Материалдар / Еліміздегі тарихи-мәдени мұралар
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Еліміздегі тарихи-мәдени мұралар

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақ жоспары бастауыш сынып мұғалімдерінің сабақты түрлендіріп өткізуіне көмектеседі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қазан 2019
3561
5 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пән: Көркем еңбек.



Мектеп: №4 ЖОББМ

Күні: 09.0.19

Мұғалімнің аты жөні: Айқын Гүлдана

Сынып: 4 «б»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақтың тақырыбы:



Еліміздің тарихи мәдени мұралары.

Тақырыпты меңгертуге арналған оқу мақсаттары:

4.1.2.2 қазақ халқының және әлем халықтарының қолданбалы өнерінің ұлттық ерекшеліктерін анықтау және суреттеу.

Сабақ мақсаттары:

  • ескерткіштің не үшін қажет екенін біледі;

  • кейбір тарихи және мәдени ескерткіштерге сипаттама береді;

  • сыныптастарына өзінің қаласы(ауылы) бойынша ойша экскурсия жасайды.

Құндылықтарды дарыту:

Оқушыларды бір-бірлеріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиеелеу.

Пәнаралық байланыс:


Әдебиет

Уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар


Сабақтың басы

1 минут










5 минут







Сабақтың ортасы




10 минут







































































5 минут



3 минут
















3 минут











7 минут

Ұйысдастыру:

  • Амандасу;

  • Түгендеу;

Жұмыс ережесімен таныстыру.

  • Сабақта бір – бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты, дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшандығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!

«Мозайка» әдісі

Тақырыпты ашу мақсатында әр топқа кесене және мұражай суреттерінің қиындысын беріп, құрастыру тапсырмасын беру. Оқушылар шыққан суреттер туралы өз білгендерін айтып береді.



«Елімізге саяхат» видео.

Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы “Еліміздегі тарихи-мәдени мұралар”. Олай болса бүгінгі сабақта бәріміз бірге еліміздегі мәдени мұралар орналасқан жерлерде саяхат жасайық.

Қазақ даласы тарихи-мәдени ескерткіштерге бай. Батыс Қазақстан аймағында ғана 300-ден астам тарихи-мәдени ескерткіштер тіркелген. Оларға Шопан Ата жер асты мешіті, Қараман Ата ескерткіші т.б жатады. Аса ірі тарихи -мәдени ескерткіштер қатарына Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Сарыарқадағы Алаша хан кесенесі, Тараз өңіріндегі Айша бибі және Қарахан кесенесі бар.

Қожа Ахмет Ясауи Қожа Ахмет Яссауи кесенесі Оңтүстік-Қазақстан облысы Түркістан қаласында орналасқан. Оны әлемнің сезігінші кереметі деп тегіннен тегін атамаған. Кесененің күмбезі Орталық Азиядағы ең үлкен күмбездердің бірі, оның диаметрі шамамен 18 метрді құрайды. Кесенеде шартты түрде сегіз блокқа бөлінген 30-дан астам бөлмелер бар. Олар өзара шиеленіскен жолдармен, дәліздермен, сырмалы екі қабатты сатымен байланысқан. Жарық ішке ағаш шарбақтармен бітелген терезелер арқылы кіреді, жаңғырық адамдардың аяқ дыбысын алысқа алып кетеді... Жартылай қараңғылық, салқындық, тыныштық құлшылық етушілердің жүрегінде терең сенім мен үйлесімділік тудырады. Қазандық – кесененің ең үлкен залы, күмбезбен жабылған негізгі салтанатты кеңістігі. Ол жерде көнеден келе жатқан киелі зат қола Тайқазан орналасқан, оның сыйымдылығы 60 шелек, диаметрі – 2,2 метр, салмағы 2 тонна. Аңыз бойынша, Тайқазан Қарнақ ауылында жеті сирек кездесетін металдың қорытпасынан жасалған. Тайқазан түркі тайпалары ынтымағының және қонақжайлылығының белгісі. Сенім бойынша, одан су ішкен құлшылық етуші жамандықтан тазарады. Қожа Ахмет Яссауи 63 жасынан бастап, соңғы 12 жылын ол жер астында жатып, күн сәулесін көрмей өткізді.Бүкіл Шығысқа әмірін жүргізген атақты қолбасшы Ақсақ Темір далалықтар мен қалалықтар қосылып пір тұтатын, күніне жүз мәртебе тағызым етіп, мінәжат қылатын Қожа Ахметке зәулім ескерткіш тұрғызуды қолға алды.

Айша бибі кесенесі-XII ғасырда салынған сәулет өнері ескерткіші. Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Айша бибі ауылында орналасқан. Аумағы 7,6х7,6 метрге тең кесененің бұрыштары бағаналармен тірелген. Кесененің қақ ортасында құлпытас орнатылған. Кесененің Батыс жақ бөлігі мен бағаналары ұсақ плиткалармен қапталған. Кесененің жоғарғы жағындағы бағаналарға араб әрпінде  «күз, бұлтттар, дөңгеленген дүние» деген де жазу жазылған. Кесене қабырғаларының сыртқы беті ұсақ 60 түрлі әшекей плиткалармен безендірілген. Қашаумен үңгіп жасалған бұл оюлар бір-бірімен қиюласып, кесененің мақсатына сай сәулеттік сипат, композициялық шешімін тапқан тәрізді.

Қарахан кесенесі - Қазақстанда 11 ғасырдан сақталған сәулет өнері ескерткіші. Қазіргі Тараз қаласының батыс шетінде. Күмбезі ғана құлаған кесененің төрт қабырғасы мен жылтыр кірпішпен өрнектелген қос мұнарасы 19 ғасырдың 90-жылдарына шейін сақталған. 1905 жылы оның құлаған бөлігі түгелдей бұзып алынып, орнына 1906 жылы жаңа кесене салынған. Кейінгі салынған кесене алғашқысына ұқсамайды. Қас беті Айша бибі кесенесіне ұқсас. Қарахан кесенесі төрт бұрышты, ортаңғы кең бөлмеден және үш кіші бөліктен тұрады. Орталық бөлменің төбесі киіз үйге ұқсатылып жабылған. Артқы жағында екі мұнарасы бар. Кесененің қас беті оңтүстікке қараған, ал оның ішіндегі қабір оңт-тен солт-ке қаратыла қойылған. Кірер есігі аркалы қуыспен безендірілген. Қабырғаларының ішкі жағы кесененің бұрынғы өз кірпіштерімен қаланып, сыртқы жағын қалауға жаңа кірпіш пайдаланылған.


Облысымыздағы мәдени мұралар туралы видео материал көрсету.


ШҚО-да кездесетін мұралар.

Семей қаласында ұйымдастырылған қазақтың ұлы ойшыл ақыны Абай Құнанбаевтың тарихи -мәдени әдеби – мемориалдық қорық мұражайы Қазақстан тарихындағы тұңғыш әдеби мемориалдық мұаражай. Іргетасының қаланғанына жетпіс тоғыз жыл толғалы отырған Семейдегі Абай қорық мұражайы Қазақстандағы ірі мәдени орталықтардың бірі. Мұражай қазақтың ұлы жазушысы, академик М.О. Әуезовтің ұсынысы бойынша Абайдың 95 жылдық мерейтойы қарсаңында, 1940 жылы Қазақ ССР -нің Халық комиссарлар кеңесінің 1 – ші сәуірдегі қаулысы негізінде құрылып, сол жылы 16 – шы қазан күні мереке үстінде ашылды.

1-тапсырма. «Шатасқан мәдени мұралар»

Т
ақтада Қазақстан картасы ілініп тұрады және кесенелер мен мұражайлар шатасып тұрады, оқушылар олардың орнын дұрыс тауып, орналастыру керек.




Практикалық тапсырма.

Кесененің суретін салу.

Оқушылар өздеріне ұнаған тарихи-мәдени мұралардың суретін салады. Белгіленген уақыт ішінде тапсырманы орындап болған оқушы тақтаға шығып өзінің салған суретін таныстырады. Басқа оқушылар баспармақ әдісі бойынша бағалайды.

Олай болса бүгінгі саяхатымыз осымен аяқталды. Саяхаттау барысында өзімізге қаншалықты мәліметтер жинағанымызды білу үшін сабағымызды «Иә не жоқ »әдісімен қорытындылаймыз.





Бестік ереже.









Суреттердің киындылары































































Видео материал





Қосымша мәлімет, Абай мұражайы суреті, Тайқазан суреті


















Альбом, бояу қарындаш

Сабақтың соңы

5 минут















1 минут.

Рефлексия.

Олай болса бүгінгі саяхатымыз осымен аяқталды. Саяхаттау барысында өзімізге қаншалықты мәліметтер жинағанымызды білу үшін сабағымызды «Иә не жоқ »әдісімен қорытындылаймыз.

  1. БҚО-да 300-ден астам кесенелер бар. (Иә)

  2. Абай мұражайы М. О. Әуезовтың ұсынысы бойынша тұрғызылды. (Иә)

  3. Айша бибі кесенесі ШҚО-да орналасқан. (Жоқ)

  4. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі ОҚО Түркістан қаласында орналасқан (Иә)

  5. Қарахан кесенесі - Қазақстанда 11 ғасырдан сақталған сәулет өнері ескерткіші. (Иә)

  6. Қожа Ахмет Яссаки кесенесінде үлкенді кішілі 40-тан амтам бөлме бар. (Жоқ)


Бағалау.

Смайликпен бағалау



Үй жумысы.

Аппликациямен мұражай, кесенелер жасап келу.




End

1min

Feedback: Teacher asks students what task was difficult to them and which pair worked well.












Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!