Материалдар / Елбасы-ел тірегі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Елбасы-ел тірегі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты – тәрбиеленушілерге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өмірі мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәліметтер беру, Елбасының ел үшін жасаған істерін үлгі-өнеге ету, өз Отанын, халқын сүйетін азамат болып өсуге, елжандылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Көрнекілігі: Нұрсұлтан Назарбаевтың түрлі сипатта түскен суреттері, кітаптар көрмесі, нақыл сөздер, слайдтар. Тәрбиеші: Тұңғыш президентіміздің өмір жолдарымен таныс болу үшін экранға назар аударайық. (Тәрбиеленуші Овчинникова А. өмірбаянын оқиды.)
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қараша 2021
470
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Тақырыбы: Елбасы-ел тірегі


Мақсаты – тәрбиеленушілерге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өмірі мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәліметтер беру, Елбасының ел үшін жасаған істерін үлгі-өнеге ету, өз Отанын, халқын сүйетін азамат болып өсуге, елжандылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Нұрсұлтан Назарбаевтың түрлі сипатта түскен суреттері, кітаптар көрмесі, нақыл сөздер, слайдтар.

Тәрбиеші: Тұңғыш президентіміздің өмір жолдарымен таныс болу үшін экранға  назар аударайық. (Тәрбиеленуші Овчинникова А. өмірбаянын оқиды.)

-Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылдың 6-шілдесінде Алматы облысына қарасты Қарасай батыр ауданының Шамалған ауылында туылды. Балалық шағы таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды. Өзі еске алғандай, өсірген аз-маз өнімдерін сатып, үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата-анасын қатты құрмет тұтты. Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды. Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып «Металлург – жұмысшы» мамандығын меңгерді. Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.  Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді. Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды. Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды. Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды. Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады. 1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады. 

Елбасы туралы қызықты деректер. (слайд)

1. Нұрсұлтан – ата-ананың тілеуімен туған бала. Анасы Әлжан Әбішке тұрмысқа шыққаннан кейін бес жылға дейін құрсақ көтермей, Алладан бала тілеумен болады. Шын тілекті Алла берсе керек, көп ұзамай, Әлжан ана түс көреді. Түсінде теңіз түбінен мылтық тауып алып, оны күйеуі Әбішті қуантайын деп асынып алғанын көреді. Ояна келе ет жақын ағайындарына жорытқанда, олар «Түсің жақсы екен. Құдай сендерге ұл берер» дейді. Көп ұзамай дүниеге Нұрсұлтандай ұл келеді.

2. Елбасының әкесі Әбіштің бағбан болғанын білесіз бе? Әбіш – бір ағаш пен екіншісін будандастарып түрлі жеміс ала беретін бау-бақшаның нағыз білгірі болған. Әкесі туралы Нұрекеңнің өзі: «Жұрт біздің баққа келіп, керемет өсіп тұрған таңғажайып жемістерді немесе бір жағында кәдімгі апорт алмасы, екінші жағында уылжыған алмұрт пісіп тұрған ағашты тамашалайтын. Әкем өсірген ондай жемістерді кейін еш жерде көрген емеспін. Өзінің сүйікті сортты алмасы – апортты ол келесі көктемге дейін бұзбай сақтайтын», – деп жазады өз естелігінде.  

3. Әлжан – дұғасы қабыл болған ана. Ислам дінінде ата-ананың балаға жасаған дұғасы Алла тарапынан сөзсіз қабыл болатын дұғалар қатарына жатады. Тұңғышының тілеуін тілеген ана Нұрсұлтанның кішкентай кезінде «Жарығыма ғұмыр бер!» деп тілеп отырса, кейін Теміртауға кеткенінде: «Ей, Алла! Сұлтаныма амандық, саулық бере гөр! Жұлдызын жарық қыла гөр! Өзіңе тапсырдым, Алла» деп дұға етпей ұйықтамайды екен. 

5. Мәдинада үш ай жаумаған жаңбыр, біздің Елбасымыз барған уақытта жауған. Арабтар мұны ерекше жағдайға балап, оған өзгеше құрмет көрсетіп, алтын тысты Құран сыйға тартқан. Тіпті есіміндегі «Нұр», «Сұлтан» сөздерінің араб тілінен алынғанына назар аударып, риза болысқан.  

6. Елбасымыз музыканы бала кезінен жақсы көрген. Кішкентай кезінен мандолин, баянда ойнай білген, домбыра тартқан. Әнді де жақсы айтады, қоңыр дауысы бар. 

7. Елбасы – шебер шаңғышы. Бала кезінен шаңғыны жақсы көрген Нұрсұлтан Үшқоңырдың биігінен, небір қиын жолсыз жерлермен сырғанағанда алдына жан салмаған екен

8. Назарбаев – альпинист. Ол тау баласы болғаннан кейін бе, альпинизмге қатты құмартқан. Кішкентай күнінде Үшқоңырдың тау-тасын жиі аралап кетеді екен. Кейін Президент болғаннан соң да кәсіби альпинистерге ілесіп, бірнеше шыңды бағындырған. Соның ішінде теңіз деңгейінен 4010 м биіктіктегі Абай шыңының орны ерекше. Бүгінде Алматы маңында Нұрсұлтан шыңы бар. 

9. Елбасы – құралайды көзге атқан мерген. Елбасымыз аң аулағанды, саят құрғанды жақсы көреді. Әрі оның мергендігі туралы түрлі аңыздар бар. Бірге оқыған досы, белгілі заңгер, күні кеше дүниеден өткен Мақсұт Нәрікбаев ол туралы: «Бір жолы атқан оғының жарты шақырым қашықтықта тұрған жануардың жүрек тұсынан дәл тигендігін көрдім. Тек хас мерген ғана осылай ата алады ғой», – деген болатын кезінде.

10. Елбасы – ақын. Оның суырып салатын қасиеті бар екенін айналасындағылар жиі айтады. Ал өлеңдерімен тек жақындары ғана таныс болса керек. Халық назарына әлі ұсыныла қойған жоқ. Жұрт тек «Елім менің», «Үш қоңыр» секілді әнге айналған өлеңдерін біледі.

11. Елбасы – гольф шебері. Елбасымыз Хайнань аралдарындағы демалыстарының бірінде гольф ойнау шеберлігімен жергілікті халықты қатты таңғалдырыпты. Гольф допшасын бастау алаңшадан көмбе алаңшадағы шұңқырға бір ұрғаннан кіргізген. Таңдайларын қаққан қытай мамандары сол жерге ескерткіш те орнатпақ болған көрінеді.

12. Нұрсұлтан Әбішұлы – әзілқой адам. Ол кісімен дастархандас болған көптеген адамдар естеліктерінде Елбасымыздың ерекше әзілқой адам екендігін айтады. Әсіресе еркін отырыстарда әзіл айтып, айналасындағыларды күлдіріп, көңілдерін көтеріп отырады екен.

Тәрбиеші: Елбасы үлкен саясаткер болумен қатар жан-жақты дамыған тұлға. Барлық қазақ азаматтары сияқты жылқыны жақсы көреді. Сондай-ақ өнерге де көп көңіл бөлетін адам. Ол кісінің «Елім менің» және «Үшқоңыр» өлеңдеріне ән жазылған.

Елбасы туған халқын, туған жерін, даласын жанындай сүйетін адам. Мұны ісімен де, шығармашылығымен де дәлелдеп келеді. Нұрсұлтан Назарбаев-бірқатар ғылыми кітаптардың, әлеуметтік-экономикалық даму проблемалары мен қоғамдық – саяси еңбектердің авторы.

Ендігі кезекте Елбасымыздың қанатты сөздеріне тоқталайық.

1.Тәуелсіздік-ата-бабаларымыздың жүздеген жылдармен өлшенетін арман-аңсарының жүзеге асқан ақиқаты.

2.Өз тарихын сыйламаған халық өзін де сыйламайды.

  3.Елдің бетінде, желдің өтінде жүрген адамға сынақ көп.

4.Менің атам да, анам да - қазақ. Қазақпын деп айтуға ешқашан намыстанған кезім болған жоқ. Намыстанбаймын да. Қайта маған тіл, діл, өмір, тіршілік сыйлаған туған халқыма бар есті тірлігімде қарыздар болып өтуге бармын. Ұлттың ұлы болмай тұрып адамзаттың перзенті болу мүмкін бе? Мүмкін емес.

5.Құдай қазаққа қырын қарамаған: пейіліне сай етіп ұлан-ғайыр жер берген, астын-үстін толтырып кен берген, мейірбан ақ көңіл, адал ел берген, жаны үшін малын, ары үшін жанын садаға ететін ер берген.

Тәрбиеші: Осымен  «Елбасы – ел тірегі» атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Осындай тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізге сезінеміз. 









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!