Тақырыбы: «Елімізді
сүйеміз»
Ұйымдастырылған
оқу-қызметінің мақсаты: Балаларды Отанын сүюге,
Қазақстан Республикасының рәміздерін қастерлеуге, туған жерге деген
сүйіспеншіліктерін арттыруға тәрбиелеу мақсатында олардың сөздік
қорларын көбейтіп, еңбекке, адамгершілікке , парасаттылыққа
тәрбиелеу. Туған жеріміз Қазақстанның қалаларымен
таныстыру.
Керекті көрнекті
құралдар: Слайд тақтасы,
суреттер,текшелер6 алма, күріш, көмір,
балық
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, көрсету,
сұрақ-жауап алу, мадақтау, қортындылау.
Ұйымдастырылған оқу
қызметінің барысы:
-Балалармен амандасу. Бүгінгі
тақырыбымыз «Елімізді сүйеміз» атты болғандықтан балаларды
орындарынан тұрғызып, әнұранды орындатқызу. Әнұранды
орындайды.
-Балалар , қазір жылдың қай
мезгілі?
-Көктем
мезгілі.
-Балалар, көктем мезгілінде
неше ай бар?
-Көктем мезгілінде үш ай
бар. Олар –наурыз, сәуір, мамыр
айлары.
-Қазір көктем мезгілінің қай
айы?
-Сәуір
айы.
-Өте жақсы балалар. Біз бүгін
сіздермен өзіміздің Отанымыз Қазақстан ның картасымен танысамыз.
Олардың ішіндегі қалалар мен олардан шығатын өнімдермен, Каспий
теңізімен танысамыз..
-Балалар, қай мемлекетте
тұрамыз?
-Қазақстан
Республикасында.
-Қазақстан қандай
Республика?
-Егеменді тәуелсіз
Республика.
-Балалар , Қазақстан
Республикасының президенті кім?
-Қазақстан Республикасының
президенті –Нұрсұлтан Назарбаев
Әбішұлы.
-Балалар, Қазақстан
Республикасының мемлекеттік тілі қалай
аталады?
- Қазақстан Республикасының
мемлекеттік тілі -қазақ тілі.
-Балалар , Қазақстан
Республикасының астанасы қай қала?
-Қазақстан Республикасының
астанасы-Астана қаласы.
-Балалар, біздің ұлтымыз
қандай?
-Біздің
ұлтымыз-қазақ.
-Қазақстан Республикасының
рәміздеріне нелер жатады?
-Елтаңба, ту,
әнұран.
-Балалар, біздің облысымыз
қалай аталады?
-Маңғыстау
облысы.
-Біздің облысымыздың орталығы
қалай аталады?
-Ақтау
қаласы.
-Балалар, біздің ауданымыз
қалай аталады?
-Түпқараған
ауданы.
-Балалар , өзіміздің тұратын
қаламыз қалай аталады?
-Форт-Шевченко
қаласы.
-Ал өзіміздің тұратын ауылымыз
қалай аталады?
-Баутин
кенті.
-Балалар, енді біз өзіміздің
Қазақстан қалаларына саяхат жасаймыз. Біздің еліміздің кең байтақ
жеріне жетер еш жер жоқ. Сол қалалардың бірі
Елордамыз-Астана
қаласы. Астана қаласы өте әдемі,
табиғаты өте сұлу қала. Астана қаласында біздің күнделікті жеп
жүрген нанымызды жасайтын бидайымыз өседі. Қазақстанның басты
қаласының бірі-Алматы
қаласы. Алматы қаласы өте көрікті,
сұлу қала. Алматы қаласында мұздан жасалған
Медеу
айдыны бар және де мәңгілік шыңында
қар жататын Алатау
тауы бар. Сонымен қатар алманың бір
түрі –апорт
алмасы өседі. Апорт алмасының дәмі
өте дәмді болады, түсі қызыл. Басқа алмалардың түріне қарағанда
үлкен болады. Қазақстан мемлекетінің өте бай қаласының
бірі-Қарағанды
облысы өте әдемі қалалардың бірі.
Көмір қатты және түсі қара болады. Отанымыздың тағы бір әдемі
қаласының бірі –Қызылорда
облысы. Қызылорда қаласында біздің
күнделікті тамағымызға пайдаланып жүрген күрішіміз өседі. Күріш өте
ұсақ және түсі ақ болады. Күрішті пісіргенде өте дәмді
болады.
Енді өзіміз тұратын
Қазақстанның батыс бөлігіне тоқталайық. Батыс
Қазақстанда-Атырау, Ақтөбе, Орал,
Ақтау, Форт-Шевченко қалалары орналасқан. Атырау
облысы алғаш рет мұнай шыққан
қаламыз. Мұнайдың түсі қара және өздерің көріп отырғандай сұйық.
Мұнайдан көптеген заттар алады. Олар бензин, керасин, газ,
парафин. Ақтөбе, Орал
облысы мал шаруашылығымен айналысады.
Осы қалаларда мал өнімдеріне бай, оларда қаймақ, май, айран
өндіріледі. Бұл қалалардан шығатын қаймақ, май , айрандардың дәмі
өте дәмді болады. Маңғыстау облысының орталығы
Ақтау
қаласында газ шығарылады. Газды біз
күнделікті тұрмысымызда қолданыламыз. Газ адам көзіне көрінбейді
және газ қолымызбен ұсталынбайды. Газбен біз үйімізді жылытамыз,
тамақ пісіреміз және көлік жүргізуге пайдаланамыз. Ендігі қаламыз
өзіміздің тұрып жатқан –Форт- Шевченко қаласы. Форт-Шевченко қаласы
Каспий теңізінің жағалауында орналасқан. Каспий теңізі балыққа бай.
Балықтың әр түрлері болады. Олар бекіре, , ақбалық, шабақ, сазан.
Балықты біз тамақ ретінде пайдаланамыз, дәмі өте дәмді. Каспий
теңізінде мұнай өндіріліп жатыр. Сонымен қатар Форт-Шевченко
қаласында тас шығарылады.Біздің елімізде көптеген ұлттар
тұрады. Ойын: «Менің арманымдағы
ауылым»
Ойын
шарты: Балаларды үш топқа бөліп, топ
басшысын сайлау керек. Содан кейін алдымыздағы заттардан өз
арманымыздағы ауылымға ең қажетті ғимаратты құрастыру керек.
Құрастырған ғимаратты топ басшысы қорғау керек. Тақтаға күннің
дөңгелегін іліп, балалардан бүгінгі өткен оқу қызметін сұрақ қойып,
қайталау арқылы, айтқан балаға күннің шуағын жапсыртып, оқу
қызметін қортындылау. Тақтадағы шуағы шашылған күндей әрқашан
аспанымыз ашық болып, еліміз тыныш болсын. Осымен ұйымдастырылған
оқу қызметі аяқталды.