Елбасы-ел
тірегі
Мен үшін Н.Ә.Назарбаев – тек
Елбасы ғана емес, ізгі ниетті терең ойлы, өмір жайлы көп білетін
тұлға. Біздің Елбасы – бойына білім мен өнерді, тәрбие мен
тәлімді жинай білген көреген адам. Еліміздің дамуына, жеріміздің
көркеюіне өзінің үлесін қосты. Астанамыздың «Бәйтерек»,
«Бейбітшілік пен келісім сарайы», «Думан», «Хан шатыры» сияқты
сәулетті көркем құрылыстарының сәулет жобасын Елбасымыз өзі салып,
нұсқау берді.Мәні мен мағынасы жарасқан Әнұран авторларының бірі –
Елбасы.Нұрсұлтан атамыз ат құлағында ойнап, шахматтан «мат» қойып,
домбыраны күмбірлете күй тартып, әншілік өнерін де бойына
тұндырған.
«Қазақстанның болашағы –
қазақ тілінде» деген бір ауыз ұран сөзінде өзін өзгеге үлгі
етіп, бұқаралық ақпарат құралдары, теледидардан сөйлеген сөзінен
қазақ тілінің бай, оралымды, әуезді тіл екенін дәлел етіп,
көңіліңе мақтаныш ұялатады. Елбасы үнемі ел жастарына сенім артады,
олардың биік шыңдарды бағындырғанын қалайды.Сондықтан жастардың
алаңсыз білім алуына көп мән береді. Жыл сайын мектептер мен
балабақшалардың саны артуда.«Тәуелсіз Қазақстанның жастары, нақ
сендер елдің ең басты байлығы болып табылатындарыңды және біздің
Отанымыз – Қазақстан Республикасының болашағы сендерге байланысты
екенін есте ұстаңдар», – деген Елбасы жастарға көп үміт
артады. Мен бұдан ел әдебиетін, тарихын терең меңгеріп, адамдық
биік белесті бағындыруым керек екендігін сезіндім, алдыма үлкен
мақсат қойдым. Асыл арман, мақсатқа жету жолында кездескен
қиындықтар мен сәтсіздіктерге қарсы тұрамын. Себебі мен – ел
ертеңімін, өз елімнің перзентімін. Мен қиындықта құрыштай шыныққан
Н.Назарбаевтың өнегесін болашағыма бағдар етіп ұстаймын. Сонымен
қатар, мен өзімнің достарым мен замандастарымның Елбасы саясатын
қолдап, үнемі биіктерден көрінетініне сенемін. Елбасы – еліміздің
тірегі. «Ел тыныштығы – бейбітшілік» деп еліміздің бейбіт
өмір сүруіне еңбек етуде. Елімізде әр түрлі ұлт
өкілдері ынтымақ пен бірлікте өмір сүріп жатыр. Біздің
ауылымызда да көптеген ұлт өкілдері тұрады. Мектебімізде де
әр ұлт балалары оқиды. Барлығымыз бір елдің баласы
болғандықтан, бір үйдің баласындай сыйласып, достықта өмір сүріп
жатырмыз. Біз еліміздің дамып, күннен-күнге өркендеуінде
Елбасымыздың еңбегі зор екенін жақсы түсінемін. Сондықтан өз
перзенттік үлесімді қосқым
келеді.