Ел ордасы Астана

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ел ордасы Астана

Материал туралы қысқаша түсінік
Астана туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

«АСТАНА – АРМАН ҚАЛА»


Мақсаты: Елдік мерекеге өзіндік үн қосу. Көңілді орта қалыптастыру.
Бас қала – Астана туралы әндер мен өлеңдер үйрету, сүйіспеншілік және мақтаныш сезімдерін тудыру. Туған ел тарихымен таныстыру.

Жүргізуші: Сәлеметсіздерме құрметті қонақтар, ұстаздар, балалар! Бүгін біз Қазақстан Республикасының елордасы – Астананың туған күнін тойлағалы отырмыз.
Астана қаласы бұрын Ақмола деп аталған, оның  туған жылы 1830 жыл. Астана қаласы Есіл өзенінің жағасында орналасқан.
1998 жылы жаңа елордасы атауы Астана болып өзгертілді.
Қазір қаланың аумағы 200 шаршы километрді алып жатыр. 1998 жылы ЮНЕСКО -ның шешімі бойынша Астана қаласы «Бейбітшілік қаласы» деген жоғары атағы беріліп, медальмен марапатталды. Астана қаласы шапшаң қарқымен дамып келеді және де келешегі өте зор.

Әнұран (хор)

Жүргізуші: Балалар бүгін біздің мерекеге қонақтар келе жатыр екен қошеметпен қарсы алайық.

Алтын Адам: Жыр арнадым еліме тебірене,
                         Үміт артам елімнің ертеңіне.
                         Астананың туған күні құтты болсын,
                         Отаным жылдан жылға көркеюде.
                         Тілеймін мен әр адамға бақыт қонсын,
                         Елімде бейбіт, тыныш заман болсын!

Астананың туған күні құтты болсын!

Жүргізуші: Көшелері құлпырған сала-сала
                  Алаңдары кең құшақ сайран дала.
                  Көргендері арлы арудан айнымайтын
                 Ақ көңілді кең пейіл қайран қала – деп ортаға бүлдіршіндерімізді Астанаға арналған өлең шумақтарын  тарту етуге шақырамыз.

Астанамыз сүйкімді,
            Гүлдей жайнап құлпырды.
           
Қызықты болып барады,
            Бір күннен – бір күні.

Здравствуй, здравствуй моя Астана,
            Здравствуй, здравствуй  столица родная
           Здравствуй, здравствуй  народ и страна   
           Процветанья всем вам я желаю 


Әлемдегі дара бір
           Әсем сәндік қала бұл
           Есіл арбаты жаңа үй
           Бүкіл әлем көріп тұр

Інжу тастан өріп бір
            Салған ғажап – көрік бұл
            Салтанатын, сәулетін
            Жаңа Астанамыз жайнап тұр


Как я люблю тебя, тебя
           Моя столица – Астана
           Цвети всегда, всегда
           Ты Астана  и вся страна


Нұр сыйлап қала көркіне
            Таңым атып: Жер, Күнге.
            Тұр ғажайып ғимарат,
            Зор Бәйтерек кейпінде.


Әсем қала Астана,
            Ел қызыққан жас қала.
            Астана деп жазамын,
           Ақ параққа тағыда.

Жүргізуші: Барлық елдің бөбегі
                      Бір – бірімен туысқан
                      Бәрімізге төгеді
                     Өз шуағын күміс таң – дей отырып, келесі кезекті балаларымыздың тамаша әніне кезек берейік.

Ән: «Гүл жайнаған Астанам»


Жүргізуші: Қазір балалар менің сендерге жасыратын жұмбағым бар, шешімің таба аласындар  ма?
(балалардың жауабы)
Жұмбақ: Жүз мүйізі бар,
                Үстінде киізі бар (Киіз үй)

 

Жүргізуші: Ұмыт та қалған жазылмай,
                       Есте жоқ ескі тағдырдай      
                       Әлем – әлі  көрген жоқ
                       Бәйтеректі дәл мұндай
                       Тудырған қайта бұл заман
                       Ғимарат алған... нұрланған 
                       Жұмақтай елде – жарылмай,
                      Алтын жұмыртқа   - тірлік тұр аман! – деп қазір алдарында жауқазындай жайнаған бүлдіршіндердің орындауында би «Құстар биі»

Ән: «Туған жер»

Ойын: «Кім жылдам?»

Жүргізуші: Демеңіз біз өнерді аяп қалды,

Уақытта біраз жерге таяп қалды.

Қош болып тұрыңыздар көріскенше,

Осымен біздің мереке аяқталды.

Астана күні тағыда құтты болсын, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын.

Қош сау болыңыздар!





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.07.2018
501
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі