Материалдар / Электрмен жабдықтау сенімділігіне қойылатын талаптар.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Электрмен жабдықтау сенімділігіне қойылатын талаптар.

Материал туралы қысқаша түсінік
Электрмен жабдықтау сенімділігіне қойылатын талаптар дәрісінде барлық сұрақтар қарастырылған. Студенттер өздеріне керегін ала алады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Қазан 2021
944
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Электрмен жабдықтау сенімділігіне қойылатын талаптар.

Электр қондырғыларын орнату Ережелеріне сәйкес электр энергиясын қабылдағыштар келесі үш категорияға бөлінеді. 1-категориялы электр қабылдағыштар – электрмен жабдықтау мынадай әсерлер тудыруы мүмкін электр қабылдағыштар олар: адам өміріне кауіпті, халықшаруашылығына тиетін едәуір зиян, қымбат тұтас басты жабдықтың бұзылуы, жалпы өнімнің жарамсыз болып шығуы, күрделі технологиялық процестің бұзылуы, коммуналды шаруашылықты аса маңызды элеметтерінің жұмыс істеуінің бұзылуы. 1-категориялы электр қабылдағыштар құрамынан адам өміріне қауіп-қатерлі, қымбат тұратын негізгі жабдықтардың бұзылуын, жарылыс, өртті болдырмау мақсатында өндірістің апатты түрде тоқтап қалуы үшін үздіксіз жұмыс істейтін ерекше электр қабылдағыш топтары бөліп шығарады.

II категория электр қабылдағыштар — электрмен жабдықталу үлесі өнімнің жалпы жіберілмей қалуына, жұмысшылардың, механизмдерінің және өнеркәсіп транспорттарының толық тоқтап қалуына, едәуір мөлшердегі қала және ауыл тұрғындарының дұрыс бірқалыпты әрекеттерінің бұзылуына алып келеді;

III категориялы электр қабылдағыштар ол I және II категорияға келмейтін барлық электр қабылдағыштар.

I категория қабылдағыштары екі өзара резервтелген тәуелсіз энергия көздерінің электр энергиясымен қамтамасыз етілуі тиіс, және олардың энергия көзінің біреуімен электрлі жабдықталуы бұзылған кездегі электр жабдықталу үлесі тек қоректенуді автоматты түрде қалпына келтіру уақытында ғана жүзеге асырылуы тиіс.

I категориялы электр қабылдағыштардың ерекше тобын электрмен жабдықтау үшін үшінші тәуелсіз энергия көзі қарастырылуы тиіс.

Ерекше электр қабылдағыштар тобы үшін үшінші тәуелсіз энергия көзі ретінде, және I категориялының қалған электр қабылдағыштар үшін екінші тәуелсіз энергия көзі ретінде жергілікті электр станциялары, энергия жүйе электр станциялары (жеке алғанда, генераторлы кернеулі құрама дөңгелектер), үздіксіз жабдықтын арнайы агрегаттар, аккумуляторлы батареялар және т.б. қолданылуы мүмкін.

Егер энергия жабдықталуды резервтермен технологиялық процестің қажетті үздіксіздігін қамтамасыз етуге мүмкін болмаса және электр жабдықтаушы резервтеу экономикалық түрде мақсатқа сай болмаса, технологиялық резервтеу жүзеге асырылуы тиіс, мысалы, өзара резервтеушы технологиылық агрегаттарды, электр жабдықтау бұзылған кезде әрекет ететін технологиялық процесті апатсыз тоқтатудың арнайы құрылғыларын орнату жолымен.

I категориялы электр қабылдағыштарды жұмыс режимін қалпына келтіруге ұзақ уақыт талап ететін күрделі үздіксіз технологиялық процеспен электрдықтау, техника - экономикалық негіздеме бар болған кезде технологиялық процестің ерекшеліктермен анықталған қосымша талаптар қойылатын екі тәуелсіз өзара резервтелу энергия көздерінен жүзеге асырылу ұсынылды.

II категориялы электр қабылдағыштарды екі тәуелсіз өзара резервтелетін энергия көзінің электр энергиясымен қамтамасыз ету ұсынылды.

II категориялы электр қабылдағыштары үшін энергия көздерінің біреуімен электр жабдықталу бұзылған кездегі энергия жабдықталу үзілісі кезекші қызметкердің немесе шыққан оперативті бригада әрекеттерінің резервті энергия көзін қосу үшін қажетті уақытта жіберуге болады.

II категориялы электр қабылдағыштарды бір (ВЛ) ЕЖ-мен сонымен қатар, егер осы желіде 1 тәуліктен жоғары уақытта апаттық жөндеу жұмысының жүргізуі мүмкіндігі қамтамасыз етілген болса, кабельдің қоректендірілу жіберіледі. Бұл желінің кабельдік екі кабельмен жасалуы тиіс, олардың әрқайсысы ЕЖ-нің ең ұзын тогы бойынша таңдап алынады. II категория электр қабылдағыштарын электрмен қамтамасыз ету бір жалпы коммутациялық аппаратқа қосылған кем дегенде екі кабельден құралған бір кабельдік желі бойынша жіберіледі.

Орталықтандырылған трансформаторлар резерві бар болған кезде және бұзылған трансформаторды бір тәулік уақытында алмастыру мүмкіндіктері бар болған кезде II категориялы электр қабылдағышты бір трансформатордан электр жабдықтайды.

Ш категориялы электр қабылдағыштарды электрмен жабдықтау электр жабдықтай жүйесінің бұзылған элементін жөндеу немесе алмастыру үшін қажетті электр жабдықталу үзілісі бір тәуліктен аспаған шартындағы бір энергия көзінен орындалады.

Энергия жүйе режимдерімен электр станцияның электрлі энергиягы өңдеуге қатысты.

Электрлік жүйе жүктемесі мыналардан қосылған: 1) жүйе желілеріне қосылған тұтынушылар жүктемелері; 2) электр станцияның жеке өндірістік мұқтаждықтар қуаты; 3) желідегі қуаттың шығындары. электр энергиясын пайдалану бір тексіз болғандықтан, жүйе жүктемесі де толығымен біртексіз. Жүйенің қыс күні үшін тәуліктің графигі (сурет 1) екі максимум мен екі минимумға ие. Күндізгі максимум жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат 8-ден 11-ге дейін, ал кешкі шамамен 16-дан 20 сағатқа дейін. Түнгі минимум Рнчmin шамамен сағат 0-ден 6-ға дейін және күндізгі Рднmin – шамамен 11-ден 13-ке дейін. Тәуліктік графикте ажыратылады. жүктемеге сәйкес базалы бөлік; шартына сәйкес жартылай шыңды бөлік ; шартына сәйкес жартылай шыңды бөлік жүктемеге сәйкес шыңдық бөлік.

Электрлі жүйе жүктемесі соммалы бекітілген қуатты жүйенің ең үлкен максимумынан асып кететін барлық электр станциялары арасында таралуы мүмкін. Тәулік графиктің негізгі бөлігін жабу мыналарға жүктеледі: а) қуат реттеу күрделірек АЭС-ке; б) электрлі қуатты жылу тұтынушылығына (төменгі қысым сатысындағы будың өтуі минималды) сәйкес келгенде максималды үнемдік орын алатын ЖЭО-қа; в) санитарлық талаптармен кеме жүзу шарттарына қажетті минималды су жіберуге сәйкес өлшемдегі СЭС-ке. СЭС-тің жүйе графигінің басты бөлігін жабуға қатысуы тасқын алу кезінде су қоймасын есептеу белесіне дейін толып кеткеннен кейін пайдалы су шығындары су құйылу бөгеті арқылы жіберілуі үшін жоғарылауы мүмкін. Графиктің ең биік бөлігін жабу СЭС-пен ГАЭС-ке жүктеледі, олардың агрегаттары жүйе қосылу мен өндірілуі, жүктеменің тез өзгеруін болдырады, ГАЭС жүктемесімен бөлшектеп тегістелген графиктің қалған бөлігі, оның сораптау режимінде жұмыс істеген кезде бір текті жүктеме кезіндегі жұмыстары өте үнеді болып келетін КЭС-пен жабылады.

Жүйе жүктемесінің графигі біртексіз болған сайын, КЭС-нің үнемді жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін соншалықты СЭС-пен ГАЭС қуаты қажет, олардың жүктемесін түнгі сағаттарда, демалыс және мейрамдар күндердігі бірден төмендетпей немесе осы сағаттарда агрегаттар бөлігін өшіріп қойма. Осыдан, СЭС пен ГАЭС-тің жеткілікті қуатта жүйе графигін жабуға қатысуы КЭС, ЖЭО және АЭС жүктемелерінің графигін түзетуге және энергия жүйесінің ең үлкен үнемділігін толығымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Электр жүйесіне біріккен әртүрлі типтегі электр станциялардың жұмыс істеу режимі олардың өндірістік процесінің ерекшеліктерін және жүйе бойынша толығымен ең үлкен экономикалық энергия жүйесін алу үшін құрамын есепке ала отырып жүйені диспетчерлі басқару режимдерінің тобымен тағайындалады.

Э нергия жүйесінің электр станциясының бекітілген қуаты. Энергия жүйесінің дұрыс жұмысын қамтамасыз ету үшін электр станцияның бекітілген қуаты жүйенің ең үлкен жүктемесінен асып кетуі тиіс. Айырымына тең қуат өзінше электр станция агрегаттарын олардың бұзылуымен жоспарлы жұмыстарын жүргізген жағдайда резервтеуге қажетті бекітілген қуаттың қандайда бір қорын береді.

Резервтік қуат айналдыру немесе ыстық резервпен суық резерв болып бөлінеді. Айналдыру резервтің атының өзі айтып тұрғандай, жүктемесі номиналды қуаттан аз агрегаттарға шоғырланған; суық резерв бұл қажет болғанда жұмысқа жылдам енгізілуі мүмкін жұмыс істейтін агрегаттардағы қуат.

Резервтік қуатты және де энергия жүйесінің жұмыс істеу тұрақтылығы сенімділігіне қойылатын талаптарын есепке алғандағы энергия жүйесіндегі ең қуатты агрегаттар қуаты энергияның бекітілген қуатынан 2%-тен аспауы тиіс; өте ірі электр станциясының қуаты сол түсініктемелер бойынша энергия жүйесінің бекітілген қуатынан 8 - 12%-қа асып кетпейді. Осыдан шығатыны, қуаты 500, 800, 1000, 1200 МВт және оданда жоғары агрегаттар тек қана сенімді жүйе ішіндегі байланысы бар энергия жүйелеріне ғана орнатылуы мүмкін.

Энергия жүйелерінің пайдалану тәжірибесі резервтік қуат сомасы бекітілген қуаттың 10 - 15%-і болатынын көрсетеді. Резервтік қуатты жоғарылату энергия жүйесінің техника-экономикалық көрсеткіштері бұзылуына алып келеді, ал азаюы – тұтынушыларды электрмен ажбдықтау сенімділігінің төмендеуіне алып келеді.

Энергия жүйесінің негізгі жабдықтарын жөндеу. Энергия жүйесінің агрегаттарын жөндеу жұмысы оның дұрыс жұмыс істеуі және тұтынушыларды электрмен жабдықтау үшін жүргізіледі. Энергия жүйесінің ең үлкен жүктемесі жылдан жылға өсуде: 1-суретте бір жыл ішіндегі жүйенің тәулікті максимумдар графигі келтірілген, ол жерден тәуліктін максимум жылдың басында Р'тах –ге тең екені көрініп тұр. Көктем мен жаз айларында ол бірнеше минимумға жетіп азаяды, содан кейін лезде жоғарлайды және жылдың аяғында Р11тах > Р'тах мәнге жетеді электр станцияның бекітілген қуаты, жаңа агрегаттарды орнату шамасы бойынша сатыланып жыл бойы жоғарлайды. Жылдың басында ол Р'у-ге, жыл соңында Р11 у > Р'у –ге тең. Py(t) мен Pmax(t) графиктерінің ординаталар айырымы Pрз резервтік қуат ретінде пайдаланылатын қуатты және де агрегаттарды жөндеуге қолданылатын қуатты анықтайды. Соңғысы, суретте көрінгендей тұрақсыз және жүйе жүктемесі төмендеген кезде жаз айларында максималды мәнге жетеді. КЭС, ЖЭО, және АЭС агрегаттарын ереже бойынша жөндеу жұмысына жазда шығарады, СЭС агрегаттарын болса – қыста шығарады, судың өзіндік ағысы бірден азайғанда және СЭС агрегаттары толығымен қолданыла алмаған кезде. Графиктің штрихтелген бөлігі жөндеу жұмысына жылдың ішінде жүйенің дұрыс жұмыс істеуіне еш зиян келтірмей бір мезгілде шығарыла алатын агрегаттар уақытымен қуатын анықтайды.

Қосымша әдебиет 15 (44-63)

Бақылау сұрақатары:

1. Электр энергия түрлендіргіштерінің қандай категориясын білесіз?

2. Электр жүйесінің жүктемесі қандай қосымшалардан құралған?

3. Электр жүйесінің бекітілген қуаты деп нені айтамыз?

4. Жөндеу жұмыстары қалай жүргізіледі?

5. Қандай электр қабылдағыштар бірінші категорияға жатады ?


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!