Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Электр тогының жұмысы мен қуаты

Материал туралы қысқаша түсінік
эксперимент арқылы ток көзінің электр қозғаушы күші мен ішкі кедергісін анықтау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім:

10.3 Электр және магнетизм

Педагогтің аты-жөні:

Ермекова Алмагуль Маратовна

Күні:

13.02.23ж

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

§23 Электр тогының жұмысы мен қуаты

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

10.3.2.4 – эксперимент арқылы ток көзінің электр қозғаушы күші мен ішкі кедергісін анықтау

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

Зарядтар орын ауыстырғанда электр күші атқаратын жұмыс пен уақыт бірлігі ішінде атқарылған токтың жұмысын көрсететін шама қуат және өткізгіштер қызған кезде бөлінетін жылу мөлшері жайлы мағлұматтар алады

Оқушылардың басым бөлігі:

электр тогының жұмысы, қуаты ұғымдары туралы түсініктерін қалыптастырады, кеңейту, жүйелеу;

Кейбір оқушылар:

Электр тогының жұмысы мен қуатын тақырыбын өмірмен байланыстыра отырып

түсіндіру, жұмыстың, қуаттың формулаларымен, өлшем бірліктерімен таныстыру;

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

Өзін-өзі тексеру





Сабақтың басы



Өткен білімді еске түсіру























Жаңа білім










































































































Бекіту


Бағалау:





Кері байланыс

Сабақтың соңы

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Сабақтың мақсаты, міндетін айтып, бағалау критерийлерін түіндіремін.

Топқа бөлу. «Мен кіммін? Мені білесің бе?» әдісі. Өтілген материалдарды тексеру:

Оқушылар топқа бөліп отырған себептеріңіз сіздердің алдыңызда алдыңғы сабақта өткен физиканың ұлы ғалымдардың суреттері берілді. Соған қарап өмірбаянына шолу.

Объект 2

(1818-1889) ; (1787-1854); (1775-1836)

Балалар, біз күнделікті тұрмыста тоқпен жұмыс жасайтын қандай құрылғыларды қолданамыз?

(оқушылар өз жауаптарын береді. Мысалы, ұялы телефон, тоңазытқыш, теледидар, үтік т.с.с)

Электр тогы дегеніміз не?  Электр тогының қандай әсерлері болады?

Жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңі

Суреттер бойынша бүгінгі жаңа тақырыбын ашады.

Жаңа тақырыпты қысқаша шолу жасап түсіндіремін. «Электр тогының жұмысы мен қуаты».

Тұйықталған тізбек бойымен электр тогы өткенде тізбектің ішкі бөлігі – ток көзінде және тізбектің сыртқы бөлігі – энергия тұтынушыларында энергияның бірқатар түрленулері болады. Ток көзінде табиғаты электрлік емес (мысалы, механикалық, химиялық) энергияның электр энергиясына алмасуы болып жатады. Сыртқы тізбекте электр энергиясы электр тогының жұмысы есебінен энергияның басқа түріне: өткізгіштің ішкі энергиясына, сәулелену энергиясына, химиялық реакцияның энергиясына айналады. Электр энергиясының энергияның басқа түріне айналуының өлшеуіші ток жұмысының шамасын табайық.

A=U·q A= I·U·t

Халықаралық жүйеде өлшем бірлігі

1 Дж = 1А · 1В ·1с

Ом заңынан

A=I2·R·t

Уақыт бірлігі ішінде жасалған токтың жұмысы қуат болып табылады.

Халықаралық жүйеде өлшем бірлігі 1 Вт =1А·1В 1Вт = 1Дж/с 1Дж =1 Вт·с

Ватт онша көп қуат емес. Тәжірибеде ватқа еселік бірліктер қолданады: 1ГВт =102 Вт 1кВт =103 Вт

1МВт =106 Вт

Токтың қуатын өлшеуге арналған құралды ваттметр деп атайды.

Токтың жұмысын өлшеуге арналған құрал электр санауыш деп аталады. Электр санауышта ток жұмысының 1кВт·сағ деген бірлігі қолданылады, яғни қуаты 1 кВт құралда токтың 1сағ- та істеген жұмысы 1кВт·сағ = 1000Дж/с ·3600с =3600000Дж =3,6 ·106 Дж

Тұрғын үйге берілетін кернеу U=220В болғанда, тұтынатын ток күші I=10А - ден аспауы тиіс. Үйдегі тұтынушылардың бір мезгілде пайдалану қуатының шекті мәні

Р = 10А · 220В= 2200Вт

1кВт ·сағ электр энергиясының құны тариф (В) деп атайды.

Атырау тұрғындары үшін қазіргі уақытта тариф 1кВт·сағ =5,57теңге, яғни

Мысалы: қуаты 200Вт үй тоңазытқышы 10 күн бойына тоқтамай жұмыс жасады. 1кВт·сағ энергия тарифі 5,57тг болғандағы электр энергиясының шығыны қанша?

Шешуі: тәуліктегі тоңазытқыш пайдаланатын энергия А1=Р·t1 А1=200 Вт ·24 сағ=4800 Вт·сағ

t=10 күндегі тоңазытқыштың энергия шығыны А = А1·t

А =10 ·4800 Вт·сағ =48000 Вт·сағ =48 кВт·сағ

Төлемақы: 5,57 теңге / кВт·сағ ·48 кВт·сағ =267,36 теңге Жауабы: 267,36 теңге



Өтілген материалдың игерілуін тексеру: Топтарға эксперименттік тапсырма

1-тапсырма

1-топ №1 үлестірме материалмен жұмыс.

2-топ №2 үлестірме материалмен жұмыс

3-топ №3 үлестірме материалмен жұмыс

4-тапсырмаЕсептер шығару

22-жаттығу

1-топ Егер кернеу 220В,ал ток күші 8 А болса көлемі 1л,бастапқы температурасы 20 градус суды қанша уақыт аралығында қайнау температурасына жеткізуге болады?
2-топ Қуаты 1200Вт электр пеші арқылы өтетеін ток күшін анықтаңыз.

3-топ Саны 4 адамнан тұратын Қостанайлық отбасы 700кВт/сағ электр энергиясын тұтынатыын болса,Олар қанша төлем жасайды?

Баскетбол әдісі бойынша тест арқылы бүгінгі жаңа тақырып бойынша сұрақ жауап арқылы қорытындылау.

Смарт білімі бағалау.

Үй тапсырмасы: §23 Электр тогының жұмысы мен қуатын оқу. Шығармашылық тапсырма 153-бет

Білім банкоматы.

Көк- барлығы түсінікті, жасыл-жақсы түсінікті, қызыл-аздап қиналдым.



Оқушылар үй тапсырмасы бойынша ұлы ғалымдардың өмірбаяны айтып, тез-тез жауап беріп белсене қатысып

Отырады.





















Оқушылар тұрмыстық құрылғылар арқылы бүгінгі сабақ тақырыбын ашады.(теледидар, үтік, тоңазытқыш)

Оқушылар жаңа тақырыпты меңгереді




















Оқушылар сұрақтарға жауап береді, ой-пікірлерін білдіреді

Демонстрациялық әдіс-өте тиімді әдіс. Барлық бала қызығушылығымен сабаққа қатысады. Тіпті белсенділігі төмен оқушы да тәжірибе жасап, қолымен ұстап, көзімен көріп сабаққа қатысып отырады.

Оқушылар кері байланыс береді.





























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.02.2023
392
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12