Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Елбасы салған дара жол
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Ж.Жапаров атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығы
Елбасы салған дара жол
(экскурсия)
Сынып жетекшісі: Токанова С.С.
Күні: 03.12.2020
Сыныбы: 2 «А»
Тақырыбы: Елбасы салған дара жол
Мақсаты:
а)1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні мерекесінің мәнін ашу;
ә)Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып - өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлеріне онлайн экскурсия жасау;
б)Елбасындай Отанын, халқын сүюге, нағыз азамат, шынайы патриот болуға тәрбиелеу;
Дамытушылық: Оқушыларға президенттің ел үшін жасаған істерін үлгі - өнеге ету.
үлгі - өнеге ету.
Тәрбиелік: Оқушыларды өз Отанын, халқын
сүйетін азамат болып өсуге, елжандылыққа, патриоттық сезімге
тәрбиелеу. Көрнекілігі: Н. Ә. Назарбаевтың түрлі жанрларда түскен
суреттері, кітаптар бұрышы, нақыл сөздер,
слайдтар
Әдісі: экскурсия
Көрнекілігі: бейнетаспа, нақыл сөздер, мақал- мәтелдер, слайдтар т.б.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру бөлімі: Қ.Р. Гимні орындалады
2. Негізгі бөлім:
Мұғалім: Армысыздар, бармысыздар құрметті
ұстаздар, оқушылар және қонақтар!
Қайырлы күн тәуелсіз елдің қадірменді азаматтары, ұлдары мен қыздары бүгінгі Тұңғыш Президент күніне арналған «Елін сүйген- елі сүйген елбасы» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
1-жүргізуші: - Неліктен Тұңғыш Президент күні
мерекесі 1 желтоқсанда аталып отыр? Өйткені 1991 жылы
1желтоқсанда Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды. Ал Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаевтың өмірі мен қызметі туралы
не білесіздер?(Оқушылар өздері білетін мәліметтерін айтып
шығады.)
Жанетта: «Балалық шағы»
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6 - шілде 1940 жылы Алматы облысы
Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы таршылық
жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау - бақша өсіруіне көмек
көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды. Өзі еске алғандай,
өсірген аз - маз өнімдерін сатып, үй - ішіне қажетті заттар алу
үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару
дегенің керемет мереке саналған. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім
алды.
Ата - анасын қатты құрмет тұтты.
Мейіржан:Әлем таныған, дарынды тұлға, іскер- саясатшы, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев 23 жыл ел басқарып келеді. Ол Қазақстанды бүгінде әлемге әйгілі мемлекет етіп, атын шығарды. Ел экономикасын түзеп, болашақта көш бастаушы елдердің қатарына қосу үшін аянбай еңбек етуде.
1-жүргізуші:
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады - ау кісілік!
Ән: Музиева Мөлдір «Туған жер»
2-жүргізуші:
Қазақ ақын-жазушылары өз Отанына, туған еліне, жеріне деген ыстық сезімдерін өлеңмен жеткізген. Ендеше өлең жолдарына кезек берейік.
Алинұр: Ел тынысын тереңінен танып кең,
Шарапаты бар адамға дарып тең.
Елбасының есімі бұл тарихта
Қалар анық өшпес алтын әріппен
Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,
Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.
Президентім, елбасы, аман болғай,
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!
Аяна: Елбасымыз жолдайды,
Халқы оны қолдайды.
Ешқашанда орынсыз,
Шешімдері болмайды.
Елбасы елді қорғайды,
Халық қамын ойлайды.
Осындай жақсы адамның,
Жақсылығы тарайды.
Тәуелсіздікті елге сыйлады,
Бейбітшілікті қалады.
Орындалып арманы,
Халқымызда ажарлы.
Осының бәрі әрине,
Елбасының арқасы.
І.Аяла: Халқымның көшбасшысы
Тәуелсіз қазақ елім,
Бақ қонған ғажап елім,
Нұрсұлтан Назарбаев
Артамыз сізге сенім.
Елім деп, жерім деген,
Адымдап сенімменен.
Халқымның қөшбасшысы,
Еңбектен ерінбеген.
Президент ең алғашқы,
Қырандай самғап ұшты.
Халқымның қөшбасшысы,
Келер күн құшақ ашты.
Алихан: Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,
Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.
Президентім, елбасы, аман болғай,
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!
Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен - кіші, ағайындар – бәріміз.
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.
1-жүргізуші:
«Мен өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын. Маған ары, үшін жанын садаға ететін осындай текті халыққа, мені ұлым деп, перзентім деп төбесіне көтерген халыққа, арғы- бергідегі қазақ баласының бірде-бірінің пешенесіне бұйырмаған бақыты толық қанды, тәуелсіз мемлекет құрудың қасында болу бақытын бұйыртқан халыққа қызмет етуден артық ештеңенің керегі жоқ, осы жолда мен бойымдағы бар қайрат-қабілетімді, білім- білігімді аямай жұмсаймын, қандай да тәуекелге барамын» — деді Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Шыңғыс:
Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол Тәуелсіз Қазақстан! Тәуелсіздік барлық Қазақстандықтар үшін аса қасиетті құндылық. Жұмыла отырып, біз тәуелсіз, өркендеген, саяси тұрақты Қазақстанды құрудамыз. «Мен өз халқымды сүйемін, оның мәні бала кезімнен сабыр мен парасатқа баулығанын мақтаныш тұтамын» деді Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
1-жүргізуші: Билік тізгінін қолына ұстаған жылдардағы Президентіміздің жарқылдаған келбетін, биік болмысын, кемел дарынын, ел басшысы ретінде көсемдік қасиеттерін бүгінгі ұрпақ біздер жақсы білуіміз керек.Тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолына шолу жасау мақсатында викториналық сұрақтарға жауап берсек.
Викториналық сұрақтар:
-
Қазақстан тәуелсіздігін қашан жариялады? (16 желтоксан 1991 ж.)
-
Осы жылы мемлекеттің тәуелсіздігіне неше жыл ? (23 жыл )
-
Қазақстан Республикасының ұлттық валюта қалай аталады? (теңге)
-
Теңге қай жылы еңгізілді? (1993 жылы 15 қараша)
-
Ақмола қаласы Қазақстанның астанасы деп қашан жарияланды? (10 желтоқсан 1997 жылы)
-
Оған Астана деген ат қашан берілген? (1998 жылдың 6 мамырында)
-
Еліміздің мемлекеттік рәміздері қашан бекітілді? (4 маусымда 1992 жылы)
-
Отан қорғаушы күні? ( 7 мамыр )
-
Атазаң күні? (30 тамыз )
2-жүргізуші: Қазақстан дейтін менің бар елім
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған,
Бұл далада жылап келіп, уанған
Бұл даланы көріп алғаш қуанған
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!- дей келе
Сыныбымыздың ару қыздары дайындаған биге кезек берелік.
М.Аяна:Қазақстан шарықтап алға бастап
Жаңарған ел көресің толғанысты .
Қазақ елім Егемен жиырма жылда ,
Талай жұмыс атқардың қиын жолда .
Сусыз жатқан шөл дала өңірлерін
Гүлзар еттің еңбекпен қиырларда .
Тыныш өмір жалғасып келе жатыр ,
Куә болғын ісіне Жаңа ғасыр .
Жаратылған ер жүрек мәңгілікке
Тау тұрғызған Нұрсұлтан нағыз
батыр.
Ернұр:Болашағым Қазақстанның алдағы
Орындалсын қазағымның араны
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев
Халқыыздың сеніп алған таңдауы.
Міне осындай егеменді еліміз
Кең жазира ұлан байтақ жеріміз
Туған елін, туған жерін сүйетін
Біз қазақтың ұланымыз,еріміз.
Бекнұр: Қиялы ұшқыр ойлы адам,
Әлемге болған аты аңыз.
Ұрпақтың қамын ойлаған,
Аман-сау жүрші Нұр ата!
Отаны дейміз кең байтақ Астананы
Жасыл жайлау, жасыл жол жас қаланы
Отанның шеті де, жоқ шегі де жоқ
Ол бірақ өз үйіннен басталады.
Гүлдене бер отаным
Көтерген туың Нұр атам
Көбейткен достын қатарын
Нұр ата біздің ұлы адам.
2-жүргізуші: Алдарыңызда кезекті күйімен Кометия Ерсұлтанды қарсы алыңыздар!
1-жүргізуші: Президент болу кез келген адамның қолынан келе бермейтін іс ,ол үшін жүректің батырлығы қажет болады.Ал оқушылар егер де сендер президент болсандар алдыңғы кезекте не істер едіңдер ? (Оқушылар кезекпен кезек жауап бере бастайды)
(Президентке байланысты видеороликті тамашалау)
2-жүргізуші:
2 «А» сынып
оқушыларының орындауында «Атамекен» әні
орындалады.
Қорытынды:
Н. Назарбаев – өзінің ерен
еңбегімен, халқымен алға қойылған мақсат пен міндетті іске асыратын
және елде және әлемде көлемді нәтижелерді көре алатын планетарлық
деңгейдегі сирек және бақытты саясатшы.
Жылдар өтер, жүздеген, мыңдаған жылдар өтер, бірақ Қазақстан
Республикасының Президенті Ұлт көшбасшысы Н. Назарбаев Қазақстан
және жаһандық әлемнің тарихында, біздің еліміздің ұлы есімдері
қатарынан өзінің лайықты және ерекше даңқты орнын алады деп бүгінгі
ашық тәрбие сабағымызды жабық деп
жариялаймыз.