"Елдің байлығы – еңбекпен, ал еңбектің қадірі – жұмысшыда!"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Елдің байлығы – еңбекпен, ал еңбектің қадірі – жұмысшыда!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қоғамға пайда әкеліп, нақты іспен айналысатын ауыл шаруашылығы саласының мамандарына болашақта жаңа мүмкіндіктер ашылмақ. Ауыл шаруашылығын механикаландыру мамандығын таңдаған мамандарға мотивация.
Материалдың қысқаша нұсқасы

"Елдің байлығы – еңбекпен, ал еңбектің қадірі – жұмысшыда!"



Жастарға кәсіби бағдар беру, жұмысшы еңбегін бағалау арқылы ғана біз өндірісті дамытып, ел экономикасын нығайта аламыз. Осы орайда: 2025 жыл – Қазақстанда Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялануы еліміздің өндірістік, техникалық кадрларға деген ерекше ықыласын білдіреді. Бұл – тек ресми атау емес, еңбек адамына деген құрметтің жарқын көрінісі.

Қарапайым жұмысшы – кез келген елдің тірегі. Зауытта – токарь, ауылда – тракторист, құрылыс алаңында – дәнекерлеуші, темір жолда – машинист, мектепте – электрик. Бұл мамандықтар көзге көрінбесе де, өміріміздің бір бөлігіне айналған. Мемлекет осы жыл аясында жұмысшы мәртебесін көтеру, жастар арасында сұранысқа ие техникалық мамандықтарды насихаттауды басты мақсат етіп отыр.

Жұмысшы болу – оңай жол емес, бірақ ең қажетті жол. Қоғамға пайда әкеліп, нақты іспен айналысатын бұл сала мамандарына болашақта жаңа мүмкіндіктер ашылмақ. Колледждерде дуалды оқыту кеңейіп, заманауи құрал-жабдықтармен білім беру, кәсіби шеберлік байқауларын өткізу – осының айғағы.

Мен — "Ауыл шаруашылығын механикаландыру" мамандығы бойынша білім беретін инженер-педагогпын. Бүгінде тракторист-машинист, слесарь-жөндеуші, ауыл шаруашылығы техникасын жөндеуші-шебер біліктіліктерін меңгеруге бағытталған топтарға арнайы пәндерден сабақ беремін.

Сабақтарымда студенттерге ауыл шаруашылығы техникасының құрылымын, жұмыс істеу принципін, техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жолдарын үйретемін. Сонымен қатар, еңбек қауіпсіздігі, технологиялық тәртіп, жауапкершілік пен еңбек мәдениеті сынды маңызды құндылықтарға да баулимын.

Қазіргі заман талабына сай ауыл шаруашылығы техникасы күн сайын жаңарып келеді. Сондықтан теориямен қатар, практикалық машықтану, заманауи құрал-жабдықтармен жұмыс істеу, инновациялық әдістерді қолдану – негізгі міндеттерімнің бірі.

Менің мақсатым – жас маманды тек техниканы меңгерген емес, ауыл тіршілігін сезіне алатын, еңбекке адал, жауапты тұлға ретінде қалыптастыру. Өйткені ауыл – елдің жүрегі, ал оны дамыту — білікті механизаторлар мен техник мамандардың қолында.

Менің даярлаған түлектерім арасында погрузчик (жүк тиегіш) пен грейдер сияқты арнайы техника жүргізуші куәлігін алып, бүгінде түрлі салада еңбек етіп жүрген білікті мамандар бар. Бұл — теория мен тәжірибені ұштастыра отырып, сапалы кадр даярлау бағытындағы еңбегімнің нақты нәтижесі.

Мемлекет басшысының айтуынша кәсіптік білім беру саласына реформа жасау – айрықша өзекті мәселе. Бұл – экономиканың өсімін қамтамасыз ету және инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін аса қажет қадам.

Қазір «жұмысшы» деген сөз – жай атау емес, ол – өмір салты. Олар күн сайын көзге көрінбейтін, бірақ аса қажет жұмысты атқарып жүр. Сондықтан да мұндай мамандарды қоғамда дәріптеу – ұрпаққа үлгі боларлық іс.

Жастардың көбі тек кеңсе жағалап кетпей, қолөнер мен техника, құрылыс пен шеберлік жолына бет бұрып жатса – бұл ел үшін үлкен олжа. Атадан қалған адал кәсіпті жалғастыру – нағыз азаматтың ісі деп білемін.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі