Материалдар / Элективті курс "Қызықты химия"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Элективті курс "Қызықты химия"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қызықты химия элективті курсының бағдарламасы.Ұстаздарға көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қырқүйек 2018
3690
41 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Қызықты химия» элективті курсын оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға бағыттау.

Еліміздің өркениетті елдер қатарына ұмтылуына байланысты оқушының функционалдық сауаттылығын арттыру- қазіргі кезде білім беру саласындағы ең басты мәселе. Бұл білім берудің әлемдік деңгейіне сай болуды білдіреді.

Олардың ең бастылары:

- Білімнің әрбір адам тағдырындағы мәнділігін күшейту үшін оның дара тұлғаға бағытталуы;

- Қоғамдағы рухани құлдыраудан арылу үшін білімді ізгілендіру;

- Әр баланың білім алудағы өз қабілеті мен ынтасына сай туындаған сұранысын қанағаттандыру үдерісін өзіне лайық кәсіби бағдар алуымен ұштастыру;

- Оқыту процесін ұйымдастырғанда кез-келген ситуацияны шешуге дайын , өмірдің сан алуан жағдайына бейімделе алатын дара тұлғаның негізін қалауға бағындыру.

Осы жағдайлар шешімін тапқанда оқушының функционалдық сауаттылығы дамитыны сөзсіз. Бұл тұрғыдан алғанда мектепте химиядан қолданбалы курсты өткізудің маңызы зор.

Химия сабағында алған білімдерін оқушылар күнделікті өмірмен байланыстыру менің сабақ берудегі бірінші міндетім болып саналады. Химия пәні күрделі пән. Оны жаттап алу мүмкін емес, түсіну керек. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру мақсатында қосымша білім беруде вариативті курстар өткізу өте тиімді. Осыған орай 7 –сыныпта «Қызықты химия » элективті курсының бағдарламасын құрып, жүргіземін. (аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат) Курста оқушылар өздерінің зерттеу жұмыстарын жүргізуге, мектеп бағдарламасының кейбір бөлімдерін тереңдетіп оқуға , өз қызығушылықтары бойынша білімді игеруге мүмкіндік алады. Курстың ерекшелігі сонда оның мазмұнын сабақта қарастырылмайтын тақырыптар және ол тақырыптар бойынша қосымша материалдарды қажет етеді, сондықтан оқушылар бұл материалдармен жұмыс жасау барысында өз бетімен ізденеді,мұғалімнің берген ақпаратына қосымша жинайды. Яғни, сол арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттері шыңдалады.

Курстың мақсаты: Химия пәнінің әліппесіне аяқ басқан оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру. Жаратылыстану ғылымдары ішіндегі төрден орын алатын химия ғылымының қыр-сырын зерттеуге баулу және алған білімдерінің өмірде, тұрмыста қажет екенін ұғындыру.

Міндеттері: Химиялық құбылыстарды бақылау және дәлелдей білу білігін дамыту, зертханалық құрал – жабдықтармен жұмыс жасау білігін біліктілікке айналдыру, бағдарламадан тыс химиялық құралдардың ерекшеліктерімен танысу, оқушылардың өз бетімен іздену жұмысына бағыт- бағдар беру.Химия ғылымының қоғамдағығ тұрмыстағы ролін дәлелдеп ,көз жеткізу;

Кез – келген сұраққа жауапты ғылыми тұрғыда дәлелдеген адам ғана жеңетінін түсіндіре отырып , ғылыми көзқарас қалыптастыру.

Жергілікті жердің экологиялық міәселелерін шешуде әрбір оқушыға экологиялық білім, сана, тәрбие, мәдениеттілікті қалыптастырып , табиғатты қорғаудағы экологиялық қажеттілікке айналдыру. Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру мақсатында дидактикалық және мультимедиялық ресурстарды пайдаланып, курс материалын меңгеруге бағыттау. Білімдерін болашаққа мамандық таңдауда пайдалануға бейімдеу.

















































Тақырыптық жоспар

 

Сабақ  тақырыбы

Сағат  

  саны

1

Химия пәні.Заттардың  физикалық  және  химиялық  қасиеттері. Таза заттар. Қоспалар.


1

2

 1.Зертханалық жұмыс. «Ластанған тұзды тазарту»


1

3

Физикалық  және химиялық  құбылыстар.            

 

1

4

Заттың агрегаттық күйі


1

5

Химиялық  реакциялардың  белгілері.


1

6

Атомдар . Молекулалар.  Жай заттар. Күрделі  заттар. 



1

7

Химиялық  элементтер, олардың  таңбалары.


8

Элементтердің  салыстырмалы  атомдық  массалары.                                                                                                      

1

9

Химиялық  элементтің  валенттігі.



1

10

Элементтердің  валенттігі  бойынша  қосылыстардың 

формуларын  құру.                                                                                  

1

11

Атом құрамы мен құрылысы.Изотоптар


1

12

Зат  мөлшері.  Авогадро  саны.


1

13

Молярлық  масса. Молярлық  көлем. 

1

14

Химиялық  реакция  теңдеулері  бойынша  есептеулер . 

1

15

Жай  зат - оттек, оттектің қасиеттері. 

1

16

Ауа және оның құрамы. Жану.

 

1

17

Табиғи қышқылдар және сілтілер.

1

18

Сұйылтылған қышқылдардың металдармен әрекеттесуі

1

19

Периодтық кестенің құрылымы

1

20

Химиялық элементтердің жіктелуі

1

21

Химиялық формулалар. Валенттілік.Салыстырмалы молекулалық масса.

1

22

Тағамдық өнімдердің құрамындағы қоректік заттар

1

23

Адам организміндегі химиялық элементтер

1

24

Пайдалы геологиялық химиялық қосылыстар

1

25

Кеннің құрамы

1

26

Металдарды алу

1

27

Қазақстанның пайдалы қазбалары

1

28

Минералды өндірудің экологиялық аспектілері

1

29

Формула бойынша қосылыстардың салыстырмалы атомдық массаларын есептеу

1

30

Химиялық қосылыстардың массалық үлесін есептеу.

1

31

Химиядағы энергетика

1

32

Химия және өмір

1

33

Химия және қоршаған орта

1

34

Салқындау процесі.

1

 

 

 

 

 
















                         Қолданатын  әдебиеттер

 

1. «Химия»

2. «Химия» 8-сынып оқулығы.

    Н.Нұрахметов, Қ.Сарманова, К.Жексембина.

3. «Химия»  есептер мен жаттығулар жинағы.        

    Ә.Е.Темірболатова.

4. А.Қ.Баешова «Химия» Алматы 2011

5.  Қ. Бекишев. Химия есептері.- Алматы: РБК, 1998.






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!