Облыс: Алматы
қаласы
Аудан: Медеу
ауданы
Мектеп: Абай атындағы
РММИ
Мекен-жайы: Митин
6
Жетекшісінің аты-жөні:
Балтабай Мейірім Садуақасқызы
Электронды
почьта: Baltabaymeirim@mail.ru
Автордың аты: Алмабай Мақсат
Бекжанұлы
Қатысушының Аты-жөні: Алмабай
Мақсат Бекжанұлы
Электронды
почьта: maksat.almabai24@abaimektep.kz
akmaral.seydalieva@mail.ru
Қатысушының жасы:
13
«Еліміздің тарихи - мәдени
мұрасын зерттеу мен сақтаудағы
Қазақстан Республикасының
Тұңғыш Президенті - Елбасының ролі»
«Қағаны - батыр, ақылгөйі - кемеңгер елдің
бағы жанады.»
Тоныкөк
«Отансыз адам - қай жерде
жүрсе де бейшара адам. Өзіңнің еліне, Отанына, жеріне, ата-бабаңның
төккен қаны мен теріне адал болуың керек. Қайда жүрсе де, не істесе
де қазағын, елін ойлап, осыны көркейтсем, кіндік қаным тамған елім
аман болып, оның дәрежесі жоғары болса, қай мемлекетке барсам да
мені сыйлайды деген түсінікте болу керек!» - деп, ел тірегі болған
Елбасымыз, мемлекетіміздің ірге тасын қалаушы тұңғыш
Президентіміз
Нұрсұлтан Назарбаев атамыз айтқандай, менің
түсінігімде шыр етіп, кіндік қаным тамған туған елімнің , топырағы
жылы тепкен қасиетті Отанымның әрбір асқар таулары, жүректі ем
болар сылдыраған мөп-мөлдір өзен, көлдері, табиғаты әсем орманының
бой салыстыра шайқалған ағаш талдары, жайқалып өскен арпа бидай
дәндері бәрі-бәрі «Мен қазақпын!»- деп, жүрегі соққан әрбір
қазақстанның баға жетпес байлығы
іспеттес.
«Отанды сүю - өркениеттіліктің
бірінші белгісі»- деп, кемеңгер дана Елбасымыздың айтуымен отанды
құрметтеу – еліңнің мәдениетін, оның ішінде мәдени мұрасын, байырғы
өткен тарихы мен салиқалы салт-дәстүрін, ел бостандығы үшін басын
бәйгеге тіккен, елім деп еңіреп, жерім деп күңіренген асыл
азаматтардың тарихтағы орнына құрметпен қарау болып табылады.
«Қазақ тарихында қазақ ұялатындай ештеңе де жоқ. Тарихта талай
дәуірлеген кездеріміз де болған. Талай басымыздан бақ ауып, тер
кетірген замандарға да кез келгенбіз»-деп,
тұңғыш президентіміз
айтқандай, тарихымыз жаңғырту, еліміздің мәдени
мұраларының көзіміздің қарашығындай сатау
елдің болашағын қалаушы жас ұрпақ біздер үшін-анамыздың ақ сүтін
ақтаумен пара-пар деп ұран саламын. Әрине, қазіргі мәдени
мұраларымызды сақтау және жаңғырта отырып, дамыту барысында
Елбасының салиқалы саясатында аса басты назарда екені баршаға аян.
Тарихы тереңге тартқан мәдени мұраларымыз – көне қалаларымызды
байырғы түрде әсемдеу, атап атқанда мен туған жер қасиетті Тараз
қаласындағы тарихи тұлғаларға арналған ескерткіштерінің ашылуымен,
тарихы тереңде жатқан ескі «Тектұрмас» мешітінің жаңа үлгіде
жасақталында байырғы қалпына келтіру жөніндегі жұмыстардың
жандануын ерекше мақтанышпен айта аламын. Осы аталған
жоспарланған жүйе “Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану
туралы”, “Мәдениет туралы”, “Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар
туралы” Қазақстан Республикасының Заңдары қабылданып, күшіне
енгендігінің арқасы деп білемін. Еліміздің баға жетпес байлығы
тарихи - мәдени мұрасын зерттеу, оны қайта сол қалпында жасақтау
мен сақтаудағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті -
Елбасының ролі өте жоғары деп бағалаймын. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – еліміздің баға
жетпес байлығы мәдени мұрасы мен тарихи жәдігерілерін жоғары
халықаралық деңгейге жетуіне өз үлесін өркендете қосып, қазақ
еліннің мәдениеті мен тарихын асқақтата білді.
Тұңғыш та бірегей
Елбасымыз мемлекет тізгінін ұстаған уақытындағы көреген парасатты
даналығының арқасында қазақ елі көкке ұшып қалықтап, әлем таныған
ел қатарына қосылды. Мемлекеттің тізгінін ұстауда әділдікті ту
етіп, өз халқының мәдениеті мен салт дәстүрін құрметтейтін, елім
деп еңірейтін, жерім деп жүрегін ту етер атқа мінер азамат
ағаларымыз Нұрсұлтан атамыздың игі істерін үлгі етіп, ел үмітін
ақтаса деген арманым бар...