Материалдар / "Елім менің" сайысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Елім менің" сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Тəуелсіздік күніне орай ұйымдастырылатын интелектуалды ойын
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қырқүйек 2018
771
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Елім менің» сайысы

Мақсаты: Оқушылардың жан-жақтылығын, осы заманғы дүние танымын, өмірлік көзқарастарын, Зияткерлік деңгейі мен мәдениетін көтеру, сөздік қорларын мен тіл байлығын арттыру, Отанын сүюге, атамекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға тәрбиелеу.

Қатысушылар: Өрлеу бөлімі мен домбыра, баян бөлімдері

Жүргізуші: Бимурзаева Патима


Сәйгүліктің құйрық жалы таралған,

Қазақ осы, қараңдар.

Қазақ осы күй шығарып,

Ән салып, көкпар тартқан,

Қыз қууға жаралған.


Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Алдымызда еліміздің салтанатты да, мерейлі мерекесі – Тәуелсіздік күні келеді. Тәуелсіздік ел атанып, өз алдына дербес мемлекет болу - айтар ауызға оңай көрінгенімен, біздің басымызға ол оңай жолмен келген жоқ. Тәуелсіздік алған Қазақстанның алдында жаңа мемлекет құрумен бірге адамдардың жаңа өмірге бейімделуіне жағдай туғызу сияқты аса күрделі жауапкершілік тұрды. Қазақтың санасын сілкіндіріп, дүние жүзінің назарын өзіне қаратқан желтоқсан ызғары – жылдар бойы арман мен тәуелсіздіктің қайнар көзі болды. Қазіргі кезде еліміз тыныш, аспанымыз ашық болсын деп сайысымызды бастайық.

Бүгінгі тақырыбымыз еліміздің елбасы мен өнер адамдарына арналады.

Бізде екі топ бар.

1-топта оң қанатта топ басышысы Мұстафаев Ерсұлтан, 2-топта сол қанатта топ басшысы Есіркепова Фарида өз топтарыңызды таныстырып өтсеңіздер.

Сайысымыздың жүргізушісі мен. Бимурзаева Патима, сайысымыздың әнмен көркемдейтін Мелдебеков Рашит.

Сайыс болған соң әрине әділ қазы сайланады. Әділ қазымыз Беркінбаева Айжан.

Олай болса сайысымызды бастайық. Ойын 6 айналымнан тұрады. Әр айналым тапсырмалар мен сұрақтардан тұрады. Әрбір дұрыс жауап 1 ұпайдан беріледі. 1-топ сұрақтың жауабын дұрыс бере алмаса, 2-топ жауап беруіне болады. Әр айналым біткенде қосымша ұпай алу үшін ән жасырылады, яғни соны табу керек. Оған 2 ұпай беріледі.


І айналым «Видеосұрақ»


1-топқа: Кинодан үзінді жасырылады.

Сұрақ: Бұл қай кинодан үзінді? Қай жылы түсірілді? Режисеры кім?

Жауабы: «Қыз Жібек» киносынан үзінді. 1968-1970 жылдары түсірілген. Рижисеры – Сұлтан-Ахмет Қожықов



2-топқа: Мультфильм жасырылады.

Сұрақ: Қай мультфильмнен үзінді? Қай жылы түсірілген? Режисеры кім?

Жауабы: «Ақсақ құлан» мультфильмі. 1968 жылы түсірілген. Режисеры-Амен Хайдаров


1-топқа: «Желтоқсан желі» бейнебаяны көрсетіледі.

Сұрақ: Желтоқсан оқиғасы қашан, қайда, не себептен болды?

Жауабы: 1986 жылы 17 желтоқсанда Алматыда орталық алаңында (қазіргі Республикалық алаңында) «КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне наразылық қимылдары» себебінен болды.


2-топқа: «Көк тудың желбірегені» әнінің бейнебаяны көрсетіледі.

Сұрақ: Ән қандай мақсатта туындаған? Авторларын ата?

Жауабы: қытай қандастарымыздың еліміздің еркіндігін, азаттығын көрсететін, елімізге деген сағынышқа толы, жанды тебірентетін, сағымды, нағыз рухты оятатын патриоттық ән.


Алғашқы есеп: ___ : ___

Ән жасырылады, қай топ дұрыс тапса 2 ұпай беріледі.

«Атамекен» әні Е.Хасанғалиев, сөзі Қ.Мырзалиев


ІІ айналым «Фразеологиялық сөз тіркестердің мағынасын табу»


  1. Мойны жар бермеді. (ерінді, жалқауланды)

  2. Сатқақ ұрғандай болды. (кенеттен, оқыстан)

  3. Түтіні бір жерден шықты. (келісіп, ұйымдасып)

  4. Ішіш иттей кемірді. «күйінді, өкінді)

  5. Малына құрық, басына сырық ойнатты. (жәбірледі, азаптады)

  6. Сау басына сақина тіледі. (өзіне өзі бейнет тапты)

  7. Жүрегі тас төбесіне шықты. (қорықты, зәресі ұшты)

  8. Қой аузынан шөп алмас. (момын, жуас)

  9. Салы суға кетті. (ренжіді, уайымдады, мұңайды)

  10. Төбесінен тік тұрды. (сыйлады, құрметтеді)


Есеп: ___ : ___

Жасылырлған әнді тыңдайық.

«Өз елім» әні Н.Тілендиев, сөзі Қ.Мырзалиев








ІІІ айналым «Әйгілі есімдер»


Бұл сайыста 1,5 мин уақыт беріледі. Сол уақыт аралығында жасырылған есімдерді табуы керек.


1-топ

Рет

саны

2-топ

Ескендір Хасанғалие

1

Құрманғазы Сағырбайұлы

Дина Нүрпейісова

2

Шара Жиенқұлова

Роза Бағланова

3

Қорқыт

Шәмші Қалдаяқов

4

Нұрғиса Тілендиев

Нұрсұлтан Назарбаев

5

Мұхтар Шаханов

Бауыржан Ибрагимов

6

Нұржан Төлендиев

Роза Рымбаева

7

Мақпал Жүнісова

Жүрсін Ерманов

8

Есен Елеукен

Мұрат Қожа

9

Әмина Өмірзақова



Есеп: ___ : ___

Енді жасырылған әнді тыңдайық.

«Қазақтай ел қайда» әні Ж.Дәулет, сөзі Қ.Сарин


ІV айналым «Ескірген салт-дәстүрлер»


1-топқа: Қарыс деген не?

Жауабы: Қарыс деген – бас бармақ пен шынашақ саусақтарының арасындағы ара-қашықтық.


2-топқа: Сүйем деген не?

Жауабы: Сүйем деген - бас бармақ пен сұқ саусақ арасында ара-қашықтық.


Есеп: ___ : ___

Енді жасырылған әнді тыңдайық.

«Атамекен» әні Ж.Тұяқбаев, Ш.Сариев


V айналым «Сұрақ-жауап»


Бұл айналымға топ басшылары қатыспайды. Сұрақтың барлығы бүкіл халық сайлаған Президентімізге арналады.

1-топқа: 1. Елбасымыздың дүниеге келген туған жері? (Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылы)

2. Елбасымыздың еңбек жолы қайдан басталады? (Қарағанды облысы, Теміртау кені, жұмысшы)

3. Алғашқы Президенттік сайлау қашан болды? (1991 жылы, 1 желтоқсан)


2-топқа: 1. Елбасымыздың дүниеге келген күні, айы, жылы? (6 шілде 1940 жылы)

2. Елбасымыздың мамандығы қандай? (инженер-металлург, экономист)

3. Соңғы Презтденттік сайлау қашан болды? (2011 жылы, 3 сәуір)


Есеп: ___ : ____

Жасырылған әнді тыңдайық.

«Жаса Қазақстан» әні Е.Серікбаев, сөзі А.Жанарқұлова


VІ айналым «Сөз құрастыру»

Бұл ойында 1,5 мин уақыт беріледі. Сол уақыт аралығында жасырылған сөздерді табу керек.

О/А З/С Т/Ы Қ/А

У/А Д/М Р/А Л/М

Ластың синонимі – таза

Кең байтақ аймақ – дала

Ілгері тәжірибе – озық

Есеннің синонимі – аман

Егемен, тәуелсіз – азат

Харам антонимі – адал

Қойдың баласы – қозы

Қосу, азайту, көбейту, бөлу – амал

Үздік оқкшы – озат

Машина маркасы – лада

Химиялық әлемент - азот

Ақылгөй – дана

Көзге көрінбейтін жер – таса

Өркешсіз түйе - лама

3 ноянның бірі - атос

Жеміс түрі - алма


Есеп: ___ : ___


Құрметті ойыншылар, осымен ойнымыз өз мәресіне жетті. Олай болса есеп: ___ : ___









Жаңақорған ауданының білім бөлімінің

балалар өнер мектебінің мұғалімі

Бимурзаева Патима

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!