Электрқыздырғыш құралдар, қыздыру шамдары, қысқа тұйықталу, балқымалы сақтандырғыштар

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Электрқыздырғыш құралдар, қыздыру шамдары, қысқа тұйықталу, балқымалы сақтандырғыштар

Материал туралы қысқаша түсінік
физикадан кмж
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 8.3 А Тұрақты электр тогы

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8 Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Электрқыздырғыш құралдар, қыздыру шамдары, қысқа тұйықталу, балқымалы сақтандырғыштар

Осы сабақта жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.4.2.17-қысқа тұйықталудың пайда болу себептерін және алдын алу амалдарын түсіндіру

Сабақтың мақсаты

  • Электрқыздырғыш құралдар, қыздыру шамдары, қысқа тұйықталу туралы және балқымалы сақтандырғыштың атқаратын қызметін түсіндіру

  • Қысқа тұйықталудың пайда болу себептері мен оның алдын алу амалдары туралы түсінік беру

Бағалау критерийі

  • Оқушылар электрқыздырғыш құралдар, қыздыру шамдары, қысқа тұйықталу туралы және балқымалы сақтандырғыштың атқаратын қызметі туралы түсінеді

  • Қысқа тұйықталудың пайда болу себептерін және оның алдын алу амалдарын түсініп, біледі.

Тілдік мақсаттар

Тілдік лексика және терминология:

Электрқыздырғыш құралдар -жарықтандырғыш шамдар, электр плиталары, үтіктер, шәйнектер, қайнатқыш т.б. құралдар. Олардың жұмысы токтың жылулық әсеріне негізделген.

қыздыру шамы – күнделікті тұрмыстар қолданылатын жарық беру құралы

қысқа тұйықталу -Тізбектің ұштарының кедергісі тізбек бөлігі кедергісінен аз болатын өткізгіштермен жалғау

сақтандырғыш -электр құралдарын қысқа тұйықталу мен артық жүктелуден сақтайтын құрылғы

Құндылықтарға баулу

Индустрияландыру мен иновацияларға негізделген экономикалық өсу құндылығы аясында электрқыздырғыш құралдары мен балқымалы сақтандырғыштардың заманауи үлгілерін дамытуға баулу

Пәнаралық байланыс

Электрқыздырғыш құрылғыларының шығу тарихы бойынша тарих пәнімен байланыстырамын

Алдыңғы білім

Күнделікті өмірде қолданылатын түрлі электрқыздырғыш құралдарын біледі



Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

(10 минут)

  • оқушыларды түгелдеу

  • «Шаттық шеңбер» әдісі арқылы психологиялық ахуал тудыру

  • топтарға біріктіру, үй тапсырмасын «ыстық орындық» әдісі арқылы сұрау

  • жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру



стикерлер

Сабақтың ортасы

(25 минут)


Білу

(3-минут)





Түсіну

(10-минут)






















Қолдану

(12-минут)


«Миға шабуыл» әдісі (Бүкіл топпен жұмыс)

  • электр қыздырғыш құралдары дегенімізді қалай түсінесіңдер?

  • Электрқыздырғыш құралдарының күнделікті тұрмыста қолданылуы туралы ойларың қандай?


«Джигсо» әдісі (топтық жұмыс)

І-топқа: Электрқыздырғыш құралдар

ІІ-топқа: Қыздыру шамдары

ІІІ-топқа: Қысқа тұйықталу

ІV-топқа: Балқымалы сақтандырғыш


Оқушылар постер қорғайды

Дескриптор:

  • Электрқыздырғыш құралдарының жұмыс істеу принципін біледі

  • Электрқыздырғыш құралдарының түрлерімен таныса отырып, тұрмыста қолданылу аясын біледі

  • Қыздыру шамдарының түрлерін ажыратады

  • Қыздыру шамдарының құрылысымен таныстырады

  • Қысқа тұйықталудың пайда болу себептерін айта алады

  • Қысқа тұйықталудың алдын алу амалдарын біледі

  • Балқымалы сақтандырғыштың қызметін және қолданылу аясы туралы түсінеді


«Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі (жеке-жұппен-топпен жұмыс)

1-тапсырма: Тізбекке жалғанған электр тұтынушылар санын көбейтсек, сақтандырғыштардың қыл сымы күйіп кетеді. Неге?

Жауабы: Тізбектегі ток күші шекті шамадан артып кетеді.

2-тапсырма: Неге өндіріс орындарындағы сақтандырғыштар көбінесе кешкі мезгілде күйіп кетеді?

Жауабы: Ток тұтынушылар саны көбейеді, осыдан тізбектегі ток күші сақтандырғыштағы шекті мәннен артады да, қыл сым күйіп кетеді.

3-тапсырма: Балқып кеткен қорғасын сымның орнына мыс сым қойсақ, балқығыш өзінің қызметін атқара ала ма? Басқа қорғасын сым қойса ше?

Жауабы: Жоқ. Қойылатын қорғасын сымның кедергісі сақтандырғышқа сай болу керек.

4-тапсырма: Балқымалы сақтандырғыштың қыл сымын неліктен қорғасыннан жасайды? Цезиден әлде мыстан жасаса не болады?

Жауабы: Қорғасынның балқу температурасы жетекші өткізгіштерден біршама төмен.

Дескриптор:

  • Сақтандырғыштың қыл сымының күйіп кету себебін түсіндіреді.

  • Өндіріс орындарындағы сақтандырғыштар көбінесе кешкі мезгілде жұмыстан шығу себебін айта алады.

  • Қойылатын қорғасын сымның кедергісі сақтандырғышқа сай болу керек екендігін түсінеді.

  • Балқымалы сақтандырғышқа қойылатын қорғасынның балқу температурасы жетекші өткізгіштерден өзгеше болатынын біледі










Оқулық, флипчарт






















Көшеров Ә.Ж Физикадан сапалық есептер жинағы


Сабақтың соңы

5-минут

БББ кестесі бойынша сабақты қорытындылаймын


Білемін

Білгім келеді

Білдім






БББ кестесі

Саралау –Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Жаңа сабақ бастар алдында «Миға шабуыл» әдісімен оқушыларға сұрақ қою арқылы ой-өрісін дамыта отырып жаңа сабақтың тақырыбын ашамын

«Джигсо» әдісінде берілген тақырыпты топ ішінде дереккөздер арқылы талқылайды, топ мүшелері білгенін жолдастарымен бөліседі, тақырыпты ортаға салып талқылап, түйінді ойды саралайды. Идеялармен бөлісе отырып ынтымақтастық аясы дамиды

«Ойлан-жұптас-бөліс» әдісінде берілген тапсырма бойынша әрбір оқушы есептерді деңгейлеріне қарай орындайды. Оқушылар жеңілден күрделіге қарай қарқын ала отырып жеке жұмыс жасау арқылы өз ойын қорытып, диалог және қолдау көрсету арқылы жұп болып пікірлерімен бөліседі; бұл бүкіл топтық талқылауға ұласады


Әрбір тапсырманы орындау барысында оқушыларға ауызша кері байланыс беріліп отырады. Сол арқылы оқушылар уәжделеді, БББ кестесі арқылы оқушылардың алған білімдері ескеріледі.


Электрқыздырғыш құралдарымен жұмыс істеу барысындағы техника қауіпсіздік

ережелері оқушыларға ескертіледі





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.00.2018
2741
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі