«Жоғары инженерлік-технологиялық колледжі»
МЕББМ
Орта білімнен кейінгі, техникалық және
кәсіптік
білім беру ұйымдарына арналған
педагогінің
сабақ жоспары
Сабақ тақырыбы: : Электр кабельдері,сымдар, және электр баусымдар
(шнуры)
Сабақ типі: теориялық
Дәріс мақсаты:монтажды сымдар және кабельдер
туралы түсінік.
Дәріс
мазмұны: білім алушыларға сымдар мен
кабельдерді тоқтың экономикалық тығыздығына байланысты
таңдауға,жалғасатын режимнің жағдайына байланысты таңдалып алынған
көлденң қиманың ауданын қызуға төзімділікке тексеруге мүмкіндік
беру.
Міндеттер
: оқушылардың электр жабдықтарын
жалпы тексеру және сынау және және олардан қорғану туралы білім -
білік дағдыларын қалыптастыру; олардың практикалық маңызын
ұғындыру.
дамытушылық: оқушылардың ой -
өрісін дамыту; сөйлеу шеберлігін, ой ұшқырлығын қалыптастыру,
анықтама беру, ерекшелігін нақтылау
тәрбиелік: еңбекке баулу,
адамгершілікке тәрбиелеу; ғылымға қызығушылықтарын және мамандыққа
сүйіспеншіліктерін арттыру.
Монтажды сымдар мен
кабельдер туралы түсінік
Монтажды сымдар мен кабельдер электрлік
аппараттарда және басқа электротехникалық қондырғыларда түрлі
қосындыларды жасауға арналған. Монтажды сымдардың және кабелдердің
тоқөткізгіш желілерін өткізгіш мыстан жасайды.Олар 1 сымды
және көпсымды болуы мүмкін.
Монтажды сымдардың желілерінің қимасы
0.05 -2.5 ,
кабельдікі -0.35-2.5 . Желілер саны 1- ден 52- ге дейін. Жоғары
қыздыруға төзімді (200-220%) Монтажды сымдарда никельденген мыс желілерін
қолданады.
Кабель (голл. kabel
– канат, сым арқан), электрлік– сырты қорғағыш қаптамамен
қапталған, бір немесе бірнеше оқшауланған өткізгіштерден
(ток өткізетін талсымдардан) тұратын
өткізгіш.
Кабель электр
энергиясын және сигналдарды қашықтыққа жеткізу үшін
пайдаланылады. Кабельдің құрылымы оны тарту (су және жер астында,
ауада, зиянды ортада т.б.) және пайдалану ерекшеліктеріне қарай әр
түрлі болып жасалады.
Кабель
түрлері:
Күштік
кабельдер
Бақылау
кабельдері-басқару, бақылау және автоматтандырылған
тізбектер үшін арналған.Жылжымалы объектілерді басқару
тізбектерінде көп сымды, аса иілгіш немесе иілгіш мыс талсымдар
қолданылады.
Арнайы
кабельдер жару жұмыстарына арналған кабельдер және
тағы басқалар болып бөлінеді. Бұл кабельдерді геологиялық,
геодезиялық жұмыстарда пайдаланады.
Байланыс
кабельдері қолдану аймағына қарай магистральды, облыс
ішілік, қалааралық және су ішілік деп
бөлінеді.
Ақпарат
кабельдері -антенна, телефон, компьютер кабельдері
жатады.
Жарықты –диодты
кабельдер — күштік кабельдің өте қызықты түрі. Мөлдір
ашық қаппен қапталған оқшауламасы бар ТПЖ-ның бойымен әр
түрлі жарықты-диод қосымша сымдар тізбектеп жалғанған
бұл кабельдермен тек қана декоративті түрлі-түсті суреттер,
картиналар салуға болады әр түрлі механизмдерде және
сахналық аппаратураларды қосқанда
қолданылады.Күштік кабельдер үлкен
өндірістерде қолданылады
Монтажды сымдар мен кабельдердің
маркілері
Көптеген кабельдер мен сымдардың оқшауламалық
қабы сыртқы механикалық әсерден мақта мата өріммен қорғалған
болады. Сымдардың салаларының және оқшауламамалық қабының
материалына қарай маркілейді. Маркіні әріппен жазады: АПН, ПРТО,
ПГВ.Әріптер мынаны білдіреді:
А –
алюминий сала(егер бұл әріп жоқ болса, онда мыс салалы
болғаны);
Р –
резеңке оқшауламалы;
В –
полихлорвинил оқшауламалы ,
Н –
наирит оқшауламалы,
П –
сым ,
ПП
– жалпақ сым ;
О – өзара оқшауланған
сымдардың ортақ бір қабы бар ;
Т – труба ішімен жүргізуге
арналған сым ;
Г – иілгіш сым
;
Д – қос сым
,
Ш —
баусым;
ВВГ-күштік кабель ТПЖ және ПВХ
оқшауламасымен қапталған,Салалары мыс материалынан жасалған, сыртқы
қорғанысы жоқ.Жиілігі 50 Гц, 600-1000 В кернеудегі электр
тогын тарату және жіберу үшін арналған күштік кабель . 1-ден 5-ке
дейінгі салалардан тұрады, Қимасының диаметрі
1,5-240 дейін.
АВВГ— күштік кабель ТПЖ
және ПВХ оқшауламасымен қапталған, салалары алюминий материалынан
жасалған, сыртқы қорғанысы жоқ.Жиілігі 50 Гц, 600-1000 В кернеудегі
электр тогын тарату және қолдану үшін арналған күштік
кабель.Қимасының диаметрі 1,5-240
дейін.
ВББШВ — мыс салалы брондалған күштік кабель.
Кабельдің саласы бір сымды немесе көп сымды
болып келеді.Қимасы
1,5-240 .ТПЖ- оқшауламасы
бар.
ПП –Жалпақ сым, саласы бір
сымды мыстан жасалған. Оқшауламасы ПВХ-дан және сыртқы қабығы да
ПВХ-дан жасалған. Салаларының саны 2 немесе 3, қимасының размері
1,5-6 дейін. Стационарлық жарықтағыш
жүйелерде, сонымен қатар жарықтандыруда, розеткаларды монтаждауда
қолданылды. Номинальдық кернеуі 250 В, жиілігі 50 Гц. -15 тен +50 С
дейінгі аралықта қолданылады.Майысу радиусы 10 дециметрден аспау
керек.
Сымдардың қимасын
есептеу
Қауіпсіздікті сақтау үшін
біздер кабельдің немесе сымның жүктемеге сәйкес келуі
үшін
сымның қимасын анықтауымыз
керек. Ол үшін сымның немесе кабельдің сыртқы
қабығын
ашып, егер сым бір салалы болса, онда диаметрін
мына формуламен өлшейміз:
S =
П *d2 / 4 немесе S= 0.8*
d2 мұнда
S
= сымның қимасының ауданы,
мм2
П = 3.14
d = сымның диаметрі,
мм2
Осы
формула бойынша есеп шығару: сымның диаметрі d=1.5, онда
сымның қимасы нешеге тең:
S=0,8 * d2 = 0,8 * 1,5 * 1,5 = 1,8
мм2
Егер сым көп салалары болса, онда
сымның бөлек-бөлек ағытып, ішіндегі
салаларын
санаймыз да, ішіндегі саланың қимасының
ауданы s , содан кейін барлық
сымның
қимасының ауданын S —ты
анықтаймыз. Барлық сымның саласының аудандарының қосындысын қосып,
сымның қимасын табуға болады.
3
тақырыпшаны бекіту.
Есеп: бір сымның
ішінде 37 саласы болса, онда бір саласының қимасының
диаметрі
d = 0,3 мм болады. Сымның бір саласының
ауданы мынаған тең :
Шешуі: s = 0.8 * d2 =0.8 * 0.3 * 0.3 =
0.072 мм 2
Сымның барлық салаларының қимасының ауданы
мынаған тең:
S = 37 * s = 37 * 0.072 =
2.66 мм 2
Бақылау
сұрақтары:
-
Сымдар мен кабельдерді қалай
таңдайды?
-
Кабельдің көлденең қимасының
ауданын таңдаған кезде нелерді ескеру
керек?
-
Жалғасатын режимнің жағдайына
байланысты таңдалып алынған көлднең қиманың ауданын неге тексеру
керек?
-
Қатаң шиналарды неге тексеру
керек?
-
35 кВ және одан жоғары
кернеулі қондырғылардағы оқшауланбаған сымдарды неге
тексереді?