«Елімнің еркіндігі-Тәуелсіздік»
Жүргізуші:Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар!«Тербейін тәуелсіздік
тал бесігін»атты ертенгілігімізге қош келдіңіздер. Сіздерді
Тәуелсіздік мерекесімен құттықтай отырып, отбасымызға қуаныш, табыс
тілейміз.
Балалар музыка әуенімен музыкалық залына
кіреді.
Жүргізуші:Қазақстан Республикасының әнұраны орындалсын.
Әнұран айтылады.
Жүргізуші:Тәуелсіздік үшін қаншама азаматтарымыз,ардақты
ағаларымыз,ақылды жастарымыз ғұмырларын күреске арнап, Тәуелсіздік
жолында құрбан болған. Ләззат, Сабира, Ербол, Қайрат есімді
азаматтарымыздың рухына бас иіп, орнымыздан тұрып бір минут еске
алайық. Рахмет,балалар!
Алтынай:Бостандық,білсең, біздерге,
Оңайлықпен жеткен жоқ.
Желтоқсанда төгілген,
Қанның орны кепкен жоқ
Еркеболат: 16-желтоксан
Ел мерекесі тасыған
Қазақ деген халық жұрт
Бәрін кешті басынан.
Жәнібек: Енді
міне, біз тәуелсіз ел болдық
Басқалармен терезесі тең болдық
Әрқашан да біз дайынбыз тайсалмай
Отан үшін болуға да құрбандық.
Ержігіт: Желтоқсанның ызғары-ай,
Кірпікке қатқан мұздары-ай.
«Елім-ай» деп егілген,
Қаһарман ұлдар,қыздар-ай.
Алтынай: 16-желтоқсан – Тәуелсіздік алған күн,
Ерекше боп мәңгілік, ел жадында қалған
күн.
Қазақ енді көкке жетті,көк туың
Сен деп атар таң да, сен деп батар
күн.
Мөлдір: Желтоқсан айы естесің,
Дауыл боп бұрқап ескенсің,
Азаттық күйі қашаннан
Көкейін елдің тескенсің.
Ән «Достық» музыка ырғағымен Алтын адам
кіреді.
Алтын адам: Сәлеметсіздер ме,
балалар!
Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, Алтын Адам!
Мерекемізге қош келдіңіз! Балалар қарандаршы, бізге қонаққа Алтын
Адам келді. Бұл – «Алтын Адам» деген атқа ие болған ғажайып
ескерткіш. Оның салтанатты бас киімі, бешпенті, шалбары мен етігіне
дейін 200-ден астам аң-құс сипатты алтын әшекейлермен
безендірілген. Қару – жарағы, басқа да бұйымдары алтынмен
көмкерілген. Оның «Алтын Адам» аталуы да содан. Алтын адам
ескерткіші V ғасырда Есік қаласында табылған.
Алтын Адам: Баршаңызды Тәуелсіздік мерейтойымен
құттықтаймын!
Тәуелсіздік мәңгілікке сақталсын,
Алдымызда барлық үміт ақталсын.
Тату-тәтті тірлік болып қашан да,
Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын
Жүргізуші:Алтын
адам,сізге рахмет.
Алтын адам: Балалар, мен сендердің еліміз,
жеріміз, Отанымыз жайлы білімдерінді, өнерлеріңді тексергім
келеді
Жүргізуші:Төрлетіңіз,Алтын адам. Балаларымыздың
өнерлерін тамашалаңыз.
Тақпақ:
Көрініс: «Баланың түсі»
(Бала ұйықтап жатады, періште қолына шырақ жағып
келеді)
Періште: Әй, балақай, тұрсаңшы! Таң атып қалды!
Мыны шыраққа қарашы, бұл – саған берілген бақыт құсы.(балаға
ұсынады да, кетіп қалады.)
Бала ұйқылы ояу: Әже, әже, шырақты қара! Ұстап
алайықшы! Ұста, ұста( шошып оянады)
Әжесі: Біссімілә, неге шошыдың балам?
Бала: Әже, әже көп түс көрдім. Әже, жап-жарық
күнді көрдім.
Әжесі: Е, балам, ол – сенің бақытың, балам,
Тәуелсіздігіңнің мәнгі жарық күні.
Бала: Ендеше, жолдастарымнан сүйінші
сұраймын.
-Алақай, сүйінші. Тәуелсіздіктің ақ таңы атып
келеді.(бала жүгіріп кетеді)
Жүргізуші: Ортаға «Бишілер» тобын
шақырамыз.
Би: «»
Алтын адам:Тамаша, балалар! Олай болса, менің 1
сұрағыма жауап беріңдер.
1.Қазақстан Республикасының рәміздерін
білесіңдер ме?
Ақбота: Рәміздерім – елдігімнің
белгісі,
Білу керек балаға дейінең кіші,
Әнұран, көгілдір Ту Елтаңба,
Рәміздерді жатқа білсін әр кісі.
Мәди: Елдің елдігі,
Ердің ерлігі - Әнұран.
Ән асылы, Ұранымыздың басымы -
Әнұран.
Ашық аспандай көгілдір туымыз бар
Айша: Елтаңбасы елімнің,
Елдігімнің белгісі.
Мұнда да бар ерлігім,
Халқымыздың бірлігі.
Жүргізуші: Қазақ елінің Елтаңбасында шаңырақ,
қос пырақ ат бар, жоғары жағында елдің аты жазылған.
Ат - адамның қанаты. Шаңырақ – үлкен ортақ үй
дегенді білдіреді, барлық еншілес халыққа ортақ бақыт
тілейді.
-Алтын адам, ал енді біздің балаларымыздың әнін
тамашаланыз.
Ән: Біз бақытты баламыз
Алтын адам: Жарайсыңдар!
1.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының
түсі қандай?
Батырхан: Көк аспандай көкпеңбек;
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен-тек,
Елдің ашық қабағы.
Туың қандай? Ту қандай?
Тура аспаннан туғандай.
Ал аспанды қазақтың
Көңілімен жуғандай.
Жүргізуші: Ал, енді келесі ойын
ойнайық.
Ойын: «Қыз қуу»
Алтын адам: «Тәуелсіздік алдық» деген сөзді
қалай түсінесіңдер?
1.Өзіміздің жеріміз, еліміз, тендігіміз
бар.
2.Туымыз, Елтаңба, Әнұран, Теңгеміз
бар.
3.Елімізді басқарып отырған елбасымыз бар, ол –
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Би: «Жылқышы».
Алтын адам: Жарайсыңдар, балалар!
Жыр арнадым еліме тебірене,
Үміт артам елімнің ертеңіне.
Тәуелсіздік алғалы 21жыл, міне,
Отаным жылдан – жылға көркемде.
Тілеймін,әр адамға бақыт қонсын,
Елімде бейбіт, тыныш заман болсын.
Ән: «Көк тудың желбірегені»
Алтынай:Бостандық,білсең, біздерге,
Оңайлықпен жеткен жоқ.
Желтоқсанда төгілген,
Қанның орны кепкен жоқ
Еркеболат: 16-желтоксан
Ел мерекесі тасыған
Қазақ деген халық жұрт
Бәрін кешті басынан.
Жәнібек: Енді
міне, біз тәуелсіз ел болдық
Басқалармен терезесі тең болдық
Әрқашан да біз дайынбыз тайсалмай
Отан үшін болуға да құрбандық.
Ержігіт: Желтоқсанның ызғары-ай,
Кірпікке қатқан мұздары-ай.
«Елім-ай» деп егілген,
Қаһарман ұлдар,қыздар-ай.
Алтынай: 16-желтоқсан – Тәуелсіздік алған күн,
Ерекше боп мәңгілік, ел жадында қалған
күн.
Қазақ енді көкке жетті,көк туың
Сен деп атар таң да, сен деп батар
күн.
Мөлдір: Желтоқсан айы естесің,
Дауыл боп бұрқап ескенсің,
Азаттық күйі қашаннан
Көкейін елдің тескенсің.
Жүргізуші: Құрметті, балалар, қонақтар! Бүгінгі 16-желтоқсан
Тәуелсіздік мерекесіне орай өткізіліп отырған «Елімнің
еркіндігі-Тәуелсіздік» атты ертенгілігімізге
келіп,тамашалағандарыңызға көп рахмет! Әрқашан күн сөнбесін,
аспанымыз ашық болып, заманымыз тыныш болсын, тек Қазақстан ғана
емес, бүкіл әлем балаларының езуінен күлкі кетпей, әлем балаларының
ұйқысы тыныш болсын. Сау болыңыздар!