Ақсуат жалпы орта білім беретін мектебі
Бекітемін:
Мектеп директорының м.а: Е.М.Жұбаниязов

ҚР Тәуелсіздігінің
25 жылдығына арналған
«ЕЛІМНІҢ БАҚЫТЫН ТЕРБЕТКЕН – ТӘУЕЛСІЗДІК!»
атты мерекелік кештің
сценарийі
АҚСУАТ, 2016 ЖЫЛ
ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған
«Елімнің бақытын тербеткен - тәуелсіздік!» атты мерекелік кештің сценарийі
Фан-фары
1-
жүргізуші: Армысыздар! Құрметті қонақтар,
ауыл тұрғындары, ұстаздар мен
оқушылар!
2
-жүргізуші: Халық көкірегін қанға бояп,
ызғарлы желімен жанды тоңдырған желтоқсан оқиғасына биыл 30 жыл!
Бір қаламның ұшымен жазылып, бар қазақтың жүрегінде шарлаған, қазақ
жастарының қыршындай қанымен халық шаңырағына мәңгі орнаған
Тәуелсіздікке- 25 жыл. Осындай айтулы күнге
арналған «Елімнің бақытын тербеткен -
тәуелсіздік!» атты мерекелік
кешімізге
қош
келдіңіздер!
1-жүргізуші:
Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы,
Бақыт көрсін Отанның сан ұланы.
Енді ағайын, көгінде қалықтасын,
Қазағымның қастерлі - Әнұраны!
2 -жүргізуші: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны шырқалсын! Назар туға!
1-жүргізуші:
Біз Отанның бақытты болашағы,
Құлаш ұрған биіктер жол ашады.
Жастық жалын, күш жігер, асқақ арман,
Алдымыздан сәуле боп нұр шашады.
2 -жүргізуші:
Ата- бабамыз ғасырлар бойы армандап өткен тәуелсіз ел болу мәртебесін көру бүгінгі ұрпаққа бұйырғаны- зор бақыт. Осы қуанышымыз құтты, бақытымыз баянды болсын! Алғашқы мерекелік құттықтау сөз Ақсуат селолық округінің әкімі Искалиева Любовь Меңдешқызына беріледі.
Ән: «___________________» сахнада Кеңес Азамат! Қошеметпен қарсы алайық!
Келесі мерекелік құттықтау сөз мектеп директоры Жұбаниязов Ерлан Мәлікұлына беріледі. (Мұғалімдерді марапаттау)
2 -жүргізуші: Ән «Мен –қазақпын!». Орындайтын Айткалиев Алибек
-
жүргізуші:
Жаса мәңгі Тәуелсіздік ұраны!
Шарықтасын қазағымның жыр әні
Отанымның туын көкке көтерер,
Біз боламыз Ұлы елдің Жас ұланы!
2 -жүргізуші:
Құрметті көрермен! Бүгінгі салтананты мерекемен тұспа - тұс келген Республикалық бірыңғай «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатары тағы да мектебіміздің білімді, үлгілі, өнерлі оқушыларымен көбеймек! Дәл бүгінгідей «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдануға арналған салтанатты шаралар республикамыздың түкпір-түкпірінде ұйымдастырылуда.
1-жүргізуші: Ортаға «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылданатын мектепішілік, аудандық, облыстық, жарыстармен байқауларда жеңіс туын жоғары ұстап, мектебіміздің мәртебесін биікке көтеріп жүрген оқушыларымызды шақырамыз!
(«Ақжайықтың ұландары» оқушылар саппен ортаға шығып тұрады.)
2 -жүргізуші: Бүгінгі күн ерекше күн. Себебі елімнің ертеңі, болашақ ұрпағының бір арнаға тоғысқан күні!
1-жүргізуші: Бұл күн – халқымыздың қуанып, бүгінгі ұрпақтың ұрандап есте сақтар күні!
2 -жүргізуші:
Бүгін- Тәуелсіздік тойында егемен елдің ұландары «Жас ұлан» ұйымына қабылданып, өз елінің патриоты екендігін дәлелдемекші!
1-жүргізуші:
Елімнің болашағы ұланымыз
Өрлеген өреніміз, жыр әніміз!
Тәуелсіз елімізбен бірге туған
Аспаны азат елдің қыранымыз!
2 -жүргізуші:
«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылданатын оқушыларға ұйымның төсбелгісі мен галстугін тағу құрметі Ақсуат селолық округінің әкімі Искалиева Любовь Меңдешқызына, мектеп директорының міндетін атқарушы Жұбаниязов Ерлан Мәлікұлына, жастар жетекшісі Джангалиев Қайрат Орынбасарұлына, ата аналар комитетінің мүшесі Насигазиева Акбота Мажитовнаға тапсырылады.
1- жүргізуші: «Мен не істесем де, келешегі кемел, көркем Қазақстан үшін істеймін!» деген ұландардың Отаны, елі алдында өз парыздарын айтар сәтте туды. Ендеше «Жас ұлан» сөз кезегі сіздерде!
(Максимұлы Мерлан– АНТ айтады, қалған оқушылар қайталайды)
«ЖАС ҰЛАНДАР» ӘНІ ШЫРҚАЛАДЫ
2- жүргізуші:
Ризамын деп осындай жастық
шаққа,
Не жетер «Жас Ұлан» деген
лайық атқа.
Келеміз егеменді ел
төріне өрлеп,
Ашылып алдымыздан алтын
қақпа.
Бүгінгі республикалық «Жас
Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанаты
мектеп тарихында, ант қабылдаушылардың есінде мәңгі қалары анық.
Тәуелсіздік туын қолда берік ұстау – баршамыздың абыройлы
борышымыз. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз еңселі болсын,
ағайын!
1- жүргізуші:
Армысыңдар, айналайын адамдар!
Айналаңа шын қуанып қараңдар
Жиырма бес жыл.Тәуелсіздік алдық біз,
Келді кезек, болашақты бағамдар.
2 -
жүргізуші:
Сан ғасырлар тарихынан кешегі
Туған жердің шежіресі өседі
Менің елім - Қазақстан Отаным!
Болашағы - бізбен бірге өседі.
1-
жүргізуші: ӘН: «АТАМЕКЕН». Орындайтын:
Камидуллиева Аяжан
1 -
жүргізуші: Азаттық,
Теңдік. Тәуелсіздік. Осы үш ұғымның салтанат құру үшін
кімдер бас тікпеді, кімдер құрбан болмады
десеңші,
Аружан?!
2 -
жүргізуші: Иә, жөн айтасың, Меңдібек!
Найзаның ұшымен, қылыштың жүзімен, қасық қаны қалғанша ел мен жер
үшін айқасқан бабалар аманатын жалғастырған боздақтар қаншама!
Тарихтың ақтаңдақ беттерін ақтарар болсақ, сонау ХVІІІ ғасыр жоңғар
шапқыншылығынан бастап, тәуелсіздік алғанға дейінгі уақытта не
көрмеді, бұл қазақ?!
1-
жүргізуші: Аружан-ау, ел қорғаған
ерлермен қатар, «елім» деп еңіреп, «халқым» деп қабырғасы қайысқан
ақындарымыздың орны бір төбе емес
пе?!
2 - жүргізуші: Дұрыс айтасың, Меңдібек! Батырлар қарумен айқасса, ақындар қаламмен айқасты. Әр ғасырдың, әр дәуірдің өзіндік үні бар ұлы тұлғаларымызды біз ұлықтамасақ, кім ұлықтайды?!
ҚҰРМАНҒАЗЫНЫҢ КҮЙІ «КӨҢІЛ ТОЛҚЫНЫ» баяу орындалып
тұрады.
(Сахнаға Абай образындағы
оқушы шығып, Абайдың «Қалың елім Қазағым» өлеңін мәнерлеп
оқиды.)
1 -
жүргізуші:
Енді бізге қайта оралды заңғарлар!
Сталиндік тозақтарда жанғандар!
Ахметтер, Жүсіпбектер, Сәкендер,
Ілиястар, Бейімбеттер, Мағжандар!
2 - жүргізуші:
Ақтаңдақ жылдардағы қазақ деп қабырғасы қайысқан
қайраткерлер де, тәуелсіздігімізге жеткізер ұлы жолдағы құрбандар
еді.
КҮЙ «ХАФИЗ» АСЫЛБЕК ЕҢСЕПОВ
баяу орындалып тұрады. (Сахнаға Ахмет образындағы оқушы шығып,
Ахмет Байтұрсыновтың «Қазақ қалпы» өлеңін мәнерлеп
оқиды.)
1 - жүргізуші:
1986 жылдың 16
желтоқсаны.
2 - жүргізуші:
Қазақтың санасын
сілкіндірген Желтоқсан ызғары жылдар бойы
арман мен тәуелсіздіктің қайнар көзі
болды.
1 - жүргізуші:
Тарихым жатыр тасымда,
Тіл қатып, келер ғасырға.
2 - жүргізуші:
Азаттық дейтін ұғымның
Желтоқсан тұр басында.
КҮЙ «АҚ ЖАУЫН» баяу орындалып тұрады. (Сахнаға Мұхтар Шаханов
образындағы оқушы шығып, «Желтоқсан тағылымы» өлеңін мәнерлеп
оқиды.)
1 -
жүргізуші: ХОР: «ЖЕЛТОҚСАН ЖЕЛІ». ОРЫНДАЙТЫНДАР: АҚСУАТ ЖОББМ
ОҚУШЫЛАРЫ.
2- жүргізуші:
Ауыр күн кешіп лапылдаған
жастарым,
Дүрліктірді желтоқсанның аспанын.
Жерді, дінді, тілді, баба дәстүрін
Қорғау үшін көтерді олар
бастарын.
1 жүргізуші:
Желтоқсан қозғалысы– ғасырлар қойнауынан жалғасып келе жатқан ұлы тарихтың бір елесі.
2 жүргізуші:
16 желтоқсан! Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жарқын, әрі қаралы, қасіретті күн еді.
ИРЖАНОВ ДУЛАТТЫҢ ОРЫНДАУЫНДА «ҚАРА БАУЫР ҚАСҚАЛДАҚ» ӘНІН ҚАБЫЛ АЛЫҢЫЗДАР!
4 ОҚУШЫ мәнерлеп өлең оқиды. (Қолдарына жанған шырақ ұстап шығады.)
1-оқушы: \Жәңгір\
Жас арудың жанарында - Желтоқсан,
Қанды ғасыр табанында - Желтоқсан.
Қаралы өмір қайыстырған халқымның,
Қара тұман қабағында - Желтоқсан.
Жауыздықты жасқаған да - Желтоқсан,
Жаңа ғұмыр бастаған да - Желтоқсан.
Жазықсыздың көз жасына жуынып
Абақтыға тастаған да - Желтоқсан.
Намысымның шырағы да - Желтоқсан,
Сұрқай өмір сынады да - Желтоқсан.
Жігіттіктің ұраны да - Желтоқсан,
Жаңа күннің шуағы да - Желтоқсан.
2- оқушы: \Аяулым\
Желтоқсан – заман, толғағы байтақ даланың,
Шарпысқан сәті үміт пен күдік, наланың
Желтоқсан – Қайрат, Ләззат пенен Сәбира,
Құрбаны болған жаланың!
Желтоқсан – майдан, жанжалы деме көшенің
Желтоқсан – зары, боздағын көмген шешенің
Сызылған қанмен Желтоқсан ұлы шекара
Бүгінім менен Кешенің!
3- оқушы: \Әсет\
Желкеге тиді сілтенген күрек қамшылар,
Соққыға мұндай, қасапқа қандай жан шыдар?!
Жастарға шашқан мұз судан мұз шашырап,
Ауылда жатқан маған да тиді тамшылар.
Иттерін қосып жендеттер есер, қабаған,
Ай ару қыз, қарындастарымды талаған.
Құрбаны болып әміршіл, өктем жүйенің,
«Нашақор» болып сотталып кетті –ау сан адам.
4- оқушы: \Альмира\
Қыстың қалай қанқызыл таңғы нұры,
Бүр жаратын гүлдердің мәңгі ұрығы.
Күйдіргендей кеудені күйдіреді,
Жүректегі Желтоқсан жаңғырығы...
Ал, қоғамның адамнан бар ма асылы?
Кеткен де жоқ құлақтан зар басылып,
Бұғаудағы боздақтар кете барды.
Бірі атылып, біреуі дарға асылып.
Әр қазақтың есінде сақталады.
Желтоқсандық өрендер ақталады.
Ел намысын қорғаған сарбаздарым,
Ерліктерің мәңгілік мақталады.
Барлығы: Бұл қыршынынан кеткен қазақ жастарының сөнген шырақтары! (Барлығы шырақты үрлеп сөндіреді.)
2 –жүргізуші:
1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі – ХХ ғасырдағы айтулы оқиға. Ол халық жүрегінде мәңгі сақталады. Сол желтоқсан батырлары Ләззат Асанова, Сабира Мухаметжанова, Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаеватарды, тағы басқа қаза болған ержүрек ұл-қыздарымызды орындарыңыздан 1 минут үнсіз тұрып, еске алуды сұраймыз. Рахмет.
2 –жүргізуші: ӘН «ҚАЙСАР ҚАЗАҚ». ОРЫНДАЙТЫН: Кутумбаева Альмира
1 - жүргізуші:
Тәуелсіз ел атандық,
Биік даңқың.
Бар әлемге әйгілі
Мәлім атың.
2 -
жүргізуші:
Ата - баба қанымен келген бізге,
Тәуелсіздік құт болып, қонды еліме!
Қорғап сені өтетін өле - өлгенше,
Мен – азатпын! Мақтанамын әлемге
2 -
жүргізуші: «ЕРКЕ» БИ ТОБЫНЫҢ ОРЫНДАУЫНДА
«МЕРЕКЕ» БИІН ТАМАШАЛАҢЫЗДАР!
1 -
жүргізуші: Тәуелсіздігіміздің 25 жылы -
жоғалғанымыздың көзі, іздегеніміздің өзі.
Тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлының: «Алдымызда алыс сапарға
басталған жол, алыс күндерге шақырған ізгі мақсат жатыр. Ақыл мен
парасаттың ұлы көріністерін еншілеген халқымыздың ықылым заманнан
бастау алатын қымбат тарихы жатыр»- дей келе, тәуелсіздігіміздің
берік, ынтымақты болуы үшін жас ұрпаққа көптеген қанатты сөздер
қалдырды. Сен сондай елбасымыздың айтқан қанатты сөздерін білесің
бе, Аружан?!
2 -
жүргізуші: Есіме түсіріп көрейін,
Меңдібек! Тәуелсіздік туын тігуге қаншалықты қажыр - қайрат керек
болса, оны құлатпай сақтап қалуға да соншалықты қажыр - қайрат
керек.
Ел болу үшін ұлттық рух, ұлттық қасиет және ұлтқа
деген сенім болу керек.
Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, адамзаттық намысың болса,
қазақ мемлекетінің нығайып, көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп
еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді
ұмытпа.
1 - жүргізуші:
Бабалардан қалған мынау оң мұра,
Отырайын ал, тізеге қондыра.
Қос ішегі сөйлесінші қазақтың,
Шанағынан күй төгіле домбыра!-дей отырып, мектеп оқушыларының күй тартысын тәуелсіздікке тарту ретінде қабыл алыңыздар!
1 -
жүргізуші: «СЫМБАТ» БИ ТОБЫНЫҢ
ОРЫНДАУЫНДА «ЕРКЕ СЫЛҚЫМ» БИІН ТАМАШАЛАУҒА ШАҚЫРАМЫЗ.
2 -
жүргізуші:
Тұрса да биік өр басын,
Қазаққа бақыт орнасын.
Сексен алтыншы жылғыдай,
Желтоқсан желі болмасын!
1 - жүргізуші:
Бейбіт күн тапсын жалғасын,
Салтымыз биік самғасын!
Тәуелсіз менің еліме
Мәңгілік бақыт орнасын!
2 - жүргізуші: ӘН «ТУҒАН ЕЛ». ОРЫНДАЙТЫН:___________________________
2 - жүргізуші:
Ашқандай боп жыр күмбездің сарайын
Жүректерге жалын отын жағайын
Тәуелсіздік желбіреткен байрағын
Тойларыңыз құтты болсын ағайын!
1 - жүргізуші:
Байлығы мол менің байтақ жерім
кең,
Дүниедегі елу елмен теңбе
тең,
Осы күнге жеткен ұрпақ
еңселі
бірге: Құтты болсын тәуелсіздік
мерекең!
1 - жүргізуші: «ТУҒАН ЖЕР» әні . ОРЫНДАЙТЫН: БЕРДАШЕВА АЛИНА, ЧИЖИКОВА ДАРЬЯ. (Барлық оқушылар шығады)
2 - жүргізуші: Құрметті көрермен қауым, осымен «Елімнің бақытын тербеткен - тәуелсіздік!» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне жетті. Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп- көп рахмет! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Елімнің бақытын тербеткен -Тәуелсіздік!"

шағым қалдыра аласыз