"Елбасымен біргеміз" ашық оқу қызметі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Елбасымен біргеміз" ашық оқу қызметі

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Елбасымен біргеміз!»

Білім беру сласы: Коммуникация

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Елбасымен біргеміз!»

Мақсаты: -Қазақ халқының тұнғыш президенті Н.Ә Назарбаевтың өмірі,туып-өскен,қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру.

-Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып,Отанын,халқын сүюге азаматыққа тәрбиелеу.

-Бала жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту,құрметтеу.

Көрнекілік құралдары: Слайдтар,үнтаспа.

Билингвальды компонент: Елбасы-президент.

Әркеттердің кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың іс-қызметі


Ұйымдастырушылық-оятушылық

Тәрбиеші: Әділеттің жолын ту етіп,егемендігін,ынтымақты,тұтастық бірлікті ойлаған,ұрпақтың саналығына мән берген,ар мен намысты биік ұстаған әлемдік деңгейдегі ірі қоғам қайраткері,Тәуелсіз Қазақсан Республикасының тұнғыш Презденті Н.Ә.Назарбаевтың құрметіне арналған.1-желтоқсан-Президент күніне орай өткізіліп отырған «Елбасымен біргеміз!» ашық сабағымыз ашық жарияланады.

Әнұран айтылады.

Елі құрмет тұтқан Елағамыз,Ел үшін еңбек еткен Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолына шолу жасайық:(1слайд) Ата-анасын қатты құрмет тұтты. (2слайд) Елбасының отбасы: (3слайд) Еңбек жолын Теміртау қаласындағы металлургия комбинатында металлург болып бастады (4слайд)

1991 жылы 1желтоқсанда халқы қолдап Н.Ә.Назарбаев еліміздің Презденті болып сайланды. (5слайд)







Енді балалар елбасымызға арналған тақпақтарымызды айтып жіберейік.


Елбасы туралы жақсы тілектер айттыңдар. Енді мен сендерге әртүрлі сұрақтар қоямын,жауап беруге дайынбыз ба?


1. Біз қай елде тұрамыз? (Қазақстан)

2.Біздің Елбасымыз кім?(Н.Ә.Назарбаев)

3.Біз қай ауылда тұрамыз? (Қарой ауылында)



Елбасының қызмет ететін орны-Ақорда,Бәйтерек, Ханшатыр.Ал енді балалар Отан,Астан,туған жер туралы тақпақтарымызды айтайық.





























Әлішер:

Елбасымыз жолдайды

Халқы оны қолдайды

Ешқашанда орынсыз

Шешімдері болмайды

Ақерке:

Елбасы елді қорғайды

Халық қамын ойлайды

Осындай жақсы адамның

Жақсылығы тарайды.

Інжу:

Орындалып арманы

Халқымызда ажарлы

Осының бәрі әрине

Елбасының арқасы

Жаннұр:

Отан-менің ата-анам,

Отан-досың,бауырым.

Отан-өлкен Астанам,

Отан туған ауылым

Аханай:

Отан деген атамекен,

Отан деген туған жер

Отан-ана,отан өлкен,

Қазақстан туған ел.

Ерасыл:

Кең далада жүремін,

Бауырында ойнап күлемін.

Мен жерімді сүйемін.

Ол үшін отқа түсемін.

Кәусар:

Сары-Арқаның төсінде,

Бой көтерген Астанам.

Ғасырлардың көшінде,

Бізді алға бастаған.



Ұйымдастырушылық-ізденушілік

Ойын: Саяхатқа шығу.

Саяхатқа шықыларын келеме?

-Менсендермен пойызға отырып саяхатқа шығамын.

-Бұл еліміздің басты қаласы –Астана.

-Осы Іле Алатауының баурайында Алматы қаласы орналасқан,біз осы қалаға барамыз.

-Ауданымыз Бақанас ауылына барамыз.

-Ауылымыз Қарой ауылына келдік.

-Балабақшамызғада келдік,балабақшамызға кіріп отырайық.

-Сендерге саяхат ұнады ма?

-Біз қай жерлерде болдық?


Осы туған жерімізге арнап ән айтайық.


Ән: Туған жер.



Ия



Рефлексиялық-түзетушілік

Қортындылау:

Балалар еліміздің рәміздерін бір қайталап жіберейік.

-Туымыз,Елтаңбамыз,Әнұранымыз.

-Осы тумыздың балалар ортасында күн бейнеленген.

-Күнге не жетіспейді?

-Мен сендерге сұрақтар қоямын сол сұрақтарға жауап беріп,күнің шуақтарын жапсырамыз.

-Біз қай мемлекете тұрамыз?

-Елбасымыздың аты кім?

-Біздің елордамыз қалай аталады?

-Біз қай обылысқа жатамыз?

-Біздің ауданымыздың аты қалай аталады?

-Біздің ауылымыздың аты қалай аталады?

-Біздің балабақшамыздың аты қалай аталады?

-Біздің тобымыздың ата қалай аталады?

-Рәміздерді атап берші?




Балалар: Хормен

Елін сүген

Елбасы деп білеміз

Елбасымен біргеміз.


Қазақстан бақытты ел.Президенті танымды,халқы қарымды,досы көп ел екенін де мақтан тұтамыз.Ел тарихын тұлғалар жасайды. Тұлға-елдің тұғыры. Тұлға-елдің тұтқасы. Біздің Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осындай тұлға! Елбасымен біргеміз.

Ән: Көктудың желбірегені әнімен сабақты аятау.






Күн

Күннің шуақтары





Қазақстанда


Н.Ә.Назарбаев

Астана


Бақанас


Қарой



Балауса


Ту,Елтаңба,Әнұран.























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.08.2018
592
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі