Елдің Қарулы Күштері қайтсе жақсы болады? (Әскери-патриоттық эссе)

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Елдің Қарулы Күштері қайтсе жақсы болады? (Әскери-патриоттық эссе)

Материал туралы қысқаша түсінік
Елдің Қарулы Күштері қайтсе жақсы болады? (Әскери-патриоттық эссе) Ерлік – елімізге тән қасиет. Бойымызда әкеден балаға, анадан ұлт ұрпағына дарып келе жатырған өр намыстылықтың ұрығы әлі семген емес. Қазақтың қазақ болып қалыптасуы елде туған еңселі ерлердің арқасы. Өзінің емес, өзгенің намысын көп жыртып, бытырап ру-руға бөлініп жүрген қазақ халқы қосылып тұтас бір Қазақ еліне айналды. Елге төнген тауқымет сәттерінде елді ел қып сақтаған батыр бабаларымызға біз, бүгінгі ұрпақ, өлшеусіз қарыздармыз, әманда олардың қайсар рухтарына тағзым етеміз.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Елдің Қарулы Күштері қайтсе жақсы болады?

(Әскери-патриоттық эссе)

Ерлік – елімізге тән қасиет. Бойымызда әкеден балаға, анадан ұлт ұрпағына дарып келе жатырған өр намыстылықтың ұрығы әлі семген емес. Қазақтың қазақ болып қалыптасуы елде туған еңселі ерлердің арқасы. Өзінің емес, өзгенің намысын көп жыртып, бытырап ру-руға бөлініп жүрген қазақ халқы қосылып тұтас бір Қазақ еліне айналды. Елге төнген тауқымет сәттерінде елді ел қып сақтаған батыр бабаларымызға біз, бүгінгі ұрпақ, өлшеусіз қарыздармыз, әманда олардың қайсар рухтарына тағзым етеміз.

Ал қазіргі таңда бұл өр рухты Қазақ Даласында ұлтжанды азаматтар азайып бара жатыр ма деген сұрақ көңілді жиі мазалайды. Сарқылып бара жатырған бұл құндылығымызды қалайша сақтамақпыз?! Бойымызда патриоттық сезімдеріміз көмескі тартып бара жатырса, елді кім қорғамақ, елдің Қорғаныс Күштерін қалай дамытпақпыз? Бұл сұрақтарға жауапты бірнеше сатыға бөліп қарастырмақпын.

Бірінші, әрине, ол – тәрбие. « Ел болам десең бесігіңді түзе» дейді заманымыздың заңғар тұлғасы Мұхтар Әуезов. Адами құндылықтарымыздың барлығы да бойымызға сіңген тәрбиеден бастау алары сөзсіз. Себебі, ерлік – туа біткен қасиет емес, берілген әскери тәрбиенің жемісі. «Ерлік – білекте емес, жүректе!» - демеп пе еді аты аңызға айналған Батырымыз Бауыржан Момышұлы атамыз! «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деген қағидаға сүйеніп өскен Ұлы Дала Елінің ұрпағы ретінде көнеден келе жатырған игі дәстүрімізді қайта жаңғыртуымыз керек. Ол үшін Елбасымыз жолдаған «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасын әр үйде, әр отбасында дәріптеуіміз керек. Бүгінгі мен өткенді сабақтастыра отырып, жүрегі елім, жерім деп соғатын ұрпақ тәрбиелеуіміз қажет-ақ.

Екіншіден – мектептерде алғашқы әскери дайындық сабақтарын жоғары деңгейге көтеру, құрал-жабдықтармен түгелдей қамтамасыз ете отырып жас ұрпақтың бойына әскери патриоттық сезімді ұялату. Бұл жерде мен аталмыш сабақ дұрыс өтпейді деп отырғаным жоқ, керісінше, жан-тәнімен ұрпақ санасына ұлтжандылық сәулесін аянбай құйып жүрген ұстаздарымызға ұлт болып көмектесу керек деп білемін. Өйткені, дала заңымен ғұмыр кешкен бабаларымыздың аманатын бір ғана ұстаздың иығына артып қою әділетсіздік болар еді деп ойлаймын.

Үшіншіден, біздің елде халық саны аз, ал жер көлемі үлкен екенін ескере отырсақ, яғни, қандай сәтте болса да әскер саны аз болары анық. Демек Қарулы Күштерімізді әскери заманауи техникалармен жабдықтау жағына көп мән берілуі тиіс деп ойлаймын. Әрине, «ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен» ел қорғаған бабаларымыздың күні қайта оралмасы анық. Әйтсе де, бірлігіміздің бекемдігіне, татулығымыздың тартымдылығына қызғанышпен қарайтындар да жоқ емес шығар. Сондықтан, шетке көрсетер айбарымыздың да бар екенін танытып қойғанның артығы жоқ деп білемін өз басым.

Төртіншіден – сыбайлас жемқорлық. Бұл қазіргі сәтте қоғамда белең алып тұрған мәселелердің бірі. Осының өзі елдің дамуына біраз керітартпа болуы ықтимал. «Жеңілдің астымен, ауырдың үстімен» күн көріп, «жең ұшынан жалғасқан» тоғышарлар қай кезде де болған. «Елдің дәулетін шашқан адам ұрпағының аузынан жырып жатырғанын есте сақтаса игі» - деп кемеңгер басшы Дінмұхамед Қонаев атамыз да осындайға күйінгеннен айтқан шығар. Бұндай кесірлікті көріп, естіп өскен жас ұрпақтан қандай патриот шығуы мүмкін?! Меніңше, ойланатын жағдай.

Бесіншіден, ең өзекті болып тұрған әскери мамандар мәселесін дұрыс жолға қою. Біздің Қорғаныс Күштеріміз – әлемдегі ең жас әскери құрылымдардың бірі. Бас-аяғы отыз жылға жетпейтін уақытта әлемде жер көлемі жағынан тоғызыншы орын алатын ұлан-ғайыр жерімізді қорғайтын әскер қалыптастыру да оңай шаруа емес. Әлемнің алты бірдей мемлекетімен шектесетін шекарамыздың өзін қымтауға да аз күш жұмсалмайды. Осынау қыруар жұмыстарды ұйымдастыру үшін білікті мамандар керек екені сөзсіз. Сондықтан, осы салада ғасырлық тәжірибесі бар шет елдің әскери оқу орындарында оқып келген білікті жастарды жұмыспен қамтамасыз етіп, олардың білімі мен тәжірбиесін толыққанды пайдалану қажет деген пікірдемін. Оған қоса Қазақстандағы әскери жоғары оқу орындарының білім беру сапасын халықаралық деңгейге дейін көтеруді қамтамасыз ету де кезек күттірмес жұмыстардың легінде.

Осыларды қорыта келе, өзге елдермен терезесі тең мемлекет қалыптастыру үшін Елбасымыз Н. Ә Назарбаевтың Жолдауындағы және Қазақстан Республикасының Әскери Доктринасы жоғарыда айтылған мәселелермен қатар толыққанды орындалса, елін сүйетін патриот жастарымыз көп болса, біздің еліміздің Қарулы Күштері кез-келген жауға тойтарыс беріп, бейбітшілікті сақтайды деп сенемін. Өйткені, мен – өз елімнің ПАТРИОТЫМЫН!
















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.04.2024
113
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі