Электр құбылыстары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Электр құбылыстары

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні

Физика

Сыныбы

8а

Уақыты

08.12.12

Сабақтың тақырыбы

§28Денелердің электрленуі.Электр заряды.Электр зарядының сақталу заңы.

§29Электроскоп.Электрөткізгіштер және Электр тогын өткізбейтіндер.

§30. Атом құрылысы. Элементар электр заряды.

Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері

А) ақпараттық құзыреттілік









Ә)проблеманы шешу құзыреттілігі



Б) коммуникативтік құзыреттілік




Электр өткізгіші мен өткізбейтін материалмен таныстыру.Электр өрісі ұғымын түсіндіру, оның техникалық және практикалық маңызымен таныстыру, атомның және атом ядросының құрылысы, элементар электр заряды, электрон жөнінде түсінік беру, заттың құрылысы жөніндегі білімдерін кеңейту Ақпаратты өз бетінше табуға, талдауға, физикалық тәжірибелерді жасап, оның заңдылықтарын жаза білуге баулу, сақтауға, түсіндіруге және оның ішінде қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асыруға үйрету.


Оқушының күтілетін нәтижеге бағытталған ақыл-ой әрекетін проблема қою және оны педагогикалық технологиялар қолданып шешу арқылы ұйымдастыру.Жұптасып жұмыс істеуге, ойлануға, ізденуге, ұйымшылдыққа, өзара пікірлесуге баулу, техникалық қабілеттерін арттыру


Оқушылардың ойлау және танымдық қабілеттерін дамыту,тақырыппен өз бетінше жұмыс жасауын қалыптастыру,ақпараттық мәдениетін дамыту.


Сабақтың типі

Жаңа материалды хабарлау

Сабақта қолданылатын пе дагогикалық

технологиялар

Ақпараттық-коммуникативтік технология,тірек сигналдар арқылы оқыту,ұжымдық және топтық оқыту

Сабақтың әдісі:

Сөздік әдісі, көрнекілік, талдау, жүйелеу,

Пәнаралық байланыс:

Математика,информатика,химия

Оқыту құралдары:

Компьютер, электрондық оқулық,физикалық құралдар.


Сабақтың барысы:

Оқытушының қызметі

Студенттің қызметі

Күтілетін нәтиже

І. Ұйымдастыру бөлімі

-амандасу,сынып тазалығына назар аудару;

-түгендеу,

-оқу құралдарының дайындығын тексеру

-сабақтың мақсатын жариялау;

Оқушылар көңіл-күйлерін смайликтер арқылы білдіреді.


-амандасу,

-кезекшілік қызметтерін атқару,

-оқу құралдарын дайындау


Оқушы пен оқытушы арасында өзара түсінік қалыптасуы.

Оқушылардың тақырып бойынша негізгі ақпараттарды ұғынуына жағдай жасау.

Үй тапсырмасын тексеру













-Өткен тарау бойынша сұрақтар қою.


1.Термодинамиканың Ізаңы дегеніміз не?

2.Изобаралық процесс дегеніміз не?

3.Изохоралық процесс дегенііміз не?

4.Изотермалық пр дегеніміз не?

5.Іштен жанатын қозғалтқыштар неше бөлімнен тұрады және атап бер?

6.Таңазытқыштың бөліктері?

7.ПӘК дегеніміз не?

8.Термодинамиканың заңы қалай өрнектеледі?

9.Жылу машиналары дегеніміз не?

10.Алғаш бу машинасын ойлап тапқан ғалым?

-Өткен тарау бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру арқылы,қайталау.

1. Жүйеге берілген жылу Q оның ішкі энергиясының U өзгерісіне және жүйенің сыртқы денелермен істейтін А жұмысына жұмсалады.

2.Қысымы тұрақты,температурасы мен көлемі өзгеретін термодинамикалық процесс.

3.Газдың көлемі тұрақты,температурасы мен қысымы өзгеретін терм.процесс.

4.Температурасы тұрақты,қысымы мен көлемі өзгеретін терм.процесс.

5.Жетіге олар,цилиндр,бұлғақ пен кривошип,иінді білік,ауыр тегершік,қақпақша,тұтандырғыш шам.

6.Агрегат компрессорлар,конденсаторлар,буландырғыштар,кран немесе вентиль.

7.Істелген жұмыстың қыздырғыштан алынған жылу мөлшеріне қатынасына тең.

8.Q=˄U+A

9.Жүйенің ішкі энергиясының бір бөлігін механикалық энергияға айналдыратын және соның есебінен жұмыс істейтін құрылғыларды айтады.

10.18ғ 90жылдары Француз Д.Папен ойлап тапты


Нақты жағдайларда дұрыс жауаптарын табу үшін ауызша және жазбаша қарым қатынас түрлі құралдарын қолдануы;




- МКТ негіздерін,қағидаларын, формулаларымен заңдылық тарын білуі, ақпараттық мәде ниетінің дамуы;





-әртүрлі жағдайдағы проблема ларды анықтауға, жауапты шешім қабылдауға өз шешімінің нәтижесін бағалауға дайын болуы;


- өзіндік қорытынды жасауы


ІІІ. Өткен материалды қайталау арқылы жаңа материалды қабылдауға дайындық


Біздің заманымызға дейінгі 600-жылдары ертедегі гректер құрғақ, қатты шайыр күйдегі сары янтарь (электрон) өндірген және сары янтарьдың ерекше қасиеті бар екенін байқаған. Янтарьды теріге немесе жүнге үйкегенде, ол біраз уақыт бойы шашты, жапырақты, астықтың сабағын, талшығын өзіне тартқан. Гректер осы шайырды электрон, ал оған қатысты құбылысты денелердің электрленуі деп атаған. Янтарь өзіне басқа денелерді тарту қабілетіне ие болғанда, оны электрленген күйде деп атайды. «Электрон»сөзінен электр деген термин шықты. Электрлену барысында пайда болатын күштерді электр күштері деп атайды.

Тұйықталған жүйедегі денелердің электрленуінің барлық құбылыстарында электр зарядының қосындысы сақталады:

q1+q2+…+qn=const.








Мұқият тыдау,ұғыну.


Оқушылар бағаланады.

ІҮ. Жаңа материалды түсіндіру














Денелердің бәрі де ең ұсақ, одан да ұсақ бөлшектерге бөлуге келмейтін, сондықтан элементар бөлшектер деп аталатын бөлшектерден тұратынын білесіңдер. Барлық элементар бөлшектердің массасы бар, сондықтан олар бір-біріне ьүкіл әлемдік тартылыс заңы бойынша тартылады. Тартылыс күшй олардың арақашықтары артқан сайын – ара қашықтығының квадратына кері пропорционал – салыстырмалы түрде баяу кеми береді. Онымен бірге, бәрі болмағанымен, элементар бөлшектердің көпшілігінің біріне-бірі тағы күшпен тартыла алытын қабілеті бар. Бұл күште ара қашықтың квадратына кері пропорционал азаяды, бірақ ол тартылыс күшінен орасан көп есе басым. Мысалы, 60-суретте схема түрінде көрсетілген сутегі атомында электрон ядроға (протонға) гравитациялық тартылу күшінен 1039 есе артық күшпен тартылады.

Элементар бөлшектің заряды болса, онда ол зарядтың шама­сы көптеген тәжірибелер көрсеткеніндей, дәл анықталған шама. Мұндай тәжірибелердің бірі – Милликен - Иоффе тәжірибесі туралы іргеріде айтылады.

Электр зарядының сақталу заңы. Денелердің массасының сақталу заңын сіздер біле­сіздер. Сол сияқты электр заряды да сақталады. Атап айтқанда, зарядталған бөлшектер саны емес, заряд сакталады.

Үйкеу аркылы электрлегенде денелердегі бастапқыда бейта­рап болған зарядтар кайтадан өзара бөлінеді. Мұны пластина­ларды зарядтау тәжірибесі дәлелдейді. Электрондардың біраз бөлігі бір денеден екінші денеге өтеді.

Бұл жағдайда жаңа бөлшектер пайда болмайды, ал бастапқыда болғандары жойылып кетпейді.

Денелер электрленгенде электр эарядының сақталу заңы орын­далады. Бұл заң зарядтаман бөлшектер сырттан кірмейтін жә­не одан сыртка шығып кетпейтін жүйе үшін яғни, тұйык жүйе үшін дұрыс. Тұйық жүйеде барлық бөлшектер зарядтарының алгеб­ралық қосындысы өзгеріссіз қалады. Егер бөлшектердің зарядтарын ql, q2, ... ,q. арқылы бслгілесек, онда

Нақты заряд


Атом құрылысы. 1897 жылы көптеген электр құбылыстарын түсiндiруге мүмкiндiк беретiн жаңалық ашылды. Ағылшын ғалымы Дж. Дж. Томсон элементар заряд тасымалдаушысы болып табылатын бөлшектi тапты. Бұл бөлшекті электрон деп атады. Электрон массасы m=9,1*10-31 кг-ға тең және табиғаттағы ең жеңiл сутегi атомы массасынан 3700 еседей аз болып шықты. Электр зарядын арттыруға және азайтуға болады,Яғни олар әр түрлі мәнге ие болуы мүмкін. Ендеше электр заряды физикалық шама. Екі электрометр алып олардыың біреуін зарядтайық. Сосын оқшаулағыш тұтқасы бар жіңішке сыммен екі электрометрді жалғайық. Сонда біз зарядтың теңдей екіге бөлінгенін көре аламыз. Атом құрылысы 1911 жылы ағылшын ғалымы Э. Резерфорд басқарған тәжiрибелер нәтижесiнде ашылған. Электрон заряды терiс: qэл  = – е = – 1,6 · 10–19 Кл.



  • Атом ортасында оң зарядталған ядродан жэне оның қабықшасын құрайтын, оны орасан зор жылдамдықпен қозғалатын электрондардан тұрады

  • Элементар электр заряды, е=-1,6*10-19 Кл Электронның массасы m =9,1 * 10-31 кг

  • Ядроның құрамына оң зарядталған бөлшек протон және нейтрон деп аталатын бейтарап бөлшек кіреді

  • Ядродағы нейтрондардың саны протондардың санына тең

  • Ядроның заряды оң және абсолют мәні бойынша атомдағы барлық электрондардың зарядына тең

  • Оң ион-кандай да бір өзара эрекеггесу нәтижесінде электрондарынан айрылған атом

  • Теріс ион- қандай да бір өзара әрекеттесу нәтижесінде артық электрондарды қосып алған атом

  • Атомның өлшемі өте кіші 10-10 м Атом ядросының өлшемі (10-14 м ), атомнан он мың есе кіші.

1897 жылы көптеген электр құбылыстарын

түсiндiруге мүмкiндiк беретiн жаңалық ашылды.

Ағылшын ғалымы Дж. Дж. Томсон элементар

заряд тасымалдаушысы болып табылатын бөлшектi тапты. Бұл бөлшекті электрон деп атады. Электрон массасы m=9,1*10-31 кг-ға тең және табиғаттағы ең жеңiл сутегi атомы массасынан 3700 еседей аз болып шықты.

Электр зарядын арттыруға және азайтуға болады,Яғни олар әр түрлі мәнге ие болуы мүмкін. Ендеше электр заряды физикалық шама. Екі электрометр алып олардыың біреуін зарядтайық. Сосын оқшаулағыш тұтқасы бар жіңішке сыммен екі электрометрді жалғайық. Сонда біз зарядтың теңдей екіге бөлінгенін көре аламыз. Атом құрылысы 1911 жылы ағылшын ғалымы Э. Резерфорд басқарған тәжiрибелер нәтижесiнде ашылған.

Электрон заряды терiс: qэл  = – е = – 1,6 · 10–19 Кл.


Бұл заряд электронның ерекше сипаттамасы болып

табылады. Жәй денелердi зарядтауға немесе разрядтауға

болады, ал электронды зарядынан “айыру” мүмкiн емес.

Сондай-ақ электрон зарядын азайтуға немесе көбейтуге

болмайды. Электрон заряды барлық уақытта тек бiр мәнге ие. Химия курсынан сiздер электронның атом құрамына кiретiнiн бiлесiздер. Электрондар атом ішінде орналасқан оң зарядталған атомдық ядроны айнала қозғалады. Резерфорд атомының құрылысын Күн жүйесiне ұқсатты. Күн жүйесiндегi планеталар

оған тартылып айналғаны сияқты, электрондар да ядроға

тартылып оны айнала қозғалады. Осындай ұқсастығы үшiн Резерфорд ұсынған модельдi (11-сурет) планетарлық модель деп атаған

Ядро мен электронның ара қашықтығы олардың

өлшемдерiне қарағанда өте үлкен. Егер атомды ойша

үлкейткенде ядроның диаметрi он теңгелiктей болса, онда

ядро мен электрон ара қашықтығы шамамен бiр

километрдей болар едi. Егер барлық электрондар

атомдық ядроларға тығыз жабып орналасса, онда ересек

адамның денесiнiң көлемi бiр куб миллиметрдiң миллионнан

бiр бөлiгiндей болатындығы есептелген! Бұдан адам денесiнiң 99%-iн (кез-келген дененiң) бостық жайлайтындығын көремiз.

Бiр тектi атомдар жиынтығы химиялық элемент деп аталады. Әр түрлi химиялық элементтердiң атомдары бiр-бiрiнен ядроларының зарядымен және сол ядроны айнала қозғалатын электрондар санымен ерекшеленедi. Мысалы,сутегi атомында жалғыз электрон бар, оттегi атомында – сегiз электрон,

ал уран атомында – тоқсан екi. Атомдағы электрондар саны

элементтiң Д.И. Менделеев кестесіндегі реттiк нөмiрiмен сәйкес келедi.

Белгiлеу енгiзейiк: Z – элементтiң реттiк нөмiрi

е = атомдағы электрондар саны. Онда атом ядросының

және атомдағы барлық электрондардың жалпы заряды

үшiн былай жазуға болады: qядро = + Ze, qэл-н = – Ze.

Атомдағы электрондардың жалпы зарядын, атом

ядросының зарядына қоссақ нөл шығады. Бұл атомның

толықтай бейтарап екендiгiн көрсетедi. Бейтарап атомдардан тұратын заттардың молекулалары да бейтарап болады. Кейбiр жағдайларда (мысалы, соқтығысқанда) атомдар бiрнеше электронын жоғалтуы мүмкiн. Атомдар электрондармен бiрге өздерiнiң терiс зарядының бiр бөлiгiн жоғалтып, бейтарап емес жүйеге айналады. Осының салдарынан пайда болған оң зарядталған атомды оң ион деп атайды. Керi жағдайлар да болуы мүмкiн: бейтарап атом өзiне артық электрон қосып терiс зарядталады.

Мұндай атомды терiс ион деп атайды.

Атом ортасында оң зарядталған ядродан және оның қабықшасын құрайтын, оны орасан зор жылдамдықпен қозғалатын электрондардан тұрады

Элементар электр заряды, е=-1,6*10-19 Кл

Электронның массасы m =9,1 * 10-31 кг

Ядроның құрамына оң зарядталған бөлшек протон және нейтрон деп аталатын бейтарап бөлшек кіреді

Ядродағы нейтрондардың саны протондардың санына тең.

Ядроның заряды оң және абсолют мәні бойынша атомдағы барлық электрондардың зарядына тең




- тірек сызбалар арқылы ақпа -ратты өз бетінше құрастыруды ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асыруы;

-өз ойларын топта бөлісіп,оны талдау, іріктеу жасауы, кайта құруы, сақтауы, түсіндіруі;

-өз ойларын қысқа ,әрі жетік баяндауға дағдылануы;

-оқушы топтық талқының іс-әрекетіне өз бетімен ілесуі;


















электр

өткізгіштер

ЗDrawObject2 DrawObject1 аттар

электр

өткізбейтіндер

салмақ

Ұзындық

жылу

Электр заряды

таразы

Метр,сызғыш, (лента)

термометр

Электроскоп, электрометр


өткізгіштер

Металдар,қышқылдар мен тұздар ерітіндісі, ылғал топырақ, адам денесі т.б.

өткізбейтіндер

Резеңке, шыны,эбонит, фарфор, жібек, керосин, ауа т.б.
















Жаңа материалды қабылдауға дайындық. Оқушылар керекті формулаларды,анықтамаларды дәптерлеріне

жазып алады.




- тірек сызбалар арқылы ақпа -ратты өз бетінше құрастыруды ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асыруы;


-өз ойларын топта бөлісіп,оны талдау, іріктеу жасауы, кайта құруы, сақтауы, түсіндіруі;



-өз ойларын қысқа ,әрі жетік баяндауға дағдылануы;

-оқушы топтық талқының іс-әрекетіне өз бетімен ілесуі;

Ү. Жаңа білімді бекіту


























  1. Р. Милликен тәжірибе жүзінде электрон зарядының мәнін анықтадыма?

  2. Электрон зарядын е әріпімен белгілейді ме?

  3. Атомның оң зарядтары артса теріс ион деп аталады ма?

  4. Электр заряды физикалық шама ма?

  5. Барлық денелер молекулалардан тұрмайды ма?

  6. Молекулалар атомдарға бөлінеді ме?

  7. Электронның электр заряды элементар заряд деп аталады ма?

  8. Е-нің мәні 1,9*10 Кл тең бе?

  9. Э. Резерфорд 1912ж атомның бос екендігін анықтады ма?

  10. Атомның өлшемі өте үлкен бе?

  11. Электронның массасы м=9,1*10 кг тең бе?

  12. Атом теріс ион деп аталады ма?

  13. Атомның ядросы атомнан он есе үлкен бе?

  14. Электронның электр заряды электронның негізгі қасиеттерінің бірі ме?

  15. Оң зарядталған бөлшек протон деп атала ма?

  1. Иа

  2. Иа

  3. Жоқ

  4. Иа

  5. Жоқ

  6. Иа

  7. Иа

  8. Жоқ

  9. Жоқ

  10. Жоқ

  11. Иа

  12. Иа

  13. Жоқ

  14. Иа

  15. Иа


-өзі іс-әрекетіне бақылауды тапсырылған тәртіппен орындайды.

- өз әрекетінің өнімін берілген өлшемдер мен тәсілдерге сәйкес бағалайды.

- белгілі әрекеттерді орындау үшін қажетті формулалармен өлшем бірліктерді құрастыра алуы;

- жоспарланған және алынған сипаттамаларын салыстырады және өнім сапасына сәйкес қорытынды жасай білуі ;


ҮІ. Қорытынды

Үйге тапсырма


Сұрақтарға берілген жауаптардың нәтижелері бойынша сабаққа қатысқан оқушыларды өз бетімен жаңа материалды оқып үйрену оны жеткізе білу , есеп шығаруда қолдана білу іскерліктері ескеріле отырып , сабақтағы жауабын бағалайды.

Үй тапсырмасын беру.

§28 29 30 оқып келу артында берілген сұрақтарға жауап беру.



Үйге берілген тапсырманы дұрыстап тыңдап,дәптерлеріне жазып алады.

Тапсырма негізінде ақпарат жинақтап жүйелейді.



Ұсынылған ақпараттан қойылған міндеттерді шешуге қажеттісін бөліп алады.









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
28.10.2018
1384
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі