400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Елім деп туған ер ақын..

Материал туралы қысқаша түсінік
Қасым Аманжоловтың туғанына 110 жыл толуына байланысты ақынның шығармашылығы мен азаматтық бейнесін көрсететін мақала.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ЕЛІМ ДЕП ТУҒАН ЕР АҚЫН...


Бірмахан Данагүл Ерғалиқызы

«Балқаш сервис колледжі» КММ

1 курс студенті


Ғылыми жетекшісі: Тойганбаева Асел Мухаметоллакызы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы


Өзге емес, өзім айтам өз жайымда,

Жүрегім жалын атқан сөз дайында.

Тереңде тұнып жатқан дауыл күйді,

Тербетіп, тулатып бір қозғайын...- [1] деп жырлаған қазақтың хас ақыны Қасым Аманжолов биыл 110 жасқа толып отыр. Егемен елу елдің қатарына жетіп, ұжымды ұлт, іргелі мемлекет болған кезімізде қазақты ғалам да танитын болады! Қасымды – Қасымдарымызды танып алып қана мына тәкаппар дүниеге қазақтығымызды танытатын боламыз! Аманжолов Қасым Рахымжанұлы - қазақтың аса ірі ақындарының бірі. Оның көркемдік-эстетикалық деңгейі жоғары, қазақ әдебиеті тарихында айтулы орынға ие шығармашылығы, негізінен, поэзиялық туындылардан тұрады. Ақынның әдеби мол мұрасын 7-8 поэмасы мен алуан тақырыптағы лирикалары құрайды. Аманжолов — өзінің батыл ойлы, шыншыл да терең сырлы, дауылды поэзиясымен әр буын оқырмандар сүйіспеншілігіне ие болып, жас таланттарға өте күшті әсер етіп келе жатқан біртуар дарын.

1938 жылы тұңғыш өлеңдер жинағы "Өмір сыры" деген атпен жарық көрген. Жинаққа енген өлеңдерден болашақтағы кемелденген ақын поэзиясының отты, лепті, сыршыл мінезі танылатын жекелеген жол, шумақтарын байқауға болады. Ақын 1941 жылы армия қатарына шақырылады. Сол қарсаңда "Мазасыз музыка", "Қоштасу", "Бейсекештің бес ұлы" секілді әсерлі, сыршыл сезімге толы, лепті өлеңдерін жазады. 1941-1943 жылдары Қиыр Шығыста болған Қасым 1943 жылы батыстағы майданға ауыстырылады, содан соғыс аяқталғанға дейін "қанды қырғын, қып-қызыл өрттің ішінде" болады. Намыскер, өр, қайсар Қасым жауынгерлік міндетін жан аямай атқарады, абыройлы болады. Қиыр Шығыс пен батыстағы майдан аралығындағы ұзақ сапар, атамекен – Қазақстанын қақ жарып өтетін жол әсершіл, ұшқыр қиялды ақын жанын қатты тебірентеді. Соның нәтижесінде "Орал", "Сарыарқа", "Байкал", "Өтіп бара жатырмын" тәрізді тек Қасымның ғана емес, сол кездегі бүкіл қазақ поэзиясының жетістігі болып саналатын өлеңдері дүниеге келеді. Ақын рухының бұл қуатты серпілісі майдан жырларына ұласып, мазмұн, тақырып, түр, көркемдік бейнелеу кұралдары, ой мен сезім тереңдігі жағынан жаңа сапа тауып, биік белеске көтеріледі. "Елге хат" (бес бөлімнен тұратын ұзақ толғау), "Ұлы күтіс", "Үстімде сұр шинелім", "Подполковник Әлпинге", "Қапанға", "Сәбитке", "Ғалиға жауап", "Қызғалдақ", "Сен фашиссің, мен қазақпын", "Дариға, сол қыз" сияқты хрестоматиялық өлеңдері мен әйгілі "Ақын өлімі туралы аңыз" поэмасы – соның айғағы[1].

«Құя алман үгітілген балшық өлең,

Көңілімде көл жасаман тамшыменен,

Серінің сертке соққан семсеріндей,

Өлеңнің өткірін бір алшы менен», — [2] деп ақын бұл кезеңде қазақ өлең өнеріне мазмұн жағынан да, түр жағынан да мол жаңалық әкелген. Көркемдеу құралдарының образды сөз өрнектерінің жан тебірентер жаңа үлгілерін тауып қолданды. Әсіресе көзге Соғыс кезінде жазылған Қасым поэзиясының биік бір қырқасы, сонымен бірге қазақ совет поэзиясына елеулі үлес болып қосылған - «Ақын өлімі туралы аңыз» атты поэмасы түседі. Поэма әуелінде «Абдолла» деген атпен жазылып жарияланды. Абдолла Жұмағалиев - (1911-1943) талантты жас ақын. Қасымның жақын досының бірі болатын. Өлеңдерінде Лермонтов пен Байронның романтикалық поэзиясының сарыны бар еді. Ол кейбір өлеңдерінде адамның өршіл үмітін, дүниені кезбе жолаушы немесе мәңгі-бақи айнымас ізгі арман бейнесінде жырлады. «Абдолла» поэмасы - соғыс кезінде жазылған Қасым поэзиясының биік бір қырқасы, сонымен бірге қазақ совет поэзиясына елеулі үлес болып қосылған поэма. Әуелі осы атпен жазып жарияланды. Кейін «Ақын өлімі туралы аңыз» деген атқа ие болды. Бұл поэма туралы кезінде үлкен пікірлер айтылып, жоғары бағалар берілген, жылы лебіздер білдірілді.

С.Мұқанов: «Оқушы көпшіліктің көңілін ең алғаш бөлген шығармасы – «Абдолла» атты поэмасы қазақ совет поэзиясының зор табысының бірі... Бұл Қасымның ғана аузынан шыққан күшті сөз» [3].

Ғ.Мүсірепов: «...Алған тақырыбы майдан ері ақын Абдолла болса, майдандағы ақын Қасым сол бір жалынды жанды толық елестете алған... Мұнда соны теңеу де бар, мұнда терең ой да бар, мұнда жалынды ақын да бар» [3]. Ақын Қасым ақын жанының бар толғануын, кек күшін, сезім тереңдігін түгел бере алған. Жалынды сөзбен жауға аттандырар, жан сөзімен жас тамшылатар ақын сөзі өзегін өртеп, жүрегін тербеп шыққан.

Н.Тихонов: «Қазақ ақындарының жырларында өмірдің кең тынысты лебі өзінің табиғи түйсігімен елестейді... Қ.Аманжолов Абдолла Жұмағалиевтің ерлігін жырлады, батырдың отты өлімін бейнелеуге шебер ақындық сөздер, бояулар таба білген» [4].

Т.Жароков: «Қ.Аманжоловтың «Абдолла» поэмасы майданда қаза тапқан жауынгер Абдолла ақынның майдандағы өжет бейнесін, ерлік образын, оның патриоттығын жақсы берген, асқан ақындықпен шебер жазылған, жастарға үлгі берерліктей әдемі поэма» [5].

М.Қаратаев: «Патриот ақын, лирик, сатирик, публицист Қ.Аманжоловтың қуатты таланты соғыс жылдарындағы патриоттық өрлеу қырқасында мейлінше толық ашылды... Абдолла поэмасы Қ.Аманжоловтың өнерпаздығының шыңы және Ұлы Отан соғысы жылдарындағы поэзияның ұлы жеңісі болып табылады» [5].

Ақын «Абдолла» поэмасын госпитальда жатқанда жазды. «Ақын өлімі туралы аңыз». Қасым Алматыда бірге өмір сүріп, тіпті сонау Оралдан таныс болған дос-інісі А.Жұмағалиевтің ғажайып ерлік өлімін Қиыр Шығыс госпиталінде жатып естиді. Бұл оқиғаның оған қандайлық әсер еткенін «Абдолла» атты Қасым творчествосының ғана емес, совет поэзиясының ақсақалы Н.Тихонов сөзімен айтқанда «бүкіл қазақ поэзиясының маржаны» [4] болған поэмасының өне бойынан анық көрінеді. «Ол сұмдық хабардың бүкіл болмысымды аударып-төңкеріп кеткені сонша, бірнеше түнді жан есірік күйде дөңбекшіп өткіздім, көзімнен жасым тиылмады, мен сол жасты көздің арасынан қиялымда оның жаумен жалғыз үйдің өрт құшағында тұрып айқасқанын қайта жасап, қайта көріп жүрдім. Әлденеше рет көріп, сол көрініске әбден тоқтаған соң барып, қолыма қалам алдым. Менің сол күйімді ұқпаған дәрігерлер дәптерлерімді 2-3 рет алып қойды. Соңғы рет аяқтауға жақын қалғанымда да алып қоймақшы болды. Мен айбат шегіп алдыртпадым. Түрімнен шошынған болу керек, қайтып тимеді», - [6] деп еске алған Қасым Аманжолов. Сөйтіп жазылған «Абдолла» сол соғыс жылының өзінде 1944 жылының 23 майында «Социалистік Қазақстан» газетінде тұңғыш рет жарияланған болатын.

Ең алдымен Қасым бұл поэмасында поэзиямызда бұрын үлгісі жоқ жаңа тақырыпқа өзгелер таба алмаған кілтті тапты. Оның өзгелер таппаған, тапса, байқамаған, байқаса, жеткізіп айтып бере алмаған қырын тапты. Оны жеткізіп айтып бере алды. Ол қандай қырлар? Ол ақынның осы поэмасының да, жалпы Отан соғысы тақырыбына жазылған күллі поэзиясының да лейтмотиві – соған жетелейтін ерлік, соған алып баратын Отанға деген сүйіспеншілік, махаббат сезімі болса, Қасым оны жоғарыда Ғ.Мүсірепов айтқандай құрғақ сөз, жаттанды ой арқылы емес, лирикалық кейіпкерінің ішкі сезім толқынын, жан дүниесін ақтара, аша бейнелеу арқылы жырлады. Осындай ерлік сезім толқынын тудырған, қаһарлы ерді жолбарысша атып, арыстандай айбатқа бастаған сезім себебін ақын әсерлі етіп ашып, айта алған.

Мысалы: Қасақы жау қарсы алдында

Қасақана көрсетіп қыр

Сенің алтын ошағыңда

Зұлымдық от жағып отыр

Түскен дұшпан терезеңнен

Қапылыста салып жара

Қуса сені өз төріңнен

Көнсең соған не масқара!.. [7]

Қасымның осы поэмасының, сондай-ақ Отан соғысы тақырыбына жазылған күллі поэзиясының екінші бір өзегі – лейтмотиві дерлік негізгі арқауы – азамат намысы, Отан алдындағы борыш. Бұл да ақынның лирикалық қаһарманының патриоттық сезімі, жан қиярлық ерлігін бейнелеу арқылы жырланған.

Соғыс тақырыбын жырлауға Қасым тапқан тағы бір шеберлік кілті – суреткерлік. Ақын соғыс туралы айтса да, бос баяндауға ұрынбай, ойын дәл және бейнелі, суретті етіп көрсетуге күш салып отырады. Поэмада бейнеленген оқиға желісін қуалап отырсаңыз, әрбір бөлшегі - өз алдына біткен бір әсем картина.

Қанды көбік қара топан

Ортасында бейне шың тас,

Өр кеудесін етіп қалқан

Сол баяғы жатыр бір жас[7].

Бұл үзінділердің әрқайсысы бір-бір дара сурет екені дау тудырмайды. Суреттілік, көркем-бейнелік - жалпы Қасым Аманжолов шығармашылығына тән қасиет. Қасымның бұл поэмасының ақын таба білген тағы бір қыры – поэманың бойындағы тақырып, сюжет тағы басқа күллі жаңалыққа сәйкес тілінің ерекше көркемділігі, сөз құрамының сонылығы[8].

Поэманың негізгі үш жігі бар сияқты. Бірінші – ақын толғауы. Бұл бір аса күшті жүрек отымен жазылған жолдар. Мұндай суретті кекті жан ашуы шиыршық атқан, оттай жарқылдап ұшқындаған сөздермен беріледі.

Екінші бөлімде лирикалық қаһарманның ой тілегі тікелей өз сөзімен айтылады. Мұнан нағыз батырдың, тайсалмас ержүректі жауынгердің намыс пен кекке булыққан айбатты бейнесі көрінеді.

Үшінші бөлім қаралы: ақын қаза тауып, жүр дүние күңіренгендей – «ұшты құстар шартарапқа, хабарлауға ер өлімін». Қасым поэзиясында көп ұшырайтын қасиетті дауыл бұл жолы тағы соғады.

Поэманың аяғы осындай апофеозбен бітеді. Мұнан ер өліміне қайғырумен бірге, ата жауымен алысып, кегін ала кеткен батырға деген ризашылық, сүйіспеншілік сезіледі. Қаһарман батыр өзі де: «туған халқым,туған жұртым... алшы жаудан, алшы кекті», - [9]дейді: кек алар жұрт, ел барына сенеді. Поэманың жарық сәулелі жерінің бірі осы. Қ.Аманжолов поэмасы екі түрлі философиялық ойды аңғартады; ерлік өлмек емес, өлең өлмес. Поэманың қаһарманы қыршын батыр, ер, сонымен бірге ел намысын жыртқан ел кегін бойына жинаған ақын. Шығарманың өзекті ойы осында: ол - өлең мен өмір.

Мақаламды Тахауи Ахтановтың мына бір сөзімен  қорытындыласам, «Ақынның адал, шыншыл мінезі өзімен бірге өлген жоқ, тамаша өлеңдерінде жүр» деп айтқандай Қасым Аманжолов өлеңдерімен бірге біздің арамызда. Міне, осынау қан майданның төрінде жаумен жанын қия айқасқан жауынгерлердің рухына бас ие отырып,  сол ерлердің бүгінгі ұрпақтарына қалдырған кең байтақ, азат елін, жерін қорғау, күту - болашақ жастар біздің қолымызда. Ерлік көрсету - тек қанды  майдан даласында емес, бейбіт елде де ерлік көрсетуге болады.

Әдебиеттер тізімі:

1. Кәрібаева Б. Қазіргі қазақ лирикасының поэтикасы.-Алматы,1988.

2. Кәрібаева Б. Қазіргі қазақ лирикасы.- Қарағанды,1990.

3. Егеубаев А. Сыр мен сымбат.-Алматы, 1981.

  1. Қуандық Мәшһүр-Жүсіп. Қазақ лирикасындағы стиль және бейнелілік. –Алматы,1990.

  2. Абдрахманова Т. Қ.Аманжоловтың поэтикасы. Алматы,1976.

  3. Базарбаев М. Қазақ поэзиясы: көркемдік ізденістер.-Алматы,1995.

  4. Дәрібайұлы С. Қияға самғаған қыран ақын.//Қазақ елі,№33, 1992.

8. Дәдебаев Ж. Қазіргі қазақ әдебиеті.-Алматы, 2002.

9. Кәрібаева Б. Қазіргі қазақ әдебиетінің көркемдік даму арналары.-Астана, 2002.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11 қараша
358
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі