Материалдар / Елбасы -ел тірегі" дөңгелек үстел
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Елбасы -ел тірегі" дөңгелек үстел

Материал туралы қысқаша түсінік
1 желтоқсан -Тұңғыш Президент күніне байланысты сынып жетекшілерге арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Желтоқсан 2020
1263
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы:

1 желтоқсан - ҚР Тұңғыш Президенті күні: Ұлт Көшбасшысы, ел мақтанышы


Мақсаты: Оқушылардың туған еліне, Отанына сүйіспеншілігін арттыру.

Н.Ә.Назарбаевтың атқарылған істері, еңбектері туралы мағлұмат беру

Оқушылар бойында ҚР Тұңғыш Президентіне ұлы тұлға ретінде құрметтеу сезімін

тәрбиелеу


Жоспары:

  1. Мұғалімнің кіріспе сөзі

  2. Оқушылардың әдеби монтажы

  3. «Президент жолы» атты слайдтар көрсетілімі

  4. Шақырылған қонақтардың сөзі

  5. Мұғалімнің қорытынды сөзі

Көрнекілігі:

Н.Ә.Назарбаевтың суреттері, кітап көрмесі, слайдтар





Барысы:


Мұғалімнің кіріспе сөзі:

-АСТАНА. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат -  Бүгін - Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. 1991 жылғы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде еліміз өзінің тұңғыш Президентін сайлады және осы күннен тәуелсіздік тарихы басталды. 2011 жылғы 14 желтоқсанда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасындағы  мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, онда 1 желтоқсанда аталып өтілетін жаңа мемлекеттік мереке  - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні .

Оқушылардың әдеби монтажы

1-оқушы
Қазақ елінің тәуелсіздік алғаннан бергі бағындырған шыңдары жетерлік. Тарих үшін қас-қағым сәт болғанымен 20 жылдан сәл-ақ астам уақыт  ішінде буыны енді беки бастаған ел әлемдік деңгейдегі алпауыттармен иық тірестіріп, тың бастамаларға ұйытқы бола алатындығын да паш етіп отыр.


2- оқушы

Оның жарқын дәлелі 11 жылдық тоқырауда болған ЕҚЫҰ саммитін жоғары деңгейде ұйымдастырып, Азиада ойындарын өткізуі, сонымен қатар көптеген халықаралық шараларға ұйытқы болуы, алдағы уақытта ЕХРО-2017 көрмесін өткізетіндігі дәлел бола алады. Міне осындай ауқымды шаралардың басы-қасында жүрген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі ерен екендігі сөзсіз.


3- оқушы

Сондықтан да 1 желтоқсан Қазақстан Тұңғыш Президенті күні мерекесі кеңінен аталып өтпек. Айта кетерлігі, таңдау бұл күнге тегіннен-тегін түсіп отырған жоқ. Есте болса, 1991 жылдың 1 желтоқсан күні тәуелсіз Қазақ елінде алғашқы президенттік сайлау өтіп, онда Нұрсұлтан Назарбаев  халықтың зор сенімімен, яғни сайлаушылардың 98,78 пайыз дауысымен жеңіске жеткен еді. 

4-оқушы
Мемлекет билігін қолға алғаннан бастап ҚР Президенті атқарған игі істер жетерлік. Мәселен, Мемлекет басшысының сол бір қиын-қыстау кезеңде, яғни 1991 жылдың 29 тамызында 60 жылға жуық уақыт бойы Абай, Шәкәрім сынды даналар дүниеге келген Семей топырағындағы ядролық сынақтарды тоқтату туралы Жарлыққа қол қоюы ерлікпен-пара-пар еді. Әрине, мұндай қадамға бару жолында қаншама кедергілердің көп болғандығы да сөзсіз.


5- оқушы

Күні кеше елордада төрінде ұйымдастырылған «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты «Бірінші Назарбаев оқулары» халықаралық  форумы барысында сөз сөйлеген ҚР БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде ел тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында орын алған маңызды оқиғалардың біріне тоқтала келе: «1992 жылдың басында Сыртқы істер министрлігіне дипломатиялық арналар арқылы Қазақстан Президентінің атына Ливия революциясының көсемі Муаммар Каддафиден хат келді, онда еліміздің аумағында оның жазуынша, «алғашқы мұсылмандық атом бомбасы» делінетін ядролық арсеналдарды сақтау ұсынылған болатын.  Бұл ретте, оны ұстап тұру үшін Каддафи хатында көптеген миллиард доллар көмектер бөлінетіні де уәде етілген», - деп есіне алды. Оның пайымынша, кез келген жауапсыз саясаткер үшін осындай бай мемлекеттер тарапынан жасалған мұншалықты жомарт ұсыныстар  әлдеқайда тартымды көрінуі мүмкін еді. «Бірақ нағыз мемлекет қайраткері қарапайым саясаткерден әлдеқайда ерекшеленеді, олар кез келген мәселені қазіргі конъюнктуралы санатпен ойламайды, ол стратегиялық тәртіп түсінігін басшылыққа алады»,-деді БҰҰ Бас хатшысының орынбасары.

6-оқушы
Ия, осылайша, билікке келген кезден-ақ көрегендік танытқан Елбасының бүгінде жүргізіп отырған қазақстандық даму жолы мен моделі әлем қайраткерлері тарапынан зор қызығушылық туғызып отыр. Оның жетекшілігімен еліміз ешкімге ұқсамайтын экономикалық даму жолын бастады. Даму қарқыны жағынан ХХІ ғасырдағы көшбастаушы мемлекеттердің қатарына қосылды. Қазақстан әлемде өзінің саяси орнын айқындап алды. Бейбіт саясат пен ұлтаралық келісімді қамтамасыз етті. Қазақстан халқы Ассамблеясын құрды. Жаһандық ядролық сынақсыз аймақ құру жөнінде ұсыныс берді.  Әлем халқы Қазақстан басшысының ұлы бастамасына қолдау көрсетті. Ұлттың қамын ойлайтын, дамудың келешегін болжайтын дана саясат ұсынған Нұрсұлтан Назарбаев жас мемлекетті экономикасы орнықты 51 елдің қатарына қосты.


7- оқушы

Қазақстан кешегі тоталитарлық жүйенің түйіндерін шешіп, зайырлы, құқықтық мемлекетке айналды. Еуропаның төріне шықты. Діни толеранттылыққа қол жеткізді. Мәселен, бұл жайында жоғарыда атап өткен форумда «Өркениеттер диалогы» Форумы Халықаралық үйлестіру комитетінің төрағасы Вальтер Швиммер: «Мен ешуақытта тәуелсіз Қазақстандағы этникалық немесе діни шиеленістер туралы естіген емеспін. Қазіргі күні әлем Қазақстандағы халықтар мен наным-сенімдердің, мәдениеттердің, дәстүрлердің, тілдердің, діндердің байлығынан сабақ ала ма!? Ала алатындығымызға мен кәміл сенімдімін», - деп ағынан жарылған болатын. 

8-оқушы
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһандық әлем шындығы тұрғысынан еуразиялық идеяны жетілдіруді теориялық жаңартуға қол жеткізіп, оны тек теория тұрғысында қалдырып қоймай іс жүзіне асырудағы қимылы да бүгінде жұртшылықтың назарын аудартып отыр.  Кеден одағы Қазақстан, Ресей және Беларусь толыққанды Еуразиялық одаққа жақындатып отыр.


9- оқушы

Мәселен, М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің ректоры Виктор Садовничийдің пайымынша, Нұрсұлтан Назарбаевтың Еуразиялық доктринасы - ғалымдар мен саясаткерлердің баса назар аударуын талап ететін ауқымды тақырып. «Мен өзіме барынша жақын сәттерді ғана атап кеткім келеді. Біріншіден, Нұрсұлтан Назарбаев әзірлемесі бірігудің заманауи үлгісі. Тоталитарлық режім құлағаннан кейін кеңес үкіметінен кейінгі мемлекеттерде «кеңес халқы» түріндегі бірлестікке қатысты орнықты қарсылық болды, онда бірлік ұлттық ерекшеліктер мен ұлттық мәдениетті жоғалтумен қамтамасыз етілген болатын. Нұрсұлтан Әбішұлына бірігудің басқа түрі, бірлік, ұлттық тәуелсіздікті, мәдени және тілдік өзіндікті сақтауға көмектесетін басқа бірігу жолы туралы әңгіме болып отырғанын талмай дәлелдеуге тура келді. Экономикалық, мәдени, білім беру, саяси бірігу халықтар алдында жаңа мүмкіндіктер ашады,


10- оқушы

«Өткенге көз жүгіртіп, болашақты болжаймыз» атты тарихтың оң сабағын есте сақтап мыңдаған жылғы Еуразиялық достастыққа сенімді болатындардың әлеуетін арттырады», - деді ол. Оның пайымынша, екіншіден, Қазақстан Президентінің тұжырымдамасында әлемдік дәуірдің жаңа құрылымы ірі блоктар қатынасын білдіреді деген тезис ерекше тұр. Жеке халықаралық қоғамдастыққа кіру - бүгінгі таңда орындалмайтын міндет. Еуропалық одақты қалыптастыратын өңірлік бірлестік қазір өзімен әлемдік аренаға шынайы күшті білдіреді, оны бір тарапты әсер етулер мен бірнеше шешімдердің бір өрісті ырғақтары геосаясатына дағдыланғандармен есептесуге болмайды.

«Президент жолы» атты слайдтар көрсетілімі


Шақырылған қонақтардың сөзі


Сансызбаева Е.- тәрбие орынбасары

Қашағанов Қ.- ұйымдастырушы ұстаз


Мұғалімнің қорытынды сөзі

«Назарбаев феномені» өте көп қырлы құбылыс. Ал бұл феноменді зерттеу Қазақстанның жаңа заманғы тарихын түсіну үшін ғана емес, сонымен қатар күллі әлем дамуының  қазіргі заманғы процестерін ұғу үшін де маңызды.«... Әуелі - ол заманда ел басы... болады», деп жазған еді ұлы Абай. Болашақты болжаған Абай бабамыз қандай ұлы болса, халық, заман сынынан мүдірмей елін өрісті жолға бастаған Назарбаев та сондай ұлы тұлға!









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!