400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Электр торап кернеуі

Материал туралы қысқаша түсінік
Электр тораптарын жобалаудың бірінші кезеңінде мүмкін болатын конфигурациялардың қатары жасалады (торап топологиясы). Келесі этаптарында белгіленген конфигурациялар үшін тораптың параметрлері таңдалып алынады және олардың технико-экономикалық салыстырулары жүргізіледі. Тораптың конфигурациясы, оның ұзындығы, әр бөліктің желілерінің тізбек саны нақты кернеуді таңдауға тікелей әсер етеді. Кернеуді таңдау кезіндегі өзге маңызды факторға тораптың бөліктеріндегі болжамды кернеулер жатады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Электр торап кернеуі

  1. Электр торапты жобалау

  2. Конфигурацияны қалыптастыру

  3. Парамметрлерді есептеу

Электр тораптарын жобалаудың бірінші кезеңінде мүмкін болатын конфигурациялардың қатары жасалады (торап топологиясы). Келесі этаптарында белгіленген конфигурациялар үшін тораптың параметрлері таңдалып алынады және олардың технико-экономикалық салыстырулары жүргізіледі. Тораптың конфигурациясы, оның ұзындығы, әр бөліктің желілерінің тізбек саны нақты кернеуді таңдауға тікелей әсер етеді. Кернеуді таңдау кезіндегі өзге маңызды факторға тораптың бөліктеріндегі болжамды кернеулер жатады.

Тораптың конфигурациясының варианты екі негізгі талапқа сай қалыптасады: тораптың жалпы ұзындығы барынша қысқа болуы керек; тұтынушыларды электрмен жабдықтаудың сенімділігіне қойылатын талаптар қамсыздандырылуы керек.

1,2,3 қоректендіру көзінен ҚК тұтынушыларды электрмен жабдықтауға арналған тораптың конфигурациясының қалыптасу мысалдары 5.1 суретте келтірілген.

Әр желінің нақты кернеуін таңдау үшін, оның ұзындығымен қатар, қалыпты режімде ол арқылы берілетін қуатын да білу керек. Осы мақсатпен тораптың әр вариантындағы шамамен алғандағы ағымды таратуды қуаттың шығынын есептемей-ақ табады. Ашық тораптарда ол әр бөліктердегі қуатты жай қосу арқылы жүреді. Тұйық тораптарда ағымды таратуды табу үшін өткізгіштер қимасының ауданы таңдалып алынбаған, әлі белгісіз, бөліктердің қарсылығын білу керек.  Сондықтан, қолмен есептеу кезінде контурлы теңгеру әдісін біртекті тораптарда қолдану, ол қуат ағымдарын өткізгіштер қимасының ауданы мен нақты кернеуін білмей-ақ бөліктердің ұзындығы бойынша табуға мүмкіндік береді. ЭЕМ-да есептеу кезінде, тораптың нақты кернеуін белгілі дәрежеде жоғары етіп алып, жуықтастырылған ағым таратуды белгіленген режімдердің есептеу бағдарламасы бойынша табуға болады, мысалы, 500 немесе 750 кВ деп алынса, қуаттың шығыны ағым таратуды бұрмаламайды, ал барлық желілердің салыстырмалы төзімділігі орташа өлшемде болады.

Таңдап алынған нақтылы кернеуде, өткізгіштер қимасының ауданын анықтайтын қуат ағымдарының жаңа есептеулерін жүргізеді. Есептеулерді аса жоғары жүктемелер режімі үшін апаттан кейінгі аса ауыр режімдер үшін орындайды.

 

                                           5.1 Сурет

Тораптың конфигурациясын құрастыру кезінде апатты жағдайдан кейінгі режімдегі электр стансаның барлық қуатының берілу мүмкіндігін қамтамасыз ету керек, яғни қуатты кем дегенде екі желіге беруді қарастыру керек. Жабық тораптың бір контурында бір нақты кернеуді, кейде – екі, бірақ одан көп емес, пайдаланған орынды. Егер қуат ағымын есептеу нәтижелері бойынша тораптың жеке бөліктері әлсіз жүктелген және соған байланысты, оларға басқа бөліктерге қарағанда төменгі кернеуді таңдау қажет болса, ол торап конфигурациясының дұрыс таңдалмағанын білдіреді.

ТМД елдерінің территориясында МЕМТ 721-77 сәйкес, келесі фазааралық нақты кернеулері бар, кВ: (3); 6; 10; 20; 35; 110; (150); 220; 330; 500; 750; 1150 электр тораптары жұмыс істейді. Жақшада берілген кернеулерді қайта жобаланатын тораптарға ұсынуға болмайды. Нақты кернеудің келтірілген шкаласы МЭК ұсыныстарына сай келеді.

Әрбір нақты кернеудің өзіндік орынды қолданыс саласы бар. Мысалы, 6 кВ кернеу қалалар мен өнеркәсіп кәсіпорындарының таратушы тораптарына, 10 кВ кернеу қала, ауылдық жерлер мен өнеркәсіп кәсіпорындарының территориясында электр энергиясын таратуға арналған. 20 кВ кернеу ауылдық жерлерде тиімді болуы мүмкін. 35 және 110 кВ тораптарға сәйкес қоректену орталықтары арқылы 6-10 кВ таратқыш тораптар қосылады.

110 кВ кернеулі электр тораптар қалаларды, өнеркәсіп кәсіпорындарын, газ құбырларының компрессорлы станцияларын, электрлендірілген темір жолдың ауыр қосалқы стансаларын сыртқы электрмен жабдықтауда қолданылады. Олар одан да көп жоғары кернеулермен бірге электр стансалар мен қосалқы стансалардан қуат беру үшін қолданылады.

Жоғарыда айтылғандай, электр беріліс желілерінің ең тиімді кернеулері берілетін қуатқа, желі ұзындығына және тізбек санына тәуелді.

Нақты кернеуді шамамен белгілі берілетін қуаты және желі ұзындығы бойынша анықтауға болады.

 

                                                                                   (5.1)

мұндағы  L – желі ұзындығы, км;

     Р – желі бойынша әрбір тізбекке берілетін қуат, МВт

 Бұл формула 250 км-ге дейінгі желілер мен 60 МВт көп емес берілетін қуаттар үшін пайдаланылады. 1000 км қашықтықтарға дейін берілетін үлкен қуатты жағдайларға мына формула қолданылады:

                                    

                          .                                                          (5.2)

 

Кернеуді шамамен таңдауда эмпирикалық формулалар мен қатар,  5.1 кестеде келтірілген мәліметтерді де қолдану ұсынылады.

 

 

 

5.1 К е с т е

Нақты кернеу,

кВ

Бір тізбекке берілетін ең жоғары қуат,

МВт

Желінің шекті ұзындығы,

км

Нақты кернеу,

кВ

Бір тізбекке берілетін ең жоғары қуат,

МВт

Желінің шекті ұзындығы,

км


       35

       110


     5 – 10

     25 - 50


     50 – 60

     50 - 150


       220

       500


    100 – 200

     700 - 900


    150 – 250

    800 - 1200

 

Бақылау сұрақтары:

  1. Кернеуді таңдау факорлары?

  2. 20 кВ тораптар қайда орналасады?

  3. Электр беріліс желілерінің кернеулері неге тәуелді?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
9 қаңтар
307
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі