Электромагниттік тербелістер

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Электромагниттік тербелістер

Материал туралы қысқаша түсінік
9 сынып сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:  Сынып: 9 «А»  Пәні: ФИЗИКА

Сабақтың тақырыбы: Электромагниттік тербелістер. Томсон формуласы.

Сабақтаң мақсаты:

Білімділік: Бұрын қалыптасқан дағдыларды бекіту. Өткен белгілі

материалдарды бақылау, жинақтау, жүйелеу.

Дамытушылық: Пікір – сайыс ұйымдастыру. Оқушылардың

дербестігін, шыдамдылығын, еңбексүйгіштігін дамыту. Оқудағы

қиындықты жеңуге үйрету.

Тәрбиелік: Оқушылардың ұжымшылдық сезімін, өзін-өзі дағдыларын

үйрету. Дүниені және оның аңдылықтарын танып, білуге болатынын

көрсету.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді игеру сабағы

Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі-көрнекті

Сабақтың көрнекіліктері: сурет.формула

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі 

Үй тапсырмасын тексеру 

а) Тербеліс дегеніміз не?

ә) Тербеліс түрлерін ата,мысал келтір.

б)Математикалық маятниктердің тербелісі дегеніміз не?Мысал келтір.

г)Серіппелі маятниктердің тербелісі дегеніміз не? Мысал келтір.


Жаңа сабақ 

Конденсатордың зарядталуы кезінде заряд, ток, кернеу, электр және магнит өрістері периодты түрде өзгеріп отырады. Аталған шамалардың периодты түрде өзгеріп отыруын электромагниттік тербелістер деп атайды.

Электромагниттік тербелістерді алуға болатын, тізбектей жалғанған конденсатор мен катушкадан тұратын тізбек тербелмелі контур деп аталады.

Мұндай контур ток көзінен (1), конденсатор батареясынан (2),индуктивтік катушкадан (3),электрондық осциллографтан (4), ауыстырып-қосқыштан (кілттен) (5) тұрады.

Кілтті ауыстырып және әр түрлі конденсаторды қоса отырып, батареяның С сыйымдылығын өзгертіп алуға болады. 89,а-сурет осы қондырғыны көрсететін сызба берілген. Орам санын көбейтіп,катушканын индуктивтілігін де өзгертуге болады.

Кілтті солға бұрағанда конденсатор ток көзіне қосылады,кілтті оңға бұрағанда ток көзі ажыратылып, катушка орамдары қосылады.

Индуктивтілік артқанда, тербеліс периоды артады, азйғанда период та азаяды.

Сонымен тербелмелі контурдағы еркін электромагниттік тербелістердің периоды контурдың L индуктивтілігі мен С сыйымдылығы арқылы мына формуламен өрнектеледі:


T=2п √LC


Бұл формуланы 1853 ж. Ағылшын физигі У. Томсон қорытып шығарған болатын.Сол себепті ол Томсон формуласы деп аталады.

Тербелмелі контурда тербелістер пайда болу үшін, конденсаторды зарядтау керек. (91,ә-сурет). Осыдан конденсатордың электр энергиясы катушканың магнит өрісінің энергиясына айналады. (91,в-сурет).


Сонымен қорыта айтқанда: конденсатор мен индуктивті катушкадан тұратын тізбекте конденсатордың алма-кезек разрядталуы кезінде электромагниттік тербелістер пайда болады. 24-жаттығу,№1-есеп.



Берілгені: Формуласы: Шешуі:

C=250 пФ=25*10Ф T=2п√LC

L=10 мГн=10 Гн

Табу керек: T,V-? Жауабы: T= ; V=







Жаңа сабақты бекіту: Электромагниттік тербелістер мен Томсон формуласының негізгі қасиеттерімен танысып, өмірдегі маңыздылығын ұғыну.



Сабақты қорыту: Заңдарды ашылуы өмірде жаңа бір көзқарастарға көз жеткізеді, яғни тіршіліктегі іс-әркеттердің жауабын береді.



Үй тапсырмасы: §29 оқу, 24-жаттығу, №3


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
1602
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі