырау
мемлекеттік университеті
Гуманитарлық
Ғылымдар және өнер факультеті
Журналистика
кафедрасы, журналистика мамандығы
ІІ
курс студенті Өтемісова Шәрбану
Өтемісқызы