Материалдар / Электр қуаты 10 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Электр қуаты 10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Физика пәнінен 10 сыныптарға арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Желтоқсан 2020
557
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сәлеметсіздер ме Құрметті Студенттер!

Сабақтың тақырыбы:

Электр тогының жұмысы мен қуаты

Мақсаты:

Білімділік: Электр зарядын және электр өрісін сипаттау

ДамытушылықҚоршаған ортаға деген ғылыми көзқарас және ой-өрісін дамыта отырып, сабаққа деген қызығушылығын арттыру. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Ұжымшылдыққа, шапшаңдыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Электр қуаты-Өндірілетін отын түрлерінің 1/5 бөлігі электр қуатын және жылуды бөліп шығару үшін пайдаланылады. Қуаттың басқа түріне карағанда электр қуатының көптеген колайлы жақтары бар. Оны механикалық, жарық және жылу қуатына түрлендіріп сым арқылы тасымалдауға болады.

Электр қуатын шаруашылықтың көптеген салаларында пайдаланады. Қуаттың басқа түріне қарағанда электр қуатына деген сұраныс жыл өткен сайын артуда. Сол себепті де электр қуатын өндірудегі жетістік шаруашылыктың басқа түрлеріне карағанда біршама алда жүруі тиіс. Қазақстанда электр стансасының 3 түрі колданылады; Жылу электр стансалары 2 түрге бөлінеді;

конденсациялы

жылу электр орталықтары.

Конденсациялы стансалар тек қана электр қуатын өндіреді.

Мұндай стансалар электр қуатымен үлкен аудандарды қамтамасыз етеді. Сондықтан да оларды мемлекеттік аумақтық электр стансалары (МАЭС) дейді. Бұл стансалар барлық өндірілетін электр қуатының 1/2 бөлігін береді. Конденсациялы стансаларды қосуға көп уақыт қажет (орта есеппен 5 сағат). Сондықтан оларға жыл бойы бірқалыпты жұмыс жасап тұру кажет. Тоқтатқан жағдайда электрмен қамтамасыз ету жүйесі бұзылады. Конденсациялы стансалар отын көзіне, суға жақын орналастырылады. Жылу электр стансаларының келесі түрі жылу электр орталығы (ЖЭО). Бұл жерде электр қуаты мен жылуды өндіру жинақталған. Стансаның мұндай түрі отынды пайдалану коэффициентін конденсациялы стансаға қарағанда екі есеге ұлғайтады.


ЖЭО - жылуды 20 километрден артық тасымалдау тиімсіз болғандықтан, қалаларда орналастырады. Жылу электр стансалары шамадан тыс көмірқышқыл газын бөліп шығаратындықтан, қоршаған орта ластанады. Электр куаты кез келген жерге жоғары вольтты электр желісімен тасымалданады (ЭЖТ). Белгілі бір ауданға энергия қаншалықты қажет болса, соншалықты электр қуатын жеткізе алады. Сондықтан да жылу электр қуатын отынға және тұтынушыға жакын орналастырады. Электр стансасының келесі типі - су электр стансасы республикамыздағы электр қуатының, ең арзан түрі. Яғни ағынды судың қуаты адамның қатысуынсыз алынады және отынды үнемдеудегі жетекші өнеркәсіптің бірі.

Су электр стансалары

Су электр стансаларындағы қызметшілер саны (100-150 адам) жылу электр стансаларына карағанда екі есе аз. СЭС-ның тежегіштерін уакытша тоқтатып, қажет кезде қайта қосуға болады. Экологиялық тұрғыдан алғанда ауаға лас заттарды бөліп шығармайды, бірақ айналасының ландшафтысың белгілі бір деңгейде өзгертеді.

Су электр стансасын салу жылу электр стансасына карағанда ұзакқа созылады және қымбатқа түседі. Электр қуатын жыл бойы бір қалыпты өндірмейді, сонымен бірге тек қана су коймасы толғаннан кейін өндіреді. Су электр стансалары өзендерде салынатындықтан, табиғат жағдайына төуелді. Кейбір жағдайларда бір өзеннің бойында бірнеше СЭС-ын немесе каскад СЭС-ын орналастырады.

Каскадтар судың ағысына қарай жоғарыдан темен сатылап орналасып, судағы қуатты толығымен өндіріп алуға арналып салынған. Кемелерді өткізіп тұратын шлюздер мен су қоймалары біріге отырып, су торабын құрайды.

Су торабын салудың экологиялық және әлеуметтік тұрғыдан тигізетін зияны да бар. Үлкен аймақты су басуы мүмкін. Жергілікті тұрғындарды басқа жаққа қоныстандыру үшін қомақты қаржы қажет болады. Яғни ірі су электр стансаларын салғанда жоғарыдағы көрсет- кіштерді ескеру қажет.

Атом электр стансалары

Республикамызда электр стансасының үшінші типі - атом электр стансасы 1973 жылы Ақтау қаласында салынған. Станса шапшаң нейтронмен жұмыс істейтін АЭС іске косылды. Екібастүз МАЭС-1 үшін (4 млн кВт) жылына 200 мың вагон отын қажет, ал АЭС үшін — небәрі 10 вагон жұмсалады. АЭС-ның тиімді жақтары көп. Отынды аз пайдаланады, атомдық отынды тасымалдау оңай болғандықтан кез келген жерде салуға болады. Бірақ АЭС салу үлкен сақтықты қажет етеді.

1986 жылы Чернобыль АЭС- ында (Украина) болған апаттан кейін көптеген елдер АЭС салудан бас тартты, кей елдер мүлдем жауып тастады.

АЭС — жоғары технологиялық өндіріс байланысындағы ауыр түйін. Оны атомдык отын циклі немесе атом энергетикасы деп атайды. Атомдық отын цикліне уран кенін өндіру мен өңдеу, АЭС-на отын дайындау, оларға электр қуатын өндіру, атом қалдықтарын өңдеу және көму жатады. СЭС-ы мен ЖЭС-ы арзан электр қуатын береді. Ол дегеніміз айналасында электр қуатын көп тұтынатын өнеркәсіптерді шоғырландыруға мүмкіншілік береді. Арзан отынның және су қуатының нәтижесінде электр қуатын өндіру энергетиканы дамытудың негізгі принципі. Электр стансалары мен электр қуатын жеткізу желісі біріге отырып, энергия жүйесін құрайды. Энергожүйе тоқтаусыз ұдайы электр қуатын жеткізіп беруде шешуші рөл атқарады.

1997 жылы өте жоғары электр тасымалдау желісі іске қосылып (ЭТЖ), екі энергия жүйесін байланыстырды. Яғни қазір жеке Қазақстандық энергия жуйесі қалыптасты. Бірақ республикамыздың барлық аумағын қамти қойған жок.

Республикамыздағы энергия жүйесің дамыту әлі күнге дейін жалғасуда. «Солтүстік-оңтүстік» ірі ЭЖТ (электр желісімен тасымалдау) салынуда. Сонымен бірге ЖЭС, СЭС құрылысын салу көзделуде. Олар Шарын, Іле, Ертіс өзені бойында болса, Жоңғар қақпасында жел электр стансасын салу жоспарлануда. Сонымен, мемлекетіміздің экономикасын нығайтуда жетекші орындардың бірін отын-энергетика кешені алып отыр. Оны көмір өнеркәсібі бастаса, электр қуатын өндіру ісі жалғастырып отыр.


Факттар

Екібастұз тас көмір алабының қоры (10 млрд т) бар-жоғы 155 км2 жерде жинақталып орналасқан. Ол 1955 жылдан бері барлығы 2 млрд т көмір әндірілген. Осындай қарқынмен бірде-бір көмір алабы игерілмеген.

Дүние жүзіндегі ең ірі «Богатырь» кесіндісі 1965-1979 жылдар аралығында 9 кезеңге бөлініп салынды. Жоспардағы қуаттылығы жылына 50 млн тонна көмір. Қазіргі таңда осы кесіндінің көмірі аркасында Қазақстанның 10 ірі электр стансасы жұмыс істеуде. Өндірілген көмірдің жартысынан астамы Ресейге жіберіледі.

Шүбаркел - Қазақстандағы жалғыз химиялық көмір кен орны. Химия өнеркәсібінің таптырмайтын шикізат көзі. Дүние жүзінде мүндай кен орындары бірен-саран ғана. Мұндай көмірді электр стансаларында пайдалануға руқсат берілмейді. 1986 жылы Шүбаркөл кесіндісінің құрылысы басталды. Қазіргі күні республикамызға, Орта Азияға, Украинаға, Балтық жағалауы елдеріне 6 млн тоннадан артық көмір жөнелтті.[1]

Үйге тапсырма:


1.Электр өрісі дегеніміз не?

2. Электр заряды дегеніміз не?

3. Кулон заңы дегеніміз не?

4. Кристал қандай мағына береді?

Берілген сұрақтарға жауап беріп, дәптерге қысқаша лекция жазамыз!

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1.Анофрикова С.В., Прояненкова Л.А. Методическое руководство по разработке фрагментов уроков с использованием учебного физического эксперимента.-М., 1989 195

2.Бабанский Ю.К. Методы обучения в современной общеобразовательной школе.-М., 1985. 3.Бұзаубақова К.Ж.-Инновациялық педагогика негіздері., Алматы., 2009.

4.Давыдов В.В. Виды обобщений в обучении.-М., 1972. 5. Дамитов Б.К. Методика обучения решению физических задач.- Уральск.2002.

6. Демонстрационные опты по физике в VI-VII классах средней школы/Под ред.А.А.Покровского.-М., 1974.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!