Электр монтаждау саласы
бойынша студенттердің функционалдық сауаттылығын дамыту және
қызығушылығын арттыру жолдары
Ерманова Еркеназ
Нуркешовна
Казахстан, г.
Жезказган. ЧУ
«Жезказганский инудстриально-гуманитарный
колледж»
Аннотация: Мақаладада зертханалық жұмыс
кезінде студенттердің функционалды сауаттылығын дамыту мен ойлау
және шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында жасалатын жұмыстар
жайында айтылған. Зертханалық-тəжірибелік жұмыстар теориялық
білімдерді тереңдетуге жəне бекітуге, электрлік сызбалар, электрлік
тізбедегі өлшемдер, электротехникалық қондырғылар зерттеуін
жүргізу, электрлік тізбелер талдамасы, зерттеулер мен есептер
нəтижелерін реттеу бойынша дағдыларды алу үшін
қолданылады.
Кілт
сөз: сауаттылық, өнертабыс,
дағдыларын дамыту, жоба, шеберлік, ойлау
қабілеті.
Колледж студенттері
зертханалық жұмыстар барысында білімге деген құштарлығы мен
қызығушылығын арттыру мақсатында, оқу-практикасы кезінде
зертханалық стендтер жасалған болатын. Бүгінгі күнде оқу
мекемелерінде қолданыстағы оқу стендтері шетелдерден алынғаны
баршамызға мәлім. Электр монтаждау бағыты бойынша жасалған
стендтедің ішкі құрылымы аңық көрсетілмеген. Яғни студенттер
берілген схемалар бойынша қосу, жалғау жұмыстарын жасайды, бірақ
алдында тұрған қораптың ішінде не орналасқаның білмейді. Бұл
түлектердің жұмысқа тұру кезінде үлкен кедергі болатыны
мәлім.
Жезқазған
индустриалдық-гуманитарлық колледжінде электрмен қамтамасыз ету
және автоматтандыру басқару мамамндықтарының оқу практикасы кезінде
жұмыс стендтері жасалған болатын. Баршамызға мәлім World skills
сайысының мақсаты жұмысшы мамандықтарының мәртебесін
арттыру және шеберлік дағдыларын дамыту екенің білеміз. «Бұл бізге
не береді?»-деген сұраққа біз студент электр аспаптарының жұмыс
істеу принциптерін көзбен көріп қолмен ұстап көре алады. Қазақта
«болам деген баланың белін бу» деген мақалды ұран ретінде ұстанып,
ақыл ойы, қиялы мен шеберлігін дамытуға таптырмас жоба. Яғни
осындай жобаларды дамыта берсек біз өзге елдің өндірісіне зәру
болмаймыз. Экономикалық жағынан да тиімді, мақтануға да тұрарлықтай
дүние. Жұрттың баласы жасағанды неге бізде
жасамасқа. Осы мәселені ескере отырып
бірнеше стендтер жасалған болатын. Жасалған жұмыс стендтерінің
біршамасына тоқтала кетсек.
Стенд оқу-практикасы кезінде
жасалғандықтан кез-келген оқушыға жұмыс істеу қиындық тудырмайды.
Берілген схема бойнша алмалы-салмалы штекерлердіпайдалану арқылы
тапсырманы орындай алады. Физикалық күште талап етілмейді.
Студенттің ойлау қабілетін дамытуға таптырмас құрылғы. Стендті
құрау кезінде студендтер монтаждау жұмысын, дәнекерлеу (пайка)
жұмысы мен схемаларды оқуды үйренеді. Жасалған стендтар жайлы
ақпараттарға жеке тоқталайық.
1-ші стенд (1-сурет). «Жарық
шамдарын автоматты түрде іске қосу». Зертханалық стенд көмегімен
электр есептеуіш құрылғыларын жалғау, сақтандырғыш автоматтарын
жалғау, магниттік релені сынау, жарық датчигі, электр энергиясы
сөнген жағдайда қосалқы қозғалтқышты іске қосу, қозғалыс датчигін
іске қосу жұмыстарын жүзеге асырылады.
Бұл жұмыс стендің (1-сурет)
пайдаланған кезде студенттер зертханалық жұмыс кезінде еркін жұмыс
істей алады және қалауынша іске қосу бағыттарын өзгерту арқылы
түрлі тәжірибелер жасай алады. Қарапайым тірлікте үйде болуы мүмкін
қысқаша тұйықталудың алдын алу мен қаражат үнемдеу жолдарын
үйренеді. Қала көшелерінде берілетін жарықтың қосылу жүйесін
үйренеді. Подъезді жарықтандыру және апатты жағдайда жарықтандыруды
іске қосуды үйренеді. Сонымен бірге берілген датчиктердің орның
ауыстыру арқылы басқа да салаға қолдануды үйренеді. Тіпті жарық
сөнген жағдайда 220 вольттан 12 вольтқа ауыстыруды да зерделей
алады.

1-сурет. Жарық шамдарын автоматты түрде
іске қосу
Құрамы:
-
Автоматты (қос) ажыратқыш
ВА47-29 МЕМСТ Р50345. С32.230/400В - 4
дана
-
КМИ 23210 – 1
дана
-
MЕ-8108 терминалының
қосқышы
-
РН-113 7кВт – 1
дана
-
DHC15L –
1
дана
-
Меркурии 201 электр есептеуші
– 1 дана
-
LS-150-12
қорек блогы – 1
дана
-
РЭК78/3 – 1
дана
-
Фотореле ФР-602 – 1
дана
-
Инфрақызыл қозғалыс датчигі
ДД-009 – 1 дана
2-ші стенд (2-сурет). «Жарық
шамдарын тізбектей және параллель жалғау». Бұл стендпен зертханалық
жұмыс жасау кезінде студенттер жұмыс жасау кезінеде параллель және
тізбектей жалғаудың қалай жүзеге асырылуын оңай түсіне алады.
Себебі екі жалғау түрі де стендте қарапайым түрде аңық көрсетілген.
Студенттер штекерлер арқылы электр тогын жалғап үйренеді. Сонымен
қатар ретро стилінде жарық шамдарын жалғауды үйренеді. Электр
есептеуші құрылғылары мен автоматтарды пайдалануды, қосқыштарды
жалғауды оңай игереді. Яғни қызыл және көк штекерлер көмегімен
керекті нүктеге орнатып тізбектей және параллеь жалғай алады.
Орнатылған автоматтар да алмалы-салмалы болғандықтан кез-келген
автоматты орната алады. Электр есептеуіш құрылғысының жалғану
тәртібі айқын көрсетіліп тұр. Егер студент жалғау барысында қателік
жіберсе, тоқ көзіне қосу барысында автоматты түрде тоқ өшіріледі.
Бұл қауіпсіздікті сақтауға үйретеді.

2-сурет.
Жарық
шамдарын тізбектей және параллель
жалғау
Құрамы:
-
Автоматты (қос) ажыратқыш
ВА47-29 МЕМСТ Р50345. С32.230/400В - 3
дана
-
Меркурии 201 – электр шығының
есептеуіш – 1 дана
-
Қосқыш – 2
дана
-
Розеткалар – 2
дана
-
Вольфрам электр лампалары – 4
дана
-
Led
электр лампалары 8 -
дана
3-ші стенд (3-сурет). «Уақыт
релесі». Бұл стенд электромагниттік
контакторлардың басқару релесі, уақыт релесі, бокстау релесі, жерге
тұйықтау релесі, электрпневматикалық вентильдер тартқыш
электромагниттер, қосалқы электр машиналары, оның ішінде өту
релесін тексеруге, реттеуге және сынауға
арналған;
Стендтің қоректендіру көздері
іске асыратын сипаттамалары бар басқа да аппараттар мен электр
машиналарына сынақ жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл стендтпен жұмыс
жасау кезінде студенттер уақыт релесін үй жағдайында қолдануды
үйренеді. Мысалы келтіретін болсақ, жазда саяхатқа кететін болсаңыз
үйдегі бақшаңызды автоматты түрде суарып тұруға болады. Реленің
көмегімен жарық өшкен кезде тұтынушы энергияны автоматты түрде
қосалқы қозғалтқыштан алатындай ауыстыруға болады. Стенд бұзып
қайта жинауға ыңғайлы. Яғни кез келген автоматтың баламалы түрін
орнатуға болады. Релені де заманауй түрлеріне ауыстыра беруге өте
ыңғайлы. Бұл орнатылған құрылғыларды игере отырып, студенттер
болашақта өндірісте еркін жұмыс жасауды үйренеді. Бұл құрылғылар
бір емес бірнеше операция орындай білетіндіктен ыңғайын келтіріп
бірнеше салаға пайдалануға болады.

3-сурет. Уақыт
релесі.
Құрамы:
1. Автоматты (қос) ажыратқыш
ВА47-29 МЕМСТ Р50345. С32.230/400В - 3
дана
2. «Volt Control» 7кВт-50Гц
кернеу релесі - 1 дана
3. Автоматты ажыратқыш ДИФ-102
С16. 30mA, Im=500A. 230в ~ 50Гц - 2 дана
4. Электрондық KG316T таймер -
1 дана
5. Кернеуі бар тұрмыстық
тұрақтандырғыш реле - 1 дана
6. Фазалардың үзілуін бақылау
релесі - 1 дана
7. Автомат , 415В-50/60Гц - 1
дана
8. Аралық реле РЭК78/3,
5А/230В ~ 5А/24В =. - 2 дана
9. Релеге арналған қалып - 2
дана
10. Аралық реле РЭК77/4,
10А/230В ~ 10А/24В =. - 1 дана
11. Релеге арналған қалып - 1
дана
12. Вольтметр М903 - 1
дана
13. Бекітпелі түйме - 1
дана
14. Электрондық ТВ-35В таймер
- 1 дана
15. Электр патроны Е14 Т210 -
6 дана
16. Нөлдің және жердің
шиналары - 1 дана
Техникалық
сипаттамалары:
Қоректену кернеуі: жерге
тұйықтау сымы бар 220 В, 50 Гц бір фазалы
желі.
Ең жоғары тұтынылатын ток 10
А
Ең жоғары тұтыну қуаты 2000
Вт
Сонымен қоса оқушылардың
ыңтасын арттыру және мамандыққа қызығушылығын қалыптастыру
мақсатында төменде көрсетілген электронды ойыншықтарды құрау
жұмыстары жүргізіледі. Берілген электронды ойыншықтар құрап қана
қоймай оны дәнекерлеуді (пайка), электр двигателдерән жөндеуді
үйренеді.


Соңында айтпағым Абай атамыз
айтқандай «Болмасанда ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз» демекші, біз
өзге елдің өнімдеріне қызығып пайдаланатың болсақ дамудың қатарынан
қаламыз. Бүгін жас ұрпаққа тамшыдай білім берсек, ертенімізге
теңіздей үлес әкелері мәлім. Бұл бізде жасалған жұмыстың
біршамасының мысалы. Айта кетері өте арзанға шығады. Болашақта жаңа
форматта жалғасын табатынына сенімдіміз.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
-
Анчарова Т.В. Электроснабжение и электрооборудование
зданий и сооружений / Т.В. Анчарова,
Е.Д. Стебунова М.А. Рашевская. - Вологда: Инфра-Инженерия, 2016.
- 416 c.
-
Кашкаров А.П. Автономное электроснабжение
частного дома / А.П. Кашкаров. - РнД: Феникс, 2015. - 140
c.
-
Щербаков Е.Ф. Электроснабжение и электропотребление на
предприятиях: Учебное пособие / Е.Ф.
Щербаков,
Д.С. Александров,
А.Л. Дубов. - М.: Форум, 2016. - 208
c.
-
Янукович Г.И. Электроснабжение сельского
хозяйства: Практикум / Г.И. Янукович, И.В.
Протосовицкий,
А.И Зеленькевич. - М.: Инфра-М, 2018. - 304
c.