"Елбасы күні"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Елбасы күні"

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы





Астана қаласы

Білім басқармасы

5 «Ақбота» балабақшасы













«Менің тұңғыш президентім»

Ортаңғы «Қарлығаш» тобы











Тәрбиешілер: Канетова Р. Қ

Айыпова М. С













Астана - 2013 ж

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу іс әрекеті:Қоршаған ортамен танысу

Тақырыбы : «Менің тұңғыш президентім»

Мақсаты :

Балаларға Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсылтан Назарбаев екенін таныту.

Елін сүйген, елі сүйген Елбасыдан үлгі алу.

Отанын елін сүюге,ержүректілікке,азаматтыққа, патриоттық сезімге

тәрбиелеу.

Көрнекілік :Видео,Президент портреті, Қ Р рәміздері,суреттер.

Үш тілдің тұғырлылығы: Елбасы- Президент- President

1 . Жылулық шеңбері: Әнұран ( балалармен тұрып айту)


1- тапсырма

-Балалар сәлеметсіздер ме?

-Бүгін балалар ерекше күн.Бүгін мейрам.

-Балалар бүгін қандай мейрам?( Президент күні)

-Балалар біздің президентіміздің аты кім? (Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев)

2- тапсырма

-Балалар біз қандай мемлекетте тұрамыз?

-Балалар біздің ұлтымыз қандай?( Біз қазақпыз!)

-Балалар ал, туып өскен жерімізді біз бір сөзбен қалай атаймыз? («Отан»деп атаймыз)

3- тапсырма

- Ал, Қ Р рәміздеріне нелер жатады?( Ту,Елтаңба,Әнұран)

-Балалар біздің Қазақстан тәуелсіз көп ұлтты мемлекет.Сендер тәуелсіз елімізге қандай тілек айтар едіңдер?(балалар жауабы)

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық

Белімізді жазайық,

Жоғары төмен қарайық ,

Оңға, солға түзу тұрып.

Бойымызға күш жинап

Біз дем алып қалайық,(таны салу жаттығуын жалғастыру)

4- тапсырма

-Балалар туған жер, отан туралы кім қандай тақапқ, мақал біледі?

Аружан:

Отан сенің ата-анаң

Отан досың бауырың

Отан өлкең астанаң

Отан аудан ауылың.

Алихан:

Алтын дәнді даласы бар

Ақ күмістей қаласы бар.

Неткен сұлу ,неткен көркем

Осы менің туған өлкем.

Ясмин:

Отан дейміз от жаққан жерімізді

Отан дейміз өсірген елімізді

Отан дейміз туған жер атамекен

Биік тау,орман,тоғай,көлімізді

Али:

Отан үшін отқа түс, күймейсің.

Ажар:

Отансыз адам ,

Ормансыз бұлбұл.

Алмас:

Отан оттан да ыстық.

Сафина:

Отан-қуат

Отбасы-шуақ.

Ойын: «Егер мен президент болсам,...»

5- тапсырма

-Жарайсыңдар балалар!

-Балар Қ Р бас қаласы қалай аталады? (балалар жауабы)

-Балалар біздің президентіміз қай қалада тұрады? (Астана қаласында)

-Астана ең көрікті әсем қала.

-Балалар сендерге көп рахмет.Сендер біздің отанымыз туралы көп біледі екенсіңдер.

-Ал енді балалар тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан атамыз туралы жақсы виео фильм көрейік.

Балалар бүгін кім туралы білдік?

Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

Кәне, кім президент туралы айтады?

Әр балаға мақтау айту.

Күтілетін нәтиже:

Нені білді: ҚР тұнғыш президентін

Нені игерді: Әнұранды айту және мазмұнын түсіну.

Нені білу керек: ҚР рәміздерін ажыраты білу






























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.02.2019
397
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі