400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Электролиттік ерітінділер тақырыбында ғылыми жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал химия пәнінің мұғалімдеріне арналған. ЖОО студенттеріне де қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жоспары:

1.Электролит ерітінділеріндегі Вант-Гофф және Рауль заңдарынан ауытқулар.

  1. Электролиттік диссоциация теориясы.

  2. Электролиттік диссоциация теориясының негізгі қағидалары.гидратты теория.





Вант-Гофф және Рауль заңдары идеал ерітінділер үшін орындалады. Электр тогын өткізетін ерітінділердің осмостық қысымы Вант-Гофф заңына қарағанда жоғары. Олар Рауль заңымен салыстырғанда жоғарырақ температурада қайнайды, төменірек температурада қатады. Вант-Гофф электролит ерітінділері үшін түзету коэффициентін немесе изотондық коэффициент енгізді.

P = i CRT

і – изотондық коэффициент.

Изотондық коэффициент тәжірибеде байқалатын осмостық қысым (Ртәж)теориялық есептеп шығарған (Ртеор) осмостық қысымнан неше есе көп екенін көрсетеді.

і = Ртәж/ Ртеор

Изотондық коэффициент суда еріген бейэлектролиттер үшін 1-ге тең.Электролит ерітінділері үшін ол 1-ден артық.Электролит сұйытылған сайын і мәні өсе береді.

Вант – Гофф пен Рауль заңдарынан электролит ерітінділерінде болатын ауытқуларды швед ғалымы С. Аррениус (1883-1887) өзінің электролиттік диссоциациясында түсіндірді.

Бұл теория 3 постулатқа негізделеді:

  1. Электролиттер сәйкес еріткіштерде қарама-қарсы зарядталған бөлшектерге, иондарға диссоциацияланады.

H2SO→ H+ + HSO4

HSO4→ H+ SO42-

KOH → K+ + OH

AlOHSO4→ Al+3 + OH + SO2-4

Электролиттер иондарға ыдырау себепті бөлшектер саны көбейеді. Міне, сондықтан осмостық қысым қайнау, қату температурасына әсер етеді.

Электролиттер ерігенде иондарға толық ыдырамайды.Бұл қасиет диссоциациялану дәрежесі α-мен сипатталады.

α = n / N = n / n + n0;

Мұндағы n- иондарға ыдыраған молекулалар, N-молекулалардың жалпы саны, n0 – бұл иондарға ыдырамаған молеклалар саны.

α = 0 болса, зат электролит емес, α 1-ге жақын болса, күшті электролит. Диссоциацияға қабілеттілігі бойынша барлық электролиттер 3топқа бөлінеді.

  1. α > 30 % -тен жоғары болса, күшті электролиттер. Мысалы: HCl, HBr, HI, HNO3, H2SO4, HMnO4, KOH, NaOH.

  2. α = 5-30 % аралығында болса, орташа күшті электролиттер. Мысалы: әртүрлі негіздер, қышқылдар, тұздар жатады.

  3. α < 5 % -тен кем болса, әлсіз электролиттер болады. Мысалы: құмырсқа, сірке, бензой қышқылдары, HCN, H3BO3, H2CO3, H2S, NH4OH, H2O, HgCl2, т.б.

3.Иондардың арасында әрекеттесу күштері болмайды.Сондықтан олардың ерітінділері өздерін идеал газ жүйелері сияқты ұстайды. Электролиттік диссоциация теориясы электролит ерітінділерінің Вант-Гофф және Рауль заңдарынан ауытқу себебін түсіндіргенімен, электролиттердің химиялық қасиеттерінің ерекшеліктерін түсіндіре алмады.Оларды түсіндіруге талпынып, И.А.Каблуков 1891 жылы гидратты теорияны ұсынды.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
04.01.2021
446
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі