Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
«Ел рәміздері-Тәуелсіздік айғағы»
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Күні:03.06.2015 ж Бекітемін:
Тақырыбы: «Ел
рәміздері-Тәуелсіздік айғағы»
Мақсаты: Отан, Қазақстан, туған жер
туралы түсініктерін кеңейту. Қазақстан Республикасының рәміздері
туралы түсініктерін қалыптастыру.
Оқушыларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал
қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге,
халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Президент портреті ,Қазақстан
Республикасының рәміздерін слайд арқылы
көрсету.
Жоспар:I. «Тәуелсіздік таңы атты» қойылым
ІI бөлім: “Еліміздің рәміздері”
ІІI бөлім: “Тұғыры биік Қазақстан”
III. «Рәміздерім мақтанышым» шығармашылық жұмыс
IV.«Бәрін білгім келеді»
ІVбөлім: Қорытынды
Мұғалім: Егемендіелімізжербетіндегібасқамемлекеттерментерезесітең,өркениетті ел ретіндетанылып, 1992 жылы 4 маусымдаМемлекеттікрәміздер Ту, Елтаңба, Әнұран бекітілді. ЕлбасымызНұрсұлтан Назарбаев Жарлығымен 4-маусым «ҚР Мемлекеттікрәміздеркүні» болыпбелгіленді. әркімреспубликаныңмемлекеттікрәміздерінқұрметтеугеміндеттіекеніайтылады.
I.«Тәуелсіздік таңы атты» қойылым
Қатысатын оқушылар:Әсима,Мақпал,Айсамат
Әсима:Бостандықтың шынжырлап маталған ескі өмірді қиратқан 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына биыл 28 жыл толды.Желтоқсан оқиғасының лебімен көкжиегімізден азаттық пен теңдіктің таңы атып ,қазақ елі тәуелсіздікке қол жеткізді.(сахнаға Мақпал мен Айсамат шығады.)
Айсамат:Мақпал,мына менің қолымдағы хат Қайрат көкемнің ең соңғы жазған хаты екен,тыңдашы. «Алаңға барғанымыз-азаттық іздеп барғанымыз»,-депті.Сол азаттық таңының атқанын көрмей кетті-ау ,қайран көкем!
Мақпал:Көңілді босатпашы,Айсамат!Қайрат,Ләззат сынды аға-апаларымыз азаттықты бізге аманат қып тастап кетті емес пе?
Айсамат:Дұрыс айтасың,Мақпал!Кенесары,Абылай,Сырым мен Исатай,Міржақып пен Мұстафа,кешегі Қайрат пен Ләззат аңсаған тәуелсіздікті қорғау,ата-баба арманын орындау-біздердің міндетіміз.
Мақпал:Айсамат,өзің білесің,елімізегемендік алғалы қарыштап дамуда.Еліміздің жаңа әнұраны еліміздің бейбіт аспанында шырқалуда.
«Әнұран» орындалады.
Мұғалім:Қазіргі кезде дүние жүзінің мемлекеттерінің саны 224-ке жеткен.Сол үлкенді кішілі мемлекеттердің барлығында бірінен-бірін ажырататын және өзіндік бет-бейнесін айқындайтын нышан-белгілері болады.Оларды рәміздер дейді.Рәміздердің қатарынаелтаңба,ту,әнұран жатады.Әр елдің рәміздерінің өзіндік тарихы бар .Олай болса өз еліміздің рәміздері туралы толық мәлімет алайық.
ІI. бөлім: “Еліміздің рәміздері”Оқушылар үш топқа бөлінеді.
1-топ «Туым-теңдігім»( Айжан,Айдын,Еркінай,Досжан,Айсамат )
2-топ «Елтаңбам-елдігім»( Ақнұр,Аиза,Әсима,Оралбек,Бексұлтан)
3-топ «Әнұран -айбарым»( Гүлім,Диана,Мақпал,Ғасырхан)
Туымыз туралы: Айжан,Айдын,Еркінай,Досжан,Айсамат
Мемлекеттік туымыз бірыңғай көгілдір түсті.Бұл түс төбедегі бұлтсыз
ашық аспанды елестетеді.Бұлтсыз ашық аспан әрқашан да
бейбітшіліктің ,тыныштықпен жақсылықтың нышаны.Көк түс –Қазақстан
халқының бірлік,ынтымақ жолына адалдығын білдіреді.
Нұрға малынған алтын күн тыныштықпен байлықты бейнелейді.Күн
–қозғалыс , даму,өсіп өркендеудің ,өмірдің бейнесі.Қанатың жайған
қыран құс –бар нәрсенің бастауындай,билік,айбындылық
бейнесі.Күннің астындағы қалықтаған қыран елдің еркіндік сүйгіш
асқақ рухын,қазақ халқының жан дүниесінің кеңдігін жария етеді.Ағаш
сабына бекітілген тұстағы тік жолақ ұлттық оюлармен
өрнектелген.Күн, қыран,ою -өрнек алтын түсті. Қазақстан
Республикасы мемлекеттік туының авторы- суретші Шәкен
Ниязбеков.
Елтаңбамыз
туралы: Ақнұр,Аиза,Әсима,Оралбек,Бексұлтан
Елтаңба негізі –Шаңырақ ол елтаңбаның жүрегі.Шанырақ
мемлекетің түп- негізі отбасының бейнесі.Шаңырақ- күн шеңбері
.Айналған күн шеңберінің қозғалыстағы суреті іспетті.Шаңырақ-
киіз үйдің күнбезі.Көшпелі түркілер үшін үйдің ,ошақтың, отбасының
бейнесі.Тұлпар –дала дүлділі,ер-азаматтың сәйгілігі,жеңіске деген
жасымас жігердің ,қажымас қайраттың ,мұқалмас қажырдың
тәуелсіздікке ұмтылған құлшыныс бейнесі.Шаңырақ айналасындағы
уықтарды тұлпардың қанаты қоршап тұр.Қанатты тұлпар қазақ
поэзиясында кең тараған бейне.Қанатты тұлпар уақытпен кеңістікті
біріктіреді.Ол -өлмес өмірдің бейнесі.Бесбұрышты
жұлдыз «бағыңыз ашылып,жұлдызыңыз жарқырай берсің»деген асыл
арқаны арқалап тұр.«Қазақстан»жазуы қазақ елінің айғағы.
Елтаңбаның авторлары- Ж
.Мәлібеков,Ш.Уәлиханов.
Әнұранымыз
туралы :Гүлім,Диана,Мақпал,Ғасырхан
Әнұран мәтінінде ғасырлар бойы тәуелсіздік үшін күрескен бабалар
ерлігі көрініс табады.Сонымен қатар асыл мұрамыз- еліміздің кең
байтақтығы,жер мен ел байлығы ,біздің ұрпақтарымыздың болашағына
айқын жол ашатыны көрініс тапқан.Ең бастысы-тәуелсіздігіміздің
алтын діңгегі-ел бірлігі баса айтылған.
Әнұран 2006 жылы 7 қаңтарда Қазақстан Республикасының жаңа
Әнұраны қабылданды.Шәмші Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» әні
Қазақстан Республикасының Әнұраны деп жарияланды.Кезінде Жүмекен
Нәжмиденов жазған ән сөзіне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың
бастамасымен кейбір түзетулер енгізілді.
Әнұран авторлары: Шәмші Қалдаяков,Жүмекен Нәжмиденов ,Нұрсұлтан
Назарбаев
Мемлекеттік рәміздерді мемлекеттік мекемелерден мектептерден көруге
болады ( Слайд)
Мұғалім:Қазақстан сан ғасырлық тарихы бар,
Қазақстан-бұл азат ел,танысыңдар,
Көк байрағы,елтаңба,әнұраныҚазақ елі егеменді,сан жұрты бар.
Ән: «Отаным-Қазақстан» орындайтын: Жалғасбек Оралбек
Мұғалім:Қазақстан
Туымен тұғырлы,
Елтаңбасымен еңселі,
Әнұранымен айбатты!
III. «Рәміздерім мақтанышым» шығармашылық жұмыс
1-топ Ту туралы өлең жазу
2-топ Елтаңба туралы өлең жазу
3-топ Қазақстан туралы өлең жазу
IV.«Бәрін білгім келеді»(Сандар сөйлейді)
1. 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының тәуелсіздік туралы заңы
қабылданды. 21 желтоқсанда ТМД құрылды. (1991)
2. Тұңғыш Конституция қабылданды. 12 қарашада төл теңге дүниеге келді. (1993)
3. Мемлекеттің тұңғыш ордендері мен медальдары дүниеге келді. 30 маусымда ұшқыш Т.Мұсабаев аспан көгіне көтерілді. (1994)
4. 30 тамыз жаңа Ата заң қабылданды. (1995)
5. Алматыда тәуелсіздік ескерткіші ашылды. (1996)
6. Елорда Астанаға көшірілді. Қазақстан-2030 жолдауының шығуы. Жалпы
ұлттық татулық пен қуғын-сүргіндерді еске алу жылы. (1997)
7. Мәдениетті қолдау жылы. (2000)
8. Қазақстандағы Ресей жылы. (2006)
9. Денсаулық жылы. (2002)
10. Ауыл жылдары.(2003-2005)
11. Тәуелсіздікке 15 жыл. Желтоқсанға 20 жыл. 7 қаңтарда жаңа әнұран
қабылданды. (2006)
12. Қазақ тілін қолдау жылы. (2007)
13. Астанаға 10 жыл (2008)
14. 1- желтоқсанда Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты республикамыздың президенті етіп сайлады. (1991)
15. Маусым айында Қазақстан БҰҰ-на мүше болды. Маусым айында Тәуелсіз Қазақстан ел рәміздері: Туын, Әнұранын, Елтаңбасын қабылдады. (1992)
16. Қысқы VII Азиядаолимпиадасы(2011)
17. Қуғын-сүргінқұрбандарынескеалужылыболыпжарияланды.(1997)
V бөлім: Қорытынды.
Мұғалім: Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бүкіл халқымызды жұмылдырып, рухтандырып тұрады. Мерейлі қазақ елінің Елбасы ел-жұртын жұдырықтай жүрегіне сыйғызып, қыран қанатының астына алып, барша жұрттың тендігін, татулық пен тыныштықты сақтауды мақсат етіп, бүгінгі қазақ елін осы дәрежеге жеткізді. Осындай халық қамын ойлаған азаматы бар қазақ елін бүгінде әлем таниды.
Құрметті оқушылар! Сендер тәуелсіз еркін елде ер жеткен ұлансыздар. Ендігі жерде еліміздің тағдыры, Қазақстан ертеңі өз қолдарыңызда. Туған елімізді жоғары дамыған елдер қатарына енгізетін мына сендерсіңдер. Ол үшін сендер терең әрі жан – жақты білім алу керексіңдер, – дей келе бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз
Тақырыбы:«Ел рәміздері-Тәуелсіздік айғағы»
Сыныбы:
9а
Өткізген:Файзуллаева Асем
Қабылдаған:Карчалова Б