Мектеп: №113 Әл-Фараби
атындағы жом
|
Сабақтың тақырыбы:
Еліміздің келешегі жастардың қолында
|
Күні
|
Мұғалімнің есімі: Хидоятова
Н
|
Сынып:
7
|
Қатысқандар саны
|
Қатыспағандар саны
|
Сабаққа негізделген оқу
мақсаты
|
7.3.5.1 – қосымша ақпарат
көздерінен алынған мәліметтерді кесте, диаграмма, сызба, шартты
белгілер түрінде ұсыну (оқылым)
7.4.3.1 - жазба жұмыстарында
теңеу мен метафораны қолданып жазу
(жазылым)
7.5.2.1 – жазба жұмыстарында
ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемдерді
құрастыру (тілдік
бағдар)
|
Сабақ мақсаттары:
|
Барлық
оқушылар: қосымша ақпарат көздерінен
мәлімет алады; тақырып бойынша теңеу мен метафораны, ыңғайлас
салалас сөйлемдерді жаза біледі.
Оқушылардың басым
бөлігі: алынған мәліметтерге талдау
жасайды, диаграмма, кесте түрінде ұсына алады. Тапсырмаларды
орындауда теңеу мен метафораны, ыңғайлас салалас сөйлемдерді орынды
қолдана алады.
Кейбір
оқушылар: тақырыпқа бойынша мәліметтерді
жинақтап, кесте, шартты белгілер, сызба, диаграмма түрінде ұсынады.
Ауызша және жазбаша тілде теңеу мен метафораны, ыңғайлас салалас
құрмалас сөйлемдерді орынды қолданып, өз ойын жинақтап, дәлелді
жеткізе алады.
|
Бағалау
критерийлері: (жетістік критерийлері,
табыс критерийлері, күтілетін нәтиже)
|
-
Қосымша мәліметтерді жинақтап,
кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде ұсына
алады.
-
Тақырып бойынша тапсырмаларды
орындауда теңеу мен метафораны қолдана
алады.
-
Ыңғайлас салалас сөйлемдерді ауызша, жазбаша
жұмыстарда орынды қолдана алады.
|
Тілдік мақсаттар
|
Тілдік
дағдылар: оқылым,
жазылым
|
Терминология: бағыттау, маңызды, қалыптасу,
нығайту, көркейту, талғампаз, табанды.
|
Сөз
тіркестері: көңіл бөлемін, үлес қосамын,
елімнің ертеңі, елімнің болашағы, мемлекеттік қызмет, іске асыру,
игілігіне жарату, кәсіби мамандану.
|
Құндылықтарды дарыту
|
Қазақстандық патритотизм және азаматтық
жауапкершілік
( оқушылардың еңбекке деген
құштарлығын ояту, адами қасиеттерді жоғары қоюға
баулу)
|
Пәнаралық байланыстар
|
Өзін-өзі тану – адамның
өмірдегі алатын орны мен міндеттері, адамгершілік қасиеттері, тұлға
ретінде қалыптасуы туралы ойлануға шақырады. Сабақ барысында
алынған ақпаратты кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілермен
ұсынуы - геометрия, информатика пәндерімен
байланысады.
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Ғаламторды, интерактивті
тақтаны, ұялы телефонды - сабақ тақырыбын ашуда көмекші құрал
ретінде дұрыс, тиімді қолдана алады.
|
Алдыңғы оқу/ Бастапқы
білім
|
Тақырып аясында өткен оқу
жылында қарастырылған жастар, болашақ тақырыбына байланысты
мақал-мәтелдерді, сөздер мен сөз тіркестерін
біледі.
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған жаттығулар
|
Ресурстар
|
Басталуы
10 минут
|
-
Ұйымдастыру
кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесу,
түгелдеу.
Сыныпты
«Гүлмен
тілек» әдісі арқылы ынтымақтастық
атмосферасын қалыптастыру.
Топқа
бөлу: Сурет
қиындыларын «Мозайка» әдісімен біріктіреді, суреттің
артына топ аты жазылған.
-
Үй тапсырмасын сұрау
кезеңі:
Жастар, болашақ, еліміздің
ертеңі...
Аталған сөздер мен сөз
тіркестеріне байланысты не білетіні жайлы өткен тақырыпқа шолу
ретінде «Сиқырлы
қоржын» әдісімен ашық сұрақтар
беріледі. Әрбір оқушы өзі дайындап келген сұрақтарын қоржынға
салады. Сұрақтарға жауап берген соң дұрыс жауабы
айтылады.
Дескриптор:
-
Өтілген тақырыптарға шолу
жасайды
-
Сұрақтарды дұрыс
түсінеді
-
Ой қорытып, дәлелді жауап
береді
Қ.Б. «Бағдаршам» әдісімен
дұрыс жауап бергендерге – жасыл, дұрыс емес жауапқа – қызыл,
жартылай дұрыс жауапқа – сары түсті шеңбершелер
таратылады.
|
Гүл
Мозайка
Қоржын
|
Ортасы
20 минут
|
Жаңа сабақты түсіндіру:
Жаңа сабаққа байланысты сөздер мен сөз
тіркестерінің мағынасын түсіндіру
1-тапсырма. Жазылым.
Сөздікпен жұмыс: бағыттау, маңызды, қалыптасу,
нығайту, көркейту, талғампаз, табанды, көңіл бөлемін, үлес қосамын,
елімнің ертеңі, елімнің болашағы, мемлекеттік қызмет, іске асыру,
игілігіне жарату, кәсіби мамандану.
Дескриптор:
-
Сөздерді дұрыс жазады
-
Олардың жазылу
ерекшеліктеріне көңіл аударады
-
Сөздердің аудармасын
сөздіктен табады
Ойтүрткі. «Еліміздің келешегі
жастардың қолында» тақырыбына байланысты
бейнежазба көрсетіледі.
-
Бейнежазбадан не
түсіндіңдер?
-
Бүгінгі сабағымыз не туралы
болады?
Оқушылар бейнежазбадан не көргенін
баяндайды.
2-тапсырма
Оқылым
Оқушылар
«Еліміздің келешегі жастардың
қолында» тақырыбындағы мәтінін оқиды.
«Еркін микрофон» әдісімен мәтін бойынша екі топ бір-бірден
проблемалық сұрақ қойып, келесі өз ойларын еркін
жеткізеді.
Дескриптор:
1. Проблемалық сұрақтар
дайындайды.
2. Сұрақтарға дұрыс жауап
береді.
3. Өз ойларын жеткізуде теңеу, метафораны
қолданады.
Қ.Б. «Қошемет»
әдісі
3-тапсырма
Жазылым
Жұптық
жұмыс. Оқылым мен тыңдалым
материалдарына сәйкес алынған ақпаратқа теңеу мен метафораны
қатыстырып, ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем түрінде шағын мәтін
құрастырады. Мәтінді оқу мақсатына сәйкес шартты белгілер,
диаграмма, сызба немесе кесте түрінде
ұсынады.
Дескриптор:
1. Теңеу, метафора сөздерді
қатыстырады.
2. Сөйлемдер ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем
түрінде жазылады.
3. Алынған мәліметті сызба
түрінде ұсынады
ҚБ : Жұлдызшалар
арқылы
4-тапсырма
Топтық
жұмыс. Төрт топқа мәтін беріледі. Әр
топ мәтінмен танысып шығып, ішінен тірек сөздерді
табады, «Тізбекте не түсіп
қалған?» тәсілі арқылы теңеу сөздер
қатарын толықтырады. Сол теңеу сөздерді қатыстырып, жинақы мәтін
жазады.
Дескриптор :
1. Тірек сөздерді
табады.
2. Теңеу сөздерді қатыстырып
мәтін құрайды.
3. Ойларын диаграмма немесе кесте түрінде
ұсынады.
ҚБ : Жұлдызшалар
арқылы
5-тапсырма «Қос жазба
күнделігі» арқылы мәтіндегі негізгі
ұғымдарға түсіндірме жазу.
Үзінді
|
Түсіндірме (комментарий)
|
|
|
Дескриптор :
1. Мәтіндегі үзінділерге
түсіндірме жазады.
2. Мәтіннің негізгі идеясына
талдау жасайды.
3. Жазбаны кесте түрінде
салыстырады
ҚБ : Жұлдызшалар
арқылы
|
Микрафон
Оқулық
7-сынып Бәйшешек
Кесте
А4
қағазы
|
Аяқталуы
10 минут
|
Кері байланыс.
«БББ»
кестесі арқылы кері байланыс
парақшаларын толтыртамын.
Оқушылар өтілген сабаққа
қатысты не білетінін, нені білгенін және осы тақырыпқа қатысты не
білгісі келетінін жазады. Парақшаларды толтырту арқылы кері
байланыс алу – өз ойын ауызша жеткізе алмайтын оқушылармен жұмыс
жасауда өте тиімді.
Білемін
|
Білдім
|
Білгім келеді
|
|
|
|
Үй жұмысы
Жеке
жұмыс.
«Мен елімнің
болашағымын» тақырыбына «Лимерик» әдісімен өлең
құрастырады.
-
Кейіпкер
-
Мінезі
-
Іс
әрекеті
-
Өз
ойың
Дескриптор:
-Тақырып бойынша өлең
құрастырады.
- Теңеу, метафора сөздерді
өлең жолдарында қолдана алады.
- Ой дәлдігі мен анықтылығын
сақтайды.
|
|
Қосымша ақпарат
|
Саралау – сіз қосымша көмек
көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай
міндет қоюды жоспарлайсыз?
|
Қабілетті оқушылармен
жұмыс:
«Лимерик» әдісі арқылы
оқушылардың ақындық қабілетін оятып,ой өрісін дамытуға жол
ашу.
Оқушылардың басым
көпшілігі:
«Еркін микрофон» әдісімен
проблемалық сұрақ тастау арқылы өз ойларын еркін жеткізуге
дағдыланды. Өз ойларын жеткізуде теңеу, метафораларды қолдануды
үйренді.
«Жұптық әңгіме» әдісін
пайдаланудағы мақсатым – үлкен топтарда өзін еркін ұстай алмайтын
оқушыларға көмектесу. Жұпта жұмыс жасау кезінде оқушылар диалог
құру жүзеге асты. Нәтижесінде оқушылар бірлесе жұптасып жұмыс
жасауға, ойын анық жеткізуге
үйренеді.
|
Бағалау – оқушылардың үйренгенін, материалды
меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
|
«Қошемет» әдісі, смайликтер,
жұлдызшалар арқылы қалыптастырушы бағалау жүргізу арқылы
оқушыларымның жұмысын бағалауды жүзеге
асырдым.
|
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?
Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен
орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?
Мен
бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?
Мен
өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және
неліктен?
|
Сабақ мақсаты оқу мақсатына
сай, қолжетімді, нақты болды. Оқушылар мәтінге байланысты
проблемалық сұрақтар құрастыруды үйренді. Мәтіннен тірек сөздерді,
сөз тіркестерін тауып, синониммен ауыстырып, мәтін жазуды үйренді.
Уақыт тиімді пайдаланылды.сызба, кесте түрінде ұсынуға үйренді.
Тыңдалым, айтылым, жазылым, оқылым дағдылары
дамыды.
- Сыныптағы ахуал өте жағымды
болды, оларға өздері туралы, келешегі туралы сөз қозғау – қызықты
болды.
- Саралау шаралары тиімді
болды, тапсырмалар арқылы оқушылардың білім деңгейін саралауға
мүмкіндік алдым.
- Бүкіл уақыт ішінде үлгердім,
сабақ жоспарым нақты жоспарланған.
-
Жоспарыма ешқандай түзетулер енгізген жоқпын.
|
Қорытынды бағамдау
|
Қандай екі нәрсе табысты
болды (оқытуды да, оқуды да
ескеріңіз)?
1.
. «Еркін микрофон» әдісі
- өзін еркін ұстай алмайтын
оқушыларға көмектесу.
2. «Қос жазба күнделігі»
әдісімен жұмыс жасау кезінде оқушыларда
өз ойына талдау жасау, қорытындылау жүзеге асты. Нәтижесінде
оқушылар ойын анық жеткізуге, талдауға, анализ жасауға
үйренді.
Қандай екі нәрсе сабақты
жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да
ескеріңіз)?
1. Алынған мәліметтерді сызба
түрінде ұсыну (оз ойларын ашық еркін жеткізуге
үйрену)
2. Проблемалық сұрақтарды жаңа
сабақты ашуға қолдану.
Сабақ барысында сынып немесе жекелеген
оқушылардың жетістіктері/ қиындықтары туралы не
білдім?
Оқушылардың топпен, жұппен,
еркін жұмыс жасауы – олардың айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым
дағдыларын дамытуға мүмкіндік беретінін
түсіндім.
Менің келесі сабағымды жетілдіруге не
көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?
Тілдік бағдарға байланысты
тапсырмаларға көңіл бөлуді ұйғардым және тиімді әдіс-тәсілдерді
сабақ мақсатына сай көбірек қолдануға көңіл
бөлемін.
|