Материалдар / Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік

Материал туралы қысқаша түсінік
тәуелсіздік жолдарын түсіндіру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қаңтар 2018
647
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Shape1







оҚО, Мақтарал ауданы Жалын е\м

Ш. Бектасов ЖОМ



Тақырыбы: «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік»

 Сыныбы: 10 «Ә»

Сынып жетекшісі: Ауелбекова Ақперне Намазбайқызы
1 - жүргізуші:Перизат

Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 26 жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер! 

Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қан төгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 26 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз. 
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.

2-жүргізуші: Мағжан

Армандарды ақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі, 
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым, 
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!

1 - жүргізуші: Перизат

Көк туым көтерілді бағым жанып

Елтаңбам күллі әлемге танылды анық

Шырқадым әнұранды бар дауыспен

Арманым –Ата заңым қабылданып.Әнұран орындалсын.

2- жүргізуші:Мағжан

Бостандығым! Тосқан күнім ажардан

Жиырма алты жыл – аспан кірсіз, ажарлы ән. 

Сен келгенде серпілгенмін қайғыдан,

  Сен келгенде сары мұңнан тазарғам. : "Ән көңілдің ажары" демекші, келесі кезекті әуезді әнге берейік

10 Ә сынып оқушыларының орындауында «Көк тудың желбірегені» әнін қабыл алыңыздар.

  1. Жүргізуші: Перизат

Бабаларымыздың қанымен, білегінің күшімен, найзасының ұшымен келген киелі де қасиетті тәуелсіздіктің қандай қиындықпен келгені баршамызға мәлім болса керек-ті. Ұлық мерекеміздің аясында тәуелсіздік жолында еліміздің жүріп өткен қадамдарына назар аударып көрелік. (слайд көрсетіледі)

  1. Жүргізуші: Мағжан
    Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
    Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің 
    Бүгінде бар әлемге даңқың жетті 
    Тәуелсіз Қазақстан – елім менің

    2 - жүргізуші: Мағжан
    Тас еденде жатты қазақ баласы,
    Ауырса да, қыңқ етпеді жарасы,
    Жараланған жолбарыстай, ышқынып,
    Айтып жатты соңғы сөзін ол ащщы!!!......

    Қайрат атты атым бар,он сегізде жасым бар...
    Еркек тоқты құрбандық, атам десең атыңдар!....

    Сұранбады, жалынбады тік тұрды,
    Барлық жендет қорықты одан тіксінді,
    Тас қорғанда жалғыз өзі жатса да,
    Қанышерлер айналада көптін-ді....

    К
    өрініс : 10 «А» сынып оқушылары.


    1 - жүргізуші: Перизат

    Күй, сені тәтті көрем, жаным сүйіп, 
    Тыңдаймын тыным алмай, жанып – күйіп
    Өмірдің сырын ашып жүрегіме
    Музаның әміріне басымды иіп.
    Алайық ескі күйдің бәрін жиып, 
    Жандырған ой - қиялды қалың күйік 
    Шерттіріп құнарлырақ домбыраға 
    Тербеліп ырғағына тамылжиық 

    «Флешмоб » биі 10 «А» сынып оқушылары.

2-жүргізуші: Мағжан

Бақытым - Республикам Қазақстан, 
Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан. 
Саған жетпес құшағы әлемнің де, 
Қыс болса, бір шетінде жаз ауысқан.

Ән: Пердабай Жансаяның орындауында «Туған ел»


2- жүргізуші:Мағжан

Біздің ең киелі, ең қасиетті ұғымымыз – тәуелсіздік. Азаттықтың тамыры тым тереңде. Талай ғасырлар қойнауына көз жіберіп қарасаңыз, осынау тәуелсіздіктің қандай қиыншылықпен, қандай азаппен келгенін түсінесіз. Отан, туған ел, халық ұғымын тәуелсіздіктен бөліп қарастыра алмаймыз. Барлығы тамырлас, бір-бірімен байланысып жатқан өзегі бір ұғым. Тәуелсіздіктің иесі – халық, халықтың анасы – Отан.


Келесі кезект оқушылардың орындауын өлең шумақтарға кезек береміз.

Мұзаппар К

Оразбай П

Сәрсенбай Бағдат

Амантай Маржан

1-жүргізуші: Перизат

Бәйгеге ат жіберсек те, кең далада көсіліп ойнасақ та, билесек те, ән айтсақ та осының бәрі бабаларымыздан қалған асыл мұрамыз, аманат болған азаттықтың арқасы. Ендеше, татулық пен тұрақтылық аясында өмір сүріп, бейбітшілік, туын биікке көтерген Қазақстан халықы жаңа әлемнің жарқын жаңалықтарына ұмтыла бермек.

Келесі кезекте 10 «Ә» сынып оқушыларының орындауында «Алға Қазақстан» патриоттық флешмоб биіне кезек береміз

1-жүргізуші:Перизат 

Таң қалады тергеуші де бел кетіп,,
Неткен қайтпас, біз мұндайды көрмедік!!!
Барлық қазақ осындай ма.? білмедім,
Жоқ әлде сен оқшау ма едің, не ерлік?....

Барлық қазақ осындай, бар қанында,
Сол ерлікпен ұстаған, сар даламды,
Кіргізбеген жауларын, бір сүйем де,
Ұрпағы үшін жан берген, өр бабам да!!!...
Ән: 8 «Ә» сынып оқушысы Гүлдананың орындауында «Туған жер»

2-Жүргізуші:Мағжан
Сол атаның ұрпағы мына менмін,
Есте ұста ей жендет, көрмегенің,
Мен қазақпын қорықпай, өлімнен де,
Табан асты, ол туған жерім менің.

Бір тамшы жас, алмай қара көзіне,
Халқы үшін жауаптығын сезіне,
Жас қазағым, қиындықтан тайсалмай,
Әркездері, жұптап тұрды сөзін де;
Келесі кезекте КВН 8 сынып оқушылары

1 - жүргізуші: Перизат
Қазақ дейтін менің бір елім, 
Жатыр алып жарты дүние әлемін. 
Бұл даланы анам жаспен суарған, 
Бұл далаға жылап келіп қуанған, - деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде Қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші. Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.

Ән: Желтоқсан желі ызғарлы10 «А» сынып оқушыларының орындауында.
Сол күндер ғой жүректің аңсағаны, 
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады, 
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па
Өз - өзінен жүрегім ән салады.
Ән: Жандос пен Мәдидің орындауында «Туған ел»

1 - жүргізуші: Перизат
Барлық ұлттың басын қосты бұл достық
Ұлы достық Нұрлы достық
Күн достық Достық деген қасиетті ұранға
Кең даланың жүрегі де үн қосты
Биші қыздар биімен де үн қосты
8 сынып қыздарының орындауында «Шаттық» биі



2 - жүргізуші: Мағжан
Қасиетті Қазақстан мекенім, 
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің. 
Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім, 
Болашағым, өнер - білім, өркенім.

Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма 
Туған тілім шұбарланба жарқыра 
Тарихымызда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына.

Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап
Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап
Тілейтінім барша жұртқа бір ғана 
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ. 

Хор: «Атамекен»

1 - жүргізуші: 
Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 26 жылдығына арналған «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті. 
Қазақ елім! Туды жастық дәуірің. 
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын. 
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым, 
Туған күнің құтты болсын, алыбым! 

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!

























16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне арналған іс-шаралар туралы



        Ш. Бектасов ЖОМ Тәуелсіздік мерекесіне орай бірқатар іс-шаралар өтті: Мектебіміздің «Алматы» шаңырақ тобының ұйымдастырумен

       « Тәуелсіздік -ел тірегі атты » іс шараға 10 «А» , «Ә» және 8 «Ә» сынып оқушыларының қатысуымен «Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік» тақырыбында желтоқсан айының 15 жұлдызында концерттік бағдарлама өткізілді.  Тәуелсіздік күні – жанарға жас толтыра тын, ерлік пен өрлікке тағзым жасайтын қасиетті күн. Сонымен қатар, «Алтын анам – Отаным, сенен аяр жаным жоқ» - деп ұрпағының болашағы үшін жанын пида еткен, сұрапыл соғыс, тәуелсіздікке ұмтылу жылдарында қан кешкен асыл боздақтардың асқақ рухтарының аспандайтын күні. Олар Отанын жан-тәнімен сүйіп, қаһармандықтың үлгісін көрсетті.Мереке қарсаңында оқушылар өз өнерлерін көрсетті.10 сынып оқушыларының орындауында «Алға Қазақстан » флещмоб биін билеп, өзінің шығармашылығынан Сәрсенбай Бағдат Тәуелсіздікке арнаған өлең шумақтарын

Шашу етті


«Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар» демекші, ерлікпен қаза тапқан сол бір боздақтардың есімдерін бір сәт еске алды10 А сынып оқушылары сол бір Тәуелсіздік жылдарына көз жүгіртті. «Қайраттың ақтық сөзі» атты көрініс қойып, желтоқсан қаһарманы Қ.Рысқұлбековтің қайсар да, батыр келбетін көрсетіп, оның соңғы сөзін көрермендерге шынайы жеткізді


Жас ақындар тәуелсіздік тақырыбындағы өлеңдерін оқып, өз қабілеттерін көрсетті. Биші қыздар тобының орындауын «Шаттық» биін билеп өнер көрсетті.





   Сандаған ғасырлар бойы бабаларымыздың асыл арманы орындалған Тәуелсіздік күні баршамызға құтты болсын.!          

       Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз еңселі болғай! Деген тілекпен шараны аяқтаймыз.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!