Материалдар / "Елім менің" танымдық сайысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Елім менің" танымдық сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: «Елім менің» сайысы Мақсаты: Оқушылардың жан-жақтылығын, осы заманғы дүние танымын, өмірлік көзқарастарын, Зияткерлік деңгейі мен мәдениетін көтеру, сөздік қорларын мен тіл байлығын арттыру, Отанын сүюге, атамекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға тәрбиелеу. Сайыстың ұраны: «Халықтың кемеліне келіп, өркендеуі үшін алдымен азаттық пен білім қажет» Ш.Уәлиханов. Көрнекіліктері: бейнежазба, парақтар Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, қазақ тілі, әдебиет, география
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қараша 2024
96
0 рет жүктелген
900 ₸
Бүгін алсаңыз
+45 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +45 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Елім менің» сайысы

Мақсаты: Оқушылардың жан-жақтылығын, осы заманғы дүние танымын, өмірлік көзқарастарын, Зияткерлік деңгейі мен мәдениетін көтеру, сөздік қорларын мен тіл байлығын арттыру, Отанын сүюге, атамекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға тәрбиелеу.

Сайыстың ұраны: «Халықтың кемеліне келіп, өркендеуі үшін алдымен азаттық пен білім қажет» Ш.Уәлиханов.

Көрнекіліктері: бейнежазба, парақтар

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, қазақ тілі, әдебиет, география

Сайыстың жүру барысы:

-         Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар! Туған елдің тарихын, даңқын асыратын  «Елім менің» сайысына қош келдіңіздер!

Сайыс 5 айналымнан тұрады

-         Бүгінгі сайысқа 2 топ қатысады

Топ құрамына енетін оқушыларды сұрақтарға жауап беруіне қарай марапаттау.

1.Тіл білімінің неше саласы бар?

2.О дыбысына фонетикалық талдау жасату.

3.Нақыл сөздің авторы кім?

Ана тілін өгей ұлдары ғана менсінбейді,өгей ұлдары ғана аяққа таптайды.

4.Тіркесті жалқы есімге мысал келтір

5.Біріккен жалқы есімдердің жасалуына мысал келтір

6. Есік қаласынан табылған «Алтын адамды» әйел адам болуы мүмкін дегенде тарихшы Еділ Ноянов неге сүйенеді?(бойы 165см, мойнында алтын алқасы бар, бір құлағында сырғасы болған, бас киімінің биіктігі -70 см, сәукелеге ұқсайды)

7. Қазақ жазуы кирилицаға қашан көшті? (1940)

8. А.Байтұрсынов ұсынған жазу түрі қандай? (Төте жазу)


І айналым «Видеосұрақ»


«Желтоқсан желі» бейнебаяны көрсетіледі.

Сұрақ: Желтоқсан оқиғасы қашан, қайда, не себептен болды?

Жауабы: 1986 жылы 16 желтоқсанда Алматыда орталық алаңында (қазіргі Республикалық алаңында) «КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне наразылық қимылдары» себебінен болды.


Ән жасырылады, қай топ дұрыс тапса 2 ұпай беріледі.

«Атамекен» әні Е.Хасанғалиев, сөзі Қ.Мырзалиев


ІІ айналым «Фразеологиялық сөз тіркестердің мағынасын табу»

І топқа

  1. Мойны жар бермеді. (ерінді, жалқауланды)

  2. Сатқақ ұрғандай болды. (кенеттен, оқыстан)

  3. Түтіні бір жерден шықты. (келісіп, ұйымдасып)

  4. Ішіш иттей кемірді. «күйінді, өкінді)

  5. Малына құрық, басына сырық ойнатты. (жәбірледі, азаптады)

  6. Сау басына сақина тіледі. (өзіне өзі бейнет тапты)

  7. Жүрегі тас төбесіне шықты. (қорықты, зәресі ұшты)

  8. Қой аузынан шөп алмас. (момын, жуас)

ІІ топқа

1.Көздің жауын алу-  (қызықтыру)

2.Көзді ашып жұмғанша (жылдам)

3.Таяқ тастам жер (бір аттам жер)

4.Көрпеңе қарай көсіл (шамасына қарау)

5.Құлаққа ұрғандай болды (Тып-тыныш болды )

6.Сабасына түсті (ашуы басылды)

7.Салы суға кетті. (ренжіді, уайымдады, мұңайды)

8.Төбесінен тік тұрды. (сыйлады, құрметтеді)



ІІІ айналым «Әйгілі есімдер»


Бұл сайыста 1,5 мин уақыт беріледі. Сол уақыт аралығында жасырылған есімдерді табуы керек.


1-топ

Рет

саны

2-топ

Ескендір Хасанғалиев

1

Құрманғазы Сағырбайұлы

Дина Нүрпейісова

2

Шара Жиенқұлова

Роза Бағланова

3

Қорқыт

Шәмші Қалдаяқов

4

Нұрғиса Тілендиев

Нұрсұлтан Назарбаев

5

Мұхтар Шаханов

Бауыржан Ибрагимов

6

Нұржан Төлендиев

Роза Рымбаева

7

Мақпал Жүнісова

Жүрсін Ерманов

8

Есен Елеукен

Мұрат Қожа

9

Әмина Өмірзақова

ІV айналым «Ескірген салт-дәстүрлер»

1-топқа: Қарыс деген не?

Жауабы: Қарыс деген – бас бармақ пен шынашақ саусақтарының арасындағы ара-қашықтық.


2-топқа: Сүйем деген не?

Жауабы: Сүйем деген - бас бармақ пен сұқ саусақ арасында ара-қашықтық.

V айналым «Сұрақ-жауап»

1-топқа 

1 Ұлы ақын,кемеңгер,ойшыл -     А.Құнанбаев

2. Махамбеттің досы -                  Исатай

3.Қазақтың палуаны -                  Қажымұқан 

4.Елбасының мамандығы қандай?

5. Тұрлаулы мүшелер нешеге бөлінеді?     2-ге

6. 3*9 көбейтіндісі       (27)

7. Елтаңбаның авторы кім?     (Ш.Уалиханов, Ж. Мәлібеков )

8. Есту мүшесі      (құлақ)

9.Тәуелсіздігімізді қай жылы алды?  (1991 жылы 16 желтоқсан)

10.Қазақтан шыққан екінші ғарышкер  (Т.Мұсабаев)

2-топқа 

1.Тұңғыш балаларға арнап мектеп ашқан ,аудармашы -   Ы.Алтынсарин

2. Абайдың әжесінің аты   - Зере

3. Тұңғыш қазақ ғарышкері -    Т.Әубәкіров 

4.ҚР гимннің  сөзін жазған -   Ж Нажімединов, Н. Назарбаев  

5.Исатай мен Махамбет батырлар заманындағы хан   (Жәңгір хан)

6. 4*9 көбейтіндісі  (36)

7.Көру мүшесі   (көз)

8. Біздің облысымыз қалай аталады?    (Ақтөбе)

9. Сөйлем мүшелері нешеге бөлінеді?   (2)

10.1 желтоқсан қандай күн ?     (Президент)


VІ айналым «Сөз құрастыру»

Бұл ойында 1,5 мин уақыт беріледі. Сол уақыт аралығында жасырылған сөздерді табу керек.

О/А З/С Т/Ы Қ/А

У/А Д/М Р/А Л/М

Ластың синонимі – таза

Кең байтақ аймақ – дала

Ілгері тәжірибе – озық

Есеннің синонимі – аман

Егемен, тәуелсіз – азат

Харам антонимі – адал

Қойдың баласы – қозы

Қосу, азайту, көбейту, бөлу – амал

Үздік оқкшы – озат

Машина маркасы – лада

Химиялық әлемент - азот

Ақылгөй – дана

Көзге көрінбейтін жер – таса

Өркешсіз түйе - лама

3 ноянның бірі - атос

Жеміс түрі - алма

VІІ айналым

Бұл айналымға топ басшылары қатыспайды. Сұрақтың барлығы бүкіл халық сайлаған Президентімізге арналады.

1-топқа: 1. Елбасымыздың дүниеге келген туған жері? (Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылы)

2. Елбасымыздың еңбек жолы қайдан басталады? (Қарағанды облысы, Теміртау кені, жұмысшы)

3. Алғашқы Президенттік сайлау қашан болды? (1991 жылы, 1 желтоқсан)

2-топқа: 1. Елбасымыздың дүниеге келген күні, айы, жылы? (6 шілде 1940 жылы)

2. Елбасымыздың мамандығы қандай? (инженер-металлург, экономист)

3. Соңғы Презтденттік сайлау қашан болды? (2011 жылы, 3 сәуір)


Сайысты қорытындылау.Құрметті ойыншылар, осымен ойнымыз өз мәресіне жетті. Олай болса есеп: ___ : ___





































1-топ

Рет

саны

Ескендір Хасанғалиев

1

Дина Нүрпейісова

2

Роза Бағланова

3

Шәмші Қалдаяқов

4

Нұрсұлтан Назарбаев

5

Бауыржан Ибрагимов

6

Роза Рымбаева

7

Жүрсін Ерманов

8

Мейрамбек Беспаев

9

Рет

саны

2-топ

1

Құрманғазы Сағырбайұлы

2

Шара Жиенқұлова

3

Қорқыт

4

Нұрғиса Тілендиев

5

Мұхтар Шаханов

6

Нұржан Төлендиев

7

Мақпал Жүнісова

8

Есен Елеукен

9

Әмина Өмірзақова










Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!