Бағалау
10 -20
ұпай « Жақсы
»
20-30
ұпай «Керемет»
30-40
ұпай «Өте
жақсы»
40-60
ұпай «Жарайсыз»
«ТҮРТІП
АЛУ» әдісі
арқылы жаңа сабақ негізі
заңдылықтарын дәптерге жазып алады.
Электр зарядтарын
тасымалдаушылары еркін қозғалатын жағдайда ғана өткізгіште электр
тогы пайда болады;
Электр тогының пайда болуы үшін еркін зарядты
тасымалдаушыларға әрекет ететін электр өрісінің бар болуы
қажетті.
Электр тогы ұзақ сақталуы үшін электр өрісін
тудыратын құрылғының болуы міндетті, яғни ток көзі
керек;
Токтың әрекеттері:
1.Токтың жылулық әрекеті
2.Токтың химиялық әрекеті
3.Токтың магниттік әрекеті
4.Токтың физиологиялық әрекеті
БІЛУ-ТҮСІНУ
“Талаптыға –нұр
жауар”
Еркін электр зарядтарын
тасымалдаушылардың реттелген қозғалысы
Электр
тогы деп
аталады.
Еркін қозғалғыш электр зарядтарын
тасымалдаушылары бар болғанда ғана өткізгіште электр тогы пайда
болады;электр тогының пайда болуы үшін еркін зарядты
тасымалдаушыларға әрекет ететін электр өрісінің бар болуы
қажетті;
электр тогы ұзақ сақталуы үшін
электр өрісін тудыратын құрылғының болуы міндетті,
яғни ток көзі
керек;
Токтың жылулық әрекеті.
Өткізгіш
бойымен ток өтсе, онда ол
қызады.
Ток әрекетінің бұл қасиеті
бізге
белгілі электр қыздырғыш
аспаптарында:электрплитада, үтіктерде,
қайнатқыштарда,дәнекерлеуіштерде
қолданылады.
2.Токтың химиялық
әрекеті.
Химиялық ерітінділерге
батырылған
металл өткізгіш бойымен ток
өткенде,
ерітіндінің құрамына енетін
заттар бөлінеді. Осы тәсілмен таза мысты бөліп алуға ,металл
бұйымдарының бетінкүміспен жалатуға болады. Токтың магниттік
әрекеті. Өткізгіш бойымен ток жүргенде, онда магниттік қасиеттер
туындайды. Қарапайым магнит сияқты
ол өзіне ұсақ темір денелерді
тартады.
Токтың физиологиялық
әрекеті.
Жануарлар бойымен ток өткенде бұлшық еттердің
жиырылуын
тудырады. Адам денесінен өткен ток ауыр әсер
қалдырады, мұны «ток ұру»
деп атайды. Сондықтан токпен
жұмыс
істегенде абай болу
керек.
Ток көздеріне
: Гальвани элементтері,
аккумуляторлар, генераторлар жатады.
Ток көзін алу үшін зарядтарды
бөлгенде электрлік емес күштерді қолданады. Оларды бөгде күштер деп
атайды. Бөгде күштердің әрекетін сипаттау үшін ƹ әрпімен
белгіленетін электр қозғаушы күші (ЭҚК) ұғымын енгіземіз. Ол ток
көзінің энергетикалық сипаттамасы болып табылады. Ток көзінің
энергетикалық сипаттамасы болып табылатын ƹ Электр қозғаушы күші
деп бөгде күштер жұмысының (Аб) орын ауыстыратын электр заряды (q)
қатынасына тең шаманы айтады.
Ƹ = б , SI жүйесінде
ЭҚК-інің бірлігі
1 Вольт (В) болып табылады.
1В= -
+
|