«Елім деп соғар жүрегім» патриоттық ән байқауы.
Ән: «Қазақстан» орындайтын Ерназар Рақымбаев
1-жүргізуші:
Армысыздар, құрметті көрермен
қауым, ата-аналар, ұстаздар және
оқушылар!
2-жүргізуші:
«Жас Ұлан» балалар ұйымының
ұйымдастыруымен өткелі тұрған «Елім деп соғар жүрегім» атты
патриоттық ән байқауына қош
келдіңіздер!
1-жүргізуші:
«Патриот, патриотизм» барлық
адамда болу керек сезім. Әр адамның өз еліне, туып-өскен жеріне
деген сезімі шексіз. Елім, жерім, тілім, дінім деген әрбір қазақты
патриот дейміз.
2-жүргізуші:
Мен – патриотпын! Мен елімді, жерімді, ұлтымды сүйемін. Мен Отанымды, отбасымды сүйемін. Мен Қазақстан Республикасының рәміздерін құрметтеймін. Мен, аса қымбат, осы құндылықтарға деген махаббатыммен мақтана аламын.
1-жүргізуші:
«Патриот – еліне адал, халқына берік қорған бола алатын, өз өмірін еліне арнауға дайын, қайсар жүректі, ақ ниетті адал жан» - деп білеміз. Ендеше бүгінгі байқауымызда мектебіміздің патриоттары өнер көрсетпек. Олар патриоттық рухта ән салмақ.
2-жүргізуші:
Бүгінгі байқауымыздың әділ бағасын беретін әділ-қазылар алқасымен таныс болыңыздар!
2-жүргізуші:
Олай болса байқауымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
1-жүргізуші:
Халқым менің! Саған қарап жұбанам,
Тарих беті қатар-қатар бұралаң.
Талай зардап қайғы мұңның соңынан,
Егемендік алғаныма қуанам.
2-жүргізуші:
Кең байтақ, көз жетпейтін
жерім менің
Таулы орман , жасыл жайлау, көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан –елім менің
-дей келе 3 «А» сынып оқушыларын «Тәуелсіз қазақ елім» атты әнімен
ортаға шақырамыз!
1-жүргізуші:
Қошемет көрсетіңіздер! Алдарыңызда өнер көрсеткен 3 «А» сынып оқушылары. Сынып жетекшісі ..........................
2-жүргізуші:
Елбасымыз жолдайды,
Халқы оны қолдайды.
Ешқашанда орынсыз,
Шешімдері болмайды.
1-жүргізуші:
Елбасы елді қорғайды,
Халық қамын ойлайды.
Осындай жақсы адамның,
Жақсылығы тарайды.
2-жүргізуші:
Тәуелсіздікті елге сыйлады,
Бейбітшілікті қалады.
Орындалып арманы,
Халқымыз да ажарлы.
Осының бәрі әрине,
Елбасының арқасы
1-жүргізуші:
Олай болса елбасымызға арнап 3 «Б» сынып оқушылары «Елбасы» әнін шырқамақ. Қарсы алыңыздар!
2-жүргізуші:
Алдарыңызда өнер көрсеткен 3 «Б» сынып оқушылары. Сынып жетекшісі ...................................................
1-жүргізуші:
Отаным менің кең байтақ
Қазақстан
Аман өткен талай дүлей азаптан.
Бар әлемді өз аузына қаратқан,
Кім бар қане артық дейтін
қазақтан?!
2-жүргізуші:
Сен неткен Отан - Анам, ғажап
едің,
Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.
Болашақ ұрпағының бақыты үшін,
Жайнай бер, Ұлы Отан – Қазақ
елім!
-дей келе «Ұланымын Отанның»
әнімен 4 «А» сынып оқушыларын ортаға
шақырамыз!
1-жүргізуші:
Өнерлерің өрге жүзсін! Жарайсыңдар! Алдарыңызда болған 4 «А» сынып оқушылары. Сынып жетекшісі Шұға Қайратқызы.
2-жүргізуші:
Нұр Отан халықтық демократиялық партиясы ................
1-жүргізуші:
Елбасымыз қолдаған ..................
Алдарыңызда «Нұр Отан» әнімен 4 «Б» сынып оқушылары. Қарсы алайық!
2-жүргізуші:
Көптен-көп рахмет! Сіздерге өз өнерлерін көрсеткен 4 «Б» сынып оқушылары. Сынып жетекшісі Арайлым Қайрашқызы.
1-жүргізуші:
Қазақстан – атамекен, құт қонған жер,
Кең дала, суы мөлдір, нұр тұнған жер.
Көкорай белестері мақпал кілем,
Қырлары қызғалдағы құлпырған жер.
2-жүргізуші:
Қазақстан, замананың заңғарында,
Халқыма мекен болған жайлауың да.
Алатау ақ самайлы басын иген
Қайратты қарт Қаратау қойнауында
-дей келе 5 «А» сынып оқушыларын «Қазақстан бақыты» әнімен сахна төріне шақырамыз.
1-жүргізуші:
Алдарыңызда өнер көрсеткен 5 «А» сынып оқушылары. Сынып жетекшісі Роллан Құмашұлы.
2-жүргізуші:
Кең жазық Отан мекенім,
Сен де өсіп көктедім
Сені қорғау парызым,
Мұны біліп өтемін.
1-жүргізуші:
Отаным – қазақ елім, алға ұмтылған,
Өз елімде кезім жоқ сағым сынған.
Шалқыған ел шоқтығын көрсем деймін,
Бәсекелес елу елдің қатарынан.
Олай болса келесі үміткерлеріміз 5 «Б» сынып оқушылары «Қазақстаным – Отаным менің» әнімен.
1-жүргізуші:
Қошемет! 5 «Б» сыныбы. Сынып жетекшісі Маржан Талғатқызы.
2-жүргізуші:
.........................
..............................
..............................
.............................
1-жүргізуші:
..........................
..................................
....................................
.......................................
..................................................
2-жүргізуші:
Қол соғайық! 6 «А» сынып оқушылары. Сынып жетекшісі .............
1-жүргізуші:
Біз қазақ еліміз бастан не көрмеген.
Намысын ешкімге қолынан бермеген.
Тұс –тұстан анталап, көз сүзген жаулардан
Кең байтақ даласын қас қақпай қорғаған.
2-жүргізуші:
Төрінде жерімнің байрағым желбіреп,
Тұп –тұнық аспаным тұрады мөлдіреп.
Қазақтың тілері ата жол салтымен
Достасу, туысу әр елдің халқымен.
Сахнада 6 «Б» сынып оқушылары «Азат елдің жұлдызы» әнімен. Қарсы алыңыздар!
1-жүргізуші:
Талаптарыңа нұр жаусын! Алдарыңызда болған 6 «Б» сынып оқушылары. Сынып жетекшісі Мөлдір .................
2-жүргізуші:
Ардақтайды сыйлы болған
данасын,
Аялайды нәзік жанды
анасын,
Елімнің қайсар рухты
жігіттері
Әлі талай асқақтатар
даласын.
1-жүргізуші:
Жақсылығын қашан-дағы
асырған,
Достың кемшін тұсын ылғи
жасырған.
Жігіттері менің текті
елімнің
Жаралған ғой ұлы нәзік
асылдан.
Қазағымыздың жігіттеріне арналған «Қазақ жігіттері» әнімен 7 «А» сынып оқушылары.
2-жүргізуші:
Қошемет! Ортамызда өнер көрсеткен 7 «А» сынып оқушылары. Сынып жетекшісі .......................
1-жүргізуші:
Ұлан байтақ жері бар,
Пайдалы қазба кені бар.
Тәуелсіз ел - Қазақстан
Көркіне көркі жарасқан.
2-жүргізуші:
Тәуелсіз азат елім,
Туып өскен- байтақ жерім.
Мәңгі жайнап тура бер
Қазақстаным менің!
-дей келе сахна төріне 7 «Б» сынып оқушыларын «Мәңгілік ел үшін» әнімен шақырамыз!
1-жүргізуші:
Сіздерге өз өнерлерін көрсеткен 7 «Б» сынып оқушылары. Сынып жетекшісі .......................
2-жүргізуші:
Қазақстан кемелденіп, аршындадың
Әлемге қазіргі күй-қалпың мәлім
Елулік межесіне көп ұзамай
Енерсің, осы бетпен адымдағын.
1-жүргізуші:
Қонақжай халықпыз, жомартпыз, дарханбыз,
Келешек күндерге тәтті үміт артқанбыз.
Таныған жұмыр жер Алаштың баласын,
Қазақтың елі мен даңқты даласын.
Алдарыңызда 8 «А» сынып оқушылары. «Қазақстан» әнімен.
2-жүргізуші:
8 «А» сынып оқушыларына қошемет! Сынып жетекшісі ................
1-жүргізуші:
Біз қазақпыз!
Ежелден - ақ қазақ болып аталған,
Қатал болды әр күн, әр түн, атар таң
Күйдірсе де ызғарлы аяз, жалынды от,
Ел боп келдік, қалып қоймай қатардан.
2-жүргізуші:
Керегімді алу үшін жаһаннан,
Бейімделдім заманыма жаңарған.
Садақ тартып, оқ жонуды үйреніп,
Тәрбие алдым тәлімі мол атамнан.
Алдарыңызда «Аманат» әнімен 8 «Б» сынып оқушылары.
1-жүргізуші:
Сіздерге өз өнерлерін паш еткен 8 «Б» сынып оқушылары. Сынып жетекшісі .......................
2-жүргізуші:
....................................................
1-жүргізуші:
......................................
Сахна төріне келесі үміткерлеріміз 9 «А» сынып оқушыларын шақырамыз.
2-жүргізуші:
Алдарыңызда өнер көрсеткен 9 «А» сынып оқушылары. Сынып жетекшісі Мейрамғайша Қойбасарқызы.
1-жүргізуші:
Қырандай түлеп ұшқан арманымыз
Біз бүгін өркен елдің сарбазымыз.
Ант алып ар алдында сапқа тұрып,
Қорғаймыз туған жердің ар-намысын.
2-жүргізуші:
Көк байрақ арайлаған нұр таңымыз,
Жігіттің сынға түскен сұлтанымыз.
Дұшпанға қатал болған, досқа берік,
Жаужүрек Бауыржанның ұрпағымыз.
«Сарбаздар» әнімен 9 «Б» сынып оқушыларын қошеметпен ортаға шақырамыз!
1-жүргізуші:
Бәрекелді! Жарайсыңдар! 9 «Б» сынып оқушылары. Сынып жетекшісі Мафруза Сәтбекқызы.
2-жүргізуші:
Қазағымның салт-дәстүрін
сақтайды,
Үміт артқан ел сенімін ақтайды.
Халқымыздың қаһарман ұландары
Қашан болсын ар-намысын сатпайды!
1-жүргізуші:
Алдарыңызда «Сарбаздар» әнімен 10 сынып оқушылары.
2-жүргізуші:
Көп-көп рахмет! Сіздерге өнер көрсеткен 10 сынып оқушылары. Сынып жетекшісі Біржан ....................
1-жүргізуші:
Осымен үміткерлеріміздің барлығы өз өнерлерін ортаға салды. Әділ қазылар алқасының әділ шешімі дайын болғанша сіздерге ................................. орындауындағы ............................ әнін жолдаймыз . Қарсы алыңыздар!
2-жүргізуші:
Тәуелсіздік таңын
сүйем,
Таңмен бірге келді ме
өлең?
Көк туына басымды
ием
Көгімізде
желбіреген.
1-жүргізуші:
Аласармас
аспанымда
Күнмен гүлдеп ел
өседі.
Қазақстан
аспанында
Бостандықтың желі
еседі.
2-жүргізуші:
Әнді алысқа
жеткіземіз,
Көкке елдің туы
ілінді.
Жылда той қып
өткіземіз,
Тәуелсіздік ұлы
күнді.
1-жүргізуші:
Маған қымбат ұлы
елімнің
Шешек атқан әр
күні.
Аялайды
бәрімізді
Азаттықтың таң
нұры.
2-жүргізуші:
Сарыарқаның
даласында
Күн шуағын төккен
күн
Елім менің, жерім
менің
Баққа қолы жеткен
күн
-дей келе баршаңызды алда келе жатқан Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
1-жүргізуші:
Сөз әділ қазылар алқасына беріледі.
2-жүргізуші:
Құттықтаймыз! Еліміздің
патриоттары аман болсын, мерейлері арта
берсін!
1-жүргізуші:
Қош, сау болыңыздар!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Елім деп соғар жүрегім"

шағым қалдыра аласыз