Елге мұра, ұрпаққа ұран

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Елге мұра, ұрпаққа ұран

Материал туралы қысқаша түсінік
Өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, білімқұмарлыққа, намысшылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында Ұлы Отан соғысының 80 жылдығы аясында Мәлік Ғабдуллиннің 110 жылдығына орай «Жеңіс туын желбіреткен жерлесіміз» тақырыбында дөңгелек
Материалдың қысқаша нұсқасы


Бақытжан

АЙДОСОВА,

«Салтанат» сарайы

жанындағы қалалық

үлгілі кітапхана

меңгерушісі,

Ақмола облысы,

Көкшетау қаласы






Елге мұра, ұрпаққа ұран


Қай уақытта да қасиетін жоймайтын бабалар ерлігі мамыражай мамыр айы келгенде жаңғыра түсетіні белгілі. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы бізге бейбіт өмірдің, тұрақтылық пен ынтымақтың қаншалықты маңызды екенін тағы бір рет еске салды.

Қазақстандықтардың осы соғыстағы үлесі зор болды. 1,5 миллионнан астам

азамат майданға аттанып, соның жартысынан көбі оралмады. Жеңістің 80 жылдығы – бұл тек соғыста шайқасқан батырларымызды ғана емес, тылда еңбек еткен ата-әжелерімізді де еске алатын күн. Сол кездің қиындықтары мен халықтың бірлігі – бізге үлкен сабақ. Өкінішке қарай, жыл өткен сайын ардагерлердің қатары сиреп келеді. Сондықтан оларға құрмет көрсетіп, ерліктерін насихаттау – біздің міндетіміз.

Соғыс жылдары майданға Ақмола облысынан 90 мың адам шақырылып, 37

мыңнан астамы ғана оралды. Ақмолалықтар Мәскеу, Сталинград, Курск доғасын-

дағы шайқасқа қатысты. 66 Ақмолалық Кеңес Одағының Батырлары және Даңқ

орденінің толық кавалерлері атанды. Тарихта аты аңызға айналған ақмолалықтар

Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Талғат Бигелдиновтың, Кеңес Одағының Батыры, егемен Қазақстанның бірінші Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағанбетовтың, Рейхстагқа жеңіс туын тіккен Халық қаһарманы Рахымжан Қошқарбаевтың, Кеңес Одағының Батыры, академик Малик Ғабдуллиннің және аттары мәңгі өшпейтін басқа жауынгерлердің есімдері, 106-шы Ақмола қазақ кавалериялық дивизиясының ерлігі халық жадында мәңгі сақталады.

Ұлы Отан соғысында республиканың басқа облыстары секілді Ақмола өңірі де жеңісті жақындатуға өз үлесін қосты. Бұған облыстың мемлекеттік мұрағатында сақталған көптеген құжаттар айқын дәлел. Майдан шегіндегі ақмолалықтарды айтпағанда, тылдағы жерлестеріміздің ерліктері баяндалған құжаттар көп жайтты аңғартады. «Соғыс басталысымен облыстың жұмысы күрт басқа арнаға ауысты, өзге жерлерден көшірілген кәсіпорындарды орналастыру, тұрғындарды Отан қорғау ісіне жұмылдыру, үкімет пен партия тарапынан қойылған әскери-шаруашылық тапсырмаларды орындау шаралары жедел түрде басталып кетті. 1941 жылы Мелитопольск танк құрастыру зауытының жабдықтары әкелінді. Негізгі цехтар педагогикалық училищенің алаңдарына орналастырылды. Ол №317 зауыт болып белгіленді. Зауыттың барлық жабдықтарын, соның ішінде жүзден астам станокты өте аз уақытта, бір аптаның ішінде құрастыру керек болды. Әрбір жұмысшы өз станогы үшін өзі жер қазды. 1941 жылы 20 қарашада белгіленген уақыттан 20 күн бұрын алғашқы өнім - с нарядтар шығарылды. Кейіннен миналар мен гранаталар шығару жолға қойылды. Зауыттың алғашқы директоры Николай Муравьев, құралдар цехының бастығы Леонид Соколов, цех бастығы Михаил Носань, инженер Семен Петлицкий және тағы басқалары зауытты қайта жаңғыртуға атсалысты. 1943 жылдың 1 мамырында зауытқа «Еңбек майданының гвардияшылары» жоғары атағы берілді.

Сондай-ақ, Көкшетауда Мәскеу түбінен көшірілген Подольск тігін машиналар зауыты орналастырылды. Макинка бекетінде Ленин атындағы зауыт қарқынды жұмыс істеді. Олардың барлығы өндірісті қайта құрып, қорғаныс мақсатындағы өнімдерді шығаруды қолға алды. Степняк қаласында орналасқан «Қазалтын» тресі де алты мың жұмысшының басын біріктіріп, алтын өндірді. Ақмолалықтар тек майданда ғана емес, тылда да ерекше ерлік көрсетті. Олар Жеңісті жақындату үшін барын салды. Тыл еңбеккерлерінің майдандағыларға көрсеткен қамқорлығы мол болды. «Бәрі майдан үшін, бәрі Жеңіс үшін!» ұранын көтеріп, бар күш жігерлерін жұмылдырды. 1944-1945 жылдары Ақмола облысы майданға көмек беру және халық арасында көпшілік қорғаныс жұмыстарын ұйымдастыру бойынша республикада бірінші орында болды. «Мұрағат құжаттарына сүйенсек, біздегі тыл еңбеккерлерінен шамамен 70 миллион рубльге жуық ақша және мемлекеттік әскери қарыздарды төлеуге 187 миллион рубль қаражат түскен екен. Тұрғындар қорғаныс қорына өздерінің бар жиған-терген ақшаларын, еңбекақыларын құйды. 1943 жылы ақмолалықтардың қаражаты есебінен құрастырылған «Осоавиахимшылар» танк колонналары Кеңес әскерінің қатарын толықтырды. Сонымен қатар, Ақмола өңірінен майдан даласында қару-жарақпен қатар, киім-кешек, тұрмысқа қажетті заттар да үзбей жіберіліп отырған. Жауынгерлер 6346 тон, 26060 жұп пима, 17809 жұп төсек жабдықтары, 19667 құлақшынмен қамтамасыз етілді. Соғыстың басынан аяғына дейін азық-түлікке толы 120-ға жуық вагон майданға жөнелтілді. Мәселен, 1942 жылдың ақпанында Ақмола бекетінен Волхов майданының жауынгерлеріне сәлемдеме жіберілсе, ал, сәуірде азық-түлік пен киім-кешек Ленинград, келесі жылы Оңтүстік-Батыс майданындағыларға да жетті. Кадрлардың жаппай ауысуына, біраз адамдардың соғысқа кетуіне қарамастан, Отан қорғауға аттанған сарбаздарға демеу боламыз деген мақсатпен облыстың кәсіпорындары жұмыс жоспарын 200-300 пайызға артық орындап отырды. Жетпеген жұмысшыларды кәсіпорындар қайта оқытып, соғыс аяқталғаннан кейін олар жоғары білікті мамандарға айналды.

М ал шаруашылығының мамандары мемлекетке 594426 тонна сүт, 24459 тонна ет тапсырып, соғысқа дейінгі ет өндірісінің көлемін екі есеге арттырды. Ақмола теміржолшылары да соғыс кезінде қажырлы еңбек етіп, майдан қажетін

өтеп отырды. Олар 76 паравоз бригадаларына бірігіп, республика және одақ көлемінде майданға және шаруашылыққа қажетті құралдарды және заттарды тасымалдады. Соғыс жылдары өндіріс пен транспортта жалпы өнім 4 есе өсті. Мұнымен қоса, өңірдің соғыстан жарақатпен оралған жауынгерлерді емдеуге қосқан үлесі мол. Дәрігерлер мен мейірбикелер әр сарбазға ерекше қамқорлықпен
қарады. Осының арқасында Ақмолада емделген мыңдаған адам өлімнен аман қалды.

Осы қиын-қыстау кезеңде облыс аумағында, нақтырақ айтсақ, Ақмола, Көкшетау,

Атбасар қалалары мен Ақкөл, Бурабай аудандарында жеті госпиталь жұмыс істеді. Бурабай курортты өлкесінде Гамалея, Ильинский, Баранников, Вернадский, Зелинский, Мандельштам секілді құрметті академиктер ғылыммен айналысты.», деп жазады архив саласының ардагері, журналист Гүлбаршын Салық.

Жеңіс күні - бұл маңызды дата кеңес халқының ерлігі, қайсарлығы мен батырлығының символы, тарихтағы айтулы белес. Бұл атаулы дата Қазақстан халқы үшін ерекше маңызға ие. Осыған орай, еліміздің барлық өңірлерінде халықтың ерлігі туралы естелікті сақтау, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу және ел тарихына құрметпен қарауға бағытталған бірқатар маңызды іс-шаралар ұйымдастырылды.

Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Ұлы Жеңіс күнін кең көлемде дәріптеу және батырлардың өшпес ерлігін жадымызда жаңғырту қажеттігін атап өткен болатын.

Ақмола облысында да Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты шаралар кең ауқымда өтті. Басты алаң - Мәңгілік алау мен Даңк аллеясына Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов, соғыс ардагерлері, тыл еңбеккерлері, қоғам және жас буын өкілдері жиналып, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым етті. Отан үшін от кешкен боздақтарды бейбіт ұрпақ есіне алды. Өңір басшысы Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысып, содан соң Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Талғат Бигелдиновтың бюсті мен Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллиннің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Биыл қазақ совет жазушысы, әдебиет зерттеушісі, қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы (1959), профессор, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Педагогикалық Ғылымдар Академиясының академигі, Кеңес Одағының батыры (1943), Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1961) Мәлік Ғабдуллиннің 110 жылдығы. Мәлік Ғабдуллин Ұлы Отан соғысы жылдарында ерлік – айбатымен бірге, қалам қайратымен халқына, еліне жан-тәнімен қызмет етті.

М әлік Ғабдуллин 1915 жылы 15 қарашада Көкшетау облысы, Зеренді ауданына қарасты «Қойсалған» ауылында кедей шаруа отбасында туған. Мәлік Ғабдуллин 1935 жылы Абай атындағы мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген. 1936 жылы әскер қатарына алынып, Отан алдындағы борышын өтеп қайтқаннан кейін осы институттың аспирантурасында оқыды. Мәлік Ғабдуллиннің ғылыми-шығармашылық жұмысы 1938 жылы СССР ҒА-ның Қазақстандағы филиалына кіші ғылыми қызметкерліктен басталды. 1941-1946 жылдары Кеңес Армиясының генералы Иван Васильевич Панфилов бастаған даңқты 8-гвардия дивизиясы сапында болып, Ұлы Отан соғысына қатысты. Ғабдулиннің Ұлы Отан соғысындағы ерлік даңқы бүкіл одаққа әйгілі. Оның бұл ерлігі алғаш рет белгілі жазушы Борис Полевойдың «Правдада» жарияланған «Эпостың тууы» атты очеркінде баяндалды. Көптеген қазақ ақындары Ғабдуллинге арнап, өлең-жырлар шығарды. Соғыс аяқталып, армиядан қайтқаннан кейін Ғабдуллин Республиканың ғылыми-педагогикалық мекемелерінде қызмет атқарды. Қазақ ССР Ғылым Академиясының Тіл және әдебиет институтының директоры (1946-1951), Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры (1951-1963) болды. 1963-1973

жылдары Қазақ ССР Ғылым Академиясының Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет

және өнер институты фольклор бөлімінің меңгерушісі болды.

Мәлік Ғабдуллин ғылыми-зерттеу саласында көп еңбек етті. «Қазақ халқының ауыз әдебиеті» (1958-1964) атты күрделі монографиялық еңбегінде ауыз әдебиетін

зерттеудің ғылыми-методологиялық негіздерін айқындап, қазақ ауыз әдебиетіндегі батырлар жыры, лиро-эпостық дастандар, айтыс өлеңдері, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, ертегілер туралы жан-жақты терең ғылыми талдаулар жасады, олардың ғылымдық, тәлім-тәрбиелік мәнін ашып көрсетті. Бұл еңбек жоғары оқу орындарына арналған оқулық ретінде бірнеше рет қайта басылып шықты. Ол 8 сыныпқа арналған «Қазақ әдебиеті» оқулығын (1952-1957) жазды.

Мәлік Ғабдуллиннің көркем шығармадағы тырнақ алды туындылары дивизиялық,

майдандық газеттерде жарық көрді. Шығармалары жеке жинақ болып, соғыстан кейін жарияланды. «Менің майдандас достарым», «Алтын жұлдыз», «Майдан очерктері», «Сұрапыл жылдар» атты кітаптарына енген әңгіме, очерктерінде майдан өмірін суреттеп, жауынгер тұлғасын, совет адамдарының Ұлы Отан соғысы кезіндегі қаһармандардың бейнесін суреттеді. Педагог жазушы ретінде ол жас ұрпақтың тәрбиесіне де ерекше көңіл бөлді. «Ата-аналарға тәрбие туралы кеңес» деген кітабында бесік жырынан бастап, батырлар жырына дейінгі халық поэзиясының тәрбиелік мәнін ашып, оны іс жүзінде тәрбиелеу, олардың болашаққа сенімін арттыру, жас баланы дұрыс сөйлеуге үйрету жөнінде ата-аналарға педагогтық кеңес берді.Мәлік Ғабдуллин 2- 4 сайланған Кеңестік Социалистік Републикалар Одағы Жоғарғы Кеңесінің депутаты. КСРО Жоғарғы Кеңесінің парламенттік тобының құрамында Финляндияда, Бельгияда, Югославияда болды. Ғабдуллин еңбекшілер депутаттарының Алматы облыстық, қалалық Кеңестерінің депутаттығына, Қазақстан Компартиясының Алматы облыстық, қалалық, Фрунзе аудандық комитеттерінің мүшелігіне бірнеше рет сайланды. Ленин ордені, Қызыл Ту, Еңбек Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз, Ұлы Отан соғысы ордендерімен наградталған. «Қазақ халқының батырлар жыры» кітабы авторларының бірі.

К ейінгі ұрпақ өткеннен сабақ алып, бейбітшілікті бағалауы қажет. Өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, білімқұмарлыққа, намысшылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында Ұлы Отан соғысының 80 жылдығы аясында Мәлік Ғабдуллиннің 110 жылдығына орай «Салтанат» сарайы жанындағы қалалық үлгілі кітапхана «Жеңіс туын желбіреткен жерлесіміз» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Шараға Көкшетау өңіріне танымал өлкетанушы, шежіреші, тарихшы, еңбек

ардагері Қабыкен Қонқаев, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті ректорының кеңесшісі, тарих ғылымдарының кандидаты Аманбай Сейтқасымов, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Сәбит Жәмбек, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының оқытушысы, доцент, азаматтық қорғау подполковнигі Гүлбану Мадина, Мәлік Ғабдуллин музейінің қызметкері Біржан Баймағанбет, Мәлік Ғабдуллин атындағы №3 көпсалалы мектеп-гимназиясының директоры Ардақ Ахметжанова, мектеп оқушылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Шара барысында қатысушылар баһадүр, білімпаз, ұстаз Мәлік Ғабдуллиннің Ұлы Отан соғысы тұсында Мәскеуді қорғау жолындағы таңғажайып батырлық, қаһармандық қимылдарын, қайраткерлік, санаткерлік істері мен ұлттық әдебиеттану, фольклортану, педагогика ғылымдарын дамытуға қосқан зор үлесін, шығармашылық өмірбаянын үлгі-өнеге етті. Жауына қасқайып қарсы тұрып, ерліктің өшпес жолын паш еткен Батыр Мәліктің Қанай бабасынан тараған тектілігі қан майданда ғана емес, кешегі соғыстан кейінгі замандарда да оның есімін әйгілеп, бейнесін еңселендіре түскен еді. Қаһармандық іс қимылдарымен, терең ғылыми ізденістерімен «Батырлардың тұйғыны, ғалымдардың жүйрігі» бола білген тарихи тұлға туралы осы Қанай би ұрпағының өкілі Аманбай Асылбайұлының, Мәлік Ғабдуллиннің азаматтық келбеті, ұстаздық қызметі туралы Мәлік Ғабдоллаұлын көзі көрген еңбек ардагері Қабыкен Жұманғалиұлының, Мәлік Ғабдуллиннің ғалымдық қырлары фольклористика саласындағы еңбектерімен ғана емес, көркем әдебиет, әдеби үдеріске қатысты сыни көзқарасы туралы ой өрбіткен Сәбит Нұрмұхамбетұлының әңгімелерінен оқушылар үлкен әсер алды. Олар жас ұрпаққа қарапайым ғылым адамның бойынан табылған батырлық рухтың сырын ашып, батыр тұлғасын отаншылдықтың, ерліктің, зиялылықтың үлгісі ретінде насихаттады. Жастарға отансүйгіштік, әскери патриоттық тәрбие беруде халықтың сүйікті, мақтаныш тұтатын ұл-қыздарының майдандағы жасаған ерліктерін, Отанға, халқына деген сүйіспеншіліктерін үлгі-өнеге ету бүгінгі күнгі өзекті мәселелердің бірі.

С ондықтан, келесі кезекте Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының оқытушысы, доцент, азаматтық қорғау подполковнигі Гүлбану Мадина әскери-патриоттық тәрбие берудің маңыздылығына тоқталды. Айта кету керек, биыл Ұлы Жеңістің 80 жылдығында Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің 1993 жылғы 465-ші қаулысына орай 1995 жылғы қыркүйек айының 7-ші жұлдызында ашылған қаһарман батыр, ғалым, Мәлік Ғабдуллинннің Көкшетау қаласындағы музейінің ашылғанына 30 жыл. Шараға арнайы шақырылған Мәлік Ғабдуллин музейінің қызметкері Біржан Баймағанбет адамгершілік қасиеттерімен халықтың жүрегінен орын алған кемеңгер тұлға Мәлік Ғабдуллинге арналған «Ғажайып өмір баспалдақтары» атты жылжымалы көрмеге шолу жасады. Кітапханашылар көрнекті ғалым-педагогтың, әдебиет зерттеушісінің өмірі мен

шығармашылық қызметінен бірталай қызықты жайттар мен құнды мәліметтер келтірілген кітаптар ұсынылған «Тұғыры биік тұлға» тақырыбындағы кітап көрмесімен таныстырып, Мәліктің есімін жас ұрпақ жадында тағы бір мәрте жаңғыртты.

Шара соңында өскелең ұрпақ Мәлік гимнін шырқап, батыр рухына құрмет көрсетті. Қатысушылар Мәлік Ғабдуллин атындағы №3 көпсалалы мектеп-гимназиясы қабырғасында ашылған музейіне саяхат жасады.

М әлік Ғабдуллин! Ерекше құрмет тұтар, жүректе сақтар ардақты есім. Батырдың ерлікке толы ғұмыры келер ұрпаққа сабақ болары сөзсіз. Тұғыры биік тұлға қазақ халқының алдындағы перзенттік, азаматтық парызын өтеп өткен ерен еңбегімен, көзсіз ерлігімен мәңгі жасай береді. Ғалымдық болмысы, ғылыми өрісі сарқылмай, уақыт озған сайын өзінің өміршеңдік сипатын жоғалтпай жаңғыра, жаңара, жарқырай түседі.

1418 күн мен түнге созылған Ұлы Отан соғысының дүрбелең кезінде ел үшін Отан үшін өлсек те беріспейміз, артқа бір адым да шегінбейміз деп ант еткен барлық жауынгерлердің ерлігі ешқашан ұмытылмақ емес. Өйткені, Тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі де Ұлы жеңістің жемісі.Соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің қан майданның алдыңғы шебіндегі ерліктері, тылдағы ерен еңбектері арқасында қазақстандықтардың бүгінгі ұрпағы бейбіт күнде өмір сүруде.Тыл ардагерлері майдан үшін, жеңіс үшін жанқиярлықпен еңбек етіп, жауынгерлерді қару-жарақпен, азық-түлікпен қамтыды. Азаматын жоқтатпаған қамкөңіл аналар мен ер-азаматтың қайратын қажет ететін «қара жұмыста» жүріп, ерлермен иық тірестіре орақ орып, жер жыртысқан қыз-келіншектердің де ерен еңбегі ешқашан ұмытылмайды.

Адалдық пен еліне деген жанқиярлықтың үлгісін көрсеткен қаһармандардың рухы алдында бас иіп, тағзым етеміз. Ерліктері еліміздің тарихи шежіресінде мәңгі орын алған, елге мұра, ұрпаққа ұран болған батыр бабалар аманатына адал болайық.

Мәңгілік Еліміздің болашағы жарқын, Ұлы Дала ұрпақтары намысты болсын! Көк туымыз желбіреп, еліміздің абыройы арта берсін!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.00.2025
41
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі