Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ел қорғаған батырлар
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тақырыбы: «Ел қорғаған батырлар»
Мақсаты:Ел еркіндігін,бостандығын,тәуелсіздігін,қанымен қорғаған Б.Момышұлы сынды тұлғаны оқушыларға үлгі,өнеге ете отырып6 отанын қорғау жолында жанын садаға ететін ұрпақ өздері екенін сездіру.
Көрнекілігі: Б.Момышұлының суреті, Ә.Молдағұлованың суреті, М.Маметованың суреті.
«Отан үшін отқа түс - күймейсің»
«Ежелден ел тілегі-ел тілегі,
Адал ұл ер боп туса-ел тірегі» Б.Момышұлы.
Жүргізуші: Радио дауысы: Тыңдаңыздар!
тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Мәскеу! 1941 жылы 22-маусымда фашистік
Германия тұтқиылдан соғыс жариялап, елімізге басып кірді.
(Осы дауыс естіліп тұрғанда ауыл адамдары жинала бастайды.
Сахнадағы адамдар тып - тыныш бола қалады. «Соғыс, соғыс» дейді,
естідіңдер ме?
Сұмдық –ай, соғыс дей ме? Енді қайттік? Күніміз не болар екен?
Жылап - сықтау басталады.
Қойыңдар, жамандық шақырмаңдар! Ел шетіне жау тисе, арқа сүйер
азаматтар бар емес пе?!
1 - жүр: 1941 жылы 22- маусым күні таңғы сағат 4-те бейбіт
елімізге Фашистік Германия тұтқиылдан опасыздықпен соғыс ашты.
Суық хабар сол сәтте - ақ кең байтақ елімізге, жер - жерлердегі
ауыл -селоларға тарады. Отанымызға қатерлі күн туды. Мөлдір аспанды
қара бұлт торлады, шаттық әні қайғылы үнге, нұрлы күнді қара күнге
айналдырмақ ниетпен Адольф Гитлер бастаған Фашистік Германияның
зобалаңы, соғыс жарасы әлі күнгі адамзат баласының жүрегінде
Отанымызды қорғау үшін еліміздің көптеген ер азаматтары, қаракөз
қыздары майданға аттанды. Дүниедегі бейбітшілік бағытына сұрапыл
соғыс қаһарын төкті.
2-жүр: Біздің кең байтақ Қазақстанымызда да соғыс оты шарпылмаған
шаңырақ кемде - кем. Жүз мыңға тарта ата - әкелеріміз соғыстың
алғашқы сәтінде - ақ майданға аттанды. Жауға қарсы атылған он оқтың
тоғызы Қазақстанда жасалды.
1-жүр: Отанымызды қасық қанымен, албырт жанымен қорғаған аты аңызға айналған батырларымыздың ерліктері тарихта мәңгілік сақталып қалды. Кеңес Одағы Батыры атағын алғандар: Мәлік Ғабдуллин, Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигельдинов,Нұркен Әбдіров, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Рақымжан Қошқарбаев, Төлеген Тоқтаров.
Жүргізуші: Қанша жылдар өтсе де дүмпуі дүр сілкіндірген Ұлы Отан соғысының қасіреті баршамыздыңи жүрегімізді. Өйткені, қазақ жастары, біздің аға-апайларымыз Отан қорғауға майданға аттанды. Елінің бейбіт өмірі мен болашақ ұрпақ үшін жаумен аянбай соғысып, ерлікпен қаза тапқандары қаншама.
Одан беріде,міне, 70жыл өтіпті. Халқымның жыл сайын Жеңіс күнін үлкен ыждағатпен атап өтіп, майданда қаза тапқан ағаларымыздың рухын аса құрметпен еске алады. Отан үшін жанын аямай, орасан зор қайсарлық, батырлық көрсеткен қазақтың ұлы Бауыржан сынды атамызды бүгінгі күн еске алып ұмытпай тарихымызды жаңғыртып отыру-ұрпақ парызы.
Б.Момышұлы,Ә. Молдағұлова, М.Маметованың өмір жолдарынан баяндама.
1-оқушы:
Бауыржан Момышұлы-қара басы,
Халқының болған адам садағасы.
Бауыржан Момышұлы – қазақ деген.
Ғаламат ұлы сөздің баламасы.
Халқындай ол кеншін,ол да нақыл.
Қайыспан қара емендей қайран ерді.
Халқына теңеу мәні сонда жатыр.
3-оқушы:
Қасарысты,жиырма сегіз
Тынбай атты гранатты
Отан!- деген атты лебіз
Жандарынан жалын атты.
4-оқушы:
Кетпес олар мәңгі
Кектері тұр кеудемізде
Ерлік даңқы-жеңіс таңы
Жарқыратып келді бізге.
Жүргізуші: Бұл жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Ұлы Отан соғысына қатысқандар Ә.Шәріпов, Қ.Қайсенов, Н.Әбдіров, Т.Тоқтаров, Т.Бегелдинов, Б.Момышұлы, М.Мәметов, Ә.Молдағалиева тағы басқа сияқты есімдері аңызға айналған ағаларымызды, әкелерімізді, апаларымызды тарих бетінде
«Батыр»деп жазып кетті.
(1минут үнсіздік)
Монолог Б.Момышұлы
5-оқушы:
Ығысқан жауы түрінен
Бауыржан батыр қол бастап
Москваның түбінен
Ерліктер жасап ол асқақ
Волоколам жолында
Жаумен талай арбасқан,
Іздері бар артында
Бауырлас ізгі ерлердің
Іздерін қалай шаң баспақ.
6-оқушы:
Жаралғандай жалыннан
Жайсаң батыр Бауыржан
Естігенде есімін Жау есінен жаңылған Бұзып-жарып қоршаудан
Жолсыз жерден жол салды.
Қасы да естіп тамсанды.
Жүргізуші: Аты аңызға айналған тұлғаның еңбектерін қарап отырсаңыздар , Б.Момышұлы асылында батыр, жазушы ғана емес, туысынан ұлы педагог адам екеніне де еріксіз бас иеміз. Ол «Қан мен жазылған кітап» атты шығармасында былай депті: «Бойында адамға тілерлік барлық абзал қасиеттері бар парасатты азаматты тәрбиелеу оңай іс емес» Б.Момышұлының «Қан мен жазылған кітап» жинағынан үзінді.
Жауынгердің тұлғасы (көрініс)
7-оқушы:
Бақытқа байтақ елді бөлегендер,
Бауыржан,Әлия,Мәншүк,Төлегендер.
Олардың қасиетті ерлігімен
Құлпырып,шешен атып,көгерген жер.
Батыр ұл есімдері сақталады.
Жыр болып жүректерде жатталады.
Ғасырдан ғасырларға аңыз етіп,
Ұрпағы мәңгі-бақи мақтаады.
8-оқушы:
Жалғызынан айырылыпты Аналар
Әкесінен айырыпты баланы
Бірақ біздер өздерінің арқаңда
Көрген жоқпыз сол бір қырғын дауылды.
Қамықпаған қиындықтан жүгінен,
Өздеріңе жинап қырдың гүлінен
Бүгінгі ұрпақ-бақытты ұрпақ атынан
Құттықтаймыз Ұлы Жеңіс күнімен.
Жүргізуші:
Елге қауып төнбесін,
Егестен адам өлмесін!
Есен-аман болайық,
Енді соғыс болмасын
Өртенбесін туған жер,
Өртенбесін туған ел!
Шайқалмасын асқақ бел,
Шайқалмасын шалқар көл.
1 - оқушы:
Әлия, Мәншүк қайсар гүлі қазақтың,
Ерлігіне таңданамын ғажап тым.
Солар төккен қызыл қанның арқасы,
Қазақстан аспанында азат күн.
Желбірейді бейбітшілік жалауы,
Орындалып жас ұрпақтың қалауы.
Әлия, Мәншүк жүрегі боп жанып тұр,
Мәңгілік от ескерткіші алауы.
Көктем келіп гүлдегенде бар аспан,
Кең жазира нұрға тұнар ғаламат.
Әлия, Мәншүк бүлдіршіндер есімі,
Балабақша, мектепте жүр аралап.
Әлия, Мәншүк өлмегені сол болар,
Қос қарлығаш ардақталар қорағалар,
Ұмытпаса қазақ өткен тарихын,
Болашаққа даңғыл Сара жол болар.
5 - оқушы:
Отан!
Отан!
Сен болмасаң не етер ем?
Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем,
Өмірден бұл өксуменен кетер ем.
Құс ұясыз,
Жыртқыш інсіз болмайды.
Отансызжан өмірінде оңбайды
Өзін - өзі қорлайды да сорлайды.
Тірі адамға сол қайғы!»
7 - оқушы:
Әлияның Сапураға 1943 28 июльдегі жазған
хаты.
15 - оқушы:
Бүгінде Әлия Молдағұлова есімімен аталатын теплоход, мектептер,
бригадалар көптеп саналады.
Е. Хасанғалиев «Әлия жаны», Мансур Сағатовтың симфониясы, Б.
Аюхановтың балеті Әлияның есімін ғана емес оның ерлігін қастерлеп,
аруағына риза болу емес пе?!
әлия туралы көптеген кинолар да түсірілді.
Сынып
жетекші:
Бүгінгі әлем таныған Қазақстанның тәуелсіздігін көздің қарашығындай
қорғау - әрбір азаматтың парызы. Өмір бар жерде Талас - тартыстың
болмай тұрмайтыны сияқты, ерлік өлшемі Отанды, досты, болашақты
Әлияша сүюден басталады.
Әлия - өмір ерліктерден құралған,
Тарихүшін қас - қағым сәт мұң алған.
Сан ұрпақтар үлгі етеді оны әлі,
Ерлігімен елдің атын
шығарған.
1-оқушы: Дәл осынау жадыраңқы
жай күні,
Болса дағы ғасырдың, қай жылы.
Ұлы Отаным басымды иіп бір минут,
Есіне алмақ сол бір апат қайғыны.
2-оқушы: Аңыздардан тере жүріп мақсаты
Рас, рас көзімізден жасақты,
Бірақ сол дауыл жылдар, от жылдар
Бәрімізден бір - бір батыр жасапты.
2-оқушы:
Бауыржан Момышұлы - қара
басы,
Халқымыздың болған адам садағасы.
Бауыржан Момышұлы – қазақ деген,
Ғаламат ұлы сөздің баламасы.
Халқындай ол да бағлан, ол да батыр
Халқындай ол да кеніш, ол да тақыл.
Қайыспас қара емендей қайран ерді,
Халқына теңеу мәні сонда жатыр.