"Елі сүйген,елін сүйген-ЕЛБАСЫ" атты

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Елі сүйген,елін сүйген-ЕЛБАСЫ" атты

Материал туралы қысқаша түсінік
Н.Ә.Назарбаев жайлы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Басы.

Тұңғыш Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылы, 6 шілдеде Алматы облысы, Шамалған ауылында дуниеге келген. Қазақстанның мемлекет қайраткері, ғалым, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті.

Елі сүйген, елін сүйген Елбасы.

Мен, өз елімнің, өз жерімнің, кіндік қаным тамған туған жерімді сүйемін. Менің елім Қазақстан. Еліміздің ұлан —ғайыр жерінде қаншама ұлт өкілдері тату —тәтті ғұмыр кешудеміз. Бұның барлығы еліміздің тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерең еңбегінің нәтижесі. Елбасының арқасында, елімізді қарқындай дамытып,нұрлы болашаққа жетелеген, сан ғасырлар бойы бабаларымыздың арманын орындап, тәуелсіздікті нығайтып, тамырын тереңге жайған бәйтеректей түрлендірді.

Елбасының саяси көрегендегі, қиындыққа мойымай қарсы тұратын табандылығы, Тәуелсіз елді басқарғанда таныла бастады. Ел мен жердің тағдыры тоғысқан сындарлы кезеңде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы: "Мен халқымның тәуекеліне сендім. Өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын: Маған осындай текті халыққа, арғы—бергідегі қазақ баласының пешенесіне бұйырмаған бақытты—Тәуелсіз мемлекет құрудың бақытын бұйыртқан халыққа, қызмет етуден артық бақыт жоқ. Осы жолда мен бар қайрат—қабілетімді, білім —білігімді аямай жұмсаймын, қандай да тәуекелге барамын" —деп

жүрек жарды сөзін айтқан еді.

Қазақ даласы —Ұлы Түркі елінің қара шаңырағы. Ұлт өзінің мемлекетінсіз —ұлт болып өмір сүре алмасы хақ. Бұл сөзімнің дәлелі, осынау әлемдік мәдени құндылықтармен үндес, жаңа заманғы еліміздің озық мәдениетін қалыптастыруда Елбасымыздың көреген саясаткерлігінің арқасында қаншама орасан зор істер атқарылды.

"Қаншама көптеген елдердің араладым. Таб ғаты ғажайып талай өлкенің сұлулығына көз құмарымды суардым. Бірақ, бәрі де өзім туып өскен қазағымның жеріне, Алатаудың бір бөктеріне жамбастай жығылған үш қоңыр төбеге жетпеді. Балалығымның, сағынышымның алтын қазығы сонда екен —деп Елбасымыз айтқан екен. Осы сөзінен —ақ Тұңғыш Елбасымыздың елін қалай сүйетінін, жерін қалай сүйетінін, еліне деген өлшеусіз махаббатын сезінбеу мүмкін емес. Кез келген мемлекеттің қуаты халқында деп те бекер айтпаған. Халқым деп, Отаным деп, Тәуелсіз Қазақстаным деп ұрандап келді.

Елінің ұлы болды. Кеудесінде намысы болды. Еліне шын жаны ашыды. Мемлекетіміздің нығайып —көркеюіне жан терін сығып еңбек етті. Бізді, осы жеріміздің,еліміздің иесі өзіміз екенін ұмытпауға,әрдайым еңсемізді тік ұстауға,бар ақыл—парасатымызды,білімімізді,ел игілігіне жұмсауға,бағыттауға бағдар беріп келді.

[29.11, 09:39] Майра Апай Әнші: Казакстан халқы татулыққа ұйыған, жастарымыз жасампаздыққа ұмтылған елге айналдық. Мұның бәрі бір күнде, бір сәтте бола салған дүние емес. Үлкен қажырлықты, еңбекшілдікті, білімділікті, жаңашылдықты, табандылық пен төзімділікті,сабырлықты қажет етті. Біз соған жеттік. Еліміздің өсуі мен өркендеуіне мемлекетіміздің әр тұрғыны өз үлестерін қосты. Біз мүлдем басқа сипаттағы жаңа ұлт, жаңа ел болдық деп қуана аламыз. Біз әлем таныған, құрметтеген беделді мемлекетке айналдық.

Елбасымыз бұл заманды білекке емес, білімге сенетін заманға айналдырды. Бізді инемен құдық қазғандай, қиын да күрделі, орасан қажыр —қайратты, ерік—жігерді талап ететін, білімсіз өмір тұл екенін ұғындырды.

Бізді "білім, ғылым инновациялар" үштігі билеген постиндустриялық әлемге қарай жылжытты. Біз тәуелсіздікке аңсап зарығып жеттік деген бір сөзінде Елбасы. Және сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек деді. Әрбір азамат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын тұмардай қасиет тұту қажет. Еліміздің сыналатын тұсы осы екенін шегелеп тұрып айтып берді.

Елбасымыз болмысы бөлек Қазақстандық үлгіні қалыптастыру үшін, түрлі кеңесшілердің айтқанын емес, халқымызға қанық, бағыты анық даңғыл жолды таңдаған. Елбасы халқына сеніп, ел—жұртына сеніп арқа сүйеп келді. Халқы да Тұңғыш Президентіне деген сенімділігін жоғалтпай, оның бастаған баянды істерін қолдап келді.

Тәуелсіздік жылдарында жүзеге асқан ең ауқымды жобаларының бірегейі әрине, жаңа Елордамыз.(Астана) Нұр—Сұлтан қаласы.

Бұл Елбасының саяси көрегендігінің, нар тәуекелділігінің, қиындыққа қарсы тұратын қайсарлығының жемісі.

. Соңы.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.11.2020
343
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі